Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал



Pdf көрінісі
бет34/35
Дата21.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#2412
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Ошмарин П.Г., Ликунов Д.Г Следы в природе «Наука» 1990г – 220 б, 
2.
 
Бароновский  А.В  «Механизмы  экологической  сегрегации  домогого  и  полевого  ворбьев»  2014г  – 
125-128 б. 
3.
 
Хоромов В.В., Скляренко С.Л « Краткий справочник по птицам Казахстана» 2009г – 155-162 б. 
4.
 
Смогоржевский Л.О. «Пернатые друзья» 1977г – 68 б. 
5.
 
Ильичев В. Д. «Общая орнитология» 1992г – 54 б. 
6.
 
Андреев А.В. «Адаптация птиц к зимним условиям» 1980г -125-145 б. 
 
Аннотация. В этой статье  дано объяснение о птицах города Тараза и их биологическое описание, и 
рассмотрены    проблемы  их  питания  и  гнездо  в  зимние  периоды.  Цель    нашей    работы:  дать  полное 
описание птицам города Тараза.  
Abstract. Тhis article explains about birds of the city Taraz and their description, and the problems of their 
food  and  nest  in  winter  periods.  The  purpose  of  our  work:  to  give  a  full  description  of  the  birds  of  the  city  of 
Taraz.  
 
 
 
 
 
 

632.9 
Ш78 
 
ЖЫЛЫЖАЙДА ӚСІРІЛЕТІН КӚКӚНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН 
КҤРЕСУ ШАРАЛАРЫ. 
 
Шолпанкулова Г., Татимбетова Ж. М. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Кӛкӛніс  дақылдары  ӛсіп-ӛнуіне  ыңғайлы  жылыжай  жағдайлары    тҥрліше  ауру  қоздыратын 
организмдердің кҥшті қарқынмен дамуына қолайлы орта болып есептеледі. 
Жылыжайлардың  ішінде    тазалық  сақтау  -  ӛсімдік  аурулары  мен  зиянкестердің  болмауын 
қамтамасыз  етеді.  Бірақ,    жылыжайды  ҥнемі  санитарлық  тазалықта  ҧстау    мҥмкін  емес,  сондықтан  ауру 
тҥрлері мен, сол ауруларды тарататын зиянкестермен кҥресу шаралары ҥнемі жҥргізілуі қажет.  
1.Жылыжайлық  аққанат.Аққанаттың  ӛмірлік  топтамасы:  Аққанатттың  мекиені  жҧмыртқаларды 
(бірінші кезең) жапырақтың астыңғы бетіне салады, 5-10 кҥн ӛткен соң дернәсіл шығады (оларды бірінші, 
екінші,  ҥшінші, тӛртінші деген  жастарына  бӛледі)  жапыраққа  жабысып  алады  да  онда  қимылсыз  қалады. 
Аққанат дернәсілінің кезеңі 10-14 кҥнге созылады. Одан соң аққанат дернәсілінде қызыл кӛздер және ҥсті 
балауыз  шапқынмен  (нимфа  кезеңі)  жамылады.  Нимфа  кезеңінде  аққанаттар  кез  келген  химиялық 
препаратқа  ӛте  тӛзімді келеді. Кейін ересек  аққанатқа  (имаго  кезеңі)  айналып,  қоректенеді  және кӛбеюге 
қатысады.  Жылыжайда  аққанат  мезгіліне  15  тҧқым  беруге  қабілетті.  Сол  себепті  оның  саны  қолайлы 
температурада  ӛте  тез  ауқымданады,  ал  онымен  кҥресу  ӛте  қиын.  Дернәсіл  мен  аққанаттың  ересек  тҥрі 
шырынды  ӛсімдіктен  сорады,    оларды  ӛлердей  жәбірлейді.  Зақымдалған  жапырақтарда  кӛлемі  ҧлғайып 
жатқан сарғыш дақтар пайда болады. 
Кҥресу шаралары: кӛктем, жаз айларында жылыжайға зақымдаушыларды енгізбеу керек. Вегетация 
барысында  жылыжайларда  зақымдаушыларды  жою  мақсатында  химиялық  препараттар  қолданылады, 
«Фосбецид»:  10 л суға 40 мл препарат қосады, 1м
2
 жерге 0,1-0,2 л шашылады. Сонымен қатар инсектицид 
препараттарын  қолдануға  болады,  олар:  «Актеллик»,  «Фуфанон»,  «Интавир»,  «Децис».  Биологиялық 
препараттардан  "Вертициллин"  пайдаланады.  Жаңа  тшығарылған  препарттары  -  «Циперметрин», 
«Талстар», «Арриво», «Фьюри». 
Ӛсімдіктің ӛңдеуі сарымсақтың қайнатпасын дайындау: ҧсақ туралған сарымсақтың (170 гр) 1 л суда 
5  тәулік  жабық  шыны  ыдыста  тҧндырылады.  Қолданылатын  ерітінді  дайындау  ҥшін  6  грамм  тҧнбаға  1 
литр су қосылып шашылады. 
Ҧшып жҥрген аққанаттарды жылыжайда сары желімді тҧзақ дайындау (сары тҥс аққанаттарды ӛзіне 
тартады): сары тҥске боялған полиэтилен ҥлдірді алып, тӛртбҧрышты етіп ӛзімізге керекті ӛлшемде кесіп, 
ҥстіне «Пестификс» секілді желім жағып, жылыжайға іліп қою.  
Индустриялық жылыжайларда аққанатты жоюдың биологиялық әдісі: энкарзии немесе эретмоцерус 
(1м

10  дана  ӛкілін  ҥш  қайтара  жіберу  керек).  Қызанақ  пен  бҧрышта  тиімді  әдістердің  бірі:  макролофус 
(1м

5 тҥрін 2 аптада бір қайталау). Аққанаттың алғашқы ошағын энтомопатогенндік саңырауқҧлақтардың 
негізінде бірнеше микробиологиялық препарат қолдануға болады.  
Бҧл  ҧсақ  жәндік  ақ  балауыз  шапқынмен  және  ҧнды  ақ  қанаттарымен    қысқа  мерзім  уақытында 
ӛсімдікті жойып жібереді. Аққанат қиярларда жерсінеді, олардың шырынын сорып, қантты заттарды бӛліп 
кҥйелі  саңырауқҧлақшасымен  қатырады.  Бҧдан  әрі  қиярдың  мҧртшалары  мен  жапырақтары  қарайып 
кетеді  және  ӛледі.  Жылыжайды  аққанаттардан  сақтау  ҥшін  желкӛздер  мен  есіктерді  қалқалап, 
арамшӛптерді  уақытысында  жҧлып,  арнайы  жәндіктер  жабысқыштар  ілу  керек.  Тиімді  бҥркудің  бірі  – 
толық вегетациялық  кезеңде 2- 3 мәрте актофиттің (0,2%) биопрепаратын қолдану. 
2.Қҧмырсқа. Қҧмырсқаны зиянды жәндік деп атауға болмайды, бірақ парниктер мен жылыжайларда 
пайдасы да шамалы. Оған қоса жылыжайға егілген дақылдарға зияны келеді. 
Жас  шыбықтарын  жеп,  олар  ӛз  ҧяларын  кӛкӛністердің  жҥйек  аралықтарына  салады.  Осылайша 
ӛсімдіктің  тамыр  жҥйесін  зақымдайды.  Ағаш  немесе  қолдан  жасалған  жылыжайларда  олар  кӛптеп 
кездеседі, ал поликарбонатты материалдан жылыжай соғылса онда қҧмырсқа әсері баяулайды. 
Егер  де  жылыжайда қҧмырсқа пайда  болса,  оны әртҥрлі әдіс  тәсілдермен  жоюға  болады.  Мысалы, 
ашытқы  мен  тосаптың  қоспасын  дайындауға  болады,  бірнеше  сағатқа  қойып,  дайын  болған  қоспаны 
жылыжай  ішіне еліктіру мақсатында  қоюға  болады.  Қҧмырсқалар  осы  қоспадан масаяды екен,  осылайша 
ҧя ішіндегі басқа ӛкілдерін асырай алмай тҥр жойылып кетеді.  
Қҧмырсқа  ҧясынан  аналығын  қазып  алып  тастау  керек,  ол  болмаса  қҧмырсқалар  кӛбейе  алмайды. 
Егер  жылыжай  ішін  қазғанды  қаламасақ, қант  пен  бураны
 
араластырып,  соқпақ  жолға себеді.  Жәндіктер 
улы қоспанын дәмін татса, бірден ҧясына таситын болады. Осылайша барлығы улы қоспадан ӛледі. 
Жермай, сарымсақ және химиялық препараттар. 

Жәндіктерге жермайдың ӛткір иісі жақпайды, сондықтан қҧмырсқаларды осы тәсілмей жою тиімді. 2 
ас  қасық  жермайды  10 литр суға  араластырып, қҧмырсқа  ҧяларына қҧю керек. Бҧл  тәсілді  бірнеше  мәрте 
қайталау керек, себебі жермайдың иісі ҧшқыш.  
Қҧмырсқаларды  жылыжайда  жоюдың  тағы  бір  тәсілі  сарымсақты  пайдалану.  2-3  дана  сарымсақты 
шелекке  езіп,  ҥстіне  мҧздай  су  қҧйып,  бірнеше  кҥнге  қояды.  Сосын  ҧяларына  бірнеше  қайтара  қҧяды, 
сонда қҧмырсқалар ӛз ҧяларының орнын ауыстыруға мәжбҥр болады екен.  
Тағы  бір  жолы  ескі  шәйнекті  немесе ыдысты  алып,  ішіне  қара  тҥсті мата  салады,  ҥстіне қҧмшекер 
себеді.  Ыдысты  ҧя  жанына қояды,  сонда  қҧмырсқа  аналығы міндетті тҥрде  осы  жаңа  ҧяға  кӛшеді,  сосын 
ыдысты сыртқа шығарып жойып жібереді.  
Қҧмырсқалармен  кҥрес  ҥшін  жылыжайларда  формалин  мен  карбофостың  1:10  қатынасында 
ерітіндісін  пайдаланады.  Ерітіндімен  жылыжай  ішін  толықтай  жәндік  бар  деген  жердің  барлығын  бҥрку 
керек. 
Кейін жылыжайда қҧмырсқалар жойылған соң, олардың қайдан пайда болғанын анықтап алған жӛн. 
Олар қҧрал-жабдықтармен, кӛшеттермен кіруі мҥмкін. Сондықтан аса ҧқыптылықпен қараған жӛн. 
3.Бақшалық  биті.  Бақшалық  бит  –  ол  сорушы  жәндік,  ӛсімдікті  зақымдайды,  бҧзады,  қиярды  ғана 
зақымдап  қоймай,  асқабақты,  кәдірлерді,  боташықты  да  зақымдайды.  Ҧзындығы  1,2-2  мм,  сарыдан  қою 
жасыл  тҥске  дейін,тіптен  қара  тҥстілері  де  кездеседі.  Дернәсілі  сары  немесе  жасыл  болады.  Бит  немесе 
дернәсіл арамшӛптерде қыстайды.  
Бҧл  зиянды  жәндікті  қиярдан  шілде-тамыз  айында  жапырақтың  артқы  беті-нен  және  сабағынан 
байқауға  болады.  Олардың  отарлары  ӛсімдіктің  шырынымен  азықтанады,  оны  аздыра,  биттер  қиярды 
вирустық  ауруларға  шалдығуына  ықпал  етеді.  Осы  жас  жәндіктердің  ӛзі  2мм,  тҥстері  қара  немесе  қою 
жасыл тҥсті, ӛсімдікті толықтай жаулап алуға қабілетті және егісті жойып жібере алады. Алғашқы шыбық 
пен жапырақтары бҥрседі, қабысады, ал кейін бітеді.  
  Кҥресу  шаралары:  бит  жылыжай қиярларында  негізінен  арамшӛптерден кӛбейеді,  сондықтан  оны 
уақытысында жҧлып тастаған жӛн. Кейбір кӛкӛкніс ӛсірушілер жылыжай қиярының биттерімен кҥресудің 
басты  шарасының  бірі  –  қызыл  бҧрыш  тҧнбасы  деп  есептейді.  Оны  дайындау  ҥшін  ыстық  судың  10 
литрына  200  гр   темекі тозаңы  және  ащы  бҧрыштың  30гр  қажет.  Бір тәуләктей  тҧндырып  қойып,  сосын 
сҥзіп,  ҥстіне  1  ас  қасық  сҧйық  кір  сабын  және  3  ас  қасық  сҥректі  шәйір  қосу  керек.  Алғашқы  бҥркуден 
кейін  араға  бір  апта  салып  қайталаған  жӛн.  Бҥркуді  тек  ӛсімдікке  ғана  емес,  сонымен  қатар  арық 
арасындағы  жолдармен,  соқпақтарды  да  жасаған  дҧрыс.  Алғаш  отырғызылғандарға  химиялық  терапияны 
жасауда пайдалы препараттар «Интр-вир» (10 литр суға 1 дана дәрі) немесе «Стрела» (10 л суға 50 гр дәрі) 
жақсы кӛмектеседі.  
  Арамшӛптерді  жою,  жылыжайға  қанқызын  жіберу  және  сабын  ертінідісін  (100-200г)  немесе 
қоламтаны  (200г  қоламтаны  және  50  г  сабын)  пайдаланған  жӛн.  Сонымен  қатар  ӛсімдікті  қоламта  мен 
сабын  ерітіндісін  дайындау: 2 стақан  сҥректі  қоламтаның  10  л  ыстық  су,  1 ас  қасық  сҧйық  сабын  қҧяды. 
Бірнеше тәулікке қойып, сҥзіп, ӛсімдікке шашу керек. Жақсы нәтиже алу ҥшін  «Карбофос» ерітіндісі (30 
°10  л  жылы  суға  60  гр) салады,  жылыжай  ішін,  жолдарын,  тӛбесін,  жерді  және  ӛсімдікке  шамалап  ӛседі. 
Бҥрку  барысында  есіктер  мен  желкӛз  жабық  тҧрғаны  дҧрыс.  Жылыжайда  ауа  тарылып  бит  ӛледі.  Егер 
ӛсімдікті «карбофоспен» бҥркитін болса, 40 г «карбофосты» 10 л суға езеді. Жаппай ӛсімдікке шашылады, 
әсіресе  ӛсімдіктің  тӛменгі  бӛліміне  кӛп  шашу қажет.  Бір сағаттан  соң арықтың  беткі  бӛлімін  2-3  см  етіп 
қопсытып, бірақ ӛсімдіктің беткі тамырын зақымдап алмай ҧқыптылықпен жасалады.  
Битпен  кҥрес  ҥшін  ең  жаңа  препаратты  «Искра  ДЭ»  пайдаланылады.  Сонымен  қатар  препарат 
қҧрамында  калий  тыңайтқышы  бар.  1  дана  дәріні  алып  (10  г)  судың  10  л салады, араластырып  шашады. 
Себу алдында дақылды жинап алған жӛн. Екінші жаңа препараттың бірі – «Командор», 10 л суға 1 мл, 100 
м 

шашылады. 
4.Жылыжай  трипсы.  Кӛкӛністердің  кӛптеген  зиянкестерінің  бірі  –  жылыжай топырағында айрықша 
орын алатын жәндіктер отряды – трипстер (бахромчатокрылые немесе пузыреногие),  5 мыңдаған тҥрі кең 
таралған.  Экологиялық  бейімделгіштігіне  байланысты  бҧл  қҧрт-қҧмырсқалар  (таралу  ареалы  –  солтҥстік 
пен  оңтҥстік  белдеу)  кӛкӛніс  пен  декоративті  дақыл  мәдениеттерінің  ең  сҧм  зиянкесі.  Қорғалған 
топырақтарда 20 жуық трип тҥрі дақылдарға зиянын келтіреді. Бірақ тәжірибе жҥзінде қарасақ, ӛте зиянды 
трипс  –  полифагтар,  олар  кӛптеген  ӛсімдік  тҧқымдастарымен  қоректенеді  және  қорғалған  топырақта 
ӛсетін  дақылдарды  зақымдайды.  Трипс  тҥрлері:  темекі  трипсы  (ThripstabaciUna.),  теплицалық  трипс 
(HeliothripshaecmorrhoidalisBauche),  қара  тҥкті  трипс  (ThripsnigropilosusUzel).  Триптердің  жеке  кӛрінісі 
мен қҧрамы  ӛзгеріп отырады.  ХХ  ғасырға  дейін  зиянды тҥрлері  темекі  және  теплицалық трипс  болатын. 
Зерттеулерге  қарасақ,  қиярда  темекі  және  батыс  гҥлді  трипсы  аралас  популяция  тҥзуде.  Трипстер  –  ӛте 
қозғалғыш,  ҧсақ  жәндіктер,  ҧзындығы  0,5  –  2  мм.  Трипс  денесі  ҧзарған  сопақ  пішінді,  бас,  кеуде  және 
қҧрсақ  бӛлімдерінен  тҧрады.  Ересек  дернәсілі  біркелкі  бояулы,  ашық  сары,  қоңыр  және  қара  тҥсті. 
Популяцияда бір жылыжайда ақшыл және қара қоңыр дернәсілі кездеседі, ондай айырмашылық жылыжай 
температурасына  және  ылғалдылыққа  тікелей  байланысты.  Басында,  кеудесі  мен  қанатында  –  қылтанақ 
пен  қылшықтар  бар,  олардың  ӛлшемі  мен  орналасуы  диагностикалық  мағынаға  ие.  Алдыңғы 

қылтынақтары  біршама  ҧзын  және  кӛлемді,  артқысы  шашақ  тҥрінде  орналасқан.  Трипстердің  тҥр 
қажеттілігін ересек аналығына қарап анықтайды. Ол аталығынан біршама ҥлкен ӛлшемімен ерекшеленеді. 
Тағы  бір  ерекшелігі  –  қҧрсағының  тҥсі  міндетті  тҥрде  қара  қошқыл  тҥстес  болады.  Ересек  трипстер 
(кӛбіне мекиендер) ӛсімдік қалдықтарында, топырақтың жоғарғы қабатында қыстайды, ал темекі трипсы  - 
пияздың  қабыршақтарының  арасында  қоймаларда  қыстайды.  Трипстердің  жҧмыртқа  салғыш  мекиендері 
(темекі, батыс гҥлді, қара тҥкті) бҥр пішіндес жҧмыртқаларын кӛкӛністің жапырақ ҧлпасына, ӛркендеріне 
және  гҥлдеріне  салады.  Баданалы  трипстың  бас  мекиендердің  жҧмыртқа  салу  кезеңі  болмайды,  оған 
қарамастан субстраттың  бетіне сопақ  жҧмыртқаларын  бекітеді,  кӛбіне  гҥлдердің  ішіне салады.  3-5  кҥнде 
дернәсілге айналады, субстратта 8-10 кҥндей азықтанады. Дернәсілдер линькиден
 
кейін топыраққа тҥседі, 
пронимфа  (азықтанбайтын  кезең)    кезеңіне  ӛтеді,  содан  кейін  толықтай  нимфаға  айналады.  Нимфадан 
имаго  шығады,  кей  тҥрлері  осы  даму  сатыларының  барлығын  ӛсімдікте  ӛткізеді.  Ересек  тҥрінен 
дернәсілдер қанатының жоқтығымен және кӛздерінің редукциялануымен ерекшеленеді. Ӛңі сары, ақ және 
қызғылт.  Жылыжайлар  мен  оранжереяларда  трипстердің  бір  даму  сатысы  22-30  кҥнге  созылады,  ал 
мезгіліне  10-ға  жуық  ҧрпақ  дамиды.  Триптердің  дамуы  ҥшін  ҥйлесімді  шарттар:  ауаның  температурасы 
25...30
0
С, ауаның ылғалдылығы – 80-85%. Егер температура 35

–тан жоғары, ылғалдылық 50%-дан тӛмен 
болса, зиянкестер дамудың барлық кезеңінде жойылып кетеді. Ӛсімдікпен қоректене отырып, трипстердің 
дернәсілдері мен ересек тҥрлері ӛсімдіктің клеткалық шырынын сорып, ҧлпаларын жояды.  
Жылыжай - бҧл шектеулі кеңістігі бар жабық орын болғандықтан, ондағы зиянкестер мен ауруларды 
жою  қарапайым  бақшаларда  гӛрі  анағҧрлым  жеңілірек.Жасанды  субстраттарда  ӛскен  кӛкӛністер  ауруға 
бейім  болады.  Ауру    бір  ӛсімдіктен  екіншісіне  тез  тарайды.  Себебі  организмдердің  споралары  қоректік 
ерітінді  арқылы    бҥкіл  жылыжай  ішінде  тез  таралып,    барлық  ӛсімдікті  тез  зақымдайды.  Ауру 
қоздырғыштар қоректік ерітіндірерді ауыстырғанға дейін жойылмайды. 
Сонымен,  жасанды  ортада  ӛсімдіктерді  ӛсіріп,  кӛкӛніс  дақылдарына  зиянкестердің  тигізетін  әсерін 
анықтау,  жасанды  ортада  ӛсімдіктерді  ӛсіру  технологиясы,    жылыжайларда  ӛсірілетін  ӛсімдіктердің 
зиянкестері мен ауру қоздырғыштарына қарсы шараларды қолдану қарастырылды. Бҥгінгі кҥні кӛпшілікті 
толғандырып  жҥрген  жылыжай  кешендерінің  қҧрылысы  мен  қолданылу  аясы  зерттеліп,  ондағы 
зиянкестер  мен  олардың  кҥресу  шаралары  да  баяндалып  ӛтілді.  Егер  елімізде  жылыжайлар  санын 
кӛбейтіп,  ондағы  кӛкӛніс  дақылдарын  сапалы  етіп  ӛндірсек,  еліміздің  экономикасына  қосқан  ҥлесіміз 
болар еді. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
С.А.Бабаев.Г.С.  Қҧсайынова.  Қазақстанның  қысқы  жылыжайларында  ӛсірілетін  қызанақ 
ӛнімділігі. //Жаршы//-2007. №1. Б.96. 
2.
 
Н.А.Филатов. «Справочник молодого овощевода»Москва 1963 239с 
3.
 
Егеменді  Қазақстан  газеті.  Қазаақстанда  жылыжайда  кӛкӛніс  ӛнімдерін  ӛсірудің  қазіргі 
жағдайы . 2005 7- наурыз 4б.      
4.
 
Т.Е.Айтбаев,В.Н.Лукьянец.  Қазақстанда  кӛкӛніс  және  бақша  дақылдарының  тектік  қорын 
қалыптастыру. 2005 №11. Б.96. 
5.
 
Г.Т.Каплина,  А.Г. Сиривля, Л.Н. Синенко. Рекомендации по выращиванию       рассады и ранних 
овощей под пленкой в Южном Казахстане.  Алматы «Кайнар», 1970г. 
6.
 
Б.Эрат, 
Д.Вулстон. 
Индивидуальные 
теплицы 
в 
современном 
жилище.                                                        
Москва. 1997г 
 
Аннотация. В этой статье дано биологическое описание овощным вредителям тепличных условиях, 
рассмотрены меры борьбы с вредителями. Цель научной работы: выяснить вредителей овощных культур в 
теплицах и меры борьбы с ними. 
Abstract.  In  this  article  biological  description  is  given  to  the  vegetable  wreckers  hothouse  terms,  the 
measures  of  fight  are  considered  against  wreckers.  Aim  of  the  advanced  study  :  to  find  out  the  wreckers  of 
vegetable cultures in hothouses and measure of fight against them. 
 
 
 
 
639 
Ш78 
АКВАРИУМ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ШАБАҚТАРЫНА ТІРІ ЖЕМ ДАЙЫНДАУ 
 
Шолпанкулова Г., Бегзат А.Н 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 

Табиғаттағы    ғажайып  байлықтардың    бірі  -  су  асты  әлемі.  Мінез-қылығы    ӛте    кҥрделі,    пішіні   
әрқилы    тірі    организмдер  тіршілік  ететін  суасты  әлеміндегі        қҧбылыстарды      адам        ӛзі    басқарып,   
қажетіне         қарай    реттей     алатын     кішкене    кӛшірме-су  асты  әлемінің  терезесі аквариум.  Бҧл  суға 
толы  ыдыста  әлемнің  тҥкпір-тҥкпірлерінен  әкелінген  балықтарды  ӛсіреді.    Аквариумнан        бӛлмеде    
отырып-ақ  табиғи  тоғандар  мен  кӛлдерде  ӛтетін  биологиялық            процестердің    барлығын    дерлік  
бақылауға  болады. 
Аквариум  балықтарын  лаборатория  жағдайында  генетика,  эмбриология,  гисталогия,  физиология, 
этология және т.б ғылым салаларында  тәжірибиелер жҥргізуде қолданады. Олардың кӛмегімен тірі ағзаға 
қҧрамында әр тҥрлі тынайтқыштар, пестицид, гербицид, ауыр металдар кездесетін судын әсерін зерттейді. 
Медицина саласында да аквариум балықтары кӛптеген қызығушылықтар тудыруда.  
Аквариумдағы    балықтардың    дҧрыс    кӛбейіп,  жақсы  ӛсуіне  жағдай  жасауда    жем  негізгі  роль 
атқарады.  Олардың    тіршілік   әрекеті    жемнің   мӛлшері   мен   сапасына тікелей    байланысты. Балықтың  
дене  қҧрылымы, энергия  тҥзуі  және тіршілігіне  қажетті процестер  жемге  байланысты  жҥзеге  асады. 
Балықтарға  қалыпты  ӛсу  ҥшін  әртҥрлі  жем  береді. Аквариум балықтарының  бірі-жануар  текті, 
екіншісі  -  ӛсімдік    текті,  біреулері  -  аралас  (ӛсімдік    текті  және  жануар    текті)    жеммен    қоректенеді.  
Балықтар тҥрлі және тіршілік  ету мерзіміне  орай  әртҥрлі  жеммен  тҥрліше  жемделуі  де  мҥмкін. 
Қалай  болғанда  да  жемнің  барынша  қҧнарлы,  қҧрамында  белок,   минералды  зат,  витаминдері  
мол  болуы  керек.  Аквариум  балықтарына  тірі  және кептірілген  жем  беріледі. Балықтарды  кҥніне екі  
рет, белгіленген  уақытта  ғана  жемдеу  керек. 
Балықтардың  кӛпшілігі  қҧрғақ  жемді  ҧнатады,  мысалы  гуппи  қҧрғақ  жем  жесе,  шабақтайды,  
бірақ    шабақтары    әлжуаз,  реңсіз    болып    шығады.  Қҧрғақ    жем    беруге    арналған    жемшашарлар  
дҥкендерде  сатылады,  тіпті  оны  қолдан  да  жасап  алуға  болады. Қҧрғақ  жем  шашатын  жемшашарды  
пласмассадан    және    басқа    да    судан    жеңіл    заттардан    жасайды.    Мҧнда    жем    суда    теріс    таралып  
кетпей,  бір  жерде  жинақталып.  Су  бетінде  қалқып  тҧрады.  
Балықтарға  ең  пайдалысы  және  қолайлысы тірі  жем. Енді  аквариум  балықтарына  берілетін  тірі  
жемнің  кейбір  тҥрлеріне  тоқталайық. 
Балықтарға   берілетін  жем   турлері  және  жемді  сақтау  тәсілі.  Ӛсіп  келе  жатқан  шабақтар  тірі  
жеммен    ғана,    әсіресе    инфузория,      тармақмҧрт      шаяндармен    қӛректенеді.    Тірі      жем    жеген  
балықтардың  ӛсімі  артады, олар  аквариумда  сергек  жҥзіп  жҥреді. 
Ересек    балықтар        кӛбінесе      масақҧртпен      қоректенеді.  Масалардың    кейбір      тҥрлерінің   
личинкасы  жалпы  масақҧрт  деп  аталады. 
Масақҧрт-балық    ҥшін      қҧнарлы    азық,    оның    денесінде   белокты    жене    минералды    заттар    ӛте  
мол.  Денесі    буылтықты,    ашық    қызыл    реңді      масақҧрттар    тҧнбалы      суқоймаларда    жиі    кездеседі.  
Қалада      масақҧртты      дҥкеннен    алуға  да,    сондай-ақ    тоспа      сулардан    аулауға    да  болады.  Ол    ҥшін  
тҧнбалы  тоспа  судың  тҥбінен  ҧзап  сапты  ожаумен  тҧнбаны   кӛсіп  алып,  кешкене   елеуішке   салса,  
майда  бӛлігі   сҥзіліп,   масақҧрт  пен  ірі   тҥйіршіктер  елеуіште  қалады.  Масақҧрттарды  жеке  бӛліп  
алу    ҥшін    елеуішті    суға    бір  батырып,      бір    шығарса,    масақҧрттар    су    бетіне    қалқып,      тҧнба   
тҥйіршіктерді    су    астына    тҥседі,    осы    кезде      масақҧрттарды        шолпуықпен    сҥзіп    алады.    Маса  
қҧрттардың    ірі    де,    ҧсақ    та    болуы    мҥмкін,    балықтарға    ҧсақ    масақҧрт      кӛбірек    беріледі.  Тоқтау  
суларда  масақҧрттардың  бір  жыл  кейде  екі  жыл  тіршілік  ететіні   мәлім. 
Масақҧртты      сақтаудың      тәсілдері    ӛте    кӛп,    дегенмен    ең    қолайлысы    -      қалыңдығы  1см  
мӛлшерінен  арттырмай,  Петри   табақшасына   салып,   қақпағын  жауып  қою, болмаса  дымқыл  кенетке  
орап  тастауға  болады.   
Қҧм    салынған    ыдыста    да    масақҧрт    сақталады,      мҧндайда    ыдыстың  
тҥбіне      қалыңдығы    1-2см    қҧм    жайып,      ҥстінен    су      қҧяды    да    масақҧртты    сол    суға      жібереді,  
масақҧрт   дереу  қҧмға  еніп  кетеді.  Балық  жемейтін   кезде   тесігінен   қҧм  ӛтетін  сҥзгімен   қҧмды  
сҥзіп,     сҥзіндіден    қалған     масақҧртты      балыққа     беруге    болады.     Әлсіз,     сондай  – ақ   ӛліп   қалған   
масақҧрттарды    алып   тастау  керек,  балықтар  тек   тірі   масақҧрттармен  жақсы  кӛректенеді. 
Суқойманың   таяз   жерінен кейде  маса  личинкасының   басқа  тҥрі  де  кездеседі. Дене   тҧрқы   10-
12    мм,   қҧмға    кӛмілмейтін     мӛлдір     денелі     личинка   қарғатҧмсық     деп     аталады.     Қарғатҧмсықты   
салқынсу   қҧйылған   жайпақ  ыдыста  ҧзақ  сақтауға   болады,  бірақ  аквариумда   ӛсіру  тиімді  емес,   ол  
шабақтарды   қҧртады.  Мҧның     қҧнарлығы    шамалы,   тек    жем      мҥлде      болмай     қалған     кезде     ғана  
пайдалану    керек. 
Шаянтәрізділер.    Омыртқасыз      жәндіктердің    шаянтәрізділер      класына    жататын      ӛкілдері      де   
аквариум    балықтарына  жем  бола  алады.  Мҧнда   тармақмҧрттылар   және  ескекаяқтылар    отрядына   
жататын   шаяншалардың  маңызы   зор. 
Тармақмҧрт   шаяншалардың   тҥрлері   ӛте  кӛп,  бірақ  аквариуммен  шҧғылданушылар  солардың    
барлығын   тек  дафния  деп   тҥсінеді.   Дене   тҧрқы  5-6  мм    тармақмҧрт   шаянша  ҥлкен  дафния   деп   
аталады,  ол   бӛгендер  мен шҧқырдағы  суларда   тіршілік   етеді.  Кішкене суқоймаларда  дене   тҧрқы   
3-4 мм  қағажақ    дафниялар  таралған,  ал  таяз   және  терең  тоспа  сулардан   ҧзын жон  дафниялардың  
сан    алуан      формаларын      кӛре      аламыз.  Дафниялардың    тҥрі    ӛте    кӛп,    оның    кейбіреуі      суретте  

кӛрсетіледі.    Тірі    туатын    дафниялар    да      бар,      денесі      жҧмсақ      болғандықтан,      балықтар      оларды  
сҥйсін   жейді. 
Тармақмҧрт шаяншалардың қорегі-балдырлар, бактериялар, инфузориялар. Шаяншалар - ӛте  жарық   
сезгіш жәндіктер. Аквариум  балықтарына  кӛбінесе ескекаяқты  шаяншалардың   екі  туысы   жем  ретінде  
пайдаланылады, олар  қосескек   және  циклоп. 
Қосескек   пен  циклопты   бірінен-бірін   ажырату   оңай:  қосескек   ашық суда тіршілік  етеді   және  
басындағы  екі  антена    жәрдемімен   суда   қалқи   жҥзеді,  ал  циклоп  су  жағасына  тақау   мекендейді   
де алдыңғы  қысқа  мҧртшасының  жәрдамімен  бҥргеше  секіріп  жҥреді. 
Тармақмҧрт      және    ескекаяқты      шаяншаларды      тоқтау    судан    шолпуықпен    аулайды.  Ауланған   
шаяншаларды  су   толтырылған   аумақты   ыдысқа  жіберіп, оны   салқын  жерге  сақтайды. Балыққа  жем  
ҥшін  дафния  мен  циклоп  қажет  болғанда   ыдыстағы  тірі  жемнен  оларды   шолпуықпен  сҥзіп   алады. 
Егер      ыдыста      ӛлген      шаяншалар  қалған    болса,    оны    дереу      суымен      бірге    тӛгіп    тастау    керек.  
Балықтарға    жемге    берілетін        шаянша      денесінде    ӛлгенжатқан    судан    жҧғын    қалмау  ҥшін,  дафния   
немесе  циклопты   таза  суға  малып,  денесін  тазарту –балық  денсаулығын  сақтау  кепілі. 
Жемге     сақталатын     дафнияларды      табиғи   судан   кӛктемде   аулаған   дҧрыс.   Ең     алдымен    бір  
шаршы  метрге   50г  дафния келетіндей  20-25С 
Су  әзірлеп  алу  керек,  сонда  бір  литр  суда  200  дафния   жҥзіп  жҥреді.  Аналық  дафниялардың   
жақсы      ӛсуі    ҥшін    суға    қан    тамызылады    немесе    ет    жуған    шайынды    су    қҧйылады.    Аналық  
дафнияның  әр қайсысы   3-4 кҥн  сайын  80-ге  жуық  ӛрбітеді, ал  жас  дафниялар  12- 14 кҥнде  ӛздері  де  
ҧрықтанып,  кӛбейеді, сӛйтіп   балықтарға   қажетті  тірі  жем  ҥнемі  толығып  отырады. 
Тірі   жем   болмай   қалғанда     балықтарға   қҧрғақ     жем   ретінде   кептірілген      дафнияны     беруге  
болады.   Дафниялардың  қауырт  кӛбейетін    мезгілі   - кӛктем.   Осы  кезде  дафнияны  кӛп  етіп  аулап, 
тӛрт    жағы    ағашқа    керілген    дәкеде    кҥн    кӛзіне    қойып      кептіреді.      Жемге    арналып      кептірілген  
дафнияны  аузын  дәкемен   жауып,  байланбаған  шыны  банкіде  сақтау  керек. 
Хайуанаттар   дҥкенінен  шаяншалардың   дафниядан да басқа  да   тҥрлерін   сатып  алуға   болады,   
солардың   бірі-жамбасқҧрттарға   жататын    гаммарус.  Аквариум    балықтары    кептірілген    гаммарусты   
сҥйсіне      жейді.    Шаяншаның      бҧл      тҥрі    бір      қырымен    жантая    жҥзеді,      сондықтан      оны    қазақша  
жантақеспе  деп  атауды  дҧрыс  кӛрдік.  Жантақеспе-тҧзды  және  тҧщы  суларда   кең   таралған  жәндік,  
оның  дене  тҧрқы 0,5-2,5мм   аспайды. 
Суы  тҧзды   суқоймаларда  ӛсетін  бейнеке  де  балықтарға  тамаша  азық.  Оның  дене  тҧрқы  8-11  
мм,  жҧмыртқасынан  ӛрбіген  жас   бейнекені   шабақтар  сҥйсіне  жейді.  Температурасын   24-25 С,  5  
проценттік    тҥз  ерітіндісі    қҧйылған   суда    жҧмыртқадан    бір   тәулікте   жас    бейнеке   ӛрбіп   шығады. 
Балықтар  кӛбінесе   тек  жас    бейнекемен  ғана  қоректенеді. 
Қҧрттар.  Балық    шабағын    қҧрттар      тобына    жататын    зымырақпен      қоректендіруге    болады. 
Зымырақ-мӛлшері  туфелькадай ғана  шағын  денелі,  қҧрылысы  ӛте  кҥрделі   кӛп  клеткалы  омыртқасыз   
жәндік.  Ол  кірпікшелерінің      жәрдемімен    тым    шапшаң      қозғалады,      сондықтан      да    зымырақ      деп   
аталған. 
Зымырақтарды   жер   жҥзіндегі     барлық   тҧщы  су   тоспаларынан    кездестіруге  аламыз.  Олардың 
негізгі   қорегі-микроорганизмдер. Аквариумда   ӛсірілетін   балық   шабақтарына   жаңбыр  суында  тіршілік 
ететін  зымырақтарды  жем  ретінде  пайдаланған  жӛн. 
Зымырақтарды      шыны      ыдыста    ӛсіруге      болады.    Зымырақтар    пішен      таяқшасы      бар  
дистильденген   суда   тез  кӛбейеді.  Сондықтан   1л    дистильденген  суға  10г  пішен  салып  қайнатады  
да    2-3  кҥн    тҧрғаннан    кейін    сҥзеді,пайда    болған   тҧндырманың    бір    литіріне    2л    дистельденген   су  
қосады.  Осы  3л  тҧндырмаға   зымырақтарды   жіберсе,  келесі  кҥні  тҧндырмадағы   пішен  таяқшасын   
қорек  еткен зымырақтардың     қаптап  жҥргені   байқалады.  Оларды  енді     шолпуықпен   сҥзіп   алып,  
балықтарға  жемге  беруге  толық  жарайды. 
Уылдырық      шашатын   балықтарды   микрожеммен    қоректендіреді.   Микрожем  -  дене   тҧрқы    1-
2мм –ден  артпайтын  ҧсақ  жҧмыр  қҧрттар.  Сондай  жҧмыр  қҧрттың  бірі-тҥтік  тҧлға.  Ол-ҧрпағын  тірі  
туатын    қҧрт.    Микроскоппен  сәл  ҥлкейтіп      қараса,    аналық     тҥтіктҧлғаның      ішінен    бҧратылған    жас  
дарақтар   айқын   кӛрінеді.   Тҥтіктҧлғаны  жем  ҥшін  ӛсіруде   онша  қиындық  келтірмейді.  Тарелкаға  
немесе    Петри    тостағаншасына    су  қҧйып,        ботқа    қалпына    келгенше    талқан    салады    және    оған  
тҥтіктҧлға    жібереді.    Ыдыстың    қақпағын    ауа      кіретіндей      етіп        жауып,    бірнеше      кҥнге,      ботқа   
ашығанша  сақталса,  қҧрт  тез  кӛбейе  бастайды.  Микрожем  даяр  болған   кезде  оны  сурет  салатын  
қылқаламның      жәрдемімен      аквариумдағы    суға      салады.      Шабақтар    су      тҥбіне    тҥсе    бастаған 
тҥтіктҧлғаны  дереу   іліп  алып   жейді. 
Аквариумда  ӛсірілетін   ересек    балықтарға  буылтық  қҧрттарды  жем  ретінде   пайдаланылады.  
Солардың  бірі-жауынқҧрт. Біздің  елімізде   бақ,  бау-бақша  топырақтарында 50-ден  астам   жауынқҧрт   
тҥрлері     тіршілік   етеді.    Балықтарға      берілетін     жауынқҧрттың   неғҧрлым     кішірек     болғаны      жӛн.  
Жауынқҧрттар  ылғалды  қҧм, шым  немесе  мҥк  салынған   жәшікте  апта  бойы  тірі  сақталады.  Жәшік  
салқын  жерге  қойылып,   дегдіген  кезде су  себіліп   тҧрса,  балықтар   жемнен  тарықпайды. 

Лай  сулардың  тҥбінде  денесін   жартылай   тҧнбаға   жасырып,  қҧйрығы  сыртқа  шығып  жататын  
кернейше      дегенбуылтық    қҧрт    тіршілік    етеді.  Мҧны    да    балықтар    сҥйсініп    жейді.    Су    тҥбінен  
кернейшені  тҧнбамен  бірге  оңай  жинап   алуға   болады.  Оны   легенге  салып,  кҥніне   екі   рет  суын  
алмастыру    керек.    Кернейшені    балыққа    жемге    берерде      денесін    тазартып,    шырыштан    арылтпаса  
болмайды. 
Ӛте   ӛсімтал   буылтық    қҧрттардың    бірі-ӛндіршін.   Оның    дене    тҧрқы  20   мм   шамасында  ,    реңі  
ақшыл . Ӛндіршін топырақтың  (10см  тереңдікте ) тіршілік  етеді, сондықтан  оның қалыңдығы  10-12 см  
етіп   ылғалды   қарашірік  топырақ   салынған   қайың   немесе   қарағай   жәшікте   ӛсіреді.  Топыраққа   сҥт  
немесе  суға  малынған  қан  кесегін  кӛмсе, қҧрттар соған  шоғырланып, тез  кӛбейеді. Денесінде  тҧз  бен  
витаминдер  мӛлшері  аз  болғандықтан,  ӛндіршінмен  балықтарды  ҥнемі  қӛректендіру   тиімсіз. Кейбір  
балықтар  ӛндіршін мен  жемдегенде  мҥлде  кӛбеймей  қояды. 
Балық    шабағын    кейде    жҧмыртқаның    сарыуызымен    қоректендіруге    тура    келеді.    Мҧндайда  
сарыуыз  ҥгіндісін  3-4  қабатты дәкеден  тігілген  дорбаға  салып,  нәрін  суға  шығарады. Шабақтар   сол  
нәрмен   қоректенеді.  Бірақ  жҧмыртқа  сарыуызы   суды  тез  бҥлдіреді.  Шабақтарды   жемдеу  соңынан  
аквариум    суын    жартылай      ауыстыруды    қажет      етеді,    сондықтан    жемнің    бҧл    тҥрі  ӛте    сирек   
қолданылады. 
Аквариумда    ӛсірілетін      ірі    балықтар   тірі   балықпен    де    қоректенеді.  Ескеретін    жайт:  бӛгеннен  
немесе    тоқтау    судан    ауланған    балықпен    аквариум    балығын    жемдеу    ӛте    қауіпті,  ондайда  індет   
таралуы    да    ықтимал.    Сондықтан    аквариум      балықтарын    жеке    ӛсірілген    гуппимен    жемдеген  жӛн  
Бақаның  итшабағын  қорек   ететін  де  балықтар  кездеседі.   Ондайда  балық   ӛспейтін  шалшық  судан   
аулаған  итшабақтарды   жемге  пайдаланған   дҧрыс. 
Балықтарды    ҧсақ    жеміс    шыбыны-дрозофильмен,    сондай-ақ    маса,    шыбынмен    қоректендіреді.  
Ҧнтақталған  кейде  ҧсақ  етіп  туралған  шикі ет  те  балық  ҥшін  таптырмайтын  жем. 
   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет