Тарату электр



Pdf көрінісі
бет66/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   331
 
 


54 
 
 
3.2-кесте    Кеңінен  қолданылатын  диэлектриктердің  көлемді  үлестік  кедергісінің  тіреу 
шамалары 
 
Диэлектрик  
 
Шыны 
эпокс. 
талшық 
 
ПХВ 
ПТФЭ  ПMMA 
Электро- 
кәрлен, 
Шыны 
талшық    
Резеңке 
Көлем. үлес. кедергі/ (Ω 
· см) 
1013
~14
 
10
14~16
  10
16~17
 
1012
~15
 
10
15~16
 
10
13~15
 
Кернеу белгілі бір деңгейге жеткенде, ағу тогы біртексіз ұлғая бастайды, ал оқшаулау кедергісі 
сәйкесінше  азаяды;  егер  кернеу  белгілі  бір  деңгейден  асса,  ағу  тогы  кенет  ұлғайып,  оқшаулау 
кедергісі  кенет  азаяды,  бұл  нәтижесінде  оқшаулағыштың  тесілуіне,  тіпті  диэлектриктің  тесілуіне 
соқтырады.  
2) 
Диэлектрик температурасы. Диэлектрик температурасы көтерілгенде, өткізгішке көбірек ион 
қосылады,  бұл  ағу  тогының  ұлғаюына,  өткізгіштіктің  артуына  және  оқшаулау  кедергісінің  кемуіне 
соқтырады.   
3) 
Диэлектрик  беткейінің  күйі.  Диэлектриктің  беткейлі  ағу  тогы  диэлектрик  беткейінің 
күйімен,  мысалы,  беткейлі  ласпен  немесе  ылғалдылықпен  тығыз  байланысты.  Ластаушы  заттар 
көбінесе  суда  еритін  ионды  заттардан  тұрады.  Су  диэлектрик  беткейімен  жанасқан  кезде  ионды 
заттар  өткізгіш  иондарды  түзе  отырып,  суда  ериді,  бұл  беткейде  ағу  тогының  кенет  артуына 
соқтырады.  Егер  диэлектрик  гидрофилді  болса,  беткей  ылғалды  оңай  сіңіріп,  тегіс  су  пленкасын 
түзеді.  Судың  жөғары  өткізгіштігі  салдарынан  беткейлі  ағу  тогы  айтарлықтай  ұлғаяды.  Егер 
диэлектрик  су  жұқтырмайтын  болса,  диэлектрик  беткейінде  пленка  түзілмейді,  алайда  тек  бірнеше 
тамшы  су  пайда  болады,  сондықтан  беткейлі  ағу  тогы  ұлғаймайды.    Сондықтан,  оқшаулағыш 
материалдар немесе оқшаулағыш аспаптар су жұқтырмайтын материалдардан жасалуы тиіс.   
 
Қатты  диэлектриктің  ағу  тогы  қосымша  кернеу  мәнімен  байланысты,  ал  беткейлі  ток  беткей 
күйімен,  мысалы,  беткейлі  ласпен  немесе  ылғалдылықпен,  сонымен  қатар  температура  және  ауа 
ылғалдылығымен байланысты. Нәтижесінде беткейлі ағу тогы оқшаулаудың ішкі күйін көрсетпейді.  
Көлемді  ток  оқшаулағыш  материалдарға  тәуелді  өзгереді  және  температура  артып,  электр  өрісінің 
кернеуі  артқан  сайын  ұлғаяды.  Ол,  сонымен  қатар,  қоспалардың  ірі  мөлшері  пайда  болу  шамасына 
қарай мәні ұлғаяды, сондықтан көлемді ток оқшаулаудың ішкі күйін көрсете алады.   
Егер  оқшаулаудың жергілікті  ақауы  болса  немесе  ылғал  әсеріне шалдықса,  ағу  тогы да кенет 
ұлғаяды,  және  вольтамперлі  сипаттама  тура  болмайды.  Нәтижесінде  оқшаулауды  ақаудың,  ластың 
немесе ылғалдың болуына тексеру үшін ағу тогының бақылауы мен оқшаулау кедергісінің сынағын 
өткізуге болады. 
3) 
 Кернеудегі желіде жұмыс жүргізу кезінде ағу тогы      
Ішкі  және  сыртқы  факторлардың  әсерімен  кернеудегі  желіде  жұмыс  жүргізу  барысында 
кернеудегі  бөлшектер  мен  жерлендірілген  бөлшектер  арасындағы  барлық  арналардың  оқшаулаушы 
материалдарының  беткейлері  арқылы  ток  өтеді,  және  бұл  ток  ағу  тогы  деп  аталады.  Ағу  тогының 
мәні оқшаулағыш материалға, кернеу шамасына, ауа-райы мен басқа факторларға тәуелді. Әдетте ағу 
тогы микроампермен өлшенеді, сондықтан ол адам ағзасына үлкен зиян келтірмейді.   
Алайда, жоғары ылғалдылық, сапасы төмен оқшаулау аспаптары, дұрыс сақтамау салдарынан 
ылғалды  оқшаулау  тәрізді  көптеген  факторлар  ағу  тогына  әсер  етіп,  нәтижесінде  техниктің 
қауіпсіздігіне қауіп төндіретін электр шаншуын сездіруі мүмкін. Сондықтан, жазатайым оқиғаларға 
жол  бермеу  мақсатында  тиісті  алдын  алу  шараларын  қабылдау  қажет.  Мысалы,  жерлендірумен 
байланысты  жұмыстар  барысында  техник  жерлендірілген  бөлікте  тұрады  (мысалы,  темір  діңгекте 
немесе траверсте) және «жер – дене – оқшаулағыш аспап – кернеудегі бөлік» жүйесін құра отырып, 
оқшаулағыш аспап арқылы кернеудегі бөлікті жөндейді. Бұл сәтте техник денесі арқылы өтетін ток 
тізбегі ағу тогының тізбегі болып табылады, оқшаулау аспабының бойымен өтетін ағу тогы қосылған 
жабдықтың ең жоғары кернеуіне тура пропорционалды және оқшаулау аспабы мен дене арасындағы 
бірізді  тізбекке кері  пропорционалды.  Дене  кедергісі  оқшаулағыш  аспаптың  оқшаулау  кедергісімен 
салыстырғанда  мәнсіз.  Бұл  дене  арқылы  өтетін  ағу  тогы  негізінен  оқшаулағыш  материалға  тәуелді 
болатынын көрсетеді. Оқшаулағыш аспап ұзын болған сайын, беткейлі кедергі үлкен болатыны анық. 
Керндеуде  жұмыс  жүргізу  кезінде  оқшаулағыш  аспаптың  ағу  тогы  кейде  ұлғаяды  және  келесілер 
оның негізгі себептері болып табылады:  


55 
 
1) 
Температура  параметрлері  немесе  ауа  ылғалдылығының  жоғарылығы  соншалық,  аспаптың 
беткейлі кедергісі кемиді.   
2) 
Аспаптың беткейі лас немесе тер әсеріне ұшырайды, сондықтан беткейлі кедергі кемиді. 
3) 
Оқшаулағыш  аспапта  біртексіз  беткейлі  кедергі,  беткейдің  тозуы,  беткейдің  кедір-бұдыры 
немесе жарықтары бар, бұл электр өрісінің таралу өзгерісіне соқтырады. Оқшаулағыш аспабының ағу 
тогының белгілі бір мәнге дейін ұлғаюы кезінде тәжді разряд пайда болады, ол нәтижесінде ұлғаятын 
ұшқындауға және жазатайым оқиғаға ұшыратады.  
Ағу тогы тәжді разрядтың бастапқы мәніне жетпесе де, кейбір жағдайда техник электр тогынан 
шаншу немесе тіпті жазатайым оқиғаға ұшырататын жүйке ынталандыруын сезіну мүмкіндігін атап 
өткен жөн. Сондықтан, кернеулі желіде жұмыс жүргізу үшін токтың кез-келген ұлғаюын алдын-алу 
мақсатында келесі қауіпсіздік шараларына көбірек назар аудару қажет:  
1) 
Басым  электр  қасиеттері  мен  төмен  сіңіру  қасиеттері  бар  оқшаулағыш  материалдарын 
таңдау қажет, мысалы, эпоксидфенолды шыны маталы түтік (пластина).  
2) 
Оқшаулағыш аспаптарды тиісті түрде сақтап, ылғал немесе ластану әсерінен қорғау қажет.  
3) 
Оқшаулағыш  аспаптарды  мұқият  өңдеу  қажет  және  беткейін  жөндеп,  бетіне  сапалы 
оқшаулағыш қабатын жабу қажет. 
4) 
Сумен жуылатын арнайы аспаптар және жаңбырда пайдалануға жарамды аспаптарды қатаң 
сынақтан өткізіп, сертификаттарға сәйкес біліктілігін растау қажет. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет