Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата21.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#2412
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

 
Аннотация. 
Мақалада 
девиантық 
мінез-кҧлық 
проблемаларына 
криминологиялық, 
дефектологиялық,  психологиялық  тҧрғыдан  талдау  берілген.  Нормадан  ауытқыған  форманың  бір  тҥрі 
ретінде виктим мінез қҧлық ҧғымы қарастырылған. 
  
 
Annotation.  In  the  article  the  analysis  of  problem  of  behavior  is  presented  from  the  point  of  view  of 
psychology, defectolodi, criminology. The concept of viktim behavior is considered as one of forms of rejections 
in a norm. 
 
 
 
 
ӘОЖ  745 
Ж  26 
 
КИІЗ БАСУ ӚНЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Жанқожаева А.Қ.,  Шаринова Г.С. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақстанда  ҧлттық  қол  ӛнер  шеберлері,  яғни  зергерлер,  қыш  қҧюшылар,  нақыштаушылар,  ағаш 
кесушілер  қашанда  болған.  Олардың  ӛнер  тҥрлері  бҥгінге  дейін  сақталған,  алайда  бәріне қарағанда киіз, 
яғни тҥйе,  қой  жҥнінен  ӛнім  ӛндіру  ӛнері  ерекше  және  ҥлкен  сҧранысқа ие  болып  есептеледі. Киіз  кілем 
беті  мен  киімдерді  сонымен  қатар,  кӛшпенділердің  мекені  –  киіз  ҥй  дайындауда  қолданылған.  Киіз  ҥй 
киізбен сыртынан және ішінен қапталады. Ал оның табиғи қасиеттерін кӛптеген әлем елдері мойындаған. 

Киізді декоративті бағытта қолдануға болады. Декоративті киізбен жҧмыс жасайтын шеберлер арқасында 
ол  сән  трендіне  айналды.  Қазіргі  дизайнерлер  оны  киім  ҥлгілерінің  бӛліктеріне  қолданып  қана  қоймай, 
одан  жеке  костюмдер,  пальтолар,  қалпақтар  тігетін  болды.  Соңғы  кездері  киізден  жасалған  сырғалар, 
алқалар, білезіктер кең тарауда. Сонымен қатар, сӛмкелерді, ҧялы телефондарға арналған қапшаларды, аяқ 
киімдерді, т.б. да атауға болады.  Киіз ӛндірісі – белгілі бір шеберлікті қажет ететін кҥрделі ҥдеріс.[1] 
 
 
Киіз  ӛнімдерінің  бірі  –  киіз  шҧлықтар.  Киіз  шҧлықтар  жасау  ҥшін   арнайы  жҧқа,  жҧмсақ,  ақ  және 
қоңыр  тҥсті  киіз  қолданылады.  Әр  шҧлықты  біркелкі  киізден  пішеді.  Табаны  мен  қонышы  бір  тігіспен 
тігіледі. Ҥстін қара тҥсті мақта матадан тігу керек. 
Киіз  ҧлтарақтар  ыңғайлы,  тӛзімді  әрі  жылы  болып  келеді.  Ондай  ҧлтарақтар  суық  мезгілде  далада 
жҧмыс  істейтіндерге  (балықшылар,  аңшылар,  қҧрылысшылар,  шахтерлер,  геологтар  мен  әскерилерге) 
арналған.  Киіз  ҧлтарақтары  қан  айналымды  реттеп,  аяқтың  шаршағандығы  мен  ауырғандығын  басады, 
суық тию мен тҥрлі аурулардың алдын алады. Оларды тҥрлі ӛлшемде жасайды. 
 
 
Киізден жасалған жабық тҧмсықты байпақ жылы болады. Оларды пішу ҥшін ҥлгі ретінде ҥйдегі ескі 
аяқ  киімдер  жарайды.  Тігістерін  сӛгіп,  жеке  бӛлшектерін  қағазда  тҥсіріп,  киізге  аударыңыз.  Тҧтас  киіз 
қолданған  дҧрыс.  Табан,  ҧлтарақ  пен  ҧйықтың  ҥстіңгі  және  астыңғы  бӛлігін  жекелеп  дайындау  керек. 
Ҧйықтың  екі  бӛлігін  бір-біріне  жабыстырып,  ҥстіңгі  бӛлігін  ораңыз.  Оларды  кантпен  ӛңдеуге  болады. 
Ҥстіңгі  бӛлік  кант  немесе  аң  терісімен  ӛңделеді.  Киізден  бас  киім  де тігуге  болады.  Әйелдерге арналған 
қалпақтарды  жасау  оңай.  Олар  ҥшін  кӛлемі  жағынан  ҥлкен  киіздер  қолданылады.  Бӛліктер  біркелкі 
материалдан тігіледі. Ҥлгі бойынша қалпақтың ҥстіңгі бӛлігін дайындаймыз. Ҥстіңгі бӛлік айналдырылып 
тігіледі.  Қалпақтың  жиектері  де  оралып  тігіледі.  Әйелдерге  арналған  қалпақтардан  бӛлек,  моншаға 
арналған қалпақтар, кілемшелер тігуге де болады. 
Қалпақ  жасауды  сыртқы  жағындағы  жиектерді  біріктіруден  бастаған  жӛн.  Шеткі  бӛлікті 
айналымдағы  сақина  тігіспен  біріктіру  қажет.  Оны  тҥбімен  біріктіріп,  тігістерді  іште  қалдыру  керек. 
Астарды  да  алдын  ала  дайындап  алған  дҧрыс.  Сосын  оны  негізгі  тігістер  бойынша  ішке  тігу  керек. 
Жиектерді  шеткі  сақинаға  шеттерін  жауып  тігіңіз.  Астына  тігілетін  бӛлікті  қалпақтың  тҥбінен  тігіп 
тастаңыз. Сонымен  қатар нуножҥннен  әртҥрлі  басқа  тағатын  орамалдар  мен  мойын  шарфтарын әзірлеуге 
болады.  [2] 

 
Киіз  басудың   ӛзіндік қҧпиялары  аз  емес. Оның  бірнеше  тәсілдері  бар.  Дегенмен  қазір заман  басқа, 
сондықтан  мейлінше  қол  кҥшін  азайту  керек.  Сол  ҥшін  киіз  басқанда  сабын  кӛпіршігін  жиі  қолдануға 
болады.  Оны  киізге  себу  арқылы  аз  кҥш  жҧмсауға  болады.  Сосын  киізді  шлифті  машинамен  тегістеп, 
артынан кәдімгі нан жаятын оқтаумен илейді. Сонда киіздің қалыңдығы біркелкі шығады. Киізден сондай-
ақ қазіргі заманауи бешпенттер, пальтолар жасауға болады. Ол ҥшін биязы ақ қойдың жҥні қолданылады. 
Жҥнді  қалаған  тҥсіңізге  бояп,  тҥтеді.  Боялып  тҥтілген  жҥнді  ҥстел  ҥстіне  тегістеп  жайып  шығу  керек. 
Пальто  тігу  ҥшін  жҥнді  жҧқалап  жаяды.  Жҥнді тҥсіне  қарай әртҥрлі  етіп  ҥйлестіруге  болады. Сан-алуан 
етіп қҧлпырту шебердің ой-қиялына байланысты. Тігілетін киімнің кӛлеміне қарай  жайылған жҥнге жылы 
су себіліп тегіс етіп сабын жағылады. Жылы су мен сабын қой жҥнінің жақсы бірігуі ҥшін қолданылады. 
Сабынды  сумен  жапсырылған  жҥнді  матаға  орап  бойына  сіңген  судан  жайлап  ажыратып  алады.  Оны 
қатты  орап  сығуға  болмайды.  Себебі  киіз  ажырап  кетуі  мҥмкін.  Содан  соң  тағы  бір  қҧрғақ  матаға  орап 
қамыр тәрізді илейді. Киізді илеу ҧзақ уақытқа созылады. Әбден иі қанған киіз қатайып, киіз тіккен кезде 
жыртылып  кетпейді.  Білектеу  кезінде  орауды  бірнеше  рет  шешіп,  қайта  орау керек.  Әйтпесе  киіз матаға 
жабысып қалады.  
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Әбдуалиева Л.Ш. Халық қолӛнері. – Алматы:Рауан 1992.-120б. 
2.
 
Әлімбаев М.М. Алаша. /Асыл мҧра/ Егемен Қазақстан. 1998.-29б. 
3.
 
Ауғанбаева Ҧ. Кілем тоқу. Қазақстан мектебі. -2002. 
4.
 
«Шаңырақ» ҥй тҧрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. 
 
Аннотация. Подводя итог многие предприниматели и дизайнеры рука мастерского искусства 
делают из шерсти различные предметы. С разными технологиями изучают исскуства. из делают разные 
предметы (калпак, обуви, сумки, браслеты, чехлы для сотовых телефонов, костюмы, пальто)  сейчас 
высшее учебного заведения должны внедрит программу из войлочного исскуства 
 
Annotation.  Summarizing  many  entrepreneurs  and  designers  hand  craftsmanlike  made  of  wool  various 
items. With different technologies studied arts. of doing different things (kalpak, shoes, bags, bracelets, cases for 
cell phones, suits, coats) now higher educational institution should implement a program of Art Felt 
 
 
 

ӘОЖ 32 (574) 
 
ЖЕКЕ ТҦЛҒАҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ АЛДЫН АЛУ ӘДІСНАМАСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Кадыркулов А.Ж., Тастанова М. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Адам – қоғамның негізі. Адам болмаса, адамның қҧқықтары мен бостандықтары қадірленбесе, аяққа 
тапталса,  онда  қоғам  ӛмір  сҥрмейді  немесе  оны  адамзат  қоғамы  деп  атау  мҥмкін  болмайды.  Жеке  адам 
қоғамда  ӛмір  сҥргендіктен  және  ең  бастысы  оған  "адам"  деп  ат  қойғандықтан,  қоғамның  ережелерін 
сақтауы  тиіс  және  "адам"  деген  атқа  лайықты  болуы  тиіс.  Адам  қоғамның  және  болашақтың  негізі 
болғандықтан,  адамның  ӛмірі  мен  денсаулығы  бірінші  орынға  қойылады.  Адамзат  әлі  идеалды  дәрежеге 
жетпегендіктен оның әрекеттерінде қателіктер кездеседі. 
Олар қоғамға қауіпті әрекет жасайды. Басқа адамдарды қылмысқа итермелейді немесе ӛзі байқамай 
адамды  қылмыскер  етіп  тәрбиелеуі  мҥмкін.  Біздің  міндетіміз  бҧған  жол  бермеу,  қҧқық  бҧзушылықтың 
алдын алу, адамды ӛркениеті қоғамның баласы етіп тәрбиелеу. 
Бҧл  мақсатқа  жету  ҥшін  кӛптеген  салалар  ӛз  ҥлестерін  қосады.  Соның  ішіндегі  саяси,  әлеуметтік, 
экономикалық, қҧқықтық салаларды атап ӛтуге болады. Жеке адамдарға қарсы қылмыстарды зерттегенде 
ең  алдымен  олардың  алдын  алу,  мҧндай  қылмыстарды  болдырмау  жолдарын  қарастырған  дҧрыс.  Ал, 
қылмыс жасалып қойса, оны қылмыстық заңдармен дҧрыс саралап, әділ жаза тағайындау аса маңызды. Ол 
ҥшін  жеке  тҧлғаларға  қарсы  қылмыстардың  қатарына  қандай  іс-әрекеттер  жататындығын,  олардың 
қҧрамын, белгілерін білуіміз қажет. Оларды басқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттереден айырып дҧрыс саралау 
керек. Осыларды толық зерттеп болғаннан кейін ғана олармен кҥресудің жолдарын, тиімді тәсілдерін және 
алдын алу шараларын ойластырып, қарастыруға болады. Менің еңбегім міне осы мәселелерге арналған. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Нҧрсҧлтан  Әбішҧлы  Назарбаев  2005  жылы Қазақстандықтарға 
арнаған Жолдауында ғылымды одан әрі дамытуға ерекше мән берді. 
Жалпы  ғылымы  жоқ ел  тҧл,  ғылымы  дамымаған  елдің  болашағы кҥмәнді,  қазір қарап  отырсақ,  жер 
жаһандағы  ізгі  жетістіктердің  барлығы  дерлік  ғылымның  адамзатқа  тартқан  сыйы,  тартуы  іспеттес. 
Тәуелсіздік туын  желбіреткен  жиырма  бір  жылдан  бері  Қазақстан  ғылымы  да  дамып,  әлемге  әйгілі  бола 
бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық кӛрінісі айқын. 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясына  сәйкес  біздің  мемлекетіміз  демоқратиялық,  қҧқықтық, 
әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің ӛркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына қҧқық 
нормаларын,  қҧқық  саласы  ғылымын  жетілдірудің  маңызы  ерекше.  Қҧқық  нормалары  барлық  қоғамдык 
катынастардың  реттеуші  тетігі,  кез-келген  қоғамдық  қатынастар  жалпыға  бірдей,  әділ  заң  нормалары 
арқылы жҥзеге асырылуы қажет. 
Заң талаптарын,  қҧқық  нормаларын қҧрметтеу  және  оны  бҧлжытпай  жҥзеге  асыру әрбір  азаматтың 
қасиетті борышы. 
Қҧқықтық  мемлекеттілікті  орнатуда,  оның  тетіктерін  одан  әрі  жетілдіруде  қҧқық  ғылымы 
салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. 
Сондай  ауқымды  міндет  заң  ғылымының  негізгі салаларының  бірі  —  қылмыстық  қҧқық  ғылымына 
да  жҥктеліп  отыр.  Қылмыстық  қҧқық  ғылымында  алда  кешенді  ғылыми  проблемаларды  жҥзеге  асыру, 
оның  ішінде  қылмыстық  жазаны  тағайындау,  бас  бостаңдығынан  айырмайтын  шараларды  белгілеудің 
ғылыми  негіздері,  ӛлім  жазасын  қолдануды  жою,  ӛмір  бойы  бас  бостандығынан  айыру  жазасын 
орындаудың қҧқықтық-нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жҥзеге асыру міндеттері 
тҧр. 
Қылмыстылықпен  кҥрес,  қылмыскердің  тҧлғасына  ғылыми  негізде  зерттеу,  орын  алған  қылмысты 
қҧбылыстардың  себептері  мен  оған  мҥмкіндік  жасайтын  мән-жайларын  анықтау,  бҥгінгі  кҥні  заң 
ғылымдарының келесі міндеттерінің бір болып саналады. 
Ғылыми  еңбекті  жазу  барысында  тҥрлі  еңбектер  қолданылды,  оның  ішінде  Қазақстан 
Республикасының  осы  және  басқа  да  салалардағы  ғалымдарының,  онымен  шектеліп  қоймай  шет  ел 
ғалымдарының еңбектері терең зерттеліп зерделенді. Атап айтсақ, С.В.Максимовтың, К.Ш.Курмановтың, 
Б.В.Здравомыслованың. 
Адамның  және  азаматтың  қҧқықтары  мен  бостандықтары  мемлекет  арқылы  қорғалады.  Қазақстан 
Республикасының  конституциясының  ІІ-бӛлімі  осы  мәселеге  тікелей  арналған.  Конституциясының  I-
бабында  "ең  қымбат  қазына  –  адам  және  адамның  ӛмірі,  қҧқықтары  мен  бостандықтары",  -  деп 
жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасының барлық қҧқық салалары, оның ішінде Қылмыстық 
қҧқықта адамды қорғауды ӛзінің міндеті деп санайды.  
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінің  2-бабында  адам  мен  азаматтың  қҧқықтары, 
бостандықтары  мен  заңды  мҥдделерін  қорғау  ең  басты  міндет  ретінде  кӛрініс  тапқан.  Қазақстан 

Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам қҧқықтары мен бостандықтарын қорғауға 
әр  уақытта  артықшылықтар  береді.  Сондықтан  да  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінің 
Ерекше  бӛлімінің  бірінші  тарауы  жеке  адамға  қарсы  қылмыстарға  арналған.  Осы тарауға кіретін  барлық 
қылмыстардың  топтық  объектісі  жеке  адамның  дҧрыс  іс-қызметін  қамтамасыз  ететін  қоғамдық 
қатынастар болып табылады. 
Тікелей  объектілерінің  ерекшеліктеріне  қарай  жеке  адамға  қарсы  қылмыстар  мынадай  тҥрлерге 
бӛлінеді:  ӛмірге  қарсы  қылмыстар;  адам  ӛлтіру  (96-б.);  жаңа  туған  сәбиді  анасының  ӛлтіруі  (97-б.);  жан 
кҥйзелісі  жағдайында  болған  адам  ӛлтіру  (98-б.);  қажетті  қорғаныс  шегінен  шығу  кезінде  жасалған  кісі 
ӛлтіру  (99-б.);  қылмыс  жасаған  адамды  ҧстау  ҥшін  қажетті  шаралардың  шегінен  шығу  кезінде  жасалған 
кісі ӛлтіру (100-б.); абайсызда кісі ӛлтіру (101-б.); ӛзін-ӛзі ӛлтіруге дейін жеткізу (102-б.). 
Жеке тҧлғаларға қарсы қылмыстар қоғам ҥшін және философия, дін, психология, этика,  қҧқық ҥшін 
орталық тақырыптардың бірі болып табылады. 
Біздің  мемлекетімізде  жеке  адамдарға  қарсы  қылмыстар  ӛміріміздің  барлық  саласында  отбасында, 
ӛндірісте, саясатта кӛрініс тапқан. 
Соңғы  кезде тапрысыпен  кісі  ӛлтіру,  ҧрып-соғу,  зорлау  кӛбейіп  келеді.  Бҧл  қылмыстардың  кӛбейуі 
қоғамның  және  кӛптеген  адамдардың  рухани  мәдениетінің  тӛмендеуіне  және  дӛрекілеуіне  байланысты. 
Бҧдан  біздің  ӛміріміздің  барлық  салаларының  дҧрыс  жҧмыс  атқармайтындығын,  этикалық  тәрбиеде 
кешірілмейтін қателіктер  бар  екенін,  ал  кейбір  жағдайларда  мҧндай  тәрбиенің  мҥлдем  болмайтындығын 
кӛреміз. 
Кеңес  Ҥкіметі  кезінде  әркім  ӛз  кӛршісінің  ӛзінен  бай  болмайтындығына  кӛзі  жететін.  Қазір  бай 
адамдар, олардың ішінде негізсіз байығандар кӛбейіп кетті. Біздің мемлекетіміз оған дайын емес еді. 
Оның  ҥстінде  адамдардың  кӛптеген  игіліктердің  бар  екенін  бірден  білді.  Кӛшелердегі  әдемі 
дҥкендер  адамдарды  материалдық  игіліктерге  жету  ҥшін  және  нәпсісін  қанағаттандыру  ҥшін  "ерлік" 
жасауға итермелейді. Осыдан кісі ӛлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, зорлау кӛбейіп кетті. 
Сондықтан,  қоғамның  санасын,  соның  ішінде  заңгерлердің  санасын  тҥпкілікті  ӛзгерту  қажет. 
Қылмыс  жасаған  адамдармен  қоса  оларға  кӛмектесетін  және  жазадан  қҧтылуға  жәрдемдесетін  кейбір 
заңгерлер қылмыстықтың кебейуіне себепкер болады. 
Біздің  міндетіміз  жеке  адамдарға  қарсы  қылмыстардың  табиғаты  мен  себептерін  тҥсініп,  олардың 
алдын алу болып табылады. Бҧл біздің тек қоғамдық емес, сонымен қатар азаматтық борышымыз. 
Қылмыстық  қҧқық  жеке  қҧқық  саласы  ретінде  адамды,  оның  қҧқықтары  мен  бостандықтарын, 
қоғамды  және  мемлекетті  қылмыстық  қол  сҧғушылықтан  қорғауға  бағытталған  қоғамдық  қатынастарды 
реттейді 
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мҥддесін қорғау болып 
табылады.  Қылмыстық  кодекстің  Жалпы  бӛлімінде  ескі  кодекске  қарағанда  кӛптеген  қылмыстық- 
қҧқылық тҥсініктердің, институттардың жаңа ҧғымы берілген. 
Қылмыстың  бірінші  белгісі  –  оның  қоғамға  қауіптілігі.  Қоғамға  қауіптілік  –  қылмыстың  заңмен 
қорғалған қоғамдық қарым-қатынасқа  нақты қауіптілікті тудыратын  немесе зиянын  тигізетін қылмыстың 
объективті  белгісі  (әрекет  немесе  әрекетсіздігі).  Қылмыс  қҧқығының  ішінде  ауыр  қылмыс  ҥлкен  орын 
алып отыр. 
Жеке тҧлғаға қарсы қылмыстардың алдын алудың ӛзекті мәселелерін айта кетсем. 
Тергеушінің тҥзеу мекемелеріндегі қылмыстылықтың алдын алуы 
Алдымен,  қылмыстықтың  алдын  алуда  нені  тҥсінетіндігімізді  анықтап  алу  қажет.  Ғалымдардың 
арасында бҧған байланысты келісімге келтірілген бір пікір жоқ. Кейбір авторлар алдын алуды қылмыстық 
алдын  алу  мен  оны  туындататын  жағдайларды  жою  жҧмыстарының  жҥйесін  тҥсінсе,  екіншісі 
"қылмыстылыққа  жол  беретін  объективті  және  субъективті  себептерді  қою"  деп  тҥсінеді.  Алғашқы 
авторлардың берген тҥсініктері алдын алудың мәнін толық ашық кӛрсетпейді. Ал, екінші авторлар алдын 
алу  жҧмыстарының  жҥйесін  ӛте  жалпыландырып  жіберген.  Субъективті  пікірлерді  жою  қажеттігі  бола 
тҧра, оны объективті жағдайларға қарама-қарсы қоюға болмайды. Себебі, субъективті себептер объективті 
себептерсіз  ӛзінен  ӛзі  пайда  болмайды.  А.И.Данилюктің  пікірінше,  қылымыстың  алдын  алу  дегеніміз  - 
қоғамның  материалдық-техникалық  негізін  қҧруға,  моральды  кодекс  рухындағы  жаңа  адам  тәрбиелеуге, 
қылмыстықтың  алдын  алуға,  тыюға,  қылмысты  ашуға,  қҧқық  бҧзғанды  жазалау  және  қайта  тәрбиелеуге 
қоғамда  қҧқықтық  мәдениетті  дамытуға  байланысты  жҥргізілетін  мемлекеттің  және  қоғамдық 
ҧйымдардың  саяси,  экономикалық,  қҧқықтық  және  ӛзге  де  шаралардың  жҥйесі  болып  табылады.  Бҧл 
алдын  алу  жҧмыстарының  тек  жалпы  тҥсінігі.  Ал,  тергеушінің  алдын  алу  жҧмыстары,  соның  ішіндегі 
тҥзеу  мекемелеріндегі  алдын  алу  жҧмыстары  сотталғандардың  қҧқықтық  жағдайының,  анықтама 
органдармен  қарым-қатынастардың,  кҥзет  тәртібінің,  қҧқықтық  мәдениетті  ендірудің  ерекшеліктерімен 
кӛрініс табуы қажет. 
Сонымен  тергеушінің  тҥзеу  мекемелеріндегі  жеке  тҧлғаларға  қарсы  қылмыстардың  алдын  алу 
дегеніміз  іс  жҥргізушілік  және  іс  жҥргізушілік  емес  шаралардан  тҧратын,  ӛз  ӛкілетті  шеңберінде  ӛзге 
мемлекеттік  орындармен  бірлесіп  жҥргізілетін,  рецидивті  болдырмауға,  қылмыс  жасауға  тиімді 

жағдайларды  жоюға  және  азаматтардың  қҧқықтық  мәдениетін  кӛтеруге  бағытталан  жҧмыстардың 
жиынтығы және тергеушінің маңызды міндеті болып табылады. 
Бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  шыққан  тҧлғаларғаәкімшілік  қадағалау 
қылмыстылықтың алдын алудың бір шарасы ретінде 
Жеке  адамдарға  қарсы  қылмыс  жасағандардың  рецидивін  болдырмауда  бас  бостандығынан  айыру 
орындарынан шыққан адамдарға әкімшілк қадағалаудың маңызы ерекше десек қателеспейміз. 
Әкімшілік  қадағалау  ӛзге алдын  алу  шараларына  қарағанда  ӛзгешелігі  оның  мемлекетік  мәжбҥрлеу 
шарасы  болып  табылатындығында.  Ол  белгілі  бір  уақыт  аралығында  жҥргізіледі.  Бҧл  шараның  басты 
мақсаты  сотталып  шыққандардың  қайтадан  қылмыс  жасауын  болдырмау.  Әкімшілік  қадағалау, 
мәжбҥрлеу  шарасы  бола  тҧра,  тәрбиелеу  шарасы  да  болып  табылады.  Әкімшілік  қадағалау  барысында 
мәжбҥрлеу және тәрбиелеу шаралары ӛз ҥйлесімділігін табады. 
Әкімшілік  қадағалауда  қолданылатын  шаралардың  барлығы  қадағалауға  бағытталмаған.  Бҧл 
шаралар  тҧлғаның  қайтадан  қылмыс  жасауының  алдын  алады.  Олар  бақыламайды,  тек  жҧріс-тҧрыстың 
қандай болу керектігін тҥсіндіреді. 
Жеке адамдарға қарсы рецидивті қылмыстылықтың алдын алудың мәселелері 
Жеке адамдарга қарсы қылмыстылықтың алдын алудың ішіндегі ӛзекті мәселелердің бірі - рецидивті 
қылмыстылықтың  алдын  алу  оның  себептері  де  бар.  Біріншіден,  рецедивті  қылмыстылық  ҥлкен  орын 
алады.  Екіншіден,  бҧрын  сотталғандар  қылмыстылықтың  ауа  райының  ӛзгерте  алатындығын  теория  мен 
тәжірибе  дәлелдеп  отыр.  Ҥшіншіден,  рецидивті  қылмыстық  әлеуметтік,  психологиялық,  статистикалық 
табиғатты тҧрғысынан жете зерттелмеген. 
Жеке  тҧлғаларға  қарсы рецедивті  қылмыстардың  алдын алу  ең  алдымен  психологиялық әсер  етеді. 
Ал,  сотталып  шығып,  тордың  арғы  шеті  қандай  болатындығын  кӛргендерге  қылмыс  жасамау  туралы 
психологиялық  әсер  ету  ӛте  қиын.  Қылмыс  жасап  сотталып  шыққандардың  қылмыс  жасауда  белгілі  бір 
тәжірибелері болады. Сондықтан, олар қайтадан қылмыс жасаған кезде ҧсталмаймыз деп ойлайды. 
Рецедивті қылмыстықтың алдын алудың қазір тек тиімді екі ғана жолы бар: 
Бірінші, заңның жалпы алдын алу қызметі. Қылмыс жасауға дайын жҥргендердің тек жартысын ғана 
заң ҧстап қалады. Ал қалғандары ҧсталмаймыз деп ойлайды немесе жазадан қорықпайды. Бҧл қылмыстық 
жазалардың  тиісті  тҥрде  қатал  емес  деген  ойға  алып келуі  мҥмкін. Сонымен,  қылмыстық  тәжірибесі  бар 
адамдардың жаңа қылмыс жасауының қылмыстық жаза тоқтатпайды деген сӛз. 
Рецедивті  қылмыстылықтың  алдын  алудың  тағы  бір  жолы  қҧқық  қорғау  органдарының  қызметі 
болып  табылады.  Осы  органдар  ӛз  қызметтерін  дҧрыс  орындағанда  кӛптеген  қылмыстардың  алды 
алынады.  Ал,  тәжірибесі  бар  қылмыскерлер  қҧқық  қорғау  органдарының  назарына  оңайлықпен  іліне 
қоймайды. 
Жоғарыда айтылғандар жеке тҧлғаларға қарсы рецидивті қылмыстардың алдын алу мәселелері жете 
зерттеліп, дамытылмаған. 
Менің  ойымша  мҧндай  психология  әсер  ету  мҥмкін  емес,  тек  олардың  қылмыс  жасауына 
итермелейтін  жағдайларды  қою  керек.  Мҧнда  ең  алдымен  материалдық  қажеттікті  қанағаттандырудың 
ӛзге  жолдарын ойластыру аса  маңызды.  Мысалы,  бҧрын  тапрысыпен  кісі  ӛлтіріп, сотталып  шыққан адам 
ӛз отбасын асырау ҥшін бҧрынғы кәсібіне қайтадан оралуы мҥмкін және бҧрын жіберген қателіктерін бҧл 
жолы жібермеуге тырысады. Екіншіден, қоғам мҧндай тҧлғалардан теріс бҧрылмау қажет, қарсы жағдайда 
барлық  мәжбҥрлеу  шаралары  алынады.  Ҥшіншіден,  сотталған  адамдары  жазасын  ӛтеу  барысында 
жҧмысқа бейімдеу қажет. "Адамды адам еткен – еңбек" деген мақалды осы жерде мысал ретінде келтіруге 
болады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж. (21.05.2007 ж. толықтырулармен және 
ӛзгертулермен). 
2.
 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексі.  16.07.1997  ж.  (18.01.2011  ж.  толықтырулармен 
және ӛзгертулермен). 
3.
 
А.Лаврин. Хроники Харона. Энциклопедия смерти. М., 1999 г. с. 11. 
4.
 
ҚР  Бас  прокуратурасының  Қҧқықтық  статистика  және  арнайы  есептер  жӛніндегі  комитетінің 
(Қҧқықтық статистика және ақпараттар орталығы) мәләметтері. Астана, 2010 ж. 
5.
 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  іс-жҥргізу  кодексі.  13.12.1997  ж.  (18.01.2011  ж. 
толықтырулармен және ӛзгертулермен). 
6.
 
«Адамның  ӛмірі  мен  денсаулығына  қарсы  кейбір  қылмыстарды  саралау  туралы»  ҚР  ЖС  2007 
жылғы 11 мамырдағы N 1 НҚ. 
 
Аннотация. В данной работе рассматриваются вопросы по борьбе с преступностью и эффективным 
методам предупреждения преступлений против личности, определение деяний относящихся к данным 

преступлениям, их отличие от других общественно-опасных деяний, признаки и состав этих 
преступлений. 
 
Аnnotation. In this work questions on fight against crime and effective methods of the prevention of crimes 
against the personality, definition of acts relating to these crimes, their difference from other public and dangerous 
acts, signs and structure of these crimes are considered. 
 
 
 
 
ӘОЖ 342 
АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ТЕТІГІ 
 
Кадыркулов А.Ж., Зияр Ҧ. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Адам  ӛмірі  қауіпті  және  кҥтпеген  сәттерге  толы.  Кез  келген  кезде  денсаулықтан,  сонымен  қоса 
тіршілік  етудің  негізгі  кӛзі  –  жалақыдан  да  айырылып  қалуға  болады.  Ӛмір  сҥрудің  негізгі  және  кӛп 
жағдайда  жалғыз  кӛзі  болып  табылатын  жалақыны  жоғалту  қызметкерді  және  оның  отбасын  аса  ауыр 
материалдық жағдайға алып келеді, ал бҧл, ӛз кезегінде, кедейшілікке, қайыршылыққа, әртҥрлі ауруларға 
әкеліп  соғады.  Мҧндай  жағдайларға  мыналар  жатады:  науқас,  кәрілік,  мҥгедектік,  асыраушысынан 
айырылу  және  т.б.  Аталған  қиындықтарды  ӛз  бетімен  дербес  жеңу  кӛп  жағдайда  мҥмкін  болмайды. 
Осындай  кезде  кӛмекке  мемлекет  келеді.  Халықтың  экономикалық  тҧрғыдан  бәсең  бӛлігінің  (қарт 
адамдардың,  еңбекке  қабілеттігі  жоқ  және  жҧмыссыз  тҧлғалардың)  материалдық  қамтамасыз  етілу 
деңгейінің  кҥрт  тӛмендеу  мәселесін  шешуді  мемлекет  ӛз  мойнына  алды.  Ол  әлеуметтік  қамсыздандыру 
жҥйесін  жасап,  әлеуметтік  оқиғалар  –  кәрілік,  ӛлім,  науқастық,  мҥгедектік,  ана  болу,  жҧмыссыздық 
туындаған  кезде  зейнетақылар,  әлеуметтік  жәрдемақылар  береді  және  қызмет  кӛрсетеді.  Елдің  халқын 
әлеуметтік  қамсыздандыруды  дамыту  мемлекеттің  әлеуметтік  саясатының  және  қызметінің  басым 
бағыттарының  бірі  болған  және  болып  қала  береді.  Жоғарыда  атап  ӛткеніміздей,  нарықтық  қатынастар 
орын  алған  кез  келген  ӛнеркәсіптік  дамыған  мемлекетте  халықты  әлеуметтік  қорғау  азаматтардың 
қҧқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері жҥйесін де маңызды орынды иеленеді. Алайда, нарықтық 
қатынастар  ӛз  бетімен  халықты  әлеуметтік  қорғау  механизмін  туындатпайды.  Халықты  әлеуметтік 
қорғаудың  ерекшелігі  оның  аса  кӛп  материалдық  шығындарды  талап  етуінен  және  ешқандай  пайда 
әкелмейтінінен  кӛрініс  табады.  Осы  ерекшелігіне  орай  халықты  әлеуметтік  қорғауды  шешу  мәселесін 
мемлекет ӛз мойнына алады.Байқағанымыздай, әлеуметтік қамсыздандырудың тарихы жҥз жылдам астам 
уақытты қамтиды. Бҧл уақыт ішінде қаржыландырудың функциялары, нысандары және әдістері талай рет 
ӛзгерді. Бірақ,  әлеуметтік  қамсыздандырудың  мақсаты  – адамдардың  ӛмірін  жақсарту ешқашан ӛзгерген 
жоқ.  Әлеуметтік  қамсыздандыру  халықтың  ӛмір  сҥру  деңгейімен  тығыз  байланысты.  Қоғамның  еңбекке 
жарамсыз  мҥшелерін  әлеуметтік  қамсыздандырудың  деңгейін  анықтайтын  фактор  болып  әлеуметтік 
қорғау  шараларын  қаржыландырудың  қайнар  кӛзі,  механизмі  немесе  кестесі  табылады.  «Әлеуметтік 
қорғану»  немесе  «әлеуметтік  қауіпсіздік»  тҥсінігі  алғаш  рет  АҚШ-та  пайда  болды  және  ол  кез  келген 
азаматты,  тіпті  елдің  кез  келген  тҧрғынын  жҧмыссыздықтың,  табыстың  жоғалуының  немесе  кҥрт 
азаюының,  аурудың,  бала  туудың,  ӛндірістік  жарақаттың  немесе  кәсіптік  аурудың,  мҥгедектіктің, 
кәріліктің,  асыраушысынан  айырылуының  салдарынан  орын  алған  экономикалық  немесе  әлеуметтік 
қиындықтардан  қорғайтын  шаралар  жҥйесін  білдірді.  Халықты  әлеуметтік  қамсыздандырудың  жҥз 
жылдық  тарихына  талдау  жасау  халықты  әлеуметтік  қамсыздандыруды  қамтамасыз  етудің  екі  негізгі 
схемасын анықтауға мҥмкіндік береді: 
-әлеуметтік қамсыздандыруды қаржыландырудың ҥш жақты схемасы; 
-әлеуметтік  қорғауды  қаржыландырудың  мемлекеттік  әкімшілік-биліктік  (немесе  бюджеттік) 
схемасы. 
Әлеуметтік  қамсыздандыруды  қаржыландырудың  ҥшжақты  схемасы  кезінде  тараптар  ретінде 
мына тҧлғалар табылады: 
1) еңбекке қабілетті, жҧмыс істейтін, одан әрі зейнетақыға ҥміткер әрбір азамат; 
2) жҧмыс беруші; 
3) мемлекет. 
Қаржыландырудың  ҥш  жақты  жҥйесі  АҚШ-та  пайда  болды  және  ол  қазіргі  кезде  барлық  ірі 
ӛнеркәсіптік-дамыған елдерде ӛз кҥшіне ие. 
Әлеуметтік қорғауды қаржыландырудың мемлекеттік әкімшілік-биліктік жҥйесі кезінде қаржылық 
ресурстардың басты субъектісі болып мемлекет табылады, яғни әлеуметтік қорғау шараларының жҥйесін 
мемлекет қаржыландырады. Дәл осындай жҥйе бізге бҧрынғы Кеңестік Одақтан мҧраға қалды. 

Әлеуметтік қамсыздандырудың мҧндай жҥйесі кезінде тараптар болып жҧмыс істейтін азамат пен 
мемлекет  табылады.  Әлеуметтік  қамсыздандырудың  бҧл  ҥлгісі  нарықтық  қатынастарға  ӛту  кезеңінде 
жедел  реформалауды  қажет  етті.  ХХ  ғасырдың  90  жылдарындағы  экономикалық  тоқырау  қазақстандық 
әлеуметтік  қамсыздандыру  жҥйесіндегі  қиындықтарды  одан  әрі  ӛршіте  тҥсті.  Инфляция  мен 
жҧмыссыздықтың  ӛсуі,  ӛндірістің  қҧлдырауы  жҧмыс  істейтіндер  санының кҥрт тӛмендеуіне әкеп  соқты, 
ал бҧл, ӛз кезегінде, қарт адамдар санының ӛсуімен бірге бір ҧрпақтан (жҧмыс істейтіндерден) екіншісіне 
(жҧмыссыздарға)  капиталдың  ауысуының  бірден  азаюын  білдірді.  Жҧмыс  істейтіндер  мен  зейнеткерлер 
санының арақатынасында тепе-теңдіктің болмауы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының ақша 
қаражаттарының  дефицитінің  артуына  және  соған  орай  республикалық  бюджеттің  осы  дефицитті  жабуға 
бағытталған  шығындарының  кӛбеюіне  әсер  етті.  Реформалау  ҥрдісі  кезінде  кӛмекке  мҧқтаж  тҧлғаларды 
жеткілікті  тҥрде  материалдық  қамсыздандыруға  жағдай  жасайтын  әлеуметтік  қамсыздандыру  ҥлгісін 
жасаудың  қажеттігі  туды.  Сӛйтіп,  әлеуметтік  қамсыздандырудың  қазақстандық  ҥлгісі  қалыптасты,  оның 
ерекшеліктрі  жӛнінде  біз  тӛменде  сӛз  қозғаймыз.  Қорытындылай  келе,  ӛркендеген  елдердегі  әлеуметтік 
мемлекеттің қҧрылуы мемлекеттік қҧрылыстағы жаңа қадам деп тҧжырымдауымызға болады. Әлеуметтік 
мемлекет  жоғарыда  айтқанымыздай  –  ӛз  азаматтарының  ӛмір  сҥруіне  лайықты  жағдаймен  қамтамасыз 
етуге,  әлеуметтік  жағдайының  қорғалуына,  материалдық  және  рухани қажеттіліктерін  қанағаттандыруға, 
ӛндірісті  басқаруға,  қоғам  мен  мемлекет  іске  араластыруға  ҧмтылатын  мемлекет.  Бҧл  мәселе  –  жағдайы 
нашар  қамтамасыз  етілген  топтың  пайдасына  ҧлттық  табыстың  қайта  бӛлудің  кӛмегімен,  халықты 
жҧмыспен  қамтамасыз  ету,  еңбекті  қорғау,  білім  алу,  денсаулық  сақтауды,  бҥкіл  қоғамның  мәдениетін, 
т.б.  дамыту  саясатын  жҥргізуді  жҥзеге  асыру  барысында  кол  жетіп,  орындалады.  Әлеуметтік  мемлекет 
қоғамдағы  экономикалық,  әлеуметтік  және  т.б.  теңсіздіктерді  бәсеңдетуге,  жуып-шаюға  бар кҥш-жігерін 
жҧмсайды. 
Алға қойылған мiндеттердi iске асыру ҥшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет: 
- әлеуметтiк кӛмек кӛрсетудiң атаулы сипатын кҥшейту; 
-  аз  қамтылған  халықтың  еңбекке  қабiлеттi  бӛлiгiнiң  кедейшiлiгiн  белсенді  еңсерудің  нақты 
тетіктерін пайдалану. 
Лайықты еңбек мҥмкiндiктерiн кеңейту, икемдi еңбек нарығын арттыру мақсатында: 
-  ӛңiрлiк  орталықтарда  ӛндiрiстi  оңтайлы  орналастыру,  салалардың  кластерлiк  дамуы, 
экономиканың шикiзаттық емес секторын дамыту негiзiнде жҧмыс орындарын қҧруды; 
-  кәсiби  оқыту  жҧмыс  берушiлердiң  персоналды  iшкi  ӛндiрiстiк  оқытуды,  кадрларды  кәсiби 
даярлау  мен  қайта  даярлауды  ҧйымдастыруда  қатысуын  ынталандыру  арқылы  жҧмыс  кҥшiнiң  кәсiби-
бiлiктiлiк деңгейiн арттыруды; 
-  жҧмыссыздардың еңбек  нарығында  бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру  бойынша  тиiмдi  әлеуметтiк 
қолдау кӛрсетудi кӛздейтiн жҥйелiшаралар қабылданатын болады 
Жастардың кәсiби бiлiм алуына, жеке кәсiп ашуына, жастарды шағын және орта бизнес саласына 
тартуға  арналған  кредит  беру  және  гранттар  бӛлу  бағдарламасын  iске  асыру  арқылы  оларды  жҧмыспен 
қамтудың белсендi саясатын жҥргiзу жӛнiнде шаралар қабылданатын болады. 
Алға  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу  ҥшін  міндеттердің  болғандығы  орынды.  Дегенмен  де 
дамып келе жетқан Қазақстан алдында әлеуметтік қорғау жҥйесінде орын алған мәселелер жеткілікті: 
Қазіргі  кезде  экономикалық  табиғи  ресурстарға  байланысты.Бҧл  әлемдік  сҧраныстың 
қҧбылмалығына  бағынышты.  Мҧнай  саласына  байланысты  жҧмыссыздықтың  ӛсуіне,  яғни  отандық 
жҧмысшыларға сҧраныстың болмауы, бҧл ӛз деңгейінде кедейліктің азаюына алып келмейді. 
Адамдық капиталға инвестициялық қҧралдардың жетіспеуі. Денсаулықты сақтау, білім беру және 
әлеуметтік активті адамдар жаңа глобальды экономикада бәсекегеқабілетті бола алмайды.Демографиялық 
тенденция  елеміздегі  ең  маңызды  мәселелердің  бірі  халықтың  санын  кӛбейту  ең  басты  мақсат  болып 
табылады. 
Қазақстанда  кедейліктен  зардап  шегіп  отырған  бҧл-экологиялық  аспектілерді  басқару  болып 
табылады,  экологиялық  қасіреттер  (Арал  теңізі,  Семей  ж.т.б.)  бҧл  денсаулықты  сақтауда  ішкі  кӛші-қон 
мәселесі және аймақтық теңсіздіктің ӛсуіне алып келеді. 
Соңғы  жылдары  тҧрақты  экономикалық  ӛсім  болған  жағдайда  да  ЖІӚ  әлеуметтік  салаға 
шығындардың  ҥлесін  қысқартып  отыр.  Әлеуметтік  саланы  «2030  және  2010»  стратегияға  байланысты 
бюджетті  дамытуға  бағытталуы  керек.  Денсаулықты  сақтау  және  білім  беруде  қажетті  инвестиция 
тартуды  басқару  ресурстарды  сонымен  бірге  халықтың  кедей  топтарының  азаюы  орын  алуы  керек. 
Халықтың  әлеуметтік  жағынан  әлсіз  қорғалған  топтары  Ҥкімет тарапынан  ерекше  назар аударуды талап 
етеді. Егер ӛз уақытында шара қолданбаса, ҧзақ мерзімді кедейлікті азайта алмайды. Әлемдік дағдарыстың 
шарпуына қарамай, еліміздің қарқынды дамуы ӛткен жылы сыр берген жоқ. Қай салада да ӛсіп-ӛркендеу 
айқын  байқалады.  Әр  жыл  сайынғы  халыққа  Жолдауында  әлеуметтің  әлеуетін  арттыру  жӛніндегі 
Президенттің нақты тапсырмалары жоғарыдағыдай шешімін тауып, халықтың тҧрмыс-тіршілігін, кҥнкӛріс 
қарекетін жақсартуға септігін тигізіп келеді. Осыған байланысты жасалып жатқан іс-шаралар оң шешімін 
табады  деп  айтуға  болады.  Әлеуметтік  қатерлер  тҥрлері  және  тӛлемдер  негіздері  жӛніндегі  заңнаманы 

кезең-кезеңімен  жҥйелеу  ҧсынылып  отыр.  Азаматтардың  жекелеген  санаттарын  қосымша  қорғауға 
қатысты  арнаулы  заңнама  әзірленетін  болады.  Әлеуметтік  нормативтерді  есептеу  әдістемесі  одан  әрі 
жетілдіріледі.  Әлеуметтік  сақтандыру  жҥйесін  қаржыландыру  әлеуметтік  салықтың  бір  бӛлігін  жарнаға 
айналдыру  және  дербестендіру  есебінен  жҥзеге  асырылады.  Бҧл  шара  еңбеккердің,  кәсіподақтар  мен 
жҧмыс  берушілер  бірлестіктерінің  қаражаттарды  аудару  процесін  бақылауға  ықыласын  арттырады. 
Әлеуметтік  қорғау  жҥйесін  реформалау  бҥкіл  республика  халқының  мҥддесін  қозғайтын  болғандықтан, 
халықты барлық мҥдделі мәселе бойынша анық та толық ақпаратпен қамтамасыз етуге ерекше мән берілуі 
қажет.  Халықтың  арасында қажетті тҥсіндіру  жҧмысы  әлеуметтік әріптестердің  қатысуымен  жҥргізіледі. 
Реформаланатын  әлеуметтік  қорғау  жҥйесінде  әлеуметтік  сақтандырудың  ролі  артуын  ескере  отырып, 
халықты  әлеуметтік  қорғау  жҥйесінде  ақпараттық  қамтамасыз  ету  мен  есепке  алу  маңызды  мәселеге 
айналады.  Жарналарды  дербестендірілген  есепке  алу  реформалаудың  аса  маңызды  шарттарының  бірі 
болып  табылады.  Әлеуметтік  салықтың  бір  бӛлігін  жарнаға  айналдырудың  дәл  мӛлшерін  анықтау  ҥшін 
әлеуметтік  сақтандырудың  барлық тҥрі  бойынша  қажетті  актуарлық  есептер  жҥргізіледі.  Бҧл  ретте  әрбір 
азаматтың  қатысуын  есепке  алу  бірыңғай  стандарт  болып  табылатын  арнайы  жеке  коды  арқылы  жҥзеге 
асырылады. 
Осы код арқылы азаматтардың әлеуметтік тӛлемдерді алуы жҥзеге асырылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет