Тапсырмалар және олардың мазмұны (іс-әрекеттері) Орындалу мерзімі бойынша ұсыныстар



бет1/4
Дата29.12.2023
өлшемі1,27 Mb.
#145080
  1   2   3   4



1 Жеке жоспар-кестесі



Күні

Тапсырмалар және олардың мазмұны
(іс-әрекеттері)

Орындалу мерзімі бойынша ұсыныстар

11.05.2023

Балабақша ұжымымен, күн тәртібімен, тағайындалған топпен танысу.

11.05.2023

12.05.2023

Бөлініп берілген топпен және өткізілетін сабақтарды танысу және қарастыру.

12.05.2023

15.05.2023

Тәрбиеші мен балалардың ұйымдастырылған іс-әрекетін бақылау

15.05.2023

16.05.2023

Бөлінген топпен өткізілген ашық сабаққа қатысу. Ашық сабаққа талдау жасау.

16.05.2023

17.05.2023

Балалармен жұмыс жасап көру. Тәрбиеші жұмысын анықтау.

17.05.2023

18.05.2023

Жүргізілген бақылау, зерттеу, әңгімелесу жұмыстары негізінде бір балаға және бір сыныпқа педагогикалық-психологиялық мінездеме дайындау.

18.05.2023

19.05.2023

Өтілген психологиялық-педагогикалық практикаға қорытынды жасау.

19.05.2023



2 Іс-тәжірибеге жолдаманың түбіртегі


3 Күнделік-есеп



Күні, айы

Әрбір күн үшін іс-тәжірибенің бағдарламасы мен жоспар-кестесіне сәйкес орындалған (зерделенген) жұмыстардың атауы

Жетекшінің белгісі

11.05.23

Іс-тәжірибенің бірінші күні барғанда бізді әдіскер күтіп алды және бізді топқа бөлді. Мен "Айналайын" 2 жас кіші топқа тәжірибеден өтуге бардым. Топқа кіріп тәрбиеші Рахимова Гүлнар мен балалармен танысуды бастадым. Кейін балалар сағат 8:15 те таңғы ас ішуге отыра бастады. Мен тұрмай тәрбиешіге көмектесе бастадым. Таңғы астан кейін 30 минуттай балалармен үйренісіп ойнап, әңгімелесе бастадым. Сағат 9 да тәрбиеші балаларды 2-ге бөліп(7-8 баладан) 1 бөлігіне қарай тұруымды өтінді, ал қалған бөлігіне тәрбиеші өзі ұйымдастырылған іс-әрекет жүргізді. Мен балалармен 15 минуттай ойнап, "Бауырсақ", "Шалқан" ертегілерін айтып бердім. Кейін 15 минуттан кейін апай балаларды ауыстырды. Дәл осылай 30 минуттай жұмыс жасадық. Сосын тәрбиеші маған балалармен қалай жұмыс жасау керектігін, не істеу, білу керек барлығын түсіндіріп жүрді. Сағат 10:40 та балаларды киіндіріп далаға шықтық. Далада балаларға гүл жұлмау керектігін, табиғатқа қамқор жасау керектігін түсіндіріп жүрдік. Сағат 11:30 да балаларды жинап, үстерін қағып кіргіздік. Топқа кіре сала балалар асықпай қолдарын жуды. Кейін мен балалармен бірге ойнап тәжірибе ала бастадым. Сағат 12:10 да түскі ас берді. Түскі астан кейін балалардың барін әжетханаға апарып, киімдерін ауыстырып, төсектеріне жатқыздық. Балалар кішкентай болғандықтан кейбір балаларды арқасынан қағып ұйықтату керек екен. Міне, дәл осылай бірінші күнім аяқталды.




12.05.23

Тәжірибенің 2-ші күні 7:45 те келдім. Таңғы ас дайын болғанша балалармен отырып әңгімелестім. 8:15 те таңғы ас келді, балаларға ас болсын айтып, тамақтарын бердік. Таңғы астан кейін балаларды 2 топқа бөліп 1 топқа ұйымдастырылған іс-әрекет жүргізді, 1 топ менімен бірге отырды. Дәл осы 15 минутта мен балаларға "Үйшік" ертегісін айтып бердім. Кейін балалардан сұрақ-жауап алдым, ертегіні қаншалықты түсінгендері жайлы. 9:30 да дал солай 2 топқа бөліп дене тәрбиесі сабағын өткізді. Сағат 10 да далаға серуенге шықтық. Балаларды асықпай, жылы киіндіріп шықтық. 11:30 ға таман кіріп, балаларды киіндіріп, қолдарын жуып тамаққа отырғыздық. Тамақ ішіп болғаннан кейін барлық бала әдетінше әжетханаға барды. Содан кейін келім киімдерін ауыстырып, төсектеріне жатты.




15.05.23

Дүйсенбі күні әдеттегідей балаларды қыбылдап алып, топқа кіргіздік. Балалар жиналып болғаннан кейін, балалармен бірге "Достық" әнін айттық. Әннен кейін балалардың қолдарын жуып, таңғы асқа отырғыздық. Таңғы астан кейін балаларды 2 топқа бөліп 1 топқа ұйымдастырылған іс-әрекет жүргізді, 1 топ менімен бірге отырды. Дәл осы 15 минутта мен балаларға "Қасқыр мен жеті лақ" ертегісін айтып бердім. 9:40 та дене тәрбиесі сабағы басталды, балалар күндегіше 2 топқа бөлінді. Кейін балалармен бірге отырып түрлі-түрлі ойындар "Ұшты-ұшты","Мысық тышқан", "Сатушы" ойнадық. Ауа-райының өзгеруіне байланысты, серуенге шыға алмадық. Барлығымыз топта ойнап отырдық. Сағат 12 де балалар түскі асқа отырды. Түскі астан кейін балалардың киімдерін ауыстырып, төсектеріне жатқыздық.




16.05.23

Практиканың төртінші күні біз ерте келіп топты жинастырып ашық сабаққа дайындадық. Балалар ақырындап келіп жатты. Балаларды қабылдап, таңғы астарын бердік. Кейін тез-тез қолдарын жуып, ашық сабаққа дейін орындықтарға отырғыза тұрдық. Сағат 9 да ашық сабағымыз басталды. Маған колонка арқылы музыка қосып тұруды тапсырды. Басқа топтардан тәрбиешілер келіп қатысып, көріп отырды. Балалар ашық сабақта өте белсенді болды, сұрақтардың бәріне нақты, анық жауап беріп тұрды. Ашық сабақтан кейін барлығын тәрбиешілер жинастырып жүрді, ал мен балалармен бірге ойнап, балаларға қарай тұрдым. Балалармен жеке 1 сағаттай отырдым. Балаларды қасымда ұстап, айтқанымды тындаттыра алдым. Балалар өте ақылды, бірден айтқанымды істеп, артық шуламады. Кейін тәрбиешілер топты желдетеміз деп бізді киінетін бөлмеге кіргізіп қойды. киінетін жер кішкентай болғандықтан, балаларды отырғызып қойып "Жалмауыз кемпір" туралы ертегі ойдан құрастырып бердім. Балаларға өте қатты ұнады, содан кейін де күнде ертегі айтуымды өтініп жүрді. Топты желдетіп болғаннан кейін, барлығымыз кіріп, қолдарымызды жуып, түскі асқа дайындала бастадык. Түскі астан кейін әдетінше әжетхана, сосын киім ауыстырып төсектеріне жатқыздық.




17.05.23

Практиканың бесінші күні. Күн баяғыша басталды. Балаларды топқа кабылдап, әңгімелесіп отырдық. 8:10 да таңғы ас келді. Таңғы астан кейін балалар беті, қолдарын жуып, музыка сабағына кетті. Мен оған дейін топты жинастырып тосып жүрдім. Музыкадан кейін топта ойнап, "Қызыл телпек" ертегісін айтып, оған талдау жасадық. Сағат 10 да киініп, далаға серуенге шықтық. Далада 11 ге дейін жүрдік, даладан кіріп, қолдарымызды тазалап жуып, түскі ас келгенше ойнай тұрдық. 12 де түскі ас келді, тамақтан сон балаларды төсектеріне жатқыздық.




18.05.23

Бейсенбі күні сағат 9да "Сөйлеуді дамыту" сабағы басталды. Балалар әдетінше 2 топқа бөлінді. 1 топ менімен бірге ойнады, екінші топ Гулнар апаймен ұйымдастырылған іс-әрекетін жүргізді. Топтар ауысып отырды. Кейін сағат 9:30 да " Мүсіндеу" сабағы басталды. Балаларды үстел үстіне отырғызып ермексаздан алма жасаттық. Кейін балалардың қолдарын жудырып, киіндіріп далаға серуенге шықтық. Серуеннен кейін әдетінше киім ауыстырып, қол жуып, түскі асқа отырдық. Түскі астан кейін төсектеріне жатқызып, ұйықтаттық.




19.05.23

Практиканың соңғы күні қорытындылау бойынша жұмыс жасадым. Балалардан, тәрбиешіден өзімнің қалай жұмыс жасағанымды барлығын сұрастырдым. Балаларға мінездеме, топқа мінездеме жазумен айналыстым.Осы аз уақытта тәрбиеші мамандығының өте жауапты іс екенін түсіндім. Бұл практика барысы мен үшін өте маңызды болды. Балалармен қимай қоштастым.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет