Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата16.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Н.Н. Арыстанова, А. Бейсенбек 
 
АХМЕТ БАЙТҦРСЫНОВ - ЛИНГВИСТ 
 
ӘӚЖ 801 
А 75 
 
Филология  ғылымдарының  докторы,  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 
корреспондент  мүшесі  Рабиға  Сыздықова:  «Қазақ  тілі  білімінің  іргетасын  қалаушы 
ғалым  Ыбырай  Алтынсариннен  кейінгі  еңбегі  ерекше  ағартушы  -  педагог,  сӛз 
құдіретін  танытқан  тамаша  ақын,  қазақ  баспасӛз  тілінің  ұлттық  үлгісін  кӛрсеткен 
талантты  публицист,  туған  халқының  рухани  дүниесін  кӛтеруге  кӛп  күш  жұмсаған 
мәдениет  қайраткері,  жас  совет  ӛкіметіне  адал  қызмет  еткен  ірі  қоғам  қайраткері  - 

 
39 
Ахмет  Байтұрсынов  ...»  деген    [1,  8],  ұлағатты  ой  қозғайды.  А.Байтұрсынов  -  қазақ 
тілі білімінің іргетасын қалаушы және ғалым деп айтуында ерекше ақиқат бар.  
Оны  ғалым:  «1929  жылы  1  мамырда  ӛз  қолымен  жазған  (орыс  тілінде) 
ӛмірбаянында «1901 жылдардан бастап бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда ӛз 
бетіммен  білімімді  толықтырдым,  әдебиетпен  шұғылдандым.  Ал  Орынборға 
келгеннен  кейін  ең  алдымен  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесі  мен  грамматикалық 
құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, 
жӛндеу  жолында  жұмыс  істедім.  Үшіншіден,  қазақ  жазба  жұмысын  бӛгде  тілді 
қажетсіз  сӛздерден  арылтуға,  синтаксистік  құрылысын  ӛзге  тілдердің  (жағымсыз) 
әсерінен  тазартуға  әрекеттендім.  Тӛртіншіден,  қазақ  прозасын  (яғни  іс  -  қағаздар 
тілін,  публицистика  мен  ғылыми  тілі)  жасанды  кітаби  сипаттан  арылтып,  халықтың 
сӛйлеу  тәжірибесіне  икемдеу  үшін,  ғылыми  терминдерді  жасауға  кірістім  және 
стильдік  ӛңдеу  үлгілерін  кӛрсетумен  шұғылдандым»  деп  [2]  жазады  деген  фактіні 
келтіреді.  
Ӛмірбаяннан біз кӛптеген деректерді байқаймыз. Олар: 
1.Бала оқытып, бос уақыттарында ӛз бетімен білімін кӛтергенін; 
2.Қазақ тілі дыбыс жүйесін және оның грамматика құрылысын зерттегенін
3.Қазақ әдеби тілін қалыптастырғанын, бӛгде қажетсіз сӛздерден арылтқанын; 
4.Қазақ әдеби тілі синтаксисіне ерекше кӛңіл бӛлгенін; 
5.Іс-қағаздар  тілін,  публицистикасын,  ғылыми  тілін  халықтық  сӛйлеу  тілімен 
ӛңдегенін; 
6.Ғылыми терминдер жасағанын; 
Стильдік  ӛндеу  үлгілерімен  шұғылданғандығын,    атап  кӛрсеткенін,  ғылым 
жолында қазақ тіл білімі іргетасын қалағандығын анық байқаймыз. Таза лингвистика 
жолында  аянбай  еңбек  етіп,  ӛз  ӛмірінде  тіл  білімі  негіздеріне  арнап  ӛшпес  із  
қалдырған.  
Қазақ  совет  энциклопедиясында    «Ғылым  –  объективті  ақиқатқа  жетуге, 
заңдылықтарды  бейнелеуге  және  алдын  ала  болжауға  арналған,  жүйелі  құрылған 
білімнің  жоғарғы  формасы»  деген  [3],  анықтама  берілген.  Олай  бола,  Ахмет 
Байтұрсыновты жай ғалым дегеннен гӛрі, ғылыми жақтан дәлелдеп кӛрсек. 
Қ.Ш.Ибраймовтың  «Ахмет  Байтұрсынов  еңбектеріндегі  терминология  және 
стилистика  мәселелері»  атты  диссертациялық  авторефератында  ғылым  -    болмысты 
игеретін әдіс, тәсіл, сондықтан ғылымның қоғамдағы орны мен мәні ӛте биік. Ғылым 
болмысты  игеруде  жалпылама  білімді  анықтауға  әрекеттенді,  анықтаған  соң 
жалпылама  білімді  (ұғымды)  ғылыми  ізденістердің  негізі  ретінде  қалыптастырады. 
Ғылымның осы әрекеті – табиғи, яғни ғылыми заңдылық, себебі жалпылама білімсіз 
объективтік  табиғи  болмыс  толық  және  әділ  зерттелуі  мүмкін  емес.  А.Байтұрсынов 
ғылымның  болмысты  игеретін  негізгі  тәсіл  екендігін,  жалпылама  ұғымды,  білімді 
анықтаған  соң,  оларды  ӛзіне  негіз  тұтатындығын  ӛте  жақсы  түсінген.  Сӛйтіп, 
зерттеулерінде  ғылымның  тәсілдігін,  ұғымның,  білімнің  жалпылығын  жоғары 
деңгейде  пайдаланған.  Мысалы:  түбіршек  тіл,  жалғамалы  тіл,  қазақ  сӛзінің  түбірі 
ӛзгермейді...  А.  Байтұрсынов  еңбегінен  алынған  осы  мысалдардың  соңғысын  ғана 
талқылағанның ӛзінде тӛменгідей қорытындыға келеміз: 

 
Қазақтың барлық сӛздері  ӛзгермейді. Бұл - жалпылама ұғым, жалпылама білім

 
Қазақ  сӛзінің  түбірі  ӛзгермейтіні  –  ғылыми  ақиқат.  Ол  ғылыми  ақиқатты 
ғылыми  тәсіл  ретінде  болмысты  игеру  барысында  ашады,  [4]  деуінен  Ахмет 
Байтұрсыновтың толықтай ғалым екендігін дәлеледегенін кӛреміз. 

 
40 
Ахмет  Байтұрсынов  –  лингвист  ғалым.  Тіл  -  әлем,  тіл  білімі  -  ғылым. 
Лингвистика ұғымы қазақ тілінде тӛрт түрлі аталады: 
1) лингвистика (латын тілінен) 
2) тіл білімі (қазақ тілінен) 
3) тілтану (қазақ тілінен) 
4) тілтаным (қазақ тілінен) 
Лингвистика  термині  интернационалдық  термин  (латын  тілінен).  Тіл  білімі, 
тілтану, тілтаным терминдері – қазақтың тіл терминдері. Лингвистика термині жалпы 
тіл  білімі  мәселелерін  зерттеген  жағдайларда  кӛбірек  қызмет  атқарады.  Ең  жиі 
қолданылатын  термин  –  тіл  білімі  термині.  Қазақ  тілінің  негізінде  жасалған  үш 
терминннің  тұңғышы  осы  термин,  яғни  бұл  терминді  пайдалану  ғылыми  дәстүрге 
айналған.  
Сирек  қолданылатын  термин  –  тілтану  термині.  Бірақ  соңғы  жылдары  тілтану 
термині  лингвистика,  тілі  білімі  терминдерімен  бір  қатарда  сӛздіктерден  орын  алып 
жүр. Мысалы, 1998 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Тіл білімінің сӛздігінің 204 
бетінде  [5]  былай  деп  жазылған:  «Лингвистика  (латын  lingua  –тіл)..  глотология,  тіл 
білімі,  тілтану  -  тіл  туралы  ғылым.  Осы  түсіндірмеде  тілтаным  термині,  тіл  білімі, 
тілтану 
терминдері 
сияқты, 
лингвистика 
терминінің 
синонимі 
ретінде 
қолданылмаған».  
Соған  қарамастан  тілтаным  термині  соңғы  жылдары  ғылыми  қолданыста  жиі 
кездеседі. Мысалы, Қазақ ұлттық ғылыми академиясының  А.Байтұрсынов атындағы 
Тіл білімі институтының лингвистикалық журналының аты - «Тілтаным». Бұл жағдай 
тілтаным  терминінің  тек  ғылыми  статусы  емес,  ресми  статусында  кәсіпқойлық 
коммуникация  саласында  биік  деңгейге  кӛтерілгенін  білдіреді.  Сонымен  тілтаным 
термині  –  қазақ  тілінде  кенже  пайда  болған  ғылыми  атау.  Яғни,  ана  тіліміздің 
негізінде  пайда  болған  термин  интернационалдық  терминнен  кӛп  жыл  кейін  пайда 
болуы  мүмкін  (лингвистика  -  тілтаным)    және  ғылыми,  қоғамдық,  әлеуметтік 
қатынаста интернационалдық терминнің қолдану жиілігінен асып түсуі мүмкін.  
Бұл  жағдай  ана  тілі  негізінде  жасалған  терминннің  ерте-кеші  болмайтындығын 
дәлелдейді,  ол  термин  кейін  пайда  болса  да,  бұрыннан  қолданыста  жүрген  кірме 
терминді  ана  тіліміздегі  ғылыми  қолданыстан  шеттетуге  құдіреті  жетеді.  Қазақ 
тіліндегі  тілтаным  ұғымының  тілдік,  әлеуметтік  қарым–қатынас  құралының  бүгінгі 
деңгейі  артып,  қоғамдық  маңызы  жетіле  түскенін  кӛреміз.  Қазақ  тілінің  бүгінгі 
әлеуметтік мүмкіншілігі, ғылыми, ғылыми-әдістемелік қызметі кеңейіп, тілтанымдық, 
ағартушылық, ғылыми ізденістердің және зерттеулердің негізгі нысанына айналды.  
Жалпы  тілі  білімі  (общее  языкознание)  қазір  жалпы  тілтанымдық  терминдерге 
негізделген, олардың басым кӛпшілігінің шығу тегі  үнді европа тілдерінің бірліктері 
(фонетика, лексика, морфология, синткасис, стилистика, фонема, графема, лексема..). 
А.Байтұрсынов осы жағдайды да ескерген Мысалы: 1926 жылы Баку қаласында ӛткен 
Бүкілодақтық  туркологиялық  құрылайдағы  орыс  тілінде  жасаған  баяндамасында 
интернационалдық  терминдер  жайында  былай  деген:  «Общеупотребительные 
мировые  термины  могут  приниматься,  но  с  соответствующими  природе  казахского 
языка  изменениями.  При    наличии  казахских  слов,  могучих  заменить  их,  должны 
помещаться  оба,  чтобы  выборе  предоставить  обществу»  [6.423].  Сонымен 
А.Байтұрсыновтың  Термин  жасамдық  мұрасы  тек  жалпы  қазақ,  я  тек  қазақ  тілі  мен 
әдебиеті, әдістеме терминологиясының дамуын да қамтиды. 
Әр ғылыми саланың терминологиясы, тек терминдер тізімі (жиынтығы) емес, бұл 
нақты  ұғымдар  жүйесінің  семасиологиялық  кӛрсеткіштері,  ал  семасиологялық 

 
41 
кӛрсеткіштер  сол  саланың  ғылыми  дүниетанымын  бейнелейді.  А.Байтұрсынов 
жасаған  терминдер  семасиологиялық  кӛрсеткіштер  (белгілер,  таңбалар)  ретінде 
қалыптасты:  тіл  білімінің,  әдебиет  теориясының  т.б.  ғылыми  дүниетанымын  бір 
ғасырға жуық уақыттан бері бейнелеп келеді (зат есім, сын есім, етістік, дыбыс, жуан 
дыбыс, жіңішке дыбыс т.б.) 
Терминннің  дүниеге  келуі  -  ғылыми  абстракциаландырудың  қорытындысы. 
Ғылыми  абстракция  тек  ізденістер  жүргізуі  арқасында  пайда  болып  қалыптасады. 
Яғни  жалпылама  ұғым  -  ғылымның  негізі,  ғылымның  ішкі  дүниесі.  А.Байтұрсынов 
термин  жасамдық  ізденістерін  жүргізгенде  осы  екі  мәселеге  үлкен  кӛңіл  бӛлген. 
Соның  салдарынан   ғылыми  айналымға  ендірілген  терминдердің  ішкі де,  сыртқы да 
дүниелері ӛте нақ, ӛте діл, ӛте семасиологиялық. 
Сонымен  А.Байтұрсыновтың  терминологиялық  мұрасы  теңсіз  дүние  (тек  қазақ 
тарихында  емес,  жалпы  әлем  тарихында).  Себебі,  бұл  ұлттық  тілтанымдық, 
әдебиеттанымдық, әдістемелік ғылыми салаларының терминологясын бір ғылымның 
жасап  беруі,  бүгінгі  деректер  бойынша  тек-  қазақ  халқының  мұрасы.  Ол  мұраны 
жасаған ғалым -  Ахмет Байтұрсынов. 
Ахмет  Байтұрсынов  лингвист  ғалым  ретінде  қазақ  тілтанымында  310 
тілтанымдық  терминді  дүниеге  келтірген  (Ш.Жалмахановтың  деректері  бойынша). 
Оның  қазіргі  қазақ  тілінде  қолданылып  жүргені  -  118  тілтанымдық  термин.    Қазақ 
тілтанымында  Ахмет Байтұрсынов   жасаған  терминдердің  тіл  саларына  және  жалпы 
тіл  біліміне  қатысты  статистикасына  талдасақ:  фонетика  және  тіл  білімінде    -  108, 
лексикологияда  және  жалпы  тіл  білімінде  -11,  морфологияда    және  жалпы  тіл 
білімінде -109, синтаксисте және жалпы тіл білімінде - 64, тек жалпы тіл білімінде - 
18 тілтанымдық термин қолданылатындығын байқадық.  
Ахмет  Байтұрсынов  терминдерінің  біразы  қазіргі  қазақ  тіл  білімінде 
қолданылмайды,  Себебі,  олардың  мағыналық,  стилистикалық  ерекшеліктері  бүгінгі 
ғылыми  стильдің  терминологиясының  талаптарына  жауап  бермейді.  Оның  себебі 
заманның  ӛзгеруінде,  ғылымның  дамуында  жаңа  паш  ұғымдардың  пайда  болуында, 
интертерминдерді  қабылдау  бағытының  күшейюінде.  Бірақ  біз  бұл  жағдайды 
кемшілік  деп  түсінбейміз:  бұл  жағдай  ғылымның  замандық  ерекшеліктерінің 
нәтижесі.  Ахмет  Байтұрсынов  лексикологияны  тілдің  жеке  иерархиялық  саласы 
ретінде кӛрсетпеген. Бірақ лексикологиялық терминдер жасаған.  
Ахмет  Байтұрсынов  «сӛз  жүйесі»  деп  морфологияны  атаған.  Бірақ  сӛзді  тілдің 
негізгі  бірлігі  ретінде  фонетикада  да,  сӛзжасамда  да,  морфологияда  да,  синтаксисте 
де,  қарастырған,  яғни,  біздің  ойымызша,  Ахмет  Байтұрсынов  ғылыми  мәтіндерін 
жүйелі программа бойынша жазған: 
1.
 
Ол  әуелі  қазақша  сауат  аштыруды  мақсат  еткен.  Бұл  үшін  әліппе  «Оқу 
құралын» жазған. 
2.
 
Қазақ тілінің  фонетикасы мен  грамматикалық құрылымын  ана  тілде талдап, 
пән  ретінде  оқытып,  үйретуді  мақсат  еткен.  Бұл  үшін  үш  бӛлімнен  тұратын  «Тіл 
құрал» жазған.  
3.
 
Дұрыс  сӛйлеп,  дұрыс  оқып,  жазуды  үйретуге  кӛмектесетін    құралды  «Тіл 
жұмсарды» жазған.  
4.
 
Балалрдың тілін ұстартып, оларды кӛркем сӛзге баулуды кӛздеген. Бұл үшін 
Т.Шонановпен бірігіп үлкен хрестоматия құрастырған.  
Бұл  еңбектермен  қатар  19  мақала  жазып,  5  баяндама  жасап,  1  тілдік  жоба 
ұсынып, 3 құрылтайда сӛйлеген сӛзі, 1 Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде кітап 

 
42 
болып  шыққан  ғылыми  мәтіндері  бар.  Барлық  ғылыми  мәтіндерінің  саны  77  болып 
шығады. Бұл сан тек біз зерттеген, қарастырған еңбектер саны.  
Ғылыми  мәтіннің  мазмұны  ғалымдар  ашқан  ғылыми  заңдылықтар,  ұғымдар. 
Яғни  ғылыми  мәтін  -  ғылыми  ізденістерінің  таңбаланған  түрдегі  нәтижесі.  Ахмет 
Байтұрсынов  ашқан  тіл,  әдістеме  ғылымдарының  заңдылықтары,  ұғымдары  Ахмет 
Байтұрсыновтың  ғылыми  мәтіндерінің  мазмұны  болып  қалыптасқан.    Ахмет 
Байтұрсыновтың  ғылыми  мәтіндерінің  мазмұны  сан  түрлі  (фонетика,  орфаграфия, 
графика, морфология, синтаксис, жалпы тіл білімі, әдістеме т.б) Ахмет Байтұрсынов 
ғылымының  бірнеше  саласында  ғылыми  ұғымдар,  заңдылықтар  ашып  оларды 
терминдендіріп, оқыту ғылымтану қызметінде пайдаланып, тілтанымдық, әдістемелік 
т.б.  ізденістерді  ашыпбаруды  дәстүр  ретінде  қалыптастырған.  Сонымен  Ахмет 
Байтұрсыновтың    ғылыми,  ғылыми  -  әдістемелік  мәтіндерінің  мазмұны  -  ӛзі  ашқан 
қазақ тілінің заңдылықтары мен ұғымдарының жазбаша тілдесім түрінің қоры.  
Ахмет  Байтұрсынов  ұлы  ғалым-лингвист  екендігін  терминдері  мен  ғылыми 
мәтіндері айшықтап, дәлелдеп тұрса да, кейбір ғалымдар оның шынайы ғалымдығына 
күмәнмен  қарайды.  Соның  бірі  -  филология    ғылымдарының  докторы,  Қазақ  ССР 
Ғылым  академиясының  корреспендет  мүшесі  Рабиға  Сыздықова:  «А.Байтұрсынов 
алған білімі, мамандығы жағынан профессионал лингвист емес еді. Оны тіл біліміне 
алып  келген,  жоғарыда  айтылды,  оқу-ағарту  ісін  жолға  қою,  халықты  жаппай 
сауаттандырып,  сол  арқылы  қазақ  халқын  ұлттық  теңсіздіктен  құтқару  мақсаты 
болатын.  
Маман лингвист еместігіне қарамастан, А.Байтұрсынов тілдің, оның ішінде қазақ 
тілінің  табиғатын,  құрылымдық  категорияларын  дұрыс  аңғарған.  Қазақ 
грамматикасын  талдауда  ол  орыс  лингвистикалық  мектебінен  сусындаған,  бірақ 
туыстығы  жағынан  ӛзгешеленіп  түркі  тілдерінің  (оның  ішінде  қазақ  тілінің) 
құрылымында  орыс  тілінен  (жалпы  үнді-европа  тілдерінен)  ажыратылатын 
(яғнитипологиялық) ерекшеліктері болуға тиіс екендігін де жақсы сезінген» деп [1.24] 
А.Байтұрсыновтың ғалымдығына күмәнмен қарайды.  
Бұл  пікір  -  жансақ    пікір,  себебі,    ғалымның  ғылыми  базасы  болмаса  ол  тек 
сезімталдығы  арқылы  ұлттық,  халықаралық  деңгейде  ғылыми  ізденістер  жүргізе 
алмайды,  заманына  сай  жаңашыл  тұжырымдар  жасамайды.  А.  Байтұрсыновтың  тіл 
білімінің  ғылыми  базасы  ӛте  биік,  ӛте  терең,  ӛте  кең  болған.  (Қараңыз:  Ґ  Жусупов, 
1998) 
Қазақ  тілінің  энцеклопедиясында:  «Тіл  білімі  (лингвистика)  -  әлем  тілдерінің 
құрылысын,  әлеуметтік  функциясын  және  тарихи  дамуын,  адамзаттық  табиғи  тілін, 
оның  жалпы  заңдылықтарын,  қолданылуын  және  адам  қоғамын  зерттейтін 
гуманитарлық  ғылым»  деп  [7],  анықтама  берген.  Осы  анықтама  негізінде  А. 
Байтұрсыновтың  лингвистикалық  кӛзқарастарын  қарасақ,  лингвистика  мәселелерін  
ғылыми мәтіндері арқылы толығымен жауап алуға болады: 
Әлем  тілдерінің  құрылысын  «Тіл  құрал»  еңбегінде  «дүниядағы  жұрттың  тілі 
негізінде  үшке  бӛлінеді:  1)  түбіршек  тіл,  2)  жалғамалы  тіл,  3)  қопармалы  тіл. 
Түбіршек тіл түпкі қалпынан ӛзгермей жұмсалады, мәселен, қытай ћәм жапон тілдері. 
Жалғамалы тіл  -  сӛздің  аяғына  жалғау  қосылып  ӛзгерілетін  тіл, мәселен, түрік фин 
тілдері. Қопармалы тіл  – сӛз түбірімен  қопарлып ӛзгерілетін тіл, мәселен, орыс тілі, 
араб тілі» [8.143]. Мұнда әлем тілдерінің құрылысы туралы жан - жақты, толығымен 
айтылып жүр.  
1.
 
Әлеуметтік  функциясы  мен  тарихи  дамуы  жайында:  «Тіл  -  адамның  адамдық 
белгісінің  зоры,  жұмсайтын  қаруының  бірі.  Осы  дүниядағы  адамдар  тілінен 

 
43 
айырылып, сӛйлеуден қалса, қандай  қиындық түсер еді» деуінен [8.141] кӛп нәрсені 
аңғаруға болады. 
2.
 
Адамзаттың  табиғи  тілі  туралы:  «Асыл  тіл,  түзу  емле  қазақта  болуға  тиісті. 
Неге  десек:  ата  кәсібін  тастамай  істеп  келе  жатқан  қазақ.  Жат  жазудың  ыңғайына 
қарап, басқалардан тілін бұзуға, арасына жазу жазылмаған түрік баласы  - қазақ» деп 
[8.395] тіл табиғаты туралы келелі ой түйген.  
3.
 
Жалпы 
заңдылықтар 
қолданылуы 
Ұ.Ш.Ибраймовтың: 
«Сонымен 
А.Байтұрсыновтың  ғылыми,  ғылыми-әдістемелік  мәтіндерінің  мазмұны  -  ӛзі  ашқан 
қазақ тілінің заңдылықтары мен ұғымдарының  жазбаша тілдесім түрінің қоры» [4.10] 
деген  пікірінде  жалпы  заңдылықтар  оның  қолданылуы  туралы  ғылыми  мәтіндерді 
дүниеге әкелген, ӛшпес мұра ретінде артында қалдырған.  
4.
 
Адам  қоғамын  зерттейтін  гуманитарлық  ғылым  жолында  да  еңбек  етіп 
ғылымды  ӛмірмен  байланыстырып,  ұлы  бабамыз  Әл-Фарабидің  «Адамға  бірінші 
білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол 
келешекте оның бүкіл ӛміріне апат әкеледі» деген ұлағатты талабын  А. Байтұрсынов 
жете  мән  беріп,  әр  ғылыми  мәтіндері  гуманитарлық  білімге  құрылған.  Р.Сыздықова 
сӛзімен  айтсақ:  «Мектеп  балаларына  арналған  оқулықтарында  болсын,  үлкендерге 
арналған  «Сауат  ашқышта»  болсын  А.Байтұрсынов  иллюстративтік  материалдарды 
ұсынуда үлкен тәрбиелік әрі тіл ұстарту мүддесін кӛздегені байқалады.  
Автор жалпы оқулыққа тән жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге» 
деген  принципті  ұстағандықтан,  1-басқыш  мектеп  (яғни  бастауыш  мектеп) 
балаларына  арналған  материалдарын  аса  түсінікті  етіп  беруді  кӛздейді,  сондықтан 
мысалдары  қазақ  баласына  таныс  (үлкендердің  аузынан  сан  рет  естіп,  құлақтары 
үйренген)  мақал-мәтелдерден,  нақыл  сӛздерден,  мысалдардан  алады  және  олардың 
барлығы дерлік адамгершілікті, адалдықты, еңбексүйгіштікті тағы да сол сияқты игі 
қасиеттерді    уағыздайтын  дидактикалық  мәні  зор  мақал-мәтелдер,  нақыл  сӛздер, 
ӛлең-жыр  жолдары  болып  келеді.  Ал  белгілі  бір  тақырыпқа  лайықтап  ӛзі  жасаған 
текстер  ауыл  балаларының  күнделікті  тұрмысынан  алынып,  олардың  арман-тілегін, 
талап- талпынысын  т.т  танытатын шағын әңгімелері түрінде беріледі» дейді. [1.23] 
Қорыта  келгенде,  лингвистика  ұғымына  берілген  анықтама  тұрғысынан 
қарасақта  А.Байтұрсыновтың  нағыз  лингвист    ғалым  екендігін  кӛреміз. 
А.Байтұрсыновтың ғылыми мәтіндері, яғни ғылыми мұрасы тіл білімінің бастау кӛзі 
болғанмен, нағыз ғылыми сан-салалы, ғылыми табиғаты терең, мәні қазіргі тілтаным 
үшін ӛшпес мұра.    
__________________ 
1.Р.Сыздықова А.Байтұрсынов   Тіл тағылымы, -  А. 1992 
2.Ӛмірбаян // Архив КазПИ им Абая. Опись /, съездка  №6 «Б», д.209 
3.Қазақ совет энцеклопедиясы, 3- том.  
4.Ибраймов  Қ.Ш  А.Байтұрсынов  еңбектеріндегі  терминология  және  стилистика 
мәселелері: Филология ғылым. Конд. дис. Автореф.- А. 2004 
5.Тіл білімі сӛздігі // жалпы редакциясын басқарған проф. Э.Д.Сүлейменова А.1998 
6.А.Байтұрсынов  Доклад  на  первом  всесоюзном  тюркологическом  съезде.  –  Баку, 
1926//  
7.А.Байтұрсынов Тіл тағылымы. – А.1992  
8.Қазақ  тілі:  энцеклопедия.  –  А.  ҚР  Білім,  мәдениет    және  денсаулық  сақтау 
министрлігі. Қазақстан даму институты, 1998 
9.А.Байтұрсынов  Тіл құрал //  А.Байтұрсынов  Тіл тағылымы. – А. 1992 
 

 
44 
А.Ә. Байтелиев  
 
ПАРЕМИОФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ, ҦЛТТЫҚ,  
ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ ЭКСПРЕССИВТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
ӘОЖ 81,42:81, 
   367:811. 
    572.122 
 
Тіл мен ойлаудың байланысы, олардың ӛзара әрекеттесуі барлық лингвистикалық 
және философиялық бағыттарда мойындалып, әрқашан түрлі қырынан қарастырылып 
келеді.  Адам  баласының  ойлауы  мен  танымы  қалай  болғанда  да  тілмен  байланысты 
болғандықтан,  тіл  мен  ойлаудың,  тіл  мен  танымның,  тіл  мен  мәдениеттің  ӛзара 
байланысы  философияның,  лингвистиканың  және  басқа  ғылым  салаларының  ортақ 
мәселелерін  танытады.  Ақыл-ой  әрекеті  –  тек  қана  рухани  әрекет,  онда  да  терең 
тамырдан тыныс алатын дыбыстық тілмен бӛлінбейтін, тек сезімдік қабылдауда ғана 
түсінілетін құбылыс болып табылады.  
Тіл ойлауға ықпал ететін құбылыс, сонымен қатар тіл - адам ойының танымдық 
әрекетін, оның бағыты мен мазмұн сипатын анықтайтын күш. Жеке адамның сӛзі мен 
қолданған  фразеологизмінде  сыртқы  ортаның  тікелей  бейнесі  емес,  сӛйлесімге 
араласқан  сӛйлеушілердің  жан  дүниесінің  қабылдау  мүмкіндіктерінің  нәтижесінде 
жаңадан  пайда  болған  бейнелер  қолданылады.  Ұлттық  ойлау  мен  ұлттық  сӛйлеудің 
қарым-қатынасын  тану  арқылы  ғана  жалпы  адамзаттық  ұстанымдар,  категориялар 
танылуы мүмкін.  
Тілдің  фразеологиялық  құрамы  ӛзінің  мағыналық  құрылымы    мен  сапасы 
жағынан  бай  болып  келеді.  Фразеологизмдер  халықтың  мәдени-ұлттық  және  тарихи 
дамуының  тілдік  тәжірибесін,  тілдің  тарихи  даму  заңдылықтарын  бейнелейді. 
Экспрессивтілік  фразеологизмдерге  тән  басты  табиғи  қасиеттердің  бірі  болып 
табылады. Фразеологизмдер контексте белгілі бір апаратты жеткізіп қана  қоймайды, 
оны бейнелейді, сондықтан да фразеологизмдердің атқаратын қызметі экспрессивтік-
бейнелеуіштік  қызмет  болып  саналады.  Фразеологизмдер  -  ұғымның  денотаттық 
мағынасына  қосымша  коннотаттық  мағына,  реңк  үстеп  жеткізуші  бірлік.  Мысалы, 
коммуникативтік  паремиофразеологизмдер  ӛздерінің  дербестігі  жағынан  контексте 
жеке 
хабар 
беруші 
сӛйлем 
түрінде 
қолданылады. 
Паремиологиялық 
фразеологизмдердің  арасында  дәстүрлі,  классикалық  сӛйлем  құрылымдыларымен 
қатар,  грамматикалық  жақтан  ұйымдасуы  тұрғысынан  формальды  түрде  сӛйлем 
ретінде танылатындары да бар.  
Коннотаттық  мағына  фразеологизмдердің  эмоциялық-экспрессивтік  қызметі 
арқасында 
кӛрінеді. 
Тұлғалану 
құрылымына 
қарамастан, 
мақал-мәтел 
коммуникативтік  фразеологизмдердің  грамматикалық  жақтан  сӛйлем  түрінде 
қалыптасқандарының  да,  сӛйлемнің  қызметіне  және  құрылымына  формальды  түрде 
жауап  беретіндерінің  де  атқаратын  қызметі  шындық  болмыстың  әйтеуір  бір  жағын 
хабарлау және экспрессивтік-бейнелеуіштік қызмет [1,176-180].  
Коннотациялық мағына  мен  эмоциялық  мағына  ӛзара  тең  ұғымдар.  Коннотация 
тілдің  барлық  деңгейлері  бірліктеріне  тән,  коннотация  мен  экспрессия  бір-бірі 
арқылы анықталады, кез келген коннотация экспрессия туғызады, ал экспрессивтілік 
сӛйлеу үрдісінде пайда болатын функционалды құбылыс.  

 
45 
Тілде  дайын  күйінде  қолданылатын,  ӛзіндік    ішкі  астарға  құрылған 
семантикасымен  сипатталатын  құрылым  ретінде  ұйымдасқан  мақал-мәтел 
коммуникативтік  фразеологизмдердің  танымдық  қызметі  сӛйлем  ретінде  танылады. 
Фразеологизмдер  -  ӛмір  шындығы  негізінде  қалыптасқан  таным,  халықтың  ӛір  сүру 
тәсілінің, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, мінез-құлқының, болмысы мен танымының 
кӛрінісі.  
Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің арасында ӛзгертіп қолдануға 
икем тұратындары кӛбіне екі сӛзден тұратын сӛз тіркесі түріндегі үлгілері (сыныққа 
сылтау,  сұлуынан  жылуы  т.б.),  жай  сӛйлем  түріндегі  құрылымдылары  (пәледен 
машайық  қашыпты,  суға  кеткен  тал  қармайды  т.б.).  Мысалы  :  -  Бүлінген  елден 
бүлдіргі  алма  дегені  қайсы ? Бӛтен  болса  бір сәрі (М.Ә.). Жанталасып  жүріп  тапқан 
ақшаң,  мұқтажыңның  біріне  жетсе,  біріне  жетпейді.  Қысқа  жіп  күрмеуге  келе  ме
(С.С.).  
Мақал–мәтелдер алдымен бағалаушы, бағалап сипаттаушы элементтерге жатады. 
Олар кӛбіне мәнмәтінде автордың негізгі ойын және шындыққа қатысын білдіру үшін 
қолданылады.  
Паремиофразеологизмдер  күнделікті  ӛмірдің  әртүрлі  жақтарын 
ерекше  астармен  сипаттайды,  адамдардың  мінез-құлқына,  іс-әрекетіне,  қылығына, 
қарым-қатынасына  тән  ерекшеліктерді  (кӛбінесе  пейоративті,  жағымсыз  жақтарын) 
білдіреді.  Олардың  басым  кӛпшілігінде  философиялық  және  әлеуметтік  сипат 
болады,  ол  ӛнегеге,  ӛсиетке,  ақыл-кеңеске  т.б.  ізгі  ниеттерге,  мақсаттарға,  уағызға 
негізделеді.  
Паремиологиялық 
коммуникативтік 
фразеологизмдердің 
семантикалық, 
танымдық,  экспрессивтік  және  т.б.  қасиеттері  мәнмәтінде  олардың  фразеологиялық 
астарлы  мағынасынан,  эмоциялық-экспрессивтік  мәнінен,  образдылық  және 
бағалауыштық қасиеттерінен туады.   
Бағалау коннотациясын идентификациялауға тілдегі бағалаудың функционалды-
семантикалық  аясының  орталығына  жататын  пейоративті-пейоративтіемес  (жақсы-
жаман)  негізіндегі  семантикалық  оппозициялар  қызмет  етеді.  Жағымды-жағымсыз 
сезімдер, эмоция адамның іс-әрекетінің басты қозғаушы күші, ол адамның кез келген 
іс-әрекетіне тән,  мысалы: ұялу, жиіркену, таң қалу, қуану, жақсы кӛру, ашулану т.б. 
Эмоцияны 
сипаттайтын 
фрзеологизмдер 
Адам 
эмоциясын 
бейнелейтін 
фразеологизмдердің  орнын  ауыстыра  алады.  Мақал-мәтелдер  ауыс  мағынада  я  ішкі 
астармен  қолданылғанымен,  құрамындағы  сӛздері  ӛздерінің  негізгі  лексикалық 
мағыналарынан айырылмайды.  
Осыған  сүйеніп  олардағы  ішкі  астарды  ескермеуге  болмайды.  Мақал-мәтел 
коммуникативтік фразеологизмдер  мәнмәтінде жеке қолданылғанда да олардың ішкі 
астары  байқалып  тұрады,  ол  семантикалық  қасиет  мәнмәтіндегі  ӛзге  сӛйлемдердің 
семантикасымен  байланысында  ӛте-мӛте  анық  аңғарылады.  Сол  себепті  де  мақал-
мәтелдер  тілде  әртүрлі  тәсілде  қолданылады.  Оларды  тұлғалық  ӛзгерістерге 
ұшыратпай, ӛз қалпында қолдану арқылы эмоциялды-экспрессивті мәнді білдіру жиі 
кездеседі.  
Мысалы:  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»,  Қоңырқұлжа  да  тұқымының 
ауызданған  салтынан  аса  алмаған  (І.Е.).  Контекст  (мәнмәтін)  сӛйлемдеріндегі 
мақалдарда  жағымсыз  қылық,  іс-әрекет,  мінез  астармен  жеткізіліп  тұр,  ой  меңзеу 
арқылы  берілген.  Мақалдарда  ұғымның  ӛзі  тікелей  білдіріліп  тұрғанымен, 
қолданыстағы  бұл  мақалдардың  меңзеп  тұрғаны  басқа  сипат,  мұнда  ұғымнан  гӛрі 
кесек ой басым жатыр. Бүгінгі таңда жаңа бағыттағы зерттеу жұмыстарының негізгі 
ұлт пен ұлттық дүниетаным сабақтастығымен ұштастырылады.  

 
46 
Тілде  қалыптасқан  фразеологизмдер  ұлттық  таным,  оның  тарихымен,  салт-
дәстүрімен,  мәдени  ӛмірімен  біте  қайнасып,  бейнелілігімен,  ӛміршеңдігімен 
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Фразеологизмдердегі ұлттық танымдар денотатив және 
коннотатив  мағыналар  бағалауыштық  тұрғыдан  ұғынылады.  Жалпы  ұлттық  тілдегі 
фразеологизмдер денотаттық мағынадан ӛрбіген коннотаттық семантикада сақталған 
ұлттың тағдыры, болмыс-бітімі, ұлт тарыхы бейнесі суреттеледі. Мақал-мәтелдер тіл 
мен  ойлау  арақатынасын  жаңа  қырынан  тануға,  халықтың  танымдық  ой-ӛрістік 
деңгейінің құпиясын терең түсінуге жол ашады. 
Паремиологиялық  коммуникативтік  фразеологизмдердің  контекстегі  басқа 
сӛздермен,  сӛйлемдермен  байланысының  негізгісі  –  семантикалық  байланыс.  Кез 
келген  мақал-мәтел  контексте  жайдан-жай,  тура  мағынасында  қолданылмайды. 
Мақал-мәтелдерді тура мағынасында, жалпы ӛмірлік тәжірибе қорытындысы түрінде 
қолданғанда  да  олардың  семантикасынан  белгілі–бір  астарды  байқаймыз.  Мақал-
мәтелдер  әлеуметтік  ортаның  жағдайына,  адамына  сай  алынып  қолданылады. 
Фразеологиялық  қабатта  ұлтқа  тән  мінез  бен  ұлттық  дүниетанымның  объективтік 
жиынтық  бейнесі  қалыптасады,  соның  негізінде  фразеологизмдер,  мақал-мәтелдер 
ұлттық-мәдени  білімдерді  жинақтаушы,  сақтаушы  кумулятивтік  қызмет  атқарады. 
Мысалы  :  «Қарға  қарғаның  көзін  шұқымас  деген  міне  осы  екен»,  -  деді  ол  ішінен 
(І.Е.).  Сӛйлемдегі  фразеологизмнің  ішкі  астары  әркімге–ақ  аян  және  түсінікті.  Ал, 
«Алтын  балтаның  да  сабы  ағаш»  деген  мақалды  тура  мағынада  ешкім  де 
қолданбайды,  «қанша  жарқырағанымен,  асыл  болғанымен,  әйтеуір  бір,  кішігірім 
болса  да,  кемшілігі  болады»  деген  мағынада  қолданыла  береді.  Сезім  адам 
болмысына  тән  қасиет,  ол  тілдік  құбылыстың  фразеологиялық  саласында  да  кӛрініс 
тауып,  оның  экспрессивтік  қызметінің  дамуына  түрткі  болып  отырады,  осы  негізде 
экспрессивтік  бірліктер  адамның  түрлі  жағымды  я  жағымсыз  эмоциялары,  сезімдері 
ерекше маңызға ие болады, эмоция адам іс-әрекетінің барлық саласына қатысты.  
Паремиологиялық  коммуникативтік  фразеологизмдер  контексте,  біріншіден,  ӛз 
семантикасы  арқылы  ӛзге  тілдік  тұлғалармен  байланысқа  түсетін  болса,  екіншіден, 
олар синтаксистік, морфологиялық жақтарынан болсын ӛзгеріссіз қалпында мәнмәтін 
құрамына  енгенде,  басқа  сӛздермен,  сӛйлемдермен  «де»  етістігінің  кӛмегімен 
байланысқа  түседі.  Мұндай  қолданыстың  негізі  паремиофразеологизмдердің  ішкі 
астарын  сақтау  мақсаты  болып  табылады.  Мақал-мәтел  коммуникативтік 
фразеологизмдердің  қолданыс  жүйесіндегі  мұндай  ерекшелікті  фразеологиялық 
нормалардың бірі деп атауға да болады [2,41]. 
Жоғарыда  айтып  ӛткеніміздей, 
мақал-мәтелдер  контекст  құрамында  «де»  етістігінің  ӛзгеріп-түрленіп  келуі  арқылы 
қолданылады : Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін.  «Күндестің күлі 
күндес» дегенді сен білмей-ақ қой.  
Бӛжекеңді кӛрген жерде сәлеміңді түзу бер (М.Ә.). Қолданушы тарапынан кейбір 
ӛзгерістерге  түсіп  қолданылғанымен,  мақал-мәтелдердің  семантикалық  қасиеті 
сақталады.  Метафоралық  я  басқа  қолданыс  ешбір  негізсіз  емес,  сӛйлеушінің 
дүниетанымына,  біліміне    тікелей  байланысты  қолданылады.  Мысалы,  оралымның 
құрамындағы  сыңарлардың  бірінің  морфологиялық  кӛрсеткішінің  ӛзгертіліп 
қолданылуы:  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»,  Қоңырқұлжа  да  тұқымының 
ауызданған  салтынан  аса  алмаған  (І.Е.).Балапан  ұяда  не  көрсе  ұшқанда  соны  іледі, 
осындай ӛжет ананың баулуында қанаттанған Ағыбай батыр болып ӛсті (І.Е.). 
Фразеологизмдердегі  «іледі»  сыңарының  морфологиялық  жақтан  ӛзгерістерге 
түсуі  фразеологиялық  нормадан  аспаған,  яғни  фразеологизмдердің  астарлы 
мағыналары  сақталған.  Фразеологизмің  құрамына  басқа  бір  сӛз  қосып  қолдану: 

 
47 
Қашқан жауға қатын да ер, соңдарынан атылған оқ бұлардың да он шақтысын алып 
қалды  (І.Е.).  «Қашқан  жауға  қатын  ер»  фразеологизмінің  құрамына  «да»  сӛзі 
қосылуынан фразеологиялық мағына ӛзгеріске түспеген. Фразеологизм құрамындағы 
сӛздердің  орындарының  ауыстырылып  қолданылуы:  Кӛп  кешікпей  Әбусейіт 
Әбділлахқа қарсы соғыс ашты. Бірақ жеңіліп қалды. Мүйіз сұраймын деп, құлағынан 
айырылған  тоқал  ешкідей  Самарқантты  жаулап  аламын  деп  жүріп,  Бұқарынан 
айырылды  (І.Е.).  Фразеологизм  –  «Тоқал  ешкі  мүйіз  сұраймын  деп,  құлағынан 
айырылыпты»
Паремиофразеологизмдер  эллипсистік  ӛзгеріспен  де  қолданылады  :  Қырық  бір 
жақ,  қыңыр  бір  жақ,  Қобыланды  батыр.  Сен  қазір  қыңырсың.  Бірақ  қырықтың  аты 
қырық.  Қандай  қыңыр  болса  да  түзетеді  (І.Е.).  Фразеологизмде  «кісі»  сӛзі  түсіріліп 
қолданылған.  Коммуникативтік  паремиофразеологизмдер  автор  тарапынан  ешбір 
ӛзгеріссіз, «де» етістігінің кӛмегінсіз, жеке сӛйлем түрінде қолданыла береді. Мысалы 
:  Бір  биеден  ала  да  туады,  құла  да  туады,  бір  шіріген  жұмыртқа  кімді  бүлдірер 
дейсің дейді ішінен  Кенесары (І.Е.). Автор мақал-мәтелдің тұлғасын ӛзгертпей-ақ ӛз 
игілігіне айналдырып та қолданады: Арада ӛткен айлар саны бұл күнде есеп емес. Не 
болса да «кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» дегендей. Базаралы жолдағы бар 
бейнетті  басып  озып,  ӛктеп  келіп  жеткен  еді  (М.Ә.).  Ӛзгеріс  жасалған 
фразеологизмдердің  дәстүрлі  үлгісі  сақталады:  -  Ал  үнімді  шығарсам  ше? 
Бауыздайын  деп  жатқанда  ешкі  екеш  ешкі  де  бақырып  өледі…  Ал  қылышын 
сүйретіп есіктен кіріп төр менікі дейтіндерге… (І.Е.). 
Жалпыхалықтық  мақал-мәтел  коммуникативтік  фразеологизмдер  үлгісімен 
кӛркемсӛз  шеберлері  ӛз  тарапынан  бейнелі  оралымдар  жасайды.  Шығармаларда 
фразеологизмдердің  жаңа  мазмұнға  ие  болуы  немесе  жаңа  фразеологизмдердің 
жасалуы  окказионалдық  бірліктердің  тууына  негіз  болады.  Мысалы,  Ілияс 
Есенберлиннің  романдарынан  мынандай  авторлық  туындыларды:  Өзен  қайда  құйса, 
тамшы да сонда құяды. Көп тебінсе – жер сілкінеді. Ата-ананы таңдауға бомайды. 
Адамның  бағы  көтерілген  сайын,  жауы  да  көбейеді.Жылан  да  ұрпағын  сүйеді. 
Түбірімен жұлынған шөп қана қайта өспейді. Шамасына қарамай көжеге де қаймақ 
тұрады  т.б.  сияқты  қолданыстарды  кездестіреміз.  Жазушылар  мақал-мәтел 
коммуникативтік фразеологизмдерді ӛзгертпей я ӛзгертіп қолданса да, оларды белгілі 
бір  оқиғаға,  кейіпкерге,  суреттелетін  жағдайға  қатысты  астарлы  түрде  пайдаланады. 
Ішкі  астар,  экспрессивтілік  салыстыру,  теңеу,  ұқсату,  шендестіру  т.б.  мәнде  беріліп 
отырады.  Мысалы:  Адамның  басы  алланың  добына  айналып,  Тәңірбергендердің 
тепкен жағына домалап жатқан жоқ па? (Ә.Н.).  
Фразеологизм  кекесін  мәнінде  қолданылып,  кӛрсеткен  кӛп  қиянаттың  бір  кезде 
алдынан  шығатынын  тұспалдап  жеткізіп  тұр.  Қайдам,  сорлы  ата-ананың  көңілі 
балада болғанда, баланың көңілі басқа жақта ма деп… (Ә.Н.). Фразеологизмнің ӛмір 
шындығын айтып тұрғанымен,  мәнмәтіндегі оның мағынасы жасӛспірім бозбаланың 
теңіне  деген  ынтызары  топшыланып,  астармен  берілген.  Фразеологизмнің  ӛзінің 
бастапқы  мағынасынан  ауытқып,  ӛзге  құбылысты  бейнелей  суреттеп,  туынды 
мағынада  түсінілетінін  аңғару  қиын  емес.  Фразеологизмдердегі  ауыс  мағынаның, 
метафоралық,  экспрессивтік  мағыналары  мен  қызметтерін  олардың  жекелеген 
аксиологиялық, бейнелеуіштік, эстетикалық, эвфемистік, түсіндірмелі  қызметтерінен 
терең байқауға болады. Фразеологизмдер ӛзінің қалыптасу табиғатынан экспрессивті, 
эмоциялдық-экспрессивті  мағына  лексикалық  бірліктермен  қатар  фразеологизмдерге 
де тән. 

 
48 
Бұл  коммуникативтік  фразеологизмдерде  тура  және  туынды  мағыналар  жарыса 
қолданылуы  байқалғанымен,  мәнмәтіндегі  мағынасында  міндетті  түрде  ішкі  астар, 
яғни әйтеуір бір астарлы, туынды  мағына ұғынылады. Контекстегі  коммуникативтік 
паремиофразеологизмдердің  тұлғалық  ӛзгерістері  оның  жалпы  мағынасына  ешбір 
нұқсан  келтірмейді,  керісінше  мақал-мәтелдің  семантикасына  сәл  болса  да  қосымша 
мән  үстейді,  ол  мән  әрине,  мақал-мәтелдің  мағыналық  жақтан  дамуында  ие  болған 
ішкі астармен, экспрессиямен тығыз байланысты болады. Мысалы: Әрине, бар болса, 
мол болса – бір-ақ қарық қып тастар едім. Қысқа жіп күрмеуге келе ме. Азсынбасын 
(С.См.).  Бұл  фразеологизм  мәнмәтінде  риторикалық  сұрақ  түрінде  қолданылып,  ӛз 
жауабы  ӛзінде  айтылған.  Жоқтық,  кедейшілік  қысқа  жіптің  күрмеуге  келмейтін 
шындығымен  салыстырыла бейнеленген де, оралымның туынды мағынасы дамыған. 
Мақал-мәтелдердің  тура  мағынасымен  байланыста  туатын  мәнмәтіндік  мағына 
астарлы, экспрессивті-эмоциональды астарды ашады.  
Мақал-мәтелдерге  тән  басты  қасиеттердің  бірі  –  олардың,  біріншіден,  зат  я 
құбылысты бейнелей суреттейді, екіншіден, шындық ӛмірдегі құбылыстарды ӛмірлік 
тәжірибе  тұрғысынан  қорытып  бейнелейтін  мағынасы  мәнмәтінде  астарлы,  туынды 
мағына  жасауға  негіз  болады.  Тілдік  экспрессия  жасауда  дін,  менталитет,  таным, 
сезімдік  эмоция  ұғымдары белгілі ұлттың  бойында  ғасырлар  бойы қалыптасқан,  ұлт 
менталитеті  қоршаған  ортаны,  әлемдік  бейнені  қабылдауын  кӛрсетіп,  ұлттық  
дүниетанымдылық құндылықтарының жүйесін кӛрсетеді. 
Лексикалық,  грамматикалық  және  басқа  тілдік  бірліктердің  мән-мазмұны  мен 
мағынасы сӛйлемде, мәнмәтінде лексикалық және синтаксистік заңдылықтарға сәйкес 
тұлғаланып  жан-жақты  анықталатыны  сияқты,  фразеологизмдер  де  контекст 
құрамындағы  сӛйлемдермен,  сӛздермен  семантикалық  және  грамматикалық 
байланысқа 
түсіп, 
ӛздерінің 
фразеологиялық 
қасиеттерін 
анықтайды. 
Коммуникативтік 
фразеологизмдерді 
сӛйлем 
құрылымдас 
үлгілерде 
қалыптасқандығына қарап, жеке-жеке бӛлшектерге талдауға болмайды.  
Синтаксистік  еркін  сӛйлемдер  мен  коммуникативтік  фразеологизмдердің 
айырмашылығы  олардың  семасиологиялық  құрылымынан,  даму  барысында 
қалыптасқан, ӛзгеріске түскен образды семантикасынан, парадигмалық, синтагмалық, 
нормативтік,  контекстік  байланыстарынан  кӛрініп  тұрады.  Коммуникативтік  және 
номинативтік фразеологизмдер тұлғасы жағынан номинативтік сӛз тіркесі құрылымы 
мен  коммуникативтік  сӛйлем  құрылымдарының  даму  барысында  сақтағанымен, 
семантикалық құрылымын  ӛзгерткен, даму  барысында  жаңа сапаға, фразеологиялық 
ауыс мағынадағы сапаға ӛткен.  
Фразеологиялық қабат сипаттайтын ұлттың ӛзіндік болмыс-бітімін, ұлттық бірлік 
ретіндегі  фразеологизмдердің  айырмашылықтарын  халықтың  тілдік  діліне, 
психологиясына,  менталитетіне,  салт-санасы  мен  әдет-ғұрпына,  танымдық 
ерекшеліктер  негізінде  ажыратады,  жіктейді.  Жалпы  алғанда  ӛркениеттің  тарихи 
кезеңдерінде  ұлттық-рухани  мәдениет  тіл  арқылы,  оның  лексика-фразеологиялық 
қабаттары  арқылы,  олардың  бейнелі,  экспрессивтік  сӛздері  мен  фразеологизмдері 
арқылы сақталады. 
__________________ 
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –Алматы: Мектеп, 1972. 
2.Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма. –Алматы: Ғылым, 1998. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет