Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет25/30
Дата12.03.2017
өлшемі3,2 Mb.
#8810
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1. Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі – Қарағанды, 2006. 227 – 279 бет. 
2. Бұзаубақова К.Ж. Білім берідегі инновациялық технологиялар – Тараз, 2014. 243 – 261 бет 
3. Клустер Д. Что такое критическое мышление? – Перемена. – 2001 жыл. - № 4,5 – 21-27,38 бет 
4.  Тәжіғұлова  Қ.М.,  Мусина  Д.Е.  Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясын  қолдану  тиімділігі.  – 
Алматы, 2006. – 397 бет. 
5.Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау // Биология және салауаттылық негізі. -2006. - № 1. - 21-23 бет. 
 
Аннотация. Учебный  процесс, опирающийся на использование интерактивных методов обучения
организуется с учетом включенности в процесс познания всех групп обучающихся без исключения. 
Совместная деятельность означает, что каждый вносит свой особый индивидуальный вклад, в ходе 
работы  идет  обмен  знаниями,  идеями,  способами  деятельности.  Организуются  индивидуальная, 
парная и групповая работа, используется проектная работа, ролевые игры, осуществляется работа с 
документами  и  различными  источниками  информации.  Интерактивные  методы  основаны  на 
принципах  взаимодействия,  активности  обучаемых,  опоре  на  групповой  опыт,  обязательной 
обратной связи. 
 
Annotation. The educational process, based on the use of interactive teaching methods, organized in view 
of involvement  in the  learning process of students of all groups without exception. Joint activities means 
that each individual makes his own special contribution to the progress is the exchange of knowledge, ideas 
and methods of activity. Organized  individual, pair and group work, using project work, role play, carried 
out  the  work  with  documents  and  various  sources  of  information.  Interactive  methods  are  based  on  the 
principles of cooperation, active learners, relying on group experience, obligatory feedback. 
 
 

171 
 
ӘОЖ 553.06 
          С 37 
 
АЛШАҚ БУДАНДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ АЛЫНҒАН ГИБРИДТЕРДІҢ МОРФО-
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Серік М., Зияева Г. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазіргі таңда ӛсімдіктер мен жануарлардың сапасын жақсарту, ӛнімділігін арттыру, әр түрлі 
климатқа тӛзімді және құнарлылығын жоғарылату мақсатында кӛптеген әдістер бар. Солардың бірі, 
селекцияның  дәстүрлі  тәсілі  –  алшақ  будандастыру.  Ол  селекция  және  генетикада  ерекше  орын 
алады.  Бар  сорттарды  жақсарту,  ӛсімдіктердің  жаңа  құнды  формаларын  және  түрлерін  шығару 
алшақ будандастыру тәсілін қолдану кезіндегі мәдени ӛсімдіктердің тектік қорының молаюына әсер 
етеді.  Алшақ  будандастыру  тәсілі  табиғаттың  ұлы  күші  –  тұқым  қуалаушылықты  пайдалануға 
мүмкіндік береді. Әр түрлі бағыттарда жүретін түр түзуші процестердің басталуына да мүмкіншілік 
туғызады. Алшақ будандастыру қазіргі таңдағы ең жақсы әдістердің бірі.Алшақ будандастыру әдісі 
арқылы  жоғары  сапалы  және  құнды  ӛнім  алуға,  жаңа  түрлерді  дамытуға  болады.  Тек  қана  жаңа 
түрлер  ғана  емес,  сонымен  қатар  ауылшаруашылығына  кӛптеген  пайдасын  тигізді.  Осы  әдіс-
тәсілдерді  пайдалану  арқылы  егін  шаруашылығында  ӛсімдіктердің  ӛнімділігі  артып,  жасанды 
жолмен ұрықтандыру арқылы ӛте мықты және тӛзімді жаңа түр алды[1]. 
Алшақ  будандастыру  әдісі  арқылы  жаңа  ботаникалық  түр  мен  жаңа  астық  дақылы-
кӛпжылдық бидай алынды,  бұл биология ғылымындағы аса ірі оқиға болып табылады. Сондай-ақ 
дәнді жемдік бидай, бидай-жауқияқ, қара бидай-бидайық және басқа будандар сияқты бірқатар жаңа 
түрлер  алынды.  Күздік  октоплоидты тритикалені  гексаплоидтыларын  будандастыру  арқылы  жаңа 
бағыттың –  күздік  гексаплоидты  тритикале  селекциясының  негізі  қаланды.  Әсіресе  цитогенетика, 
биохимиялық  және  молекулалық  генетика,  сандық  белгілер  генетикасы  және  т.б.  ең  жаңа 
әдістерінің  кӛмегімен  алыс  будандарды  бірлесе  зерттеудің  теориялық,  сондай-ақ  қолданбалы 
жағынан да келешегі зор[2]. 
Гибридтердің ӛте тӛзімді және құнарлығы жоғары болады. Алынған гибрид түрлі ауруларға 
тӛзімді  келеді.  Олардың  құрамында  адам  ағзасына  қажетті  заттардың  кӛпшілігі  бар.  Олардың 
пайдасы  мен  зияны  бар.  Алшақ  будандастыру  әдісінің  қиындықтары  бар.  Екі  ӛсімдікті  алатын 
болсақ  оның  хромосомасының  сәйкес  келмеуі,  генеративті  мүшелерінің  дамымауы,  географиялық 
жағынан оқшау орналасуы кедергі жасайды. Олардың кедергілерін болдырмас үшін ғалымдар түрлі 
әдіс-тәсілдерді  қолданды.  Бұл  әдістің  ең  тиімділігі  қолданылмай  келген  жабайы  ӛсімдіктердің 
түрлерімен будандастырады. Соның нәтижесінде жабайы ӛсімдіктердіңде белгілерін алады. 
Алшақ будандастырудан алған ӛсімдік гибридтерінің морфо-физиологиялық сипаттамалары. 
Алшақ  будандастыру  кезінде  күрделі  формалардың  қалыптасу  процесі  жүреді.  Нәтижесінде 
түрішілік  будандастыру  кезінде  пайда  болмайтын  белгілер  мен  қасиеттер  пайда  болады.  Алшақ 
будандастырудағы  жиі  гибридтер  бойының  алыптылығымен  және  мықты  қасиеттерімен,  ірі 
жемістері  мен  тұқымымен,  суыққа  және  құрғақшылыққа  тӛзімділігімен  ерекшеленеді.  Алшақ 
будандастырудағы  жаңа  сорттарды  және  ауруға  тӛзімді  гибридтерді  шығаруда  аса  маңызы  бар. 
И.В.Мичурин жасаған будандастыру жұмыстарының принциптері мен әдістерін қолданып, одан әрі 
дамытудың маңызы зор. Ол адам үшін  пайдалы белгілер мен қасиеттерді барынша ұштастыратын 
будан  алу  мақсатында  ұрықтану  процесін  басқару  жолдарын  іздестіруде  жемісті  еңбек  етті.Осы 
мақсатпен И.В.Мичурин бірінші болып жеміс ағаштары селекциясында әріден будандастыру әдісін 
қолданып,  будандаспаушылықты  және  алшақ  будандастырудың  ұрықсыздығын  жою  әдістерін 
жасады.  Ол  ата-ана  ӛсімдіктерінің  жасын,  жалпы  күйін,  аналық  ӛсімдіктердегі  тозаңданатын 
гүлдердің  орналасқан  жерін  есепке  алды.  И.  В.  Мичурин  алыстан  ұрықтану  кезінде  ӛсімдіктердің 
будандаспауын жеңудің бірнеше әдістерін ойлап тапқан және сәтті қолданған[1]. 
Танжело  –  цитрусты  ӛсімдік  тұқымдасы.  Танжело  гибриді  танжерин  мен  грейпфрутты 
(немесе помело) будандастыру арқылы шығарды.Ол Америкада пайда болды, бірақ жемісін экспорт 
үшін Флорида , Израиль және Түркия аумағында бүгінде ӛсіріледі.  Гибридті 1897 жылы АҚШ-тың 
Ауыл  шаруашылығы  департаментінің  Вальтер  Теннисон  Суингл  басшылығымен  ӛндірілген.  Аса 
танымал  гибридтің  сорты  танжело  минеола,  дегенмен  басқа  да  түрлері  бар.  Олар:  сименол, 
клементин,  агли,  торнтон  және  орландо.Дӛңгелек  жемістері  мӛлшері  әдетте  апельсинге,  кейде 
грейпфрутқа  ұқсас  келеді.  Қызғылтсарықабығыныңастында  жұмсақ  жемісінің  шырындары 

172 
 
бӛліктерге  бӛлінген.  Олардың  түсіне  келетін  болсақ  сары  түстен  қызғылт  сарыға  ӛзгереді. 
Танжелоның  дәмі  жеткілікті  мӛлшерде  тәтті  болғанымен  қышқылдық  қасиеті  бар.  Жұмсақ 
жемісіндеаздапсүйектеріболады.Пайдалы  қасиеттері.  Танжелоның  құрамында  организмнің  дұрыс 
жұмыс  істеуіне  қажетті  заттар  кӛп.  Олар:  аскорбин  қышқылы,  фоли  қыышқылы,  А,  В9,  В12 
витаминдері.  Аскорбин  қышқылы  иммунитетті  күшейтіп  және  жақсартады,  сонымен  қатар 
организмге вирустарға және инфекцияларға қарсы тұруға кӛмектеседі. А витаминінің болуы түрлі 
кӛз  ауруларына  шалдықтырмайды  және  кӛздің  кӛруі  жақсарады.  Жемістің  құрамында  80%  дейін 
фоли  қышқылы  бар.  Күнделікті  адамның  пайдалануына  қажетті  жеміс  мӛлшері  100  гр.  Фоли 
қышқылы  организмде  маңызды  роль  атқарады.  Ол  организмде  клетканың  бӛлінуіне  және  зат 
алмасуға  қатысады.  В9  витамині  лейкоциттің  синтезіне  және  қанның  жаңаруына,  нерв  жүйесіне 
ықпал  етеді.  В12  витамині  қандағы  холестерин  мӛлшерін  азайтып,  бауырға  оң  әсерін  тигізеді. 
Сонымен  қатар  қан  ұюын  және  иммундық  жүйені  жақсартады.  Жемістің  құрамында  калий 
бар[3].Клементин  –  мандарин  мен  апельсин  гибриді.  Гибридті  француздық  дін  қызметші  және 
селекционер Клемен 1902 жылы шығарды. Жемісі мандаринге ұқсас, бірақ ӛте тәтті болып келеді. 
Жапырағы қалың, үлкен емес, қысқа болады. Жапырақ қуыстарында азғантай тікенектер болады. 
Клементиннің 
негізі 
сорттары 

Arrufatina, 
Clemenpons, 
Clemenvilla,   
Clemenules,Hernandina,Loretina,Marisol,Mioro,  Orogrande,Oronules,Tour.  Клементин  ӛте  дәмді, 
шырынды  және  С  витаминіне  бай  болып  келеді.  Клементин  құрамында  мыс,  титан,  аскорбин 
қышқылы,  калий  және  В  витамині  бар.  Осы  одам  организміне  қажетті  заттардың  кӛп  болуына 
байланысты  оларды  асқазан  ауруларына  қолдануға  болады.  Жеміс  асқорытуды  жақсартады. 
Жемістің  құрамындағы  витаминдер  ерте  жастан  бастап  ақ  шаштың  және  терінің  қартаюын 
болдырмауға  әсер  етеді.  Жемісті  сүйел,  целлюлит,  терінің  созылу  ауруларын  емдеуге  қолданады. 
Осы  жемісті  қолданғанда тері  жұмсақ  әрі  нәзік  болып  кӛрінеді.  Клементинді  құрамында  пайдалы 
заттар кӛп екен деп қолдана беруге болмайды. Ескеретін жағдай оларды асқазан жарасы, гастрит, 
энтерит, колит, нефрит аурулары бар адамдарға пайдалануға болмайды. Сонымен қатар жүкті әйел 
бастапқы 3 айында қолдануға болмайды[4]. 
Грейпфрут  –субтропикалық  мәңгі  жасыл  ӛсімдік.  Оның  жемісі  мӛлшері  10-15  см-ге  дейін 
жетеді.  1750  жылы  валиялық  дін  қызметші  және  ботаник  Гриффитс  Хьюджес  алғаш  оны  әлемге 
әңгімелеп  берді.  1814  жылдан  бастап  оны  Ямайка  саудагерлері  грейпфрут  деп  атай  бастады. 
Грейпфрут – помело мен апельсиннің кездейсоқ гибриді. Жемісті 1880 жылдан бастап кӛбірек ӛсіру 
АҚШ-та,  кейіннен  Бразилия,  Израиль  және  Оңтүстік  Африкада  басталды.  ХХ  ғасырдан  бастап, 
дүниежүзілік  жеміс  нарығында  бастапқы  орынды  алды.  Жеміс  іші  апельсинге  ұқсас,  бірақ  оның 
қышқыл  және  ашты  дәмі  бар.  Осыған  қарамастан  грейпфрут  диеталық  жеміс.  Жемістері  орташа 
есептегенде 9-12 айда пісіп жетіледі. Грейпфрут атауы ағылшын тілінен аударғанда grape (жүзім), 
fruit (жеміс) деген мағынаны білдіреді.  
Грейпфруттың  20-ға  жуық  сорттары  бар.  Оларды  негізгі  екі  топқа:  ақ  (немесе  сары)  және 
қызыл.  Жемістің  түсі  қызыл  түсті  болған  сайын  оның  дәмі  тәтті  және  құрамы  грейпфрут  сияқты 
болады.  Кейбір  сорттарында  тұқымы  (дәнек,  сүйек)  болады,  ал  кӛпшілік  сорттарында  тұқымы 
болмайды. 
Қолданылуы.  Грейпфрутты  кӛбіне  ірімшікпен  бірге  жейді.  Сонымен  қатар  салаттарға 
ингредиент  ретінде  қолданады.  Жемістен  тосап  және  сусындар  жасайды.  Грейпфруттың  эфир 
майын  кондитерлік,  алкогольді  сусындарда  және  әртүрлі  иіс  сулар  дайындау  үшін 
қолданады.Грейпфрутта  холестерин  деңгейін  азайтатын  және  HDL-  және  LDL-  липопротеид 
мӛлшерін  жақсартатын  антиоксидант  бар.  Осыған  орай  бір  грейпфруттың  ӛзі  қан  құрамындағы 
холестериннің  мӛлшерін  қалыпты  болуын  реттейді.  Грейпфрут  әсіресе  жүрек,  қанайналым 
жүйесіндегі  аурлары  бар  адамдарға  ӛте  пайдалы.  Европа  университетінің  зерттеушілері  сары 
грейпфрут  сорттарына  қарағанда  қызыл  грейпфрут  сорттарында  холестерин  мӛлшерін  азайтатын 
заттар  кӛп  деген  қорытындыға  келді.  Грейпфрут  тұқымының  сығындысы  бактерияға  және 
саңырауқұлақтарға қарсы қасиеті бары анықталған. Бұл тереңірек зерттеуді талап етеді. Грейпфрут 
шырыны асқазан сӛлінің қышқылдығын арттырады[5]. 
Алшақ будандастырудан алған ӛсімдік гибридтерінің морфо-физиологиялық сипаттамалары 
 
 
кесте 5 
№ 
Гибрид 
Сипаттама 

173 
 

Агли 
 
Агли – грейпфрут пен мандаринді будандастыру арқылы шығарды. Бұл 
ӛте тәтті-шырын жеміс. Сыртқы түсі жасыл-сары және бұдырлы болып 
келеді.  Оны  негізінен  Флоридада  ӛсіреді.  Агли  мӛлшері  грейпфрутқа 
қарағанда аздап ірі болады. Аглидің дәмі лимон мен мандаринға ұқсас 
келеді. 

Ортаник 
 
Ортаник – апельсин мен танжерин гибриді. Жеміс Ямайкадан табылған. 
Оның  ӛткір  цитрусты иісі, және тәтті дәмі бар. Гибрид бұлыңғыр түсті 
және  тұқымы  (сүйектері)  болмайды.  Жемісі  шырынды  болад. Ортаник 
Жерорта  теңіз  жерлерінде  ӛсіріледі.  Жемістің  басқаша  атауы  тамбор, 
мандор, мандора. 

Априум 
Априум  алхоры  мен  шабдалыны  будандастыру  арқасында  гибрид 
шығарылды.  Априум  АҚШ-та  маусым  айларында  қолжетімді  болады. 
Жемісі құрғақ және  шырынды емес, сонымен қатар тәтті апельсин  иісі 
бар. Жемісінің дәмі шабдалыға ұқсас келеді. 

Бойзеноважидегі 
 
Бойзенова ягода – бүлдірген, таңқурай және логан жидектер буданының 
гибридтері.  Жидек  мӛлшері  бүлдіргеннен  үлкен.  Жидектің  түсі  күрең 
болып келеді. Ол піскенде қара түсті болады. 

       Декопон 
 
Декопон  -  Kiyomi  tangor  және  Ponkan  шағылыстыру  нәтижесіндегі 
гибрид.  Kiyomi  tangor  жемісінің  ӛзі  Trovita  orange  және  Mikan  немесе 
Satsuma  будандарының  гибриді  болып  саналады.  Декопан  жемісінің 
ішінде сүйектері болмайды. Шырыны ӛте тәтті болады. Декопанды 1972 
жылы Жапонияда шығарды. Декопан жемісі ӛте ірі болады. 

      Йошта 
 
Йошта  қара  қарақат  пен  қарлыған  (крыжовник)  жемістерін 
будандастыру  арқасында  пайда  болған  гибрид.  Жемсінің  мӛлшері  ӛте 
үлкен,  бірақ  дәмі  қара  қарақат  сияқты  болады.  Жидек  Германияда 
шығарылды. Жетілген жидектер түсі кӛк болады. 

Кровавый лайм 
 
Кровавый лайм – қызыл лайм мен мандарин гибриді. Қабығы, жемісінің 
іші  қызыл  және  шырынды  болып  келеді.  Дәмі  ӛте  қышқыл.  Жемісінің 
ені 20-30 мм 

Плумкот 
 
Плумкот,Плуот,  Априум  –  алхоры  (Prunus  salicinaL
INDL
,  Prunus 
cerasiferaнемесе  олардың  гибридтерімен)  мен  ӛрік  (Prunus  armeniacaL.) 
гибридтері. Гибридте алхорының белгілері басым келеді. АҚШ-та және 
олардың  кӛпшілігін  Калифорнияда  ӛсіреді.  Плумкот  қабығы  алхорыға 
ұқсас тегіс болып келеді. Қазіргі таңда плуот атауымен сатылуда. Оның 
генетикалық құрамы 75% -ы алхоры, 25% ӛріктен тұрады. 

Тангор 
 
Тангор  танжерин  мен  тәтті  апельсин  гибриді.  Жемісінің  түсі  қызғылт 
сары және қабықтары апельсин сияқты қалың болады. 
10 
Орландо 
 
«Дункан»  грейпфрут  сорты  мен  «Дэнси»  танжерин  сортын 
будандастырудың  нәтижесінде  пайда  болды.  Гибридті  дәрігер 
У.Т.Свингл шығарды. 
11 
Марионберри 
 
Марионберри  Chehalem  мен  Olallieberries  шағылысуынан  пайда  болған 
гибрид. Жидегі орташа мӛлшерде, ӛте тәтті және шырынды болады. 
12 
Нектакотум 
 
Нектакотум– алхоры ( кейде ӛрік) пен нектарин гибриді. Олар қызылды 
кӛк  түсті  болады.  Оның  жемісінің  іші  қызғылт  түсті.  Жемісі  ӛт  дәмді 
болады. Оларды салатқа пайдаланғанда дәмді болып шығады. 
13 
Olallieberry 
Olallieberry  –  логан  жидегі  мен  янгберри    гибриді.  Ішкі  құрылысы 
жағынан  таңқурайға  ұқсайды.  Оны  шарап  ӛндіруде  қолданады. 
Жидектері  ірі  және  шырынды  болады.  Жидек  1950  жылы  шығарды. 
Жидектер кӛбіне тек Калифорнияда ғана қолжетімді. 
14 
Пайнберри 
 
Пайнберричили мен вирджин бүлдіргенінің (земляника) гибриді. Жемісі 
ананастың хош иісіндейболады. Жемістері жетілген соң ақ және тұқымы 
қызыл  түсті  болады.  Пайнбериді  аз  ӛсіреді.  Оларды  негізгі  ӛсіретіндер 
Европа мен Белиза мемлекеттері. 

174 
 
15 
Плуот 
 
Плуот  алхоры  мен  ӛрік  гибриді.  Гибридті  1990  жылы  Флойд  Зайгер 
шығарды.  Плуот  қызғылт,  қызыл  түсті  болады.  Плуот  ата-аналарына 
(алхоры  мен  ӛрік)  қарағанда  едәуір  ӛте  тәтті  болады.  Плуот  ӛте  тәтті 
және шырынды болғандықтан балалар оны жегенді жақсы кӛреді. Оның 
25 сорты бар. Жемісте май мен натрий мӛлшері ӛте тӛмен болады. 
16 
Citrofortunellamit
is 
 
Citrofortunella  mitis  –  мандарин  мен  кумкват  гибриді.  Жемісі  қышқыл 
және оны асханаларда тағамға қолданады. 
17 
Тайбери 
 
Тайбери  –  бүлдірген  (ежевика)  мен  таңқурай  (малина)  гибриді.  Ол  ең 
алғаш  Шотландияда  шығарылды.  Гибридтің  аты  ШОтландиядағы  Тэй 
ӛзеніне байланысты қойылған. 
18 
Fairchildtangerine  
 
Гибрид  басқа  цитрустық  жемістерге  қарағанда  тез  пісіп  жетіледі.  Бұл 
жемісті  үй  жағдайларында  және  жылы  жерлерде  ӛсіруге  болады. 
Fairchild  tangerine  -    клементин  мен  Orlando  tangelo  гибриді.  Жемісінің 
сырты тез ашылады және ӛте тәтті. 
19 
Юдзу 
Юдзу  –  мандарин  мен  ичан  лимонын  будандастыру  арқылы алды.  Бұл 
жемістің  қабығы  грейпфрутқа  ӛте  ұқсас  болып  келеді.  Жемісінің 
диаметрі 5,5-7,5 см-ге дейін жетеді. Негізінен бұл жемісті әсіресе Қытай, 
Корея,  Жапония  мемлекеттерінде  ӛсіреді.  Жемісі  сары  немесе  жасыл 
түсті болады. 
20 
Грейпл 
 
Жүзім мен алма гибридін грейпл деп атайды. 
21 
Торнтон 
Танжерин мен грейпфрут гибриді 
22 
Пичерин 
Пичерин – шабдалы мен нектарин гибриді. Бұл гибридтің түрінің пайда 
болғанына  кӛп  уақыт  болған  жоқ.  Жемісі  тегіс,  үлкен  және  дәмі 
нектарин мен шабдалы дәміне ұқсас. 
 
Алшақ  будандастыру  әдісі  арқылы  жаңа  ботаникалық  түр  мен  жаңа  астық  дақылы  –
кӛпжылдық  бидай  бидай  алынды,  бұл  биология  ғылымындағы  аса  ірі  оқиға  болып 
табылады.Сондай-ақ  дәнді  жемдік  бидай,  қара  бидай,  және  басқа будандар  сияқты бірқатар  жаңа 
түрлер  алынды.Соңғы  кездері  әдебиеттерде  бірқатар  азық-түлік  дақылдары  бойынша  гендер 
қорының  кедейленуі  жӛнінінде  жиі-жиі  жазылып  жүр.  Бұл  алаңдаушылықтың  толық  негізі  бар, 
себебі  жекеленген  гомогенді  суперсорттарды  егістікте  кӛпте  пайдаланып,  ӛнімділігі  аздау,  бірақ 
генетикалық  жағынан  гетерогенді  жергілікті  сорттарды  ығыстырып  жатқандығының  куәсі 
болудамыз.  Бұл  құбылыс  кейбір  маңызды  азық-түліктік  дақылдарды  жоғалтуға  әкелуі 
мүмкін.Бастапқы  селекциялық  материалдардың  генетикалық  қорын  жасау  қажеттігі  туралы 
талаптар  барған  сайын  қатаң  қойылуда.  Бұл  тұрғыдан  жаңа  түр  жасау  процесі  бар  алшақ 
будандастырудың мәдени түрлердің генгік қордың толықтыру проблемасын шешуге мүмкіндігі бар. 
Алшақ  будандастыру  кезіндегі  форма  түзіушілік  процесінің  ауқымы  және  одан  алынатын 
жаңа  түзілістердің  түрлері  ӛте  кең  және  оны  басқа  еш  нәрсемен  теңестіруге  келмейді.Алшақ 
будандастыру,  әсіресе  мәдени  және  жабайы  түрлердің  ӛкілдерін  будандастыру,  қазіргі  мәдени 
дақылдардың  сорттарын  жақсартуда,  ауыл  шаруашылық  дақылдардың  кӛптеген  түр-түрін 
толықтыруға  мүмкіндік  береді.  Алшақ  будандастыру  селекцияда  да,  генетикада да,  ерекше  орын 
алады.  Ешбір  әдіс  алшақ  будандастыру  сияқты  мәдени  ӛсімдіктердің  генқорын  кеңінен  байытуға 
мүмкін тудырмайды. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Уразалиев Р.А.,  Кожахметов  К.К.  Создание  новых  форм  озимых  зерновых  культур  путем 
отдаленной  межродовой  гибридизации  для  условий  Казахстана//Сельхоз.  Биология,-1983,  №6,  С. 
46-50. 
2. 
Мұхамбетжанов К. «Генетика және селекция негіздері»– Алматы. «Санат». 1996.-142 бет 
3. 
Хотылева  Л.В.,  Ходорцева  Л.Ф.  Постгамная  несовместимость  при  отдаленных 
скрещиваниях и преодоления ее методом эмбриокультуры // Тез. докл. Всес. Конф. Черновцы, 14-16 
окт., 1991, т.1, С.56. 

175 
 
4. 
Першина  Л.А.,  Шумный  В.К.  Проблемы  использования  методов  invitroпри  отдаленной 
гибридизация злаков // Биология культив-х кл. И биотех. раст,-1991, С.102-114 
5. 
Внучкова  В.А.,  Аш  О.А.  Использование  ацетона  в  составе  питательных  сред  с  целью 
увеличения выхода регенерантов//Докл. Рос. акад. с/х наук.,-1992, №9-1 
 
Аннотация.  В  этой  статье  рассматривается  важность  отдаленной  гибридизаций  для  получения 
качественных,  высокопродуктивных,  устойчивых  и  плодородных  новых  видов  растений.  Методы 
отдаленных  гибридизации  влияет  на  развитие  сельского  хозяйства  и  свойство  новых  сортов 
полностью раскрывается. 
 
Annotation. 
This  article  discusses  the  importance  of  the  hybridization  to  produce  high-quality  ,  highly 
resistant and fertile new types of trees. Distant hybridization methods affect the development of agriculture 
and property of new varieties is fully revealed. 
 
 
 
ӘОЖ  502(574) 
                 С 89 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫ 
Сҧлтаналиева А.А. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Таза  табиғат  –  халық  байлығы.  Жер  планетасының  ғасырлар  бойғы  барлық  жануарлар 
дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік  негізі  – таза ауа. Ол тек ӛсімдіктер дүниесінен бӛлініп 
шығатын  оттегі.  Бізді  қоршаған  тропосфералық  ауа  қабатының  20,9%  осы  оттегіден  тұрады,  ол 
тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бӛліп шығаратын  негізгі жасыл фабрика  – кӛпжылдық 
ағаштар.  Қазақстан  аумағының  3,8  %-ын  орманды  жер  алып  жатыр.  «Қазақстан  -  2030» 
стратегиясында бұл кӛрсеткішті 5,1 %-ға дейін кӛтеру жоспарланған.  
Кейінгі  жылдары  республикамыздың  орман  қоры  аумағында  2257  орман  ӛрті  орын  алды. 
Бұл 
ӛрттердің 
70 
%-ы 
отты 
дұрыс 
пайдаланбаудың 
салдарынан 
болған.  
Ӛрт  4  млн.  текше  метрге  жуық  ағашты  жойды.  Ірі  орман  ӛрттері  Шығыс  Қазақстан,  Павлодар, 
Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды. 50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен 
ағаш  аурулары  анықталды.  Ең  ірі  орманды  аумақтар  –  Шығыс  Қазақстан,  Қостанай,  Батыс 
Қазақстан,  Ақмола,  Павлодар  облыстарында.  1997  жылы  орман  заңын  бұзушыларға  қарсы  500  іс 
тіркелді. 
Қазақстан  солтүстігінде  ӛзенді  жағалай  ӛскен  ормандары  мен  оңтүстігіндегі  тоғайлары 
жеке-жеке  алқаптар  болып  есептеледі.  Барлық  таулы  жерлердегі  ормандардың  топырақ  пен  су 
қорғауға  тигізетін  әсері  кӛп.  Олардың  арқасында тау бӛктерлерінің  шымы  қалпында  сақталып,  су 
ағысы 
біркелкі 
мӛлшерде 
реттеліп 
отырады. 
Қазақстандағы  орманның  жалпы  кӛлемі  «Қазорман»  шаруашылығының  мәліметі  бойынша  1998 
жылы  24568,4  мың  гектар  болды.  Соңғы  жылдары  орман  шаруашылығын  қаржыландырудың 
қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт тӛмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында 
ірі  ӛрттен  170  мың  гектардан  астам  орман  ӛртенді.  Мысалы,  Баянауыл  ұлттық  бағының  ерекше 
қорғалатын 
аумағының 
12,1 
гектары 
ӛртеніп 
кеткен. 
Бақылау  қызметінің  қысқаруынан  және  қазіргі  техниканың  кӛптеген  орман  қорғау 
кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары кӛбейіп барады. 
Орманның  азып-тозуы  антропогендік  және  табиғи  факторлардан  туындайды.  Мысалы, 
Қызылқұм шӛлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі 
тӛмендеп, бұталы ағаш ӛсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл ӛсіруге жарамсыз болып 
қалды. Малды жӛнсіз бағудан шӛлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен 
аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Ӛзендердің реттеліп тежелуінен және ӛрттен 
тоғай  қатты азып-тозып  кетті.  Оның  ішінде  сирек  кездесетін  биогеоценоз  –  тораңғы  да таусылып 
бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы 
шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы ӛрттен кӛп 
зардап  шекті.  Республика  ормандарында  қалыптасқан  экологиялық  нашар  ахуал  және  тозу 

176 
 
процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жӛнінде шұғыл және кесімді шараларды 
қабылдауды талап етеді. 1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының 
құқықтық  және  экологиялық  жағынан  орманды  қорғауға,  шаруашылықты  ұтымды  жүргізуге 
ынталандыруды 
белгілі 
шамада 
арттырды. 
Халық  шаруашылық  маңызы  бойынша  Қазақстан  ормандарын  үш  топқа  бӛлуге  болады. 
Бірінші  топқа  жататын  ормандар  18,7  миллион  гектарды  алып  жатыр.  Бұларға  егістік  қорғауға 
орналған,  топырақ  қорғау,  су  қорғауға  арналған  орман  алқаптары,  қалалар  мен  ӛндіріс 
орындарының  айналасындағы,  курорттық  ормандар,  ӛзендер,  тас  жол,  темір  жол  жиег індегі  және 
мемлекеттік  қорықтардың  ормандары  жатады.  Бұл  ормандарды  кесуге  тыйым  салынған.  Тек 
күтіпбаптау,  тазалық  және  орманды  қалпына  келтіру  кезіндегі  кесулер  ғана  жүргізіледі.  Бірінші 
топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді  пайдалану мен ӛсірудің маңызы зор. Қазақстан 
ормандарының басым кӛпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, 
Қазақстан  қатпарлы  ӛлкесінің  қарағайлы-қайыңды  ормандары,  Солтүстік  Қазақстанның  қайыңды 
ормандары,  тоғайлар  мен  сексеуіл  ормандары.  Екінші  топқа  су  қорғауына  алынған  ормандар,  аз 
орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мӛлшері жылдық ӛсімге 
сәйкес анықталады. Қазақстанда  бұл топқа  591  мың  гектар  жерді  алып  жатқан  Шығыс  Қазақстан 
облысының жерлері жатады. Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. 
Бұл  жерлерде  ӛндірістік  орман  дайындау  жұмыстары  жүргізіледі.  Республикамызда  оларға  Кенді 
Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан 
ормандар  кіреді.  Сексеуілдің  үлесіне  барлық  ормандардың  аумағының  50  %  сәйкес  келгенмен, 
олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-
Шаньде,  Ертіс  маңындағы  таспалы  тоғай  мен  Қазақстанның  қатпарлы  ӛлкесінде  ӛседі. 
Ағаш  қоры  мен  кӛлемі  бойынша  Шығыс  Қазақстанның  қылқанжапырақты  ормандары  бірінші 
орында.  Олар  самырсын,  шырша,  кедр  ағаштарынан  тұрады.  Екінші  орында  шоқ  қарағайлы 
ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр. 
Орман  шаруашылығының  ғылыми-зерттеу  институтының  есептеулері  бойынша 
Қазақстанның 
облыстарында 
болашақ 
қорғаныштық 
ормандар 
отырғызу 
қажет. 
Солтүстік  Қазақстан  облысында  ормандарды  егістік  жерлердің  кӛлемінен  1,6  %-ға  жеткізу, 
Павлодарда  –  4,0  %,  Ақмолада  –  3,8  %,  Ақтӛбеде  –  3,9  %  жеткізу  жобаланған. 
Егістікті қорғайтын ормандардың кӛлемін солтүстік және батыс облыстарда 3,3 %-ға дейін  кӛтеру 
керек. Оңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман белдеуіне 3,5 % -ды жер 
берілуі қажет. Қазақстанның егістік қорғауға арналған орман белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу кӛзделіп 
отыр.  Қазіргі  кездегі  табиғи  және  жасанды  ормандар  3,6  %  құрайды.  Республиканың  жалпы 
орманын  шамамен  6-7  %-ға  дейін  жеткізу  жоспарланып  отыр.  Бұл  экологиялық  тұрғыдан 
негізделген. Республиканың орман ӛсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мӛлшерде 
және  бұрын  орман  ӛскен  жерлерде  жүргізу  қажет.  Барлық  нәрсенің  ӛз  орны  болады:  су  кӛп 
жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шӛптес ӛсімдіктері басым. Далалы 
жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін  кӛрсетті. Бұл ағаштар он бес  – жиырма 
жасқа  жеткенде  ӛздігінен   кеуіп  кетеді.  Олай  болса,  адам  экология  заңдарын  танып  білуі,  дұрыс 
пайдалануы  қажет.  Ӛйткені  ешкім  бұл  заңды  ӛзгерте  алмайды.  Әлі  де  болса,  Қазақстанның 
ормандарының  экологиясы  толық  зерттелмеген.  Болашақтағы  орман  ӛсіру  мен  қалпына  келтіруді 
экологиялық тұрғыдан қарау керек. Кейінгі кездерде біз тұрып жатқан Қарағанды қаласының кейбір 
кӛшелеріндегі  жиырма  –  отыз  жалдан  бері  жайқалып  ӛсіп  тұрған  ағаштарымызды  ортан  белінен 
аралап  кесіп,  жапырақсыз  қалдырып  жатырмыз.  Ол  -  ӛзімізге  ӛзіміздің  жасаған  қиянаттың  бірі. 
Отыз-қырық  жыл  бойы  ӛскен  бір  түп  ағаш  он  адамға  бір  жыл  бойы  дем  алатын  оттегін  бӛліп 
шығаратыны белгілі. Бір автокӛлік бір мың шақырым жүріп ӛткенде бір адамның бір жыл бойы дем 
алатын  оттегін  жағатындығы  анықталды.  Сонда  қаламыздың  эстетикалық  кӛркемдік  жағын 
әсемдеумен  қоса,  жылдан-жылға  кӛбейіп  келе  жатқан  автокӛліктерден  бӛлініп  шыққан 
кӛмірқышқыл  газын  жұтып,  оны  оттегіне,  яғни  таза  ауаға  айналдырып  отырған  жайқалған 
желектердің  кӛлденеңінен  кесіліп  қалған  қысқа  ғұмыры  адамзат  баласының  қайсысын  болсын 
толғандырады. 
Облысымыз бойынша орман-тоғай, кӛкмайса шабындықтарды қалпына келтіру жағдайы әлі 
де болса  баяу  жүріп  жатыр.  Табиғатты  қорғау  басшылықтары  қоршаған  ортаның  ластануына  мән 
бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын ӛртеу адам 
тынысын  тарылтып,  еркін  дем  алуына  кедергі  келтіріп  отыр.  Ондай  кӛк  түтін  адамның  тыныс 
органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін. 

177 
 
Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала кӛліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен 
троллейбустарға 
кӛшірілсе, 
ӛте 
жақсы 
болар 
еді. 
Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы 
ӛртеніп жосылған кӛк түтін мен  қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай ӛртеніп 
жатқанына  кӛңіл  бӛлетін  ешбір  жан  жоқ.  Сонда  облысымыздағы табиғат  қорғаумен  айналысатын 
адамдар 
қайда 
қарап 
отыр 
деген 
сұрақ 
туады. 
Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық ӛлкелерде жас ағашты ормандарда басталған ӛрт екі-
үш  тәулік  бойы  жанып  жатады.  Оған  ауыл  адамдарының  шамасы  келмейтін  уақыттары  да  бар. 
Сондықтан  олар  аудан  орталығынан,  облыстан  кӛмек  сұрайды. Ол  кӛмек  жеткенше  талай  жердің 
шӛбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бӛлінген қаншама улы кӛмірқышқыл 
газы  түгелдей  атмосферадағы  озон  қабатының  жұқаруына  әсер  етеді.  Озон  қабатының  жұқаруы 
салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі 
болып отыр. 
Сӛз  соңында  айтарымыз,  табиғат  ресурстарын  тиімді  пайдалануды  ұйымдастыру  үшін 
экономикалық  критерийге  негізделген  кешенді  тәсіл  қажет.  Жердің  сұлулығы  мен  байлығын 
қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын ӛмірге енгізу 
мен  айналысатын  мамандардың  арасында  жер  мен  кӛктей  айырмашылық  бар. Бұл айырмашылық 
кәдімгі  «істегім  келеді»  мен  «қолдан  келеді»  деген  сӛздердің  айырмашылығындай.  Бүкіл  адамзат 
баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл кӛңіл бӛлсе, ӛзіміздің Жер – 
Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет