Тапсырмалар «Мәдениеттің дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата20.12.2023
өлшемі29,13 Kb.
#141707
Байланысты:
Қ тар 10 БЖБ 4 тоқсан


ІҮ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәдениеттің дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлім

Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы. Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен
қайшылықтар. Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы

Оқу мақсаты

10.4.1.7 Қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау
10.4.2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау
10.4.3.3 Ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Мәдени мұралардағы халық ауыз әдебиетінің алатын орнын атап көрсетеді

  • Кеңес үкіметі кезіндегі мәдениет саласындағы жаңалықтарды (бағыттар мен жанрлар) ажыратады

  • Ұлттық мәдениетке қатысты қорытынды жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма


  1. Халық ауыз әдебиеті шығармаларының атын атап, тарих ғылымы үшін маңызына дәлелдер келтіріңіз.


Ғашықтық дастаны Қазақ ертегілері Батырлар жыры
Шығарма атаулары Тарих ғылымындағы маңызы, дәлел келтіру


  1. Кеңестік дәуірдегі мәдениет саласындағы болған өзгерістерді сипаттаңыз. Әдебиет Музыка Бейнелеу Кинематография



  1. «Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі Қазақстанның мәдениет саласының дамуы жоғары

деңгейде» пікірімен қаншалықты келісесіз? Өз көзқарасыңызға 3 дәлел келтіре отырып қорытынды жазыңыз.





Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәдени мұралардағы халық ауыз әдебиетінің алатын орнын атап көрсетеді

1


ғашықтық дастанының атауын жазады,
маңызына дәлел келтіреді;

1

қазақ ертегісінің атауын жазады,
маңызына дәлел келтіреді;

1

батырлық жырдың атауын жазады,
маңызына дәлел келтіреді;

1

Кеңес үкіметі кезіндегі мәдениет саласындағы жаңалықтарды (бағыттар мен жанрлар) ажыратады

2


Кеңестік кезеңдегі әдебиет саласындағы
өзгерісті сипаттайды;

1

Кеңестік кезеңдегі музыка саласындағы өзгерісті сипаттайды;

1

Кеңестік кезеңдегі бейнелеу өнері саласындағы өзгерісті сипаттайды;

1

Кеңестік кезеңдегі кинематография
саласындағы өзгерісті сипаттайды;

1

Ұлттық мәдениетке қатысты қорытынды жасайды

3

берілген пікірге қатысты өз көзқарасын
білдіреді;

1

1-дәлел келтіреді;

1

2-дәлел келтіреді;

1

3-дәлел келтіреді;

1

қорытынды жазады.

1

Барлығы

12


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет