Тапсырмалар: Тәрбиенің қоғамдық құбылыс екенін негіздеңіз


Екінші кезең – 2021 - 2025 жж



бет4/5
Дата25.03.2023
өлшемі27,02 Kb.
#76067
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Екінші кезең – 2021 - 2025 жж.
Кезеңнің мақсаты - негізгі жобаларды іске асыруды аяқтау мен орта мерзімді мақсатты индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу, сондай-ақ бірінші кезеңде қалыптастырылған критерийлер бойынша қоғамдық сананың өзгеру динамикасын бағалау.
Үшінші кезең – 2026 - 2030 жж.
Кезеңнің мақсаты - ұзақ мерзімді мақсатты индикаторларға қол жеткізу және «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының қол жеткізілген нәтижелерін бағалау болып табылады.
Басқару үдерістерін оңтайландыру үшін «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы 3 негізгі бағытқа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсатқа ие:
1. «Отаным – тағдырым».Жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты, рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру.
2. «Өлкетану». Оқушыларға өздерінің туған жерін зерттеуге, жергілікті тарих жобаларын іске асыруда білім мен дағдыға ие болуына және кішігірім Отанын дамытуға белсенді қатынас жасауына қызығушылық тудыру.
3. «Саналы азамат».Даму перспективалары мен еңбек нарығы мүмкіндіктері, қабілеттері мен талаптарын ескере отырып, оқушыларды бағдарлы қолдау, қызмет аясын таңдау еркіндігі, өзін-өзі кәсіби анықтауға бағытталған.
Базалық бағыттар 19 жобадан тұрады:
«Отаным – тағдырым» базалық бағытының жобалары:
1.«Ұстаз-өзгірістер елшісі»- мұғалімдердің санасын модернизациялау оларды қолдау және кәсіптік дамыту бойынша шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
2. «Оқушылардың азаматтық сана-сезімі деңгейін зерттеу» - оқушылардың азаматшылықты, патриотизмді және ұлттық бірегейлікті түсінуін әдіснамалық және социологиялық зерттеу (тек ҚР деңгейінде).
3. Жасөспірімдер қозғалысы мен қоғамдық бірлестіктердің дамуы - «Рухани жаңғыру» құндылықтарына негізделген балалар мен жастар қозғалысын және қоғамдық бірлестіктерді дамытудың ұзақ мерзімді (кемінде 6 жастан, 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қатысуы) бағдарламасы болып табылады.
4. «Сөз – тілдің қөркі» - оқушыларды классиктер мен қазіргі заманғы ақындар мен ойшылдардың (республикалық Абай және аймақтық Абай, Мұқағали, Ильясов, Махамбет, Иассауи оқулары, тіл фестивалі, конкурстар, пікірталастар, айтыстар, пікірсайыстар және т.б.) өнер туындыларымен таныстыру арқылы ұлттық бірегейлікті дамыту.
5. «Өрле, Қазақстан!» - балалар мен жастардың мәдениет деңгейін көтеру, ұлттық рухты көтеру және республиканың білім беру ұйымдарының беделін арттыру (балалар мен жасөспірімдер музыкалық ансамбльдері мен оркестрлерінің парадына қатысу).
6. «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» - «Қазақстан балалары шекарасыз әлемде!» атты фестивальге қатысу және балалардың бастамаларын қолдау арқылы оқушылардың шығармашылық танылуы мен көшбасшылығын, бәсекеге қабілеттілігін, ұлттық бірегейлігін дамыту.

5. Табиғат пен қоғам дамуы адамның еркінен тыс өмір сүретін объективтік заңдардың қатарына жатады. Бірақ адамдар ол заңдарды ашып, пайдалана білгендіктен олардың іс — әрекеті саналы, бағытталған іс — әрекетке айналады.


Адамды табиғаттың құрамды бір бөлігі ретінде оны танып білу, оған тәрбие арқылы әсер ету өте күрделі педагогикалық процесс.
Педагогика болса диалектиканың барлық заңдылықтарын өз бойына жинақтаған ғылым.
Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама – қайшылығында ашылады.
Педагогикалық процестің заңдылықтарын кезінде К. Д. Ушинский өзінің “Педагогикалық антропология” деген еңбегінде ескертіп айтқан, педагогикалық қағидаларды құр жаттап алу ештеңеге қол жеткізбейді, пайда бермейді. Оның ғылыми негіздерін зерттеу керек, содан шығатын ережелерді білу керек деген. Ол психикалық құбылыстардың заңдылықтарын, оны басқарудың жолдарын зерттеуді, сол заңдарды ой елегінен өткізе отырып, жағдайларға байланысты, пайдалануға болады деген.
Педагогикалық процестің заңдылықтары көрнекті педагогтардың Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерін кең көлемде баяндалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет