4 Қысқаша аналитикалық есеп
Іс-тәжірибе базасы туралы мәліметтер
Педагогикалық-психологиялық практик студенттердің жаңа ортаға бейімделуі мен тәжірибе жинақтауына көмектеседі. Әр студенттің таңдаған мамандығының маңызы мен міндеттерін білуіне шыңдайды. Педагогика үшін психологияның негіздерін іс-жүзінде пайдалану, тұлғаның дамуындағы өзіндік заңдылықтарын, баланың жас жəне дербес ерекшеліктерін білу, оқыту мен тəрбиелеудің неғұрлым тиімді əдіс-тəсілдерін таңдауға, оларды іс-тəжірибеде, практикада қолдануға теориялық негіз болуы. Студент – педагогикалық практика кезінде жоғары оқу орны қабырғасында алған, жалпы теориялық білім, білік, дағдыларын мектеп іс- тəжірибесінде алғаш қолданады, оны іс-жүзіне асыруына үлкен көмек болады.
Пайдаланылған әдістер мен жұмыс технологиялары
2 топқа бөлу арқылы оқыту әдісі.
Балалар кішкентай, әрі көп болғандықтан 2 топқа бөліп оқыту әдісі бар.
Сенсормоторлы әдіс.
Сенсорлық тәрбие процесі сезімдік танымнан нағыз танымға, қабылдаудан ойлауға жетуге дайындайды және баланың күнделікті тәжірибедегі іс-әрекетін жетілдіруде маңызды орын алады. Сенсорлық тәрбие баланың көру, есту, иіс, дәм сезімдерін тәрбиелейді.
Сенсорлық тәрбие заттың түрін, көлемін, зат пен заттың арасындағы арақашықтықтың қатынасын, түстерді ажырату, музыканы түсіну қабілетін, ана тілінің дыбыстық талдауларын жетілдіріп, бұлшықет сезімдерін дамытып, қалыптастыруды көздейді.
Ассоциация әдісі
«Ассоциация» әдісі — бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады, соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мысалы: жалпы сөз «Отбасы»: Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, т.б. Бұл әдіс арқылы тәрбиеші балалардың сөздік қорын тексере отырып, сауатты сөйлеуге дағды-ландыра алады.
Салыстыру әдісі
«Салыстыру» әдісі. Бұл тәсілдің басты мақсаты: объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Бұндай тапсырмалар арқылы баланың қиялы, логикалық ойлау қабілеті дамиды. Салыстыру арқылы байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйреніп, байқампаздығы артады.
Орындалған жұмыс туралы мәліметтер
Балабақша тарапынан бөлініп берілген топ жетекшісімен (топ жайлы, балалар құрамы жайлы ақпарат алу, тәрбие жұмысының жоспарымен танысу және т.б.), пән тәрбиеші-педагогімен (пән бойынша сабақ жоспарымен танысу, бөлінген топтың сабағына қатысу және т.б) танысып, байланыс орнату. Балалармен жұмыс, тәжірибе жұмысы. Ертегі, ойындар қолдану. Серуен кезіндегі табиғатты бақылау және еңбекті ұйымдастыру.Ауланы тазарту . (1-ші шағын топ өткізеді, 2-ші шағын топ бақылайды, талдайды) Режимдік сәттерді өз бетінше өткізу. Тәжірибені қорытындылау, педагогикалық практика іс- құжаттарын тексеру,бағалау.
Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы мәліметтер
Қол жеткен білімдерді кеңейту және жаңа білімдер алу, ғылыми топшылауларды тексеру, табиғат пен қоғамда көрініс табатын заңдылықтарды анықтау, жобаларды ғылыми тұрғыда жинақтап қорытындылау, ғылыми негіздеу мақсатындағы зерттеулер, тәжірибелер жүргізумен, ғылыми ізденістермен байланысты ғылым сипаттағы жұмыстар, талдамалар.
Жұмыс туралы қорытындылар, ұсыныстар
Іс-тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған
білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады.
Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін
қолданылатын бірден бір жол. Тәжірибедегі ең басты
мақсаттарым- мамандық бойынша оқытылған білімді
бекіту, тәжірибе арқылы түйіндеу.
Білімнің баспалдағы болған балабақшадан бастап жас ұрпаққа, ойын арқылы бастаушы білімді меңгерте отырып, негізгі қажетті құндылықтарды баланың бойына сіңіре отырып жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі ретінде өз іс- тәжрибемде түрлі жаңашыл әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, дәстүрлі білім беруді жаңашыл білім берумен алмастырып, балалардың оқуға деген қызығушылықтарының артуына азда болса да өз үлесімді қосудамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
https://ppt-online.org/360879
https://stud.kz/referat/show/52531
https://www.referat911.ru/Psihologiya/pedagogikaly-praktika-mayzymazmny/564549-3345275-place1.html
https://www.zharar.ru/
Білім алушының қолы _____________________
20___ж. «____»___________
Достарыңызбен бөлісу: |