Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата16.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4227
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

Аннотация.В  статье  сделан  теоретический  обзор  этническим  особенностям 
личности.  Рассмотрены  история  формирования  основных  компонентов  этнических 
особенностей,  их  развитие.Определены  психологические  основы  этнической 
идентичности студентов. 
Annotation.In clause the theoretical review to ethnic features of the person is made. 
Are considered a history of formation of the basic components of ethnic features, their 
development. The psychological bases of ethnic identity of the students are determined. 
 
 
 
 
                                     

 
119 
ТАРИХ-ГЕОГРАФИЯ 
 
Ә. Абылаева 
 
СЕН ТАРИХТЫ БІЛЕСІҢ БЕ? 
ӘӚЖ 930.1 
       А 11  
 
Сабақтың  білімділік  мақсаты:  Оқушылардың  Қазақстан  және  дүние  жүзі 
тарихы  пәндерінен  алған  білімдері  бойынша  қайталау  арқылы  жинақтап,  одан  әрі 
пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
Сабақтың 
дамытушылық 
мақсаты: 
Ӛткен 
тақырыптар 
бойынша 
оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, ӛз ойын жан-жақты 
толық жеткізе білуге дағдыландыру. 
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, 
отаншылдыққа, ерлік пен елдікке тәрбиелеу. 
Кӛрнекілігі: карта, портреттер, сӛзжұмбақ, ребус электронды оқулық. 
Сабақтың тҥрі: қайталау 
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойын әдістері. 
Сабақтың барысы: 
I. Ҧйымдастыру кезеңі. 
Оқушылармен сәлемдесіп, олардың сабаққа әзірлігін тексеру. 
II. Кіріспе: 
Мҧғалім: Құрметті оқушылар, бүгін біз «Қазақстан-2030» атты жүрдек поезымен 
білім  жолына  шыққалы  отырмыз.  Әрбір  аялдама  бағдарлаушы  хабарлап  отырады, 
мына  үстел  біздің  кассамыз  деп  есептей  отырып,  билет  ретінде  үстел  үстінен 
тапсырмалар аласыздар. Бұл білім жолына шығудағы менің алдыма қойған мақсатым, 
сіздердің  жалпы  ӛткен  тақырыптар  бойынша  алған  білімдеріңіздің  жетістіктерін 
кӛріп,  есту.Топ  болып  жұмысты  нәтижелі  жүргізе  алатындарыңызға  мен  кәміл 
сенемін. 
Мен  сабақты  бастамас  бұрын  Елбасымыздың  жастарға  жолдауы  сіздердің 
естеріңізге сала кетуді жӛн санап отырмын. 
«Қазақстанымыздың болашағы білімді, сауатты, салауатты жастардың қолында!» 
Н.Ә. Назарбаев.  
Осы  ұлағатты  сӛзді  ұранымыз  етіп,  естен  шығармай,  сабағымызды  бастайық. 
(Қазақстан Республикасының әнұранын айтамыз)  
Мұғалім: Білім жолына шықпас бұрын топты екіге бӛлейік. 
I - топ: «Тарих» 
II топ: «Шежіре» 
Мҧғалім:  Бағыттаушымыздың  хабарлауымен  әр  аялдамаға  да  тоқтап,  берілген 
тапсырмаларды  орындап  жолға  шығып  отырамыз.  Әр  аялдамада  жүрдек  поезымыз 
10-15 минут аялдап тұрады. 
Құрметті ұстаз - қонақтар, бүгінгі сабағымыздың әділ сарапшылары, баға беруші 
ӛздеріңіз боласыздар (Мұғалім поезд бағыттаушысы болып сайланады). 
Бағдарлаушы:  -  Құрметті  жолаушылар,  біздің  білім  қуған  жүрдек  поезымыз 
жолға шыққалы тұр. Дайын болыңыздар!  
I Бірінші аялдама «Ӛткенді еске түсіру». 

 
120 
№1 кассадан жолға билет алуды үмытпаңыздар! 
(Әр  топтан  6-6  баладан  тұрып,  үстел  үстіндегі  қима-карточкалардан  сұрақтар 
алып, сол жерде жауап береді). 
топ сҧрақтары. 
1.Тарих сӛзі қандай мағынаны білдіреді? (ӛткен оқиғалар жайлы әңгімелеу) 
2.  Қазақ халқы қай нәсілге жатады? (монғолоидтық) 
3.Алғашқы адамдардың баспанасының түрін атаңдар? (үңгір) 
4. Алғашқы адамдардың кәсібі не болды? (терімшілік, аңшылық) 
5. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады? (тастан) 
6.Қазақстан  аумағында  ӛмір  сүрген  алғашқы  адамдар  кімдердің      замандастары 
еді? (питекантроптар) 
7.Садақ пен жебе қай кезеңде жасалды? (мезолит) 
8.Теңсіздіктің шығуы қай кезеңде болды? (қола) 
9. Қазақстан Республикасы туының авторы. (Ш. Ниязбеков)  
10.«Әлемнің жеті кереметінің бірі» (Египет пирамидалары) 
11.Ежелгі Египетте жазу үшін не пайдаланған? (папирус)  
12.Пирамидалар не үшін салынған? (перғауындарды жерлеу үшін)  
1З.Хеопс пирамидасын тұрғызған уақытта бір мезгілде қанша адам еңбек 
еткен? (100 мың адам)  
14.Тигр  және  Ефрат  ӛзендері  арасындағы  ежелгі  мемлекеттер  қалайаталды? 
(Қосӛзен) 
15.Ежелгі дүние тарихы қандай кезеңді оқытады? (алғашқы қауымдық 
құрылыс пен құл иеленушілік құрылысты)  
16.Хамурапи тарихта қандай еңбегімен қалды? (мемлекетке ортақ заңдар 
шығаруымен) 
II топ сҧрақтары. 
1.   «Тарих атасы » деп кімді атайды? (Геродот) 
2.  Адамның ең алғашқы еңбек құралына не жатады? (үшкір тас, шоқпар) 
3.   Тарихи дәуірлерді ата? (тас, қола. темір) 
4.   «Саналы адам» қашан қалыптасты? (40-35  жыл бұрын) 
5.  Адамдар дәнүккішті қай кезде ойлап тапты? (неолитте) 
6.  Малды қолға үйретумен егіншілік қай кезеңде қалыптасты (мезолитте) 
7.   Тас дәуірі қандай кезеңдерге бӛлінеді? (полеолит, мезолит, неолит) 
8.  Андронов тайпалары сүт ӛнімдері мен етті қалай сақтаған? (арнайы қазылған 
шұңқырларда) 
9.  Қазақстан  Республикасының  елтаңба  авторлары  кімдер?  (Ж.  Мәлібеков,  Ш. 
Уалиханов) 
10.«Әлемнің жеті кереметінің бірі?» (Вавилонның аспалы бағы) 
11.Таңба суреттерді қалай атаған? (петроглифтер) 
12.Египеттіктер  аспан  әлемі  жӛніндегі  білімдері  негізінде  тұңғыш  рет  не 
жасаған? (күнтізбе) 
13.Сфинкстің биіктігі қанша метр (20 метр) 
14.Ең  биік  пирамида  кімге  арналып  салынған  (Хеопс,  биіктігі  150  метр) 
15.Парсыларды қандай ру кӛсемдері басқарды? (Ахемин)  
16.Ассирия патшасы Ашшурбанипал ӛз ордасына қандай заттарды жинады? (саз 
балшықтан жасалған кітапхана) 
II. Аялдама. Терминдер сӛйлейді. 
1.Миф - ертедегі Құдайлар мен батырлар туралы аңыз - әңгімелер. 

 
121 
2.Сфинкс  -  пирамидаларға  таяу  жердегі  басы  адам,  ал  тұлғасы  арыстан 
бейнесіндегі алып мүсін. 
3.Авеста - парсылардың ең кӛрнекті әдеби шығармасы. 
4.«Дарик» алтын теңге. 
5.Заратуштра - дін ілімі. 
6.Кӛзе - сездан жасалған қыш ыдыс. 
7.Бифас - екі жағынан да ӛңделген қарапайым тас құрал. 
8.Микролит - ұзындығы 1-2 сантиметрдей ұсақ жауқа тастардан жасалған құрал. 
9.  Петроглиф - тасқа салынған суреттердің ғылыми атауы. 
      10.Археология - ӛткен қоғамды заттай дерек бойынша зерттейді. 
III. Аялдама. Хронологиямен жҧмыс. 
1.Б.з.б. 2 мың - 500 мың - 12 мың жыл - полеолит. 
2.Б.з.б. 12-5 мың жыл - мезолит. 
3.Б.з.б. 5-3 мың жыл - неолит 
4.Б.з.б. 2800 жыл - б.з.б. 800 жыл бұрын - қола дәуірі. 
5.Б.з.б. 8 ғасыр мың б.з. - дың 6 ғасыр темір дәуірі. 
6.Б.з.б. 1 мың жылдық - сақтар Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен. 
7.Б.з.б. 522 жыл - IДарий парсы патшасы болды. 
8.Б.з.б. 518 жыл -1 Дарий сақтарға қарсы жорыққа шықты. 
9.Б.з.б. 1792 - 1750 жж. Хаммурапи патшаның елді басқарған уақыты. 
10.Б.з.б. VIII - VII ғғ. Ассирия мемлекеті ең жоғары гүлденген деңгейіне 
кӛтерілуі. 
IV. Аялдама. 
Тарихи бас қатыру. I-топ. 
Тӛменде  тарихи  тұлғалардың  аты-жӛні  келтірілген.  Онда  әріптер  тәртібі 
бұзылған. Сонымен бірге әрбір сӛзде басы артық әріп бар. Белгілі адамдардың атына 
сәйкес  әріптердің  дұрыс  тәртібін  қалпына  келтіру  талап  етіледі,  ал  артық  әріпті  оң 
жақтағы қатарға орналасуы керек, дұрыс орындалған тапсырма тігінен оқығанда тағы 
бір тарихи адамның есімін оқуға мүмкіндік береді. 
Ш - ИРКШ - Кир. 
ы - ИСИРМТОЫ - Томирис. 
р- ПАСПАРГР - Спаргап. 
а - АИРИАД - Дарий. 
қ - ҚРДАЛЕНАСК - Александр. 
II-топқа. Мына сӛздерді табыңдар: Палеолит, мезолит, неолит, тас. қола,темір.  
 
м 
А 
л 
И 
т 
А 
С 
Е 


Л 
и 
т 
А 
П 
Н 
Е 
Қ 
о 
л 
А 
А 
Р 
А 

л 
и 
Т 
Л 
т 
Е 
м 

р 
с 
Е 

л 
и 
т 
Қ 
с 
                                  
V. Аялдама. «Ребустар» 
Құпия сӛздер: 1. Шонжарлар қандай үйлерде тұрған? (Әсем). 
2.Жаулау  жорықтары  нәтижесінде  Египетке  алым  тӛлеп  отырған  патшалық? 
(Хетт) 
VI. Аялдама. «Сӛзжҧмбақ». 

 
122 
I- топқа «Перғауын» 
IIтопқа «Қазақстан» 
VII.  Аялдама.  Математикалық  тәсіл:  1986  +  X=  2001,  1991+  X=  2001. 
Теңдеудішеше отырып, шыққан санды тарихи оқиғалармен салыстыр. 
- Балалар бүгін қандай күн? 
- Желтоқсанның 15 - ші жұлдызы. 
- «Желтоқсан» сӛзін естігенде ойларыңа қандай ұғым келеді? 
- Қыс айы. 
-  Суық. 
- Ызғарлы. 
- 1986 жыл 
- Желтоқсан оқиғасы 
 - Алматы .... 
Биыл  «Желтоқсан»  оқиғасына  25  жыл,  Қазақстан  Республикасының 
тәуелсіздігіне 20 жыл толып отыр. 
Сабақты әділқазылар алқасы бағалап, жеңімпаздар анықталады. 
Мұғалім: жүрдек поезымыз «Қазақстан -2030» Тараз аялдамасына келіп жетті. 
Құрметті оқушылар, бүгінгі кӛрсеткен жетістіктеріңізге кӛп рахмет! 
 
 
 
Б.Қ. Алпысбаев 
 
ЯСАУИ МӘНІ – ДІНІМІЗ БЕН ДІЛІМІЗДІҢ ҦЙЫТҚЫСЫ 
 
ӘОЖ 87.3 (5Каз):  
       86 А 39 
 
Еліміздің  Тәуелсіздік  алғанына  20  жылдан  асып  барады.  Осы  жылдар  ішінде 
елімізде саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және рухани ӛзгерістер болып ӛтті. 
Әрине,  бұл  ӛзгерістер  қазақ  халқының  адамгершілік  жағынан  ӛсуіне, 
интеллектуалдық  және  мәдени  дамуына  ерекше  ықпал  етті.  Шүкір,  жұдырықтай 
жұмылған бірлігіміздің арқасында биікке  кӛтерілдік, әлемге танылдық. Ендігі жерде 
осы ӛміріміздің мұратына айналдыру, жалғастыра беру үлкенімізге де, кішімізге де – 
парыз.  
Ӛткен  тарихты  білмей  бүгінді  танып,  болашақты  болжай  алмаймыз.  Ӛйткені 
зерттеп білмей, бүгінгі ісімізге баға бере алмаймыз. Қазіргі таңда елімізде тыныштық, 
жерімізге бейбітшілік әкелген Ислам дінінің қазақ халқының санасынан алатын орны 
ерекше.  Бүгінде  Қазақстанда  ұлттық  діни  қайта  ӛрлеу  кезеңі  белең  алуда.  Дін 
халықтың  мәдени  дәстүрлерін  сақтаушы  және  рухани-адамгершілік  идеалдардың 
қозғаушы  күші  екені  белгілі.  Кӛптеген  дәуірлердегі  түркі  дүниесі  және  қазақ 
ойшылдары элитасының ұлы ӛкілдері – Ясауи және Асан қайғыдан бастап Абай мен 
Шәкәрімге дейін – ислам рухани құндылықтарын таратушылар болды (1).   
Осыған байланысты қазақ қоғамының идеологиялық ахуалының ӛзгеруі - ұлттық 
сананың, жеке адамдардың рухани дүниесінің, жалпы адамзаттық қасиеттердің жаңа 
сатыға  кӛтерілуіне,  жаңа  белгілерге  ие  болуына  алып  келді,  яғни  жетпіс  жыл  бойы 
құрсауында ұстап келген  коммунистік идеологиясы ғайып болды, осылардың орнын 

 
123 
басатын  жаңа  рухани,  мәдени  сұраныстар  дүниеге  келіп,  тұрғындардың  діни  сана-
сезімі оянып, діни ерекшеліктерінің жаңғыруы басталды.  
Демек,  жаңғыру  құбылысы  кӛшпелілердің  табиғатқа,  қоғамға,  әлемге,  адамға 
деген  кӛзқарасының  кӛкжиегін  кеңітті.  «Кӛзқарас  кӛкжиегі»  түркілер  үшін  Ясауи 
ілімімен  сомдалып,  ӛзіндік  ойлаудың  жаңа  теориялық-практикалық,  қоғамдық-
әлеуметтік құндылықтар жүйесінің қалыптасуына ықпал етті. Ясауи секілді тұлғалар 
ислам  дінінің  халық  арасында  кең  қанат  жаюына  атсалысса,  қазақ  хандығы 
құрылғаннан кейін бабаларымыз қалдырған осы аманатты шешендер, жыраулар мен 
ақындар  бірлесе  кӛтеріп,  межесіне  жеткізуді  ӛздеріне  борыш  санады.  Қарапайым 
халық оларға әрдайым баталарымен тілеулес, ықыластарымен жәрдемші болып ӛтті.  
Ясауи мәдениеті ислам дінінің ішкі мәні, рухани-этикалық кемелденудің ӛзіндік 
әдістемелік  қағидасы  мен  ережелері  қалыптасқан  дәстүрлі  түркі  сопылық  ілімінің 
қазақ  түсінігіндегі,  діни  танымдағы  кӛрінісі.  Оның  уағыздаған  хақ  жолы  идеясы 
Қазақстан  мен  Орта  Азия  ғана  емес,  сонымен  қатар  бірте-бірте  Үндістан,  Пәкістан, 
Иран,  Түркия  және  Еділ  бойы  мен  Кавказ  тауларын  мекендеген  мұсылман 
халықтарына да жеткен. Ясауи ілімі дін ішкі тұтастыққа және діндер арасы татулық 
пен  толеранттылыққа  шақырады.  Ясауи  жолы  фикһтық  жағынан  Имам  Ағзам  Әбу 
Ханифаның,  ақайдтық  (доктриналық)  жағынан  имам  Матуридидің  іліміне 
негізделген.  Түркі  халықтары  арасында  кең  тараған  нағыз  түркілік  мәдениетпен 
сомдалған дәстүрлі мұсылмандық түсінігіміздің айнасы (2). 
Қазақ ӛз болмысынан алыстамай, ұлттығы мен дәстүрлі тарихи сабақтастығынан 
қол  үзіп  қалмайынша  Ясауи  мұрасы  мен  мәдениеті  тіршілігін  жалғастыра  береді. 
Сондықтан егер біз ӛткенімізден тағылым, тарихтан сабақ алуды үйренгендей болсақ, 
онда  «сіз,  біз  деген  халықтан  қаштым  мен»  деп  ескертіп  кеткен  Ясауи  бабамыздың 
аманат ӛсиетін жадымызда сақтап, кеңпейілділікпен, тӛзімділікпен ӛзіміздің біртұтас 
қазақы мәдениетімізді зерделеуде, зерттеуде ӛте мұқият, әрі сергек болуды сезінетіміз 
абзал. 
Қазіргі  уақытта  аруақ,  әулие,  сопылық  арқылы  қалыптасқан  қазақ 
мұсылмандығын исламға жат дүниетанымдағы жеке ағым ретінде кӛрсету белең алып 
барады.  Қазақтың  дәстүрлі  діни  түсінігін  сынап,  оның  негізгі  ұстанымдары  мен 
идеяларын  жоққа  шығару  әрекеттер  жоқ  емес.  Бұған  қоғамдағы  дін  мәселесі,  діни 
таным мен ғылым таным арасындағы үйлесімділік пен тепе-тендіктін болмауы себебі 
болса,  екіншіден,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  дін  мен  саясат  арақатынасы 
немқұрайлы қарауы және дінді жекелеген топтардың құралына айналдыруы да негізгі 
фактор. 
 Әлемдік  жаһандық  құбылыспен  бірге  келе  жатқан  террорлық  әрекеттің  дінге, 
исламға  негізделуіне  кӛзжұмышылық,  түсіне  алмаушылық  сияқты  психологиялық 
кедергілердің барлығы жалпы алғанда діни танымға тіреліп отыр. Бүгінгі салафиттік 
бағыттағы, яғни дәстүрлі ханафиттік мазхабын мойындамайтын жаһандық саясаттың 
құралына айналған миссионерлер қазақ мұсылмандық түсінігіне, оның ғасырлар бойы 
жинақталған,  болмысқа  айналған  түсінік  танымын  жоққа  шығарып  бағуда.  Жалпы 
сопылыққа сын айтушылар салафилер Ясауи ілімін ең үлкен ширк, яғни кӛпқұдайлық 
негіздегі исламға жат, таухидтен алыс діни таным деп таниды. Жалпы олар қоғамдағы 
құбылыстар  мен  діни,  философиялық  мәселелерді  терең  талдамайды  бір  жақты 
тұжырымдап, үкім береді. 
Демек,  қазақтың  сан  ғасырлық  тарихы  мен  діни  тәжірибесін  жоққа  шығаруды 
мақсат етушілер аз емес. Сопылыққа, әулие түсінігіне қарсы шығу деген сӛз Ясауиға, 
бүкіл  тарихымызға,  мәдениетімізге,  қазақ  халқының  тарихына  қарсы  шығу  болып 

 
124 
табылады.  Қазақ  даналарымыз  сопылық  мәдениет  негізінде  ой  толғады,  жыр 
жырлады  қазақтың  дәстүрлі  мұсылмандық  түсінігі  әрине  –  сопылық  философияда 
деген  сӛз.  Оның  үстіне  қазақ  елінің  әдеп-ғұрпы  мен  болмысы  хадистермен  біте 
қайнасып,  санасына  сіңіп,  тамырына  тарап  кеткен.  Яғни  мақал-мәтелдер  мазмұнына 
да кӛз жүгіртсек, әрине хадиске барып тірелетініне куә боламыз (3). 
Елімізде  ислам  философиясының  қалыптасуына  және  дамуына  түрік  «суфизмі» 
үлкен  әсер  етіп,  айрықша  «мәртебесін»  және  дүниетанымының  ерекшелігін 
айқындаған  философиялық  және  қоғамдық  ойдың  дамуына  Ясауидің  қосқан  үлесі, 
меніңше  суфизмдік-исламдық  Құдай  концепциясын  қазақ  халқының  дәстүрлі 
дүниетанымына енгізу болып табылады. Суфи ұғымы пайғамбар дәуірі кезінде және 
одан бұрын да болған. Ал осы ұғымның ішкі мәнін толтырған ислам болды. Суфилік 
Құранмен кӛктеп дамыды, тамырын Құраннан алды. Бұған әрине талас болмау керек. 
Ислам философиясы, мәдениеті мен ӛркениетінің ең маңызды қыры болып табылатын 
сопылықтың  негізгі  іргетасы  -  Құран.  Ислам  ӛмір  философиясы,  қоғамның  әрбір 
мүшесінің ең ұлы кісілік, құндылық иесі болып қалыптасуына, адамды сүюге, әділет, 
адалдық,  басқа  дінге  құрмет  пен  тӛзімділік  түсінігін  егетін  дін  деп  түсінеміз.  Сол 
үшін  исламның  тарихын,  жүріп  ӛткен  жолын,  ӛзіміздің  осы  жолдағы  ата-
бабаларымыздың  ислам  ӛркениетіне  қосқан  үлесін  тану  арқылы  білу  әрбір 
мұсылманның  парызы.  Тәуелсіздігіміз  баянды  ету  мақсатында  қоғамдағы  әрбір 
адамға  жалпы  адами  құндылықтарды,  исламның  негіздерін  қатар,  түсіндірумен  
исламдағы  зиянды  ағымдардың  негізгі  стратегиясын,  мүддесін  қоғамдық  пайда 
тұрғысынан ашып кӛрсетуіміз керек (4). 
Қазақ жеріне ислам осыдан  12 ғасырдан астам уақыт бұрын келуіне байланысты, 
қазақ  халқымыз  және  де  ТМД  елдеріндегі  халықтардың  кӛпшілігі    осы  Ханафи 
мазхабын ұстанады. Біздің ұлттық мәдениетіміз қазақ халқының басқаға ұқсамайтын 
болмысын  қалыптастырған,  оның  құндылық  бағдарларын  айқындаған  ханафиттік 
мазхабын сунниттік бағытындағы  исламмен ажырағысыз байланыста, сондай–ақ  ол 
діни үдерістердің және қазақ дәстүрі мен салтының синтезіне айналды. Исламның бұл 
мазхабын  ұстану  –  бұл  ынта  халықтар  үшін  бірлікті,  түсініктікті,  ұйымшылдықты 
қалыптастырады деген сӛз.    
Бүгінгі  күні  Қазақстандағы  ханафиттік  бағдарын  ұстанушылардың  70  пайызға 
жуық  құрайды.  Негізінде  ханафиттік  мазхабы  басқа  танымға  деген  тӛзімділік-
толеранттылық  қасиеттерімен  ерекшеленіп,  жергілікті  халықтың  шариғатқа  қайшы 
келмейтін  әдет-ғұрыптарына  да  мән  беруінде.  Құран  мен  Сүннеттің  құқықтық 
нормалар  бекітуінде  қоғамдық  ерекшелік  пен  адамдардың  әдеттерін  назарға 
алғандығы, түбегейлі ӛзгерістерде сатылай бірте-бірте ӛзгерту әдісін қолданғандығы, 
аят-хадиске  қайшы  келмейтін  дәстүрлердің  жалғасын  тапқандығы  байқалады. 
Сонымен  қатар,  діни  мәтіндерді  сӛзбен-сӛз,  тек  тікелей  түсінуден  бұрын  оның 
астарындағы  себептерін  зерттей  отырып,  ақылмен  шешуге  тырысуы,  дініміздегі 
жеңілдікті  ту  етіп  ұстануы  да  басқа  дін  ӛкілдерінің,  соның  ішінде  ата-
бабалырымыздың осы мазхабты қабылдауына жол ашты деуге болады.   
Осы  мәселеге  байланысты  Елбасының  айтылған  сӛзінде:  «Қазақстан  аумағында 
ислам ханафиттік деп аталатын діни-құқықтық мектеп пен сопылықты насихаттайтын 
иедологияның  негізінде  қалыптасты»,  «мыңдаған  жылдар  бойы  дінге  негізделген 
мәдениет тарихта ӛзінің жанды сӛзін сақтап келді. Бір жағынан ойлап қарасақ, ӛзінің 
діни рухын сақтау тарихта тұтас бір халықтың сақталуының кепілі болып келді». Бұл 
сӛздер  әрбір  адамның  дұрыс  жетілуіне  кепіл  болатын,  қоғам  ӛмірінде  басшылыққа 
алатын бағдарламалық ойлар тәрізді. 

 
125 
Сондықтан  біздің  халқымыздың  бүгінгі  таңдағы  рухани  құндылықтарын 
арттырудың басты міндеті ислам дінінің білікті және ойлы қағидаттарын насихаттау, 
осы  арқылы  елге,  халыққа  деген  сүйспеншілікті  тәрбиелей  отырып,  озық  дәстүрлер 
мен  салттарға  басқа  халықтар  мен  діндерге  деген  құрметті  қалыптастыру  болып 
табылады.  Қазақ  даласында  ханафи  мазхабы  салт-дәстүрлерімізбен  сабақтасып  кең 
етек  жайған.  Осы  мазхабты  ұстана  отырып  ӛзінің  әдет-ғұрпын  да  сақтап  қалған, 
намазын  оқи  отырып  қымызында  ішкен,  оразасын  ұстап,  бәйгеде  ат  шаптырған,  бір 
Аллаға дұға ете отырып баласының тұсауын да кескен, бір Аллаға  сәжде ете отырып 
келініне  құрмет  ретінде  сәлем  де  салдырған,  азанын  шақыра  отырып  домбрасын  да 
тартқан.  Осының  бәрі  ұлттық  келбетімізді  сақтап,  дінімізді  қорғау  болып 
табылады(5). 
Ислам,  Шығыс  пен  Батыстың,  дін  мен  ғылымның  тиімді  диалогына, 
әріптестігіне,  бірлесе  жұмыс  істеуіне  ашық,  басқа  діни  сенімдер  мен  мәдениет 
феномендерімен  рухани  қарым-қатынас  әрі  мәдени-тарихи  ӛзара  ықпалдастық 
жасауға бейім. Исламға тӛзімсіздік пен фанатизм пиғылдары жат. Сол үшін де ол жер 
шарының  түкпір-түкпіріндегі  халықтарға  жетіп,  уақыттың  қиыншылығына 
қарамастан,  әлі  күнге  дейін  ӛзінің  теологиялық  тұжырымдамаларының  бірегейлігі 
мен ӛзіндік болмысын сақтап, ӛз тұғырларын ӛзгерткен жоқ. Таза  исламды бетперде 
етіп,  түбінде  жеке  мүддені  кӛксейтіндер  жетегінде  кетуден  елімізді  аман-сақтауда 
діни сауаттылықты дамытудың маңызы зор. 
Ислам  шын  мәнінде  адамның  мүддесін  қорғайды.  Сондықтан  адамзат  мүддесін 
кӛздейтін  мәдениетті  қабылдамауы  мүмкін  емес.  Біз  осындай  сындарлы  кӛзқарас 
ұстану арқылы мәдениетіміздің дұрыс бағытта дамуына ықпал ете аламыз. Ендеше, ӛз 
ғасырымыздың  тыныс-тіршілігінен  де,  оның  озық  мәдениетінен  де  оқшауланбай, 
мұның бәрі заңды құбылыс екенін түйсініп, қоғам мүддесіне сай тұстарын қабылдап, 
дұрыс іс-әрекет жасағанымыз абзал.  
____________________ 
1Арстан газеті. «Ислам-бірлік, бейбітшілік және қайырымдылық діні». №27 (192) 9-
қыркүйек, 2001ж. 
2.«Қ.А.Ясауи хикметтері». Жәмішұлы Ә. Алматы, 2010ж. 35-б.   
3.Егемен Қазақстан газеті. «Ясауи жолы-дініміз бен діліміздің темірқазығы». №461-
464. 28-қыркүйек. 2011ж. 
4.Қазақ философиясы. Нысанбаев Ә. Алматы, 1999ж. 110-б. 
5.«Дін мен діл».  Жолдыбайұлы Қ. Алматы, 2010ж. 75-б. 
6.Интернет желісінен «Ислам дінің қорлағандарға тосқауыл керек» атты мақаласынан 
үзінді. Ағыбайұлы Е. 3-қараша,2010ж. 
 
                                    
 

 
126 
С.Д. Курманкулова 
 
ФИНАНСОВАЯ  ПОЛИТИКА И АНТИКРИЗИСНЫЕ МЕРЫ   В 
РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН 
 
УДК 330.1 
  К 93 
 
В  2012  году  приоритетным  направлением  деятельности  Национального  Банка 
Республики  Казахстан  в  проводимой  денежно-кредитной  политике  остается 
обеспечение  стабильности  цен, т.е. поддержание  низкого  уровня годовой инфляции, 
адекватного складывающимся макроэкономическим предпосылкам. 
Кризис  мировой  финансовой  системы,  начавшийся  в  2007  году,  негативно 
повлиял  на  развитие  финансового  сектора  Казахстана.  Наиболее  болезненно  он 
отразился  на  банковской  системе  страны.  В  августе  2007  года  банки  столкнулись  с 
дефицитом  ликвидности,  который  не  позволил  им  продолжать  кредитование  на 
уровне предшествующих лет.
 
Своевременные  совместные  меры  Правительства,  Национального  Банка  и 
Агенства  по  финансовому  надзору  по  выработке  адекватной  системы  оздоровления 
финансовой  системы  страны  позволили  создать  казахстанскую  модель  по 
уникальному  сочетанию  поддержки  государства  и  классических  механизмов  по 
реструктуризации банков. 
Для  реализации  антикризисных  мер  из    Национального  фонда  было  выделено 
10,0 млрд. долларов, что составило 10% от общего объѐма ВВП страны. 
Так, в рамках антикризисных мер было предусмотрено отдельное направление по 
стабилизации ситуации в финансовом секторе. На данное направление было выделено 
480  млрд.  тенге.  Государственная  поддержка  была  оказана  путем  вхождения  в 
уставный капитал системообразующих банков и приобретения акций АО «БТА», АО 
«Альянс Банк», АО «Народный Банк Казахстана» и АО «Казкоммерцбанк». 
В    казахстанской  банковской  системе  не  произошло  ни  одного  банкротства,  а 
сами  банки,  и  соответственно  их  филиальная  сеть,  медленно  восстанавливали  свою 
кредитную активность, что уже являлось положительным фактором.  
 В  результате  предпринятых  мер  Национальным  Банком  по  обеспечению 
стабильности финансового сектора, ситуация с тенговой ликвидностью в банковском 
секторе постепенно улучшалась и оставалась позитивной.     
Так, в 2011 году Национальный Банк продолжал проведение денежно-кредитной 
политики  в  части  предоставления  банкам  займов  рефинансирования,  снижения 
официальной  ставки  рефинансирования  и  нормативов  минимальных  резервных 
требований. 
Совместные  действия  Правительства  и  Национального  Банка  направлены  на 
обеспечение  баланса  между  удержанием  инфляции  под  контролем  и  оказанием 
поддержки финансовому сектору и реальной экономике. 
Развитие  инфляционных  процессов  в  2011  году  характеризовалось  некоторым 
ускорением инфляции в первой половине 2011 года. 
 [финансовая  система]  –  это  совокупность  целенаправленных  намерений  и 
мероприятий,  проводимых  государством  в  области  финансов  для  осуществления 
функций и задач 

 
127 
Основные  факторы  роста  инфляции  в  2011  году  были  вызваны  рядом 
структурных    проблем  и  факторов,  наиболее  значимыми  из  которых  стали 
нестабильная ситуация на  мировых товарных рынках, рост мировых цен на  сырье  и 
продовольствие,  неэффективность  механизма  ценообразования,  низкая  конкуренция 
на отдельных рынках товаров и услуг. 
Кроме  того,  функционирование  Таможенного  союза  на  текущем  этапе  также 
оказало давление на ценообразование внутри Казахстана. При этом если ситуация на 
потребительском  рынке  в  Беларуси  не  оказывает  существенного  влияния  на 
Казахстан  ввиду  незначительных  объемов  взаимной  торговли,  то  российский 
потребительский рынок имеет определенное воздействие на инфляцию в Казахстане
Меры  денежно-кредитной  политики  совместно  с  действиями,  предпринятыми 
Правительством  Республики  Казахстан,  позволили  замедлить  темпы  инфляционных 
процессов. 
Ускорение  темпов  инфляции  было  обусловлено  значительным  удорожанием 
продовольственных  товаров  на  5,6%,  непродовольственные  товары  стали  дороже  на 
4,7%, прирост цен и тарифов на платные услуги составил 9,2%. 
В  2011  году  коридор  процентных  ставок  Национального  Банка  Республики 
Казахстан  был  изменен.  Изменения  коснулись  верхней  границы  коридора  – 
официальной  ставки  рефинансирования.  Ввиду  усиления  в  начале  года 
инфляционного давления Национальный Банк Республики Казахстан принял решение 
о повышении с 9 марта 2011 года официальной ставки рефинансирования с 7,0% до 
7,5%. 
С  учетом  тенденций  на  финансовом  рынке  и  замедления  темпов  годовой 
инфляции Правление Национального Банка Республики Казахстан с 14 февраля 2012 
года  установило  официальную  ставку  рефинансирования  Национального  Банка 
Республики  Казахстан  на  уровне  7,0%, а  со  2 апреля  2012 года  –  6,5% годовых,  что 
является исторически минимальным уровнем. 
Механизм  минимальных  резервных  требований  в  2011  году  не  изменился. 
Между тем, нормативы минимальных резервных требований к банкам с 31 мая 2011 
года были повышены с 1,5% до 2,5% по внутренним обязательствам и с 2,5% до 4,5% 
по иным обязательствам. 
28 февраля 2011 года Национальный  Банк  принял  решение  об  отмене  коридора 
колебаний  обменного  курса  тенге  и  переходе  к  режиму  управляемого  плавающего 
обменного курса тенге. 
В  2011  году  ситуация  на  валютном  рынке  характеризовалась  стабильностью. 
Курс тенге в январе  – декабре 2011 года  колебался  в пределах 145,17-148,4 тенге за 
доллар США.  
[рефинансирование]  -    кредитные  средства    клиента  из    нескольких  банков 
переводятся в  единую базу  и кредит оплачивается клиентом по одному банку.    
Устойчивость национальной валюты позволила Национальному Банку нарастить 
валютные клиринги  страны.  
Так, на конец декабря 2011 года международные резервы страны, по сравнению с 
декабрем 2010 года, увеличились на 23,1% и составили 73,0 млрд. долларов США, в 
т.ч.  золотовалютные  активы  Национального  Банка,  по  сравнению  с  декабрем  2010 
года, увеличились на 3,5% и составили 29,3 млрд. долларов США. 
Необходим  отметить,  что  впервые  после  практически  трехлетней  стагнации 
кредитной активности банков в 2011 году произошел некоторый рост кредитования. 
Невысокие  темпы  кредитования  экономики  были  обусловлены  низким  доверием 

 
128 
кредиторов  к  потенциальным  заемщикам,  а  также  низким  качеством  ссудного 
портфеля банков. 
Позитивная  динамика  развития  банковского  сектора  сопровождалась 
постепенным  восстановлением  кредитной  активности  банков.  Банки  погасили 
большую  часть  внешних  заимствований.  Их  ресурсная  база  на  текущий  момент 
позволяет самостоятельно выплачивать оставшуюся часть внешнего долга. 
Сумма  кредитных  вложений  филиалов  банков  второго  уровня  по  области,  по 
сравнению  с  1  январем  2011  года,  увеличилась  на  25,4%,  и  на  1  января  2012  года 
составила  296076,3  млн.  тенге,  в  т.ч.  доля  краткосрочной  задолженности  составила 
16,9%  (49917,4  млн.  тенге),  долгосрочной  задолженности  –  83,1%  (246158,9  млн. 
тенге). 
По состоянию на 1 января 2012 года в общей структуре предоставленных займов 
удельный вес кредитов, выданных в тенге, составил 83,3% (246745,8 млн. тенге) и, по 
сравнению с соответствующим периодом прошлого года, объемы возросли на 38,4%. 
Удельный вес кредитов, выданных в СКВ, на 1 января 2012 года составил 16,7% 
(49330,5 млн. тенге) и объемы снизились 14,8%.  
В  целях  повышения  устойчивости  внутренних  источников  при  формировании 
базы фондирования банков, обеспечения стабильности финансовой системы и защиты 
интересов  депозиторов  Национальным  Банком  Республики  Казахстан  в  2011  году 
была увеличена капитализация АО «Казахстанский фонд гарантирования депозитов» 
на 10% до 133,1 млрд. тенге. 
Повышению  доверия  населения  к  финансовому  сектору,  защите  интересов 
вкладчиков,  дальнейшей  положительной  динамике  роста  объемов  депозитов  
способствовало  сохранение  на  постоянной  основе  суммы  гарантированного 
возмещения по депозитам физических лиц в размере 5 млн. тенге. 
[валютные  клиринги]-  система  между  странами  на  основе  зачета  взаимных 
требований  в соответствии с  международными  платежными  соглашениями,  которые 
предусматривали клиринговые счета, валюту, порядок выравнивания платежей 
Так, по состоянию на  1 января 2012  года объем депозитов по  области  составил  
239364,0  млн.  тенге,  в  том  числе  в  национальной  валюте  –  176332,1  млн.  тенге 
(удельный  вес  в  объеме  депозитов  –  73,7%),  в  иностранной  валюте  –  63031,9  млн. 
тенге (удельный вес в объеме депозитов – 26,3%).  
По  сравнению  с  соответствующим  периодом  прошлого  года  объемы  депозитов  
увеличились на  24,0%.  
Вклады  населения, по  сравнению с  соответствующим периодом прошлого года, 
увеличились на 26,2%, и составили 163343,1 млн. тенге.   
Увеличился 
объем 
вложений 
юридических 
лиц, 
по 
сравнению 
с 
соответствующим  периодом  прошлого  года,  на  19,3%  и  составил  на  1  января  2012 
года 76020,9 млн. тенге.  
Доля  срочных  депозитов  в  общем,  объеме  депозитов  по  состоянию  на  1  января 
2012  года  составила  71,4%,  или  171016,8  млн.  тенге.  Темп  роста  объема  срочных 
депозитов,    по  сравнению  с  соответствующим  периодом  прошлого  года,  составил 
22,5%.  
Приоритетные задачи по перенастройке финансовой системы были разработаны 
в Концепции развития финансового сектора в посткризисный  период,  утвержденной 
Указом Президента РК от 1 февраля 2010 года. 

 
129 
В  целях  повышения  эффективности  работы  банков  в  посткризисный  период  и 
решения проблем банков, связанных с низким качеством кредитных портфелей, была 
разработана Концепция улучшения качества активов банков второго уровня.    
В  дополнение  необходимо  отметить  дальнейшие  планы  по  улучшению 
финансовой  устойчивости банковского сектора. В частности, Национальным Банком 
ведется  работа  по  изучению  рекомендаций  Базельского  комитета  по  банковскому 
надзору,  которые  предусматривают  повышение  достаточности  собственного 
капитала,  введение  новых  инструментов  ликвидности  и  подходов  формирования 
резервов банков второго уровня.  
Благодаря  антикризисным  мерам  Правительства  Республики  Казахстан  и 
Национального  Банка  Республики  Казахстан,  а  также  благоприятной  ситуации  на 
мировых  сырьевых  рынках  в  2011  году  продолжилось  восстановление 
экономического роста в стране.   
Национальным  Банком  будет  продолжена  работа  по  реализации  задач 
стратегической  важности  и  принятии  всех  необходимых  мер  для  их  реализации,  в 
частности  по  совершенствованию  и  повышению  эффективности  инструментов 
денежно-кредитной  политики;  обеспечению  устойчивости  обменного  курса  тенге  и 
стабильности  финансового  сектора  страны;  дальнейшему  усилению  влияния 
принимаемых мер на состояние денежного рынка.                                          
_____________________ 
1.Мажитов Д.  Денежно-кредитная политика и антикризисные меры. Караганда, 2011 
2.Информационный вестник  «Казкоммерц», № 5, 2012. с  21. 
3.Мамедов  О.  Политическая  экономия.  Элективное  пособие  по  курсу  «Основы 
экономической теории». – Ростов н/Д: изд-во «Феникс»,1999. с 131-132. 
4.Нестеров  Л.И.,  Амирова  Г.Т.  Методологические  проблемы  совершенствования 
статистики национального богатства. Вопросы статистики, 2001. с 3-4. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет