Балл
|
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы
|
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
|
9-10
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.
|
Тақырыпты жақсы түсінеді.
Мәтін мазмұны негізінде күтпеген сұрақтарға жауабы тез, өз ойын толық әрі орынды жеткізе алады.
|
7-8
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.
|
Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
|
5-6
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.
|
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
|
3-4
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.
|
Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, ойын шашыраңқы жеткізеді.
Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды.
|
1-2
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын аз түсінеді.
Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
|
Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде аз қатысады.
|
А мәтіні.
Ертеде Мадан деген хан болыпты. Оның ақылы, тапқырлығы өзінің заманындағы көп хандардан артық екен. Ханның қырық уәзірі бар екен. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып:
Ә мәтіні.
Даланың күнге күйіп апаты өткен,
Үстінен бұлт шықты қаптап көктен.
Қуанды шаруалар «Я, құдайлап»...
Жерді бір суарар деп қурап кеткен.
Жауар деп тұрды халық үміт етіп,
Тамбастан өте шықты құр желдетіп.
Теңізге
барды да бұлт құя салды,
Далаға қурап тұрған жаумай кетіп.
Теңізге барынша құя салып,
Мақтанды мырзасынып тауға барып.
Тау айтты: «Сен мақтанып келіп тұрсын,
Мен тұрмын бұл ісіңе қайран қалып.
Егерде сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге.
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге.
Не қайыр сенің қазір жауғаныңнан,
Сенсіз де су жетерлік теңіздерде.
Жиылып, кеңес тыңдап отырғандар!
Мұнда да ғибрат бер алсаңыздар.
Бұлттай жерге жаумай, суға жауған,
Қазақта іс етеді көп адамдар.
Жұмсамай тиісті орнына мал – өнерін,
Біреулер жүреді, оған не амал бар?
(124 сөз)