ҚОРЫТЫНДЫ Сонымен қорыта келгенде, Фараби еңбектерінің, оның өз дәуірі үшін жасаған шығармашылық, тарихи, ғылыми мұраларын зерттеп, кейінгі ұрпаққа қалдырған оқу-ағарту, білім беру ілімінің мәні мен мазмұнының гумандылық маңызы ерекше.
Әл-Фараби шығармашылығын зерттеудің жаңа көк- жиектерін атауға ең бастысы Батыс пен Шығыстың диалогына, әртүрлі елдер мен халықтардың дүниетанымдарының өзара жақындай түсуіне, адамзат баласы енді аяқ басқан жаңа мыңжылдықта бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруына септігін тигізетіні де ақиқат.
Әл-Фараби ілімі тәрбиенің әрбір қоғам кезіндегі (феодализм, капитализм, социализм) әлеуметтік мәнін ашты. Оның ілімі тәрбие, еңбек, адамгершілік, гумандылық, ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негізін қалыптастырды.
Еңбек әр қоғамда қоғамдық құбылыс ретінде өзгеріп отырады, еңбек-еңбек тәрбиесінің мазмұны мен мәнін өзгертеді.
Ғылымдар тізбегін жасау, оны әрбір топқа бөлу, жіктеу арқылы болашақ жасөспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажеттілігін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Яғни ғылымдарды жүйелеу жөніндегі ілімінің теориялық тарихи мәні -материалдық заттарды адамдардың санасынан тыс, өз бетімен дербес өмір сүретін және белгілі бір қасиетке ие болып тұрған құбылыс деді.
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылымға негізделген теориясын жасай отырып, оны тәжірибеде, өмірде қолданудың тәжірибесін көрсетті.
Әл-Фараби ілімі Шығыс халықтарының педагогикалық ой-пікірінің пайда болуына, дамуына жэне қалыптасуына революциялық төңкеріс болып есептеледі. Педагогикалық тәлім-тәрбиенің дамуында сапа жағынан жаңа кезең ашқан-халықтық педагогиканың негізін қалады.
Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан Әл-Фараби дүниетанымы екі әлемнің — көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманистік (философия, логика, этика, эстететика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. /3,14/.
Қазіргі таңда Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасын, тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ мамандардың педагогикалық шеберлігіне негіздеу, оны жүзеге асыру барысында үлкен маңызға ие болды. Оқырман қауым Әл -Фарабидің еңбектері арқылы жан-жақты білім алуға, рухани дүние байлықтары мен дүниетанымын дамытуға өте үлкен ықпал етеді.
Әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастарымен», «Философияның дінді қажетсінбеуі» т.б. философиялық трактаттарында шеңбер-қала болмысы жер шарындағы он сегіз мыңда бір Ғаламдағы тіршіліктің шағын моделі түрінде алынып, адамзат баласын несібелі бақытқа кенелтетін ізгілік пен әділет етіп көрсетеді. Игілік, байлық атаулы -өткінші дүниенің, пәнидің ғана өлшемі, ал ізгілік бақыт ұғымдары - мәңгіліктің бақилықтың жолы. Ізгілік-имандылықтың сәулесі. Жүрегінен иманы тайған, нәпсісін ынсабын тыймаған жан адамзат баласына жазмыш ілім-білімді, тағлым тәжірибиені ізгілік жолына емес, кесірлі кесапатқа, теріс пиғылға пайдалануы мүмкін, жүрегін таза ұстап, иманына кіршік түсірмей, рухани кемелдікке талпынған тұлғалар ұлы жаратушы деңгейіне жақын сатыға көтеріліп, жер бетіндегі тіршілік сырын бағамдай алады. /59/.
Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық туралы білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөнінде тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Әл-Фараби жасаған қорытындының басты түйіні - білім, мейірбандық, сұлулық - үшеуінің бірлігінде. /61/.
Әл-Фарабидің гуманистік идеялары әлемге тез тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Әл-Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол - өмір шандығының өзіне тән қасиетті, болмыстың, нақты құбылыстардың әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. /62/.
Әл - Фараби тәрбиеге гумандылық бағыт берді,ол барша адам баласын достыққа, адамгершілікке шақыра отырып, адамзат баласын мұрат - мақсатына жеткізуді көздеді.Фараби ағартушылық пен парасаттылықты жақтаған үлкен гуманист. Ол халықтарды бейбіт өмір сүруге шақыра отырып, адам баласын білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер.
Асқар таулар қоршаған қазақ жері, жусан исі аңқыған ежелгі Қыпшақ даласы бұдан оң мың жылдар бұрын жүріп өткен мұз көшкінінен (тарихшыларымыздың айтуы бойынша, мұз дәуірінен) аман қалғаны рас болса, онда адам -заттың өркениеттің туған бесігі — біздің байтақ өлкеміз деуге толық негіз бар. /63/.
Шынында да туған даламыздың құнарлы топырағы рухани суат көзі болып ашылып, әлемде сирек ұшырасатын кемеңгер тұлғаларды жарық дүниеге әкелгені ақиқат.