Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата16.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

________________ 
1.Краевский В.В., Хуторской А.В. Основы обучения. Дидактика и методика. – М.: 
Акад. 2007 
2. Мұханбетжанова А.М. Тұлғалық – бағдарлы педагогика. Алматы, 2008 
 
 
                                                
Г.Е. Қожабергенова 
 
12 ЖЫЛДЫҚ ОРТА БІЛІМ ЖҤЙЕСІНЕ ӚТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ 
БІЛІМ БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
ӘОЖ 347.434.74. 
 
Білім  беру  «Қазақстан-2030»  ұзақ  мерзімді  Стратегиясының    маңызды 
басымдылықтарының 
бірі 
болып 
танылды. 
Қазақстандағы 
білім 
беру 
реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-эканомикалық 
ортаға  бейімдеу  болып  табылады.  Қазақстан  президенті  республиканы  бәсекеге 
қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін 
жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рӛл атқарады. [1] 
12 жылдық оқыту моделіне кӛшу; қоғамның және эконамиканың индустриялық-
инновациялық  даму  сұраныстарына  сәйкес  техникалық  және  кәсіптік  білім  жүйесін 
жаңғырту,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  бірігу;  еңбек  нарығының,  еліміздің 
индустриялық-инновациялық  даму  міндеттері  мен  жеке  тұлғаның  қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын  және  білім  беру  саласындағы  үздік  әлемдік  тәжірбиелерге  сай 
келетін жоғарғы білім сапасының жоғарғы деңгейіне қол жеткізу; ӛмір бойы білім алу 
жүйесінің  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ету;  жастардың  бойында  белсенді  азаматтық 
ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік 
және  кӛшбасшылық  қасиеттерді  қалыптастыру  сапалы  білімге  қолжетімділікті 
арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу; білім 
беру  жүйесін  жоғары  білікті  кадрлармен  қамтамасыз  ету;  педагог  қызметкерлердің 
еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен  ынталандыруды  күшейту;  білім  берудегі 
менеджментті  жетілдіру,  оның  ішінде  корпоративтік  басқару  принциптерін  енгізу, 
білім  беруде  мемлекеттік,  жеке  әріптестік  жүйесін  қалыптастыру;  білім  беруді 

 
21 
дамытудың  мониторинг  жүйесін  жетілдіру,  оның  ішінде  халықаралық  талаптарды 
ескере  отырып,  ұлттық  білім  статистикасын  құру;  оқу  процесін  автоматтандыруды 
енгізу үшін жағдай жасау. [2] 
Қазіргі таңда қоғам алдында қойылып отырған басты міндеттердің ең бір ӛзектісі 
-  бүкіл  білім  жүйесін  түбегейлі  жаңартып,  дүниежүзілік  деңгейге  сәйкес  келетін, 
жастарға  сапалы  білім  беруге  жағдай  жасайтын  және  олардың  үйлесімді  дамуына, 
жеке  бастың  тұлға  ретінде  қалыптасуына  бағытталған  жаңа  үлгідегі  мектеп  құру 
болып  отыр.  Бұл  мақсатты  орындау  орта  білімнің  12  жылдық  мерзімге  ӛтуімен 
астасып  жатыр.  Еліміз 12 жылдық орта білім беруге  кӛшу мәселесін шешуде  алыс  - 
жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология 
ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде.           
12  жылдық  орта  білімге  кӛшу  аз  уақыт  ішінде,  жеңіл  түрде  іске  аса  қоятын 
мәселе  емес.  Бұл  білім  беру  орындарының  үйлесімді  дайындығын,  әрбір  мұғалімнің 
ӛз ісін  қайта қарауды, білімінің теориялық және  әдістемелік тұстарынан  жетілдіруді 
талап  ететін  мәселе.  Сонымен  қатар,  12  жылдық  орта  білімге  кӛшу  осыған 
байланысты  жарық  кӛретін  әрбір  мемлекеттік  құжаттар  талаптарының  ӛз  кезінде 
орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, 
оқу құралдарының әдістемелік, психологиялық педагогикалық, тұрғыдан негізделуін 
керек етеді.  
Осылардың  негізінде  ғана  12  жылдық  орта  білім  бағдарламаларын,  сапалы 
оқулықтарды,  оқушылар  белсенділігін  тудыратын  жаңа  технологияларды, 
әдістемелерді, кӛмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешендерді ӛз дәрежесінде 
дайындау  мүмкіндігі  тумақ.  Міне,  осы  жоғарыда  айтылған  жағдайлардың  бәрі 
ескеріліп,  орта  білімді  12  жылдық  мерзімге  кӛтере  отырып  енді  оның  мазмұны  мен 
құрылысын  анықтау  мәселесі  Республиканың  алдыңғы  қатарлы  педагог  ғалымдары 
мен  әдіскерлерінің  және  тәжірибелі  мұғалімдерінің  үлесіне  тиіп  отыр.  Бұл  мәселе 
әдіскер педагогтардың бірігіп, ақыл қосып, баланы оқыту мен дамытудағы осы кезге 
дейінгі іс-тәжірибенің сынақтан ӛткен тұстарын саралауға мәжбүр етті.  
Осыған  орай,  2001  жылдан  бастап  сол  кездегі  12  жылдық  білім  беру 
проблемаларының 
республикалық 
ғылыми-практикалық 
орталығының 
басшылығымен  оның  ішінде  профессор  А.Әбілқасымованың  жетекшілігімен  бұл 
жауапты  мәселеге  кірісу  үшін  бұрын-соңды  оқулық  жазумен  айналысып  келген 
авторлар  ӛкілдері,  жаңаша  сабақ  беріп,  окушыларды  дамытудың  тиімді  тұстарына 
баса кӛңіл бӛліп келген тәжірибелі мұғалімдер және белгілі әдіскерлер қауымы бірігіп 
іске  кірісті.  Осының  нәтижесінде  қазіргі  таңда  1-4  сыныптардың  барлық  пәндері 
бойынша оқулықтар мен оқу–әдістемелік кешендерінің байқауға арналған нұсқалары 
жарық  кӛріп,  олар  Республикамыздың  100-ден  астам  сыныптарында  мектеп 
жағдайында эксперименттік байқаудан ӛтуде.  
12  жылдық  орта  білім  мазмұнының  ең  алғашқы  бастамасы  бастауыш  буында 
жүзеге  асатыны  белгілі.  Себебі,  бастауыш  буында  жоғары  сыныптарда  оқылатын 
бүкіл  пәннің  іргетасы  қаланып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  білім  алуға 
талпынушылық,  яғни  балалардың  оқу  әрекеті,  танымдық  белсенділік,  жеке  бастың 
адами  қасиеттерінің  негізі  осы  кезеңде  қаланады.  Сонымен  қатар  осы  кезеңде 
баланың  белсенділігі,  оның  рухани  және  дене  күші  де  дами  бастайды.  Осы  жасқа 
лайықты  мазмұн  мен  оны  оқытудың  әдісін  саралау,  бала  жанына  жақын  қарым-
қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.  
12  жылдық  мектептің  негізгі  мақсаты  -  оқушының  зерттеушілік  және 
шығармашылық қабілетін дамыту. Қазіргі кезде қоғамдық әлеуметтік ӛмірдің барлық 

 
22 
саласында  түбірлі  ӛзгерістердің  болуына  байланысты  білім  жүйесінде  де,  оның 
мазмұны  мен  оқыту  әдістемесінде  де  біршама  жаңалықтар  болып  жатыр. 
Инновациялық процестер ғалымдар мен практик-ұстаздар арасында кең ӛріс алуда. 12 
жылдық  жалпы  орта  білім  берудің  мақсаты:  қоғам  мақсатымен  ӛз  мақсатын 
ұштастырып  байланыстыра  алатын,  шығармашыл,  қоршаған  ортадағы  жағдайға 
бейімделгіш,  ӛз  бетімен  шешім  қабылдай  алатын,  іскер,  ой-ӛрісі  дамыған 
интеллектуалды,  зиялы,  мәдениетті,  парасатты,  елжанды,  жеке  тұлғалы  азаматты 
тәрбиелеп шығару. Қазіргі таңда бастауыш буында білім берудің ерекшелігін ескеріп, 
оны  жүзеге  асыру  үшін  мектеп  жағдайында  әлде  де  болса,  бірнеше  мәселелердің 
шешімін табу міндеттері туындайды. 
Біріншіден,  мектеп  мұғалімдерін  қайта  дайындау.  Оларды  теориялық  тұрғыдан 
да,  әдістемелік  тұрғыдан  да  қаруландыру.  Бұл  тұрғыдан  Республикада  азды-кӛпті 
жағдайлар  жасалуда.  Әсіресе,  эксперименттік  мектептер  мұғалімдері  соңғы  3  жыл 
ішінде  бірнеше  рет  дайындықтардан  ӛтті.  Бұл  жағынан  Республиканың  бүкіл  облыс 
орталықтарының 
және 
эксперименттік 
сыныптары 
бар 
аудандары 
мен 
ауылдарындағы  мұғалімдердің  бәрі  дерлік  авторлар  қауымымен  тікелей  кездесіп, 
бағдарлама мазмұны мен оқулықтар жайында ӛз пікірлері мен ойларын еркін ортаға 
салу  дәрежесіне  жетіп  отыр.  Олар  алты  жасар  балалармен  жұмыс  істеудің  біраз 
ерекшеліктерін меңгеріп қалды десек, артық емес. 
Екіншіден,  мұғалімдер  қауымын  оқулықтар  мен  оқу  әдістемелік  кешендермен 
қамтамасыз  ету.  Бұл  тұрғыдан  да  біраз  мәселе  бастауыш  сыныптарға  байланысты 
жасалды.  Әр  пән  бойынша  оқу  әдістемелік  кешендер  дайындалды.  Осы  тұста  айта 
кетерлік  жағдай,  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика  институтының  ―Мектепке 
дейінгі  және  бастауыш  білім‖  кафедрасының  бір  топ  оқытушылары  12  жылдық 
білімнің бастауыш буын стандарты, бағдарламасы, оқулықтары және оқу-әдістемелік 
құралдарының  авторлары  ретінде  кӛптеген  ғылыми  әдістемелік  еңбектер  беріп  қана 
қоймай, Республика бойынша келешекте жаңа жүйемен жұмыс істейтін мұғалімдерді 
әдістемелік тұрғыдан дайындау ісіне белсенді түрде атсалысып отыр. 
Үшіншіден,  яғни  12  жылдық  білімге  кӛшудегі  басты  мәселелердің  бірі-
оқушыларды  керекті  оқу  құралдарымен  қамтамасыз  ету.  Бұл  мәселе  бойынша  әр 
сыныптың  әр  пәніне  арналған  оқулықтар  мен  оқушыларға  арналған  дәптерлер 
беріледі. Бірақ, мұнымен оқу әдістемелік кешендер қамтамасыз етілді деп қарау қиын. 
Себебі,  әлде  де  болса  оқу  ісін  күшейтуге,  білім  берудің  тиімді  жолдарын  іздестіріп, 
белсенді әдістерді қолдануға жол ашатын кӛмекші кӛрнекі құралдар жеткіліксіз. 
Эксперимент  сыныптарындағы  оқу  жүйесін  зерттей  келе  байқағанымыз: 
эксперименттік  оқу-әдістемелік  кешен  оқушының  іздену  қабілеті  мен  ӛз  бетінше 
жұмыс  жасау  деңгейін  дамытуға  арналған.  Оқу  әрекеті  -  баланың  дамуының  басты 
шарты,  оқу  үдерісіндегі  маңызды  мәселелердің  бірі,  оқушылардың  танымдық 
қабілеттері  мен  дербестігін  арттыру,  ӛздігіне  жұмыс  істеуге  баулу,  танымдық 
белсенділіктерін  арттыру  құралы.  Оқушылардың  әрекеті  зерттеушілік  әрекет  болу 
үшін педагог нақты мақсаттар қоя білу керек, ал ашып айтатын болсақ: оқушыларға 
ғылым  зерттеудің  әдістерін,  формаларын,  принциптерін  үйрету  тиіс  және  де 
зерттеуші  (оқушы):  не  ашу  керек  екенін,  қандай  әдіспен,  қандай  нәтижеге 
жететіндігін елестете білу керек. 
Танымдық  әрекет  -  шәкірттің  білімге  деген  ӛте  белсенді  ақыл-ой  әрекеті. 
Оқушылардың  танымдық  зерттеу  іс-әрекет  ерекшеліктеріне  мынаны  жатқызуға 
болады:  ӛзіндік  мақсаты  мен  нәтижесінің  болуы,  оқу  нысанының  ерекше  сипаты. 
Баланы  ізденушілікке  баулу,  оған  зерттеу  дағдысы  мен  білігін  игеру  бүгінгі  білім 

 
23 
беру  саласының  маңызды  міндеті  болып  саналады.  Егер  әр  оқушының  жеке  тұлға 
ретінде  қалыптасуын  қамтамасыз  ету  қажет  болса,  онда  баланың  қабілетін  түрді 
әрекетті  кӛрсету  үшін  зерттеуге  дайындау  және  жеке  оқу  жетістіктерін  есепке  алу 
мақсатында портфолиосын жинақтау қажет. 
Ғылыми–зерттеу  –  ғылыми  әдіс-тәсілдерді  қолдана  отырып,  белгілі  бір  нысан 
жӛнінде  жаңа  білім  қалыптастырумен  аяқталатын  жүйелі  және  арнайы  мақсатқа 
кӛзделген  обьектілермен  танысу.Оның  негізінде  адам  әрекетінің  ең  қиын  түрі  - 
ғылымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) 
мен  ӛзгерту  (шығармашылық)  бағытында  болуы  мүмкін.  Оқушының  ӛзгерту  таным 
әрекетін зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интелектуалдық және 
шығармашылық  қабілеті  жоғары  балалардың  ӛз  бетімен  білім  алу  мүмкіндігі  болуы 
тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала ӛзі анықтайды, ӛзі басқарады, ӛзі жүзеге асырады. 
12  жылдық  мектептің  басты  ерекшелігі  –  ұлттық  құндылықтарды  баланың 
бойына  сіңіру  арқылы  оның  жан-жақты  дамуына,  ӛз  пікірі  мен  ойын  ашық  жеткізе 
білуіне,  шығармашылық  әлеуметтік  толық  іске  асыруына  ықпал  ету  болып  отыр. 
Қазақстан 
Республикасындағы 
12 
жылдық 
жалпы 
орта 
білім 
беру 
тұжырымдамасында: ―12 жылдық білім берудің басты мақсаты: ӛзінің және қоғамның 
мүддесінде ӛзін-ӛзі белсенді етуге дайын, ӛзгермелі даму үстіндегі ортада ӛмір сүруге 
бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және 
қалыптастыру‖, - деп нақты кӛрсетілген.  
Сонымен қатар тұжырымдамада білім берудің күтілетін нәтижелері жоғарыдағы 
кӛрсетілген    мақсатқа  сәйкес  мектеп  түлегінің  негізгі  құзырлығы  құндылықты-
бағдарлы,  мәдениеттанымдық,  оқу  танымдық,  коммуникативтік,  ақпараттық-
технологиялық,  әлеуметтік  еңбек  және  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  дамыту  құзіреттіліктері 
бойынша  анықталатындығы  да  айтылады.  Құзырлылықты  білімін,  біліктілігін, 
дағдысын,  тұлға  мінез-құлқын,  ең  бастысы  тұлға  мүмкіндігін  бағалаудың  критериі 
мақсатында қалыптастыру құзырлылық маңызын аша алады. 
Құзіреттілік  термині  алыс-жақын  шет  елдердің  ғылыми  әдебиеттерінде  кеңінен 
қарастырылған.  Мысалы,  competense  (латынша)  сәйкес,  жарамды,  competent 
(французша)  құзіретті,  құқықты,  competere  –  сай  болу,  қабілетті  болу  деген  мағына 
берсе,  орыс  тілі  сӛздіктерінде  құзіреттілік  ―белгілі  бір  сұрақтарды,  мәселелерді 
біреудің жетік білуі‖ деген мағынаны бейнелесе, қазақша сӛздіктерде біреуге тиесілі 
істер, сұрақтар шеңберінде белгілі бір адамның не мекеме ӛкілдігінің құқықты болуы. 
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  ―педагогикалық  құзіреттілік‖ 
термині  кӛп  қолданылады.  Сонымен  бірге,  психологияда  кӛпшілік  мақұлдаған 
кӛзқарас  бойынша  ―құзіреттілік‖  ұғымына  білім,  білік,  дағдыларды  және  әрекетті 
орындау  тәсілдерін  ӛндіреді.  Құзіреттілікті  бұдан  да  ауқымды  жоспарда  қарастыру 
Ю.Н.Емельяновтың  еңбектерінен  байқалады.  ―Құзіреттілік  –  дара  тұлғаның  ӛзіндік 
қабілеттері  мен  статусы  шеңберінде  қоғамда  ойдағыдай  жұмыс  істеуге  мүмкіндік 
беретін  белсенділіктің  әлеуметтік  және  дара  формасын  үйрету  деңгейі  ‖  деген 
анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отырады. 
Сонымен құзірет құбылыс (мәселелер,сұрақта) яғни оқушының жеке және қоғам 
талаптарын  қанағаттандыру  мақсатындағы  табысты  іс-әрекеттеріне  қажетті  білім 
дайындығына  әлеуметтік  сұраныс  құзіреттілік  -  сәйкес  құзіретке  ие  болуы  негізінде 
іс-әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық байланысқан қасиеттердің 
жиынтығы. Кейбір ғалымдар  ―комуникативтік‖ және ―құзіреттілік‖ ұғымдарын ӛзара 
байланыстырады. 

 
24 
12 жылдық білім берудегі басымдылық - оқушының ―қоғамдық субьекті‖ ретінде 
ӛзіндік  іс-әрекетін  дамытуға  бағытталады  да,  оның  еліміздің  әлеуметтік, 
экономикалық  және  саяси  ӛміріне  белсенді  қатысуға  дайын,  құзіретті  тұлға  болып 
қалыптасуына ықпал етеді. 
Соңғы  жылдары  білім  беруді  модернизациялаудың  басты  идеяларының  бірі  - 
адамның  құзіреттілігін  қалыптастыру  болып  отыр.  Сондықтан  қазіргі  таңда  орта 
мектеп  оқушысына  энциклопедиялық  білімді  ұшан-теңіз,  тұңғиық  терең 
меңгерткеннен  бұрын,  игерген  білімдерін  нақты  іс-әрекеттерде  туындайтын 
жағдаяттар мен проблемаларды шешу үшін қолдана алу сауаттылықтығын үйретудің 
маңызы    зор.  Демек,  бүгінгі  күні  жаңа  заман  тұлғасының  қалыптасуына  және  оған 
білім беруде құзіреттілік тұрғыдан қарауға елеулі кӛңіл бӛліне бастады. 
Мұғалім  оқушы  бойына  комуникативтік  білім,  біліктілік,  дағдыларды 
қалыптастыру  керек.  Менің  ойымша,  оқушы  бойына  коммуникативтік  құзіреттілікті 
қалыптастыру үшін мынадай біліктілік пен икемділікті меңгерту қажет. 
Кез  келген  ортада  ӛзіне  қойылған  және  бӛгде  біреуге  қойылған  сұрақтарға 
сауатты жауап беруге даяр тұруы; 
Қарым-қатынаста сӛз байлығын кеңінен қолдана алу, оның ішінде кӛркемдегіш, 
бейнелеуіш сӛздерді қолдана алу; 
Айтылған ойды ары қарай жалғастырып айта білуге тӛселу; 
Кез келген тұлға аралық қарым-қатынасты сынай білу және бағалау; 
Тұлға  аралық  конфликт  орнаған  жағдайда  дұрыс  шешім  қабылдап, 
әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу икемділігі т.б. 
12 жылдық білім моделіне кӛшу  - бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепшілік 
шығармашылық  топтар,  аудандық  және  мектептің  әдістемелік  бірлестігі 
отырыстарында,  әртүрлі  деңгейдегі  семинарларға  қатысу,  біліктілікті  арттыру 
институтындағы  курсқа  бару,  кәсіби  сайыстарға  және  басылымдарға  жазу  және  т.б. 
арқылы жүзеге асады. 
Сонымен  қорыта  келгенде,  12  жылдық  оқуға  ӛту,  біздің  республика  ішінде 
кӛкейкесті  мәселе.  Ал  оның  енгізілуі  бірден  емес,  алдын  ала  жасалған 
дайындықтардан  кейін  ғана  мүмкін.  Жоғарыда  аталған  шарттардың  әрқасысының 
астарында жатқан әрекеттерді жүйелі, кешенді түрде жүзеге асыру нәтижесінде біздің 
елде балаға 6-18 жас аралығында білім беру мәселесін шешуге болады. 
________________________ 
1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы  \\Егемен Қазақстан\\ - 2010. 
2.Қазақстан  Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді  дамыту  тұжырымдамасы 
\\Қазақстан мұғалімі – 2011 - №1. 

 
25 
П.М. Махашова, А.Н.Әлжаппарова  
 
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕ ҚҦҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ 
МАҢЫЗДЫ ЖОЛДАРЫ 
 
ӘОЖ 126.324 
 
«Білім мен ғылымды ӛз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың 
алдында болады. Ендеше, біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту олардың 
реформалық ісін қарастыруды жолға қоюымыз керек‖. 
   
 
 
 
Н.Ә.Назарбаев  
 
Қоғамның  дамып  ӛркендеуіне  байланысты  қазіргі  таңда  білім  саласында  ең 
ӛзекті  мәселенің  бірі  әлемдік  білім  кеңістігіне  жол  ашатын  12  жылдық  білім  беру 
жүйесіне  кӛшу  болып  отыр. Білім  берудің  бұл  моделі  әлемнің  80%  астам  елдерінде 
қолданылады.  Бұл  –  соңғы  жиырма-отыз  жылда  ғылым  мен  техниканың  орасан 
жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам ӛмірінің әртүрлі саласында 
кеңінен  енгізілуіне  байланысты  туындаған  жағдай.  Сондықтан  жастарды  жаңа 
кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде 
білім беру қажет.Осындай ӛзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 
жылдық  білім  беру  жүйесіне  кӛшуде.  Ендеше  біз  де,  әлемдік  тұтастықтың  бірі 
ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз.   
12  жылдық  оқытуға  кӛшу  жалпы  алғанда  қазақстандық  білім  беруді 
реформалаудың  стратегиялық  мақсатын:  білім  берудің  ойлы,  шығармашыл  тұлғаны 
қалыптастыруға  бағдарланған  жаңа  ұлттық  үлгісін  дамытуға,  «баршаға  білім  беру» 
үлгісінен»  әрбір  адамға  ӛмір  бойында  білім  беру»  үлгісіне  ӛтуге  мүмкіндік  береді 
және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде біздің 
еліміздегі  білім  саласындағы  болып  жатқан  реформалар  жоғары  оқу  орындарымен 
қоса мектеп саласына да тікелей қатысты.  
12  жылдық  орта  білім  беру  жүйесіне  кӛшудегі  негізгі  ұстаным  –  орта  білім 
берудің сапасын арттыру, оқушыларды кәсіпке баулу және мектеп мұғалімінің бүгінгі 
кәсіби  мәртебесін  одан  әрі  кӛтеру  болып  табылады.  Қазіргі  ғылым  мен  техниканың 
қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз - бүгінгі мектеп 
оқушысының  құқықтық    білімі  мен  тәрбиесі  маңызды  мәселе.  Еліміздің  әлеуметтік 
экономикасының дамуына ӛзіндік үлес қоса алатын, ӛзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты 
дамыған,  білімді  де  білікті  тұлғаны  дайындап,  тәрбиелеу  -  аса  құрметті  қоғамдық 
міндет.  Себебі,  ел  тұтқасын  жан-жақты  білімді  ұрпақ  ұстанған  шақта  ғана  ӛркениет 
алға дамымақ. 
Жас  ұрпаққа  құқықтық  білім  беруде,  оларды  болашақ  еліміздің  тұтқасы  етіп 
тәрбиелеу  –  әр  ұстаздың,  әрбір  мектептің  ең  қасиетті  міндеті.  Осы  міндеттерді 
орындау  мақсатында  білім  беру  саласында  да  елеулі  әрі  ауқымды  ӛзгерістер 
ӛрістеуде.  Осы  мақсатта  мемлекетіміздің  білім  сапасын  арттыратын  түрлі  құжаттар 
қабылданып,  бағдарламалар  енгізілуде.    12  жылдық  білім  берудің  методологиялық  
негіздеріне орай, мектепте білім берудің негізгі аспектілері: 
-  мектепте  білім  берудің  мазмұнын  қазіргі  қоғам  қызметінің  серпінді 
құрылымымен сәйкес келтіру; 

 
26 
-  оқушылардың  ӛз  бетінше  білім  алуға  және  оны  практикада  қолдануға, 
оқытудың әр түрлі саласында ӛз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға 
тәрбиелеу; 
-  әрбір  жас  кезеңіндегі  негізгі  психикалық  жаңа  құрылымдарды  қалыптастыру 
тӛңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою
  -  оқушыларды  танымның  ғылыми  тәсілдеріне  мақсатты  және  жүйелі  түрде 
тарту,  негізгі  мотивациялық  үрдістерді  айқындайтын  оқу  ахуалдарын  кеңінен 
қолдану. 
Қазіргі  мектептің  білім  мазмұнын  ізгілендіру  мен  даралауға  айқын  бет  бұру 
мынадай міндеттерді жүктейді: 
-  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  және  іс-әрекет  субъектісі  ретінде  мақсатты, 
тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау; 
-  оқушылардың  белгілі  бір  білімді  таңдауы  мен  меңгеруін,  олардың  оқу  үрдісі 
кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету
-  оқу-тәрбие  үрдісінде  ынтымақтастық  педагогикасының  ізгі  қатынастарын 
орнықтыру; 
-  білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету; 
-  психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру; 
-  білім  мазмұнының  инварианттық  және  вариативтік  компоненттерінің 
арасындағы  гуманитарлық  және  жаратылыстану-ғылыми  білімдердің  диалектикалық 
бірлігін қамтамасыз ету; 
-  оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру. 
Адамның  жан-жақты  дамуы  білім  берудің  ғаламдық  мақсаты  болып  табылады. 
Педагогикада  білім  берудің  мақсатын,  оның  мазмұны  мен  құрылымын  анықтауға 
қазірігі  заманғы  адам  тұжырымдамасының  тұрғысынан  келу  кӛзқарасы  берік 
қалыптасып отыр. 
Қазіргі   «Білім  туралы»   Заңның  талаптарын  орындау   әлі   де   кӛптеген 
экономикалық–материалдық,  құқықтық–нормативтік  базаны  нығайтуды,   құқықтық 
тәрбиені   шығармашылықпен    ұйымдастыруды,  жаңа  технологияларды  тәрбие 
жұмысында  кеңінен  қолдануды,  шеберлікті   қажет  етеді.  Сондықтан   мұғалім  жаңа   
заңдылықтармен   танысып,  оны жұмыс  барысында  басшылыққа   алып  пайдалануды, 
оқу-тәрбие  үрдісінде  ұтымды,  тиімді,  мақсатты  қолдану  жолдарын,   тәрбиенің 
әдістерін,   түрлі   формаларын   біліп,  жаңа    технологияларды  кеңінен  қолданғаны  
жӛн.  
Жастарды  құқықтық   сауаттылыққа   тәрбиелеу  –  олардың   қылмысқа 
ұрынбауына,   ӛздігінен  ӛмірдегі  мәселелерді  шешуде  дұрыс  шешім  қабылдауына, 
келеңсіз,  жағымсыз   жағдайлардан   тартынуына,   қоғамға  пайдалы  іспен 
шұғылдануларына  жәрдемдеседі. 
Кӛп  ұлтты  тәуелсіз  мемлекетті  нығайту,  ӛскелең  ұрпаққа  адамгершілік, 
патриоттық,  азаматтық тәрбие беру біздің  баршамызға міндет екенін  ӛмірдің  ӛзі 
дәлелдеп отыр. 
Құқықтық  тәрбиені    ұстаздар  қауымы     оқушымен    қатар   ата-аналармен, 
құқық    қорғау  органдары  қызметкерлерімен, салауаттылық  және  денсаулық  сақтау 
мекемелерімен,  спорттық    ұйымдармен,   қоғамдық   бірлестіктермен   бірлесіп,  
тәрбиенің  ӛзге   түрлерімен   байланыстырып   жүйелі   жүргізер  болса,   нәтижелі  
болмақ. 
Оқу орны мен отбасында  балалар  әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдыларын  
қалыптастырып 
адамгершілік,  әдеп, заңды мінез-құлық, орынды 
әрекет-қылық, 

 
27 
құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әлеуметтік нормалардың  негізгі маңызды 
түрі  болып  табылатын   әдептік  нормалардың  құқытық  сипаты  болмағанымен,  оның  
ережелеріне  сусындап  ӛскен  бала   әрине  қоғамға   зиян  келтірмейді,  керісінше, 
ӛмірдегі  ӛзінің  орнын   тауып,  елжанды,  саналы  азамат  болып  қалыптасады.  Әдептік 
нормалар құқықтық нормаларға  негіз, арқау болып, белгілі бір дәрежеде адамның ар-
ұятын,  намысын  қалыптастыруға,  қоғамдық  тәртіпті   сақтауға   ұйтқы  болады.  
«Құқықтық  нормалардың  басым  кӛпшілігі  әдептік  нормалардан  нәр  алады,  соларға 
арқа  сүйейді.  Неғұрлым  құқықтық  нормаларға   әдептік   нормалар  арқау  болса, 
соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады».  
Ізгілікті  адам  концепциясының  айшықты  кӛрінісі  ХХ  ғасырдың  ұлы   гуманисі 
А.Швейцердің   ӛмірді  қастерлеу   туралы  ілімінде   кӛрініс  тапқан. Ол:  «Адам  ӛзінің 
ішкі  ұмтылысында  ӛмірге  қолынан  келгенше   кӛмектесуге  тырысқанда   ғана,  кез-
келген  тірі  нәрсеге  зиян  келтірмеуді   ұстанғанда  ғана  нағыз  адамгершілігімен  
кӛрінеді. Ол үшін ӛмір қасиетті. Ол ағаштың жапырағын  жұлмайды,  бірде-бір гүлді 
үзбейді,  бірде-бір  жәндікті   басып  кетпейді. Жазғы  түнде  шаммен  жұмыс  істеп 
отырғанда, отқа ұмтылған кӛбелек қанатының күйгенін  кӛрмес  үшін терезені жауып, 
қапырықта отырғанды дұрыс кӛреді» - деп  адамгершілік қасиетті  бағалайды. 
Демократияны дамыту  
мемлекеттің  
және 
қоғам 
ӛмірінің 
құқықтық 
негізін бекітуге тікелей тәуелді екені белгілі.  
Бұл   процесс мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге  асыруды   қажет  етеді. 
Соның  бірі  –  жеке  адамның,  бүкіл  жұрттың  мәдениетін  кӛтеру,  қоғамдық  тәртіп 
орнатуға әрбір азамат, бүкіл халықты жұмылдыру. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтің Жолдауында  Қазақстан 
2030 жылға қарай Орталық Азия Барысына айналады және ӛзге дамушы елдер үшін 
үлгі болады деп жариялауы, еңсесі түсіп бара жатқан халықты бір серпілтіп тастады. 
Кӛлемі    Елтаңбаның  маңдайшасына  бес  бұрышты  жұлдыз  салынған.  Әр  адамның 
ӛміріне  бағдар  беретін  ӛз  жұлдызы  болады.  Осындай  жұлдыз  мемлекетке  де  қажет. 
Біз де ӛз мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат 
сол  жұлдыздың  салған  жолына  сеніп,  қиын  уақытта  оны  бағадарға  алып  әрқашан 
жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек.  
Құқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту еліміздің болашағын айқындаушы  
кӛрсеткіштердің    бірі  десек, ӛскелең    ұрпаққа сапалы  құқықтық  білім   мен   саналы 
тәрбие   беру  ұстаздар   қауымынан  білімділікті,  құқықтық   білімдерін  үнемі 
жетілдіруді,    нормативтік-құқықтық   құжаттармен   үздіксіз  танысып,  жұмыс 
барысында   оларды  басшылыққа  алуды  үрдіске  айналдыруды,  салалық  
мекемелермен,  отбасымен   тығыз  ынтымақтастық    қарым-қатынас   орнатуды   және  
қажырлы  еңбекті   қажет  етеді. Келелі  жұмысты  атқаруда  бала  құқығын  қорғау,  
балаға  қарым-қатынас  мәдениетін  кӛтеру,  оның  талабын  ескеру   де  нәтиже   береді  
деп  ойлаймын. 
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және  құқық жүйесінің дамуына  ықпал ететін 
факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, 
ӛнермен,  ғылыммен  қатар,  құқықтық  сана  қоғамдық  сананың  нысаны  болып  
саналады, оның ӛмір шындығын кӛрсететін ӛзіне тән ерекше объектісі бар. 
Қазақстан Республикасының Конституциясында - Қазақстан Республикасы ӛзінің 
демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлкекет  ретінде    
орнықтыратыны   аталған. Бұл  еліміз  үшін  мәртебелі  мақсат.  Сондай-ақ,  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясының  1–бабында:  «Қазақстан Республикасының ең  

 
28 
қымбат  қазынасы  –  адам   және  адамның  ӛмірі,   құқықтары  мен  бостандықтары»,   - 
деп  баян етілген. 
Азаматтық  қоғам  мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының 
басты 
алғы 
шарттарының  бірі  –  азаматтардың  құқықтық   білімін  жетілдіру,  құқықтық 
мәдиениетін  қалыптастыру,  әсіресе   оның   құрамды   бӛлігі  –  адам  құқығының 
мәдениеті.  Адам   құқықтары  туралы   ақпаратпен   жүйелі  қамтамасыз   етудің  
қажеттілігі маңызды  екенін  ескерсек,  онда  бұл  салада адам  құқығы  мәдениетін  
қалыптастыруда маңызды құралдың бір - білім беру ұжымдары десек  қателеспейміз. 
«Адам  құқығы  мен  бостандығы  кӛп  қырлы,  күрделі  құбылыс  ретінде  қоғамдық 
санада  жан-жақты  жоспарлы  түрде  бейнеленеді.  Адам  бостандықтары,  оның 
құқықтары  мен   міндеттері  әрбір  тарихи  кезеңге  сәйкес  ӛзіндік  сипатқа  ие  болып 
отырды. Қазіргі кезеңдегі адам құқығы біртіндеп қалыптасты: алдымен құқықтар  мен 
бостандықтар,  содан  кейін  пайда  болған  жаңа  құқықтар  (эволюциялық  және 
революциялық жолдармен) қоғам тарапынан танылды. 
«Адам құқығы туралы айтқан кезде  бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы 
ӛзара  қатынасын  айтамыз,  -  дейді  М.Новицкий».  Заңгер  ғалымдарымыз: «Адам 
құқығы – адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, ӛзі заң арқылы қорғалатын 
болуы  мүмкін  іс-әрекеттің  (мінез-құлықтың)  ӛлшемі  (шамасы)»  -  деп  анықтама 
берген.  Адамның  құқықтары  мен  бостандықтары   табиғи  және  оған  тумысынан 
берілген,  ажырамайтын,  табиғи  ретінде  танылады    және    ең   жоғары   әлеуметтік 
құндылық  болып табылады.  
Тұлға  мен  мемлекеттің   қарым–қатынасы    құқытық     мемлекет    пен  азаматтық 
қоғам  концепциясына  сәйкес дамуда.  Мемлекет пен  адам құқығының  арасындағы  
ӛзара    байланыстылығы  және  ӛзара   негізділігі  құқықтық   мемлекеттің   басты 
мақсаты  адам   және    азаматтың   құқықтарын  қамтамасыз   ету  болып  
табылатындығынан  кӛруге болады. 
Қоғам  тәртіпке  негізделіп,  қалыптасып,   ӛмір  сүреді.  Қоғамдағы   тәртіп   түрлі 
әлеуметтік  нормалардың,  адамдардың  мінез-құлқын   реттейтін    қағидалардың  
әсерімен,  яғни  күшімен  орнатылады.   Құқықтық   нормаларды  қолдану  нәтижесінде 
құқықтық  тәртіп  орнығатыны,   ал   құқытық    нормалар   негізінен  заңнан   нәр  алып 
белгілі   құқықтар  мен   міндеттер  жүктейтіні белгілі. Еліміздің заңдарын  сақтау, оған 
мойынсыну - жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды  білуді және соған сәйкес мінез-
құлық  пен  іс-әрекеттерді  үйлестіруді  талап  етеді. 
Қоғамның  ең  ӛзекті  мәселелерінің  бірі  –  қылмыстың,   құқық   бұзушылықтың 
алдын  алу. Бұны   бүгінгі   таңда   барлық  деңгейдегі  шенеуніктерден  бастап,  құқық 
қорғау 
органдары 
қызметкерлері,  
ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да 
түсінуде.  Құқық бұзушылық   жӛнінде   «Құқық  бұзушылық  дегеніміз  –  адамның 
қоғамға,  мемлекетке  немесе  жеке  тұлғаға  зиян  келтіретін,  соңы  заң   алдындағы 
жауаптылыққа  апаратын  құқыққа   қайшы  әрекеті  немесе  әрекетсіздігі»,  -  деп 
кӛрсетілген.   Қоғамда  тәртіп  орнамаса,  ол   құлдырайды,   яғни   келешегі  болмайды. 
Дегенмен,  қоғамда  қоғамдық   тәртіпті    бұзуға   бейім    азаматтар    да   кездеседі   
және бұл  -  құқық   бұзушылықтың  орын  алуына  әкеп  соқтырады,   сондықтан  құқық  
бұзушылық -  қоғам  ӛміріне  тән  қауіпті  дерт.  
Құқық    бұзушылықтың  себептеріне  қатысты   ықылым  заманнан  осы   күнге 
дейін  әр түрлі  пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде   құқықтық   нормаларды   
бұзуына   
ең  
алдымен  
әлеуметтік 
және  
биологиялық  
жағдайлар  
әсер ететінін байқауға болады.  Жастар  арасында құқық    бұзушылықтың  алдын  

 
29 
алуға,  қоғамдық  тәртіпті  сақтауға,  заңды  жауапкершілікті   сезінуге ӛз үлесін 
қосатын, атсалысатын субъектілердің бірі - оқу орындары болып табылады.  
Оқу  орнында жасӛспірімнің  азаматтық,  патриоттық,  адамгершілік,  салауаттық, 
құқықтық,  мәдени,  шығармашылық   т.б.  қасиеттерін   дамыту   және  қалыптастыру 
процесі  жүзеге  асырылады.  Бұл ұжым  мүшелеріне  үлкен   жауапкершілік   пен  
міндет  жүктейді. 
Құқық   бұзушылық   пен   келеңсіз   жағдайларды   барынша   болдырмау  және  
алдын  алу,    оның   зияндылығы  мен  қауіптілігін  түсіндіруде   ӛскелең   ұрпаққа  
құқықтық  тәрбие  беру,   оның   мақсат–міндеттерін    дұрыс    түсіндірудің   маңызы  
ерекше.  Құқықтық  тәрбие  беру  жан-жақты   тәрбиелеудің  маңызды   бір  саласы.  
«Құқықтық  тәрбие  мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен  құқықтық әрекет 
–  қылық  қалыптастырып,  оларды   құқықтық    заңдылық   талаптарын  түсінуге  әрі 
мойындауға баулу», - деп анықталған. 
__________________ 
1.Құқықтық білімді жетілдіру //Заң газеті №63. 2011 
2.Т.С. Садықов  12 жылдық білім методологиясы    Алматы,   2004 жыл 
3.Республикалық  ғылыми-әдістемелік  және  ақпараттық-сараптамалық  журнал   «12 
жылдық білім беру»    2006 №4,5,9 ,2007 №2,3,12 
4.ҚР  –  сы  12  жылдық  орта  жалпы  білім  берудің  жалпыға  міндетті  стандарты 
Нормативтік құжаттар – Астана 2009 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет