Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


Бҥгінгі сабақтағы тапсырмамыз



Pdf көрінісі
бет42/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

 
Бҥгінгі сабақтағы тапсырмамыз«Ҽр алуан табиғат кҿрінісін үйлесімді бейнелеу». 
Табиғат кҿрінісін бейнелеуде сыртқы жағдайлардың тигізер ҽсері мол болады. Ол ауа райының 
ҿзгеруіне  де  байланысты.  Бір  күннің  ҿзінде  табиғат  кҿрінісі  бірнеше  ҿзгеріске  ұшырайды.  Тҽулік 
мезгілдерінің  жҽне  ауа  райының  ҿзгеруіне  байланысты  жарық  та  ҽр  түрлі  болады.  Сурет  салу 
барысында мына тапсырмаларды есте сақтауымыз қажет. (Интерактивті тақтадан кҿрсету). 
1.  Табиғаттың жеке бҿлшектерін бейнелеп үйрену, жұмыстың үйлесімді орналасуына айрықша 
кҿңіл бҿлу. 
2.  Табиғат кҿрінісінен сюжеттік композиция құру, бейнелеу. 
а) Композициясының шешімін табу, қағаз бетіне ықшамды бейнелеу. 
ҽ) Бейнеленетін нұсқалардың құрлымын айқындау, үйлесімді орналастыру. 
б) Бояу түстерін дұрыс таңдай білу, ортақ түске бағындыру. 
Міне балалар, табиғат кҿрінісін бейнелеуде жоғарыда берілген тапсырмаларды орындау арқылы 
белгілі  нҽтижеге жетуге борлады.  Пейзаж  жанры  ҽр  алуан.  Кейбір  пейзаж шығармалары  бар  нақты 
ҿлкелердің кҿрінісін бейнелесе, кейбіреуі суретшінің қиялынан туады. 
 
4.Бекіту. 
1. Бейнелеу ҿнерінің қай түрі бойынша жұмыс жасаймыз?  
2.Бейнелеу ҿнерінің қай жанры бойынша сурет саламыз?  
3.Еліміздің сұлу табиғатын бейнелеген суретшілерді ата?  
4.Туған жер, табиғат жайлы қандай мақал - мҽтел білесіңдер? 
Сергіту сҽті: " Табиғат құбылыстары " 
5.Шығармашылық тапсырма. 
Ойтолғаныс.  Бұрынғы  алған  білімдерімізге  сүйене  отырып,  қазіргі  ойларымызды  жинақтап, 
қиялдап, есімізге түсіру арқылы ҽр оқушы ҿз ойларымен композициялық жұмыс жасаймыз. 

 
271 
Кімде  -  кім  жұмысын  ерте  аяқтаса,  ҿздері  орындаған  шығармашылық  жұмыстарын  қабырғаға 
іледі. 
Оқушылар    жұмысты  толық  аяқтағаннан  соң,  галереяға  саяхат  жасаймыз.  Ҿзіне  ұнаған 
суретшінің жұмысына пікір жазуына болады. 
6. Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау. 
Оқушы жұмыстарын тақтаға ілу, оқушылардың ҿздерін қатыстыра отырып бағалау. Балалардың 
жасаған композициялық жұмыстарын мына жағдайларды ескере отырып қою. 
«5»  Композициясы  ҿте  жақсы.  Кҿріністердің  дұрыс  орналасуы  мен  бояулар  үндестігінің 
үйлесімді болуы. 
«4» Жұмыс аяқталуға жақын. Түстік бояу шешімі үйлесімсіз. 
«3» Жұмыс аяқталмаған кезде. 
7. Ҥйге тапсырма. 
1. «Менің ҿлкем» тақырыбында сурет салу . 
ІІ. Дҥниетану – оқушылардың ойлау қабілетін дамытады 
(Сурет арқылы ӛмірді таныту - шеберлік) 
Пәні: Дүниетану.   1 – сынып 
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің кҿктемгі тіршілігі. 
Сабақтың мақсаттары: 
Білімділік:  Бунақденелілердің кҿктемгі тіршілігімен таныстыру. 
Олардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы, кҿбею ерекшелігі жайында түсінік беру. 
Дамытушылық:  Ҿлкемізде кездесетін бунақденелілер жайында ой- 
ҿрісін  кеңейту,  танымдық  белсенділігін  арттыру.  Шығармашылық  тапсырмалар  арқылы  ақыл-
ойын дамыту. 
Тәрбиелік:      Ойын  жүйелі  жеткізе  білуге,  интеллектуалды  белсенділігін      арттыруға,   
зеректікке,   табиғатты   танып білуге, оны қорғауға тҽрбиелеу. 
Сабақтың тҥрі:  жаңа білім беру; 
Сабақтың типі:  аралас сабақ; 
Сабақтың әдісі:  ҽңгімелесу, түсіндру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары; 
Сабақтың кӛрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, «Жануарлар топтары», деректі 
фильм, «ертегілер мазмұнына иллюстрация», жұмбақ, сызба-нұсқа; 
Пән аралық байланыс: Ана тілі. 
Кҥтілетін нәтиже:   Бунақденелілер жайлы білімнің қалыптасуы. 
Баланың      алған  білімдерін  ҿмірде  қолдана  білуі,  танымдық        қабылдауын  арттыруға 
дағдылануы. 
Сабақтың барысы:      I. Ұйымдастыру кезеңі. 
                                         Сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару. 
II. Ҥй тапсырмасын сҧрау, бекіту: 
а)  Балалар,  үй  тапсырмасын  сұрамас  бұрын  мына  деректі  фильмге  назар  аударайық. 
(Интерактивті тақтадан «Жануарлар ҽлемі» атты деректі фильмдегі мағлұматтармен таныстыру) 
Жануарлар кез-келген жерде, яғни суда да, құрлықта да кездеседі. Жануарлар түрлері бірнеше 
топқа бҿлінеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша жануар-лардың 2 миллиондай түрі бар. 
 
 
 
ҽ)  Ал,  балалар  үйге  қандай  тапсырма  берілді?  «Балықтар,  қосмекенділер  жҽне 
жорғалаушылардың кҿктемгі тіршілігі қандай?»  
1. Жұмбақ жасырайын, кҽне кім шешеді?  
Аузы бар, тілі жоқ  
Терісі бар, жүні жоқ  
Жүрегі бар, ізі жоқ  
Қанаты бар ұшпайды,  

 
272 
Су астында қыстайды  
Ол не?                  (Балық) 
Ендеше, балықтардың кҿктемгі тіршілігі жайында ҽңгімелеп айтыңдаршы! (Бейнелі суреттерді 
кҿрсете отырып ҽңгімелеу) 
2.  «Қосмекенділер»  дегенді  қалай  түсінесіңдер?  Екі  мекені  бар  жануарларды  қосмекенді 
жануарлар деп атаймыз. Су жҽне құрылық. 
-    Балалар,  мына  дыбыс  ненің  дыбысы?  (Үнтаспадан  кҿлбақаның  дыбысын  тыңдату)  Бақаның 
кҿктемгі тіршілігі жайлы не білесіңдер? 
3.  «Жорғалаушылар»  деп  қандай  жануарларды  айтамыз?  Жорғалаушылардың  аяқтары  қысқа 
немесе  аяқтары  болмағандықтан,  бауырын  жерге  тигізіп  жорғалап  немесе  ирелеңдеп  жүреді, 
сондықтан олар жорғалаушылар деп аталады; 
Жорғалаушылардың кҿктемгі тіршілігі жайында оқушылардан сұрау. 
б)  Үй  тапсырмасын  қорытындылау  «Нақты  жауап»  (Берілген  сұрақтарға  жылдам,  қысқаша 
нақты жауап беру) 
-    Балық қандай ортада ҿмір сүреді, қалай қозғалады? 
-    Бақаны қай жерлерден кҿрдіңдер?  
-    Балық пен бақаның балалары қалай аталады? 
-    Бақа мен балықтың қандай ұқсастығы жҽне айырмашылығы бар? 
-    Балық, шабақ, итбалық немен қоректенеді? 
-    Жылан мен кесірткеде қандай ұқсастық бар? 
-    Бұл жануарлардың пайдалы жақтарын атаңыз. 
-    Оларды қалай қорғау керек деп ойлайсыңдар? 
Сергіту сәті: «Бақа» 
III. Жаңа сабақ: 
а) Қызығушылықты ояту сатысы 
Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға ертегі оқып беру. (Интерактивті    тақтадан   ертегі   
мазмұнына   құрылған   сюжетті   суреттер иллюстрациясы кҿрсетіледі) 
Ерте, ерте, ертеде..,.  
Ыстық  күні  шілдеде  шҿптің  арасына  ҿрмекші  торын  құрыпты.  Оған  байқаусызда  ара  түсіп, 
шырматылып  қалған  екен.  Қанша  ҽуре  болғанымен  босанып  шыға  алмайды.  Араның  ызыңдаған 
даусын кҿбелек естиді. Ол тез арада құмырсқаны, шегірткені, инелікті кҿмекке шақырады. Барлығы 
жабылып араны құтқарып алады. Дҽрменсіз болған ҿрмекші жҿніне кетеді. 
ҽ) ой қозғау 
- Балалар, ертегі кейіпкерлерін атаңдаршы! 
- Бұлар жануарлардың қай тобына жатады? 
- Оларды неге бунақденелілер деп атайды? 
Бунақденелілердің құрсақ бҿлігі пышақпен ҿлшеп кескендей бунақтардан құралады, сондықтан 
бұл топқа жататын жануарларды - бунақденелілер деп атайды. 
-    Осы бунақденелілерді атаңдар жҽне қайда кездестірдіңдер? 
-    Бунақденелілер қалай қыстайды? 
б) Мұғалімнің беретін түсінігі: 
(Интерактивті        тақтадан        «Жануарлар        ҽлемі»                деректі        фильмі        бойынша 
бунақденелілер жайлы мҽліметтер кҿрсетіледі.) 
Кҿктемде бунақденелілер қыстап жатқан жерінен шығады. Олар алуан түрлі. 
Бунақденелілер жұмыртқа салып кҿбейеді. Жұмыртқадан дернҽсіл шығады. 
 
 
 
Дернҽсіл  –  жҽндіктер  мен  жануарлардың  белгілі  кезеңде  жұмыртқадан  жарып  шыққан,  ҽлі 
есейіп ҿспеген баласы. 
Ҿздерің кҿргендей бунақденелілердің түрі кҿп.  Олардың ішінде пайдалысы да, зияндылары да 
бар. Кҿпшілігі зиянды. 

 
273 
 
 
1.    Пайдалы    бунақденелілер:      ара,    құмырсқа,    шаншар,  қоңыз    т.б.    тіршілігі  жайында 
ҽңгімелеп түсіндіру. 
2.  Зиянды бунақденелілер:  колорадо қоңызы, капуста кҿбелегі т.б. туралы түсінік беру. 
Зиянкес бунакденелілерге қарап күрес жүргізу ҽдістерін түсіндіру. 
в) Оқулықпен жұмыс: 
«Бунақденелілердің кҿктемгі тіршілігі» мҽтінін тізбектей оқыту. 
г) Дҽптермен жұмыс: 
Дернҽсіл - туралы мағлұматты жазу. 
д) Ойын тапсырма: суретке қарап жҽндіктердің атын тауып, сызықпен қос. 
 
 
3. Инсерт кестесін толтырамыз 

Не білемін? 
Нені ҥйренгім келеді?  

Нені ҥйрендім? 
 
 
 
Кесте бойынша ауызша жауап алу. 
V. Оқушылар білімін бағалау: 
VI. Ҥйге тапсырма: 
1.   «Бунақденелілердің кҿктемгі тіршілігі» 
2.   Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс. 
ІІІ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары 
Тәрбие сағаты 
(Тәрбие сағаты тҥрлі-тҥсті суреттермен безендіріледі) 
Тақырыбы:        Рҽміз - елдігімнің айғағы 

 
274 
Мақсаты:    Қазақстан Республикасының мемлекеттік рҽміздерінің 
мазмұнымен таныстыру. Олардың авторлары туралы мҽлімет беру. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рҽміздеріне құрмет сезімдерін дамыту, оны бағалауға 
деген ұмтылысты қалыптастыру. 
Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, достыққа, Отан сүйгіштікке, Отанына, еліне адал 
қызмет етуге, тарихын білуге тҽрбиелеу. 
Міндеттері:          
1. Гимнді (ҽнұранды) мемлекеттік тілде жатқа білуі жҽне орындай білуі. 
2.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рҽміздерінің  түсінің,  пішінінің  элементтерінің 
мҽнін ашып түсіндіріп, авторларын жатқа білу. 
3.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
нышандары  туралы»  конституциялық  заң  күші  бар  жарлығына  ҿзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізілгені туралы айту. 
4.  Білім  беру  ұйымдарында  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  нышандарының 
орналастыру тҽртібі мен қолдану тҽртібі туралы ҽңгімелеу  
Ӛткізу  әдісі:  кіріспе  ҽңгіме,  тақырыптық  ҽңгімелеу,  кҿркем  сҿздер  оқу,  шығармашылық 
тапсырмалар, сұрақ-жауап, сто стратегиясы (топтастыру) 
Кӛрнекілігі:   таспаға жазылған ҽнұран, компьютердегі тақырыптық 
сюжетті бейнелер, мемлекеттік рҽміздер үлгілері, суретті альбомдар, буклеттер, кітаптар, нақыл 
сҿздер мен ұран сҿздер жазылған плакаттар, қима қағаздар т.б. 
Сабақтың барысы:   І. Ҧйымдастыру кезеңі 
Қонақтарды қарсы алу. Сынып оқушыларының назарларын сабаққа аудару 
II. Жаңа сабақ 
Мҧғалімнің кіріспе сӛзі: 
а) Мемлекеттік рәміздер 
Сҽнді айшығы, бедері,  
Рҽміздер - ел беделі.  
Бойға таққан тұмардай,  
Қастерлеймін мен оны!.. 
Онда қуат, жалын бар, 
Жалыннан от жалындар!.. 
Рҽміздерден: 
Елімнің, 
Бет бейнесі танылар!... 
деп ақын жырлағандай бүгінгі біздің тҽрбие сағатымыз «Рҽміз - елдігімнің айғағы» деп аталады. 
(Тҽрбие сағатының мақсаты мен міндеттерімен таныстыру) 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындау 
I. Егеменді Қазақстан... 
ҽ) Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсында да мемлекеттілігінің белгісі – рҽміздері бар. 
Рҽміз дегеніміз белгілі бір нҽрсені ҿз қалпынан ҿзге жанама сипаттап кҿрсетуден туатын сыр-таңба, 
шартты белгі. 
Жалпы  нышандар  кҿптеген  халықтар  тарихында  ерте  дүниеден  бері  кездеседі.  Біздің  бүгінгі 
ҽңгімеміз  Қазақстан  Республикасының  егемендік  алғаннан  кейінгі  мемлекеттік  рҽміздері  жайлы 
болмақ. -   ҚР-сы Егемендікті қай жылы алды? 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мҽңгі сақталады. 
16  желтоқсанда  қазақ жастары  Орталық  алаңға шығып,  Қазақстан  тҽуелсіздігін  талап  етті.  Осының 
нҽтижесінде  1991  жылы  16  желтоқсанда  Қазақстан  Республикасы  тҽуелсіздігі  туралы  заң 
қабылданды.  Бұл  еліміздің  ешкімгі  тҽуелсіз  дербес  мемлекет  екендігін  дүниежүзіне  ҽйгіліген  аса 
қасиетті  құжат.  Жаңа  негізі  қаланған  жас  мемлекеттердің  қай-қайсының  да  алғашқы  жасайтын 
маңызды  ресми  қадамдарының  бірі  -  елдің  туын,  елтаңбасын,  ҽнұранын  сайлап  алу.  Ҿйткені,  бұл 
рҽміздер саяси тҽуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады. 
Мҧғалім: 
- Ал, ҚР жҽне оның рҽміздері жайлы біз не білеміз? 
- Мемлекеттік рҽміздер дегеніміз не? 
Мемлекеттік  рҽміздер  -  белгілі  бір  елдің  ҿзінше  ҿмір  салтын,  бүкіл  болмыс  ерекшелігін, 
айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тҽуелсіздік деген қасиетті 
ұғым  мҽдени  нышандар  тілінде  де  сҿйлейді.  (Сурет  ҿнерін,  сҽулет  ҿнерін,  музыка  мен  поэзияны 
пайдалану арқылы жасалатын кҿркем туында, саяси белгі)     

 
275 
- Мемлекеттік рҽміздер деп нелерді атаймыз?  
(Мемлекеттің туы, елтаңбасы, ҽнұраны) 
Тҽуелсіз ҚР - ның түңғыш рҽміздерін жасау үшін бҽйге жарияланды. «Жүзден - жүйрік, мыңнан 
тұлпар озды». 
- ҚР - ның мемлекеттік туы ретінде кімнің жұмысы қабылданды? 
-  Шҽкен  Оңласынұлы  Ниязбеков.  Тараз  қаласында  дүниеге  келген.  Қазақстанға  еңбегі  сіңген 
ҿнер қайраткер. 
оқушы: Туың қандай! 
Ту қандай? 
Тура аспаннан туғандай.  
Ал аспанды қазақтың,  
Кҿңілімен жуғандай! 
оқушы: Туың қандай! 
Ту қандай? 
Таң нұрымен жуғандай.  
Қыран құсын самғатып,  
Күн құшақтап тұрғандай! 
- ҚР-сы мемлекеттік елтаңбасының авторлары кім? 
- Ҿзбекстанға еңбегі сіңген сҽулетші Жандарбек Мҽлібекұлы Мҽлібеков 
- Қазақстанға еңбегі сіңген сҽулетші. Белгілі қоғам қайраткері Шот Аман Ыдырысүлы Уҽлихан 
3 - оқушы: Елтаңбасы елімнің, 
Неткен кҿркем ҽдемі.  
Тұнығындай кҿңілдің  
Ортада аспан ҽлемі. 
4 - оқушы: Қатар шапқан қос тұлпар, 
Ай астында қазақы үй.  
Қалықтаған жас сұңқар 
Шарықтаған таза күй 
Қара шаңырақ - ел күні,  
Асқақтатып тұр оны.  
Елтаңбасы - елдігім,  
Елімнің тыныш тірлігі. 
- ҚР - ның мемлекеттік ҽнұранының авторлары кім? 
1. Сҿзін жазғандар:  Жҧмекен Нәжімеденов 
                                   Нҧрсҧлтан Назарбаев 
2. Ҽнін жазған:  Шәмші Қалдаяқов 
Ҽнді  ақын  Ж.Нҽжімеденов  пен  Ш.Қалдаяқов  1959  жылы  жазған.  Олар  ол  кезде 
консерваторияның  студенттері  еді.  Ҽнді  алғаш  орындаған  Жамал  Омарова.  Ҽнде  халықтың 
патриоттық сезімі бейнеленген. Ҽр үйде, ҽр мерекеде осы ҽнді айтқан. 1986 ж. «Менің Қазақстаным» 
бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми ҽнұраны болған еді. 
II. Рәміздерім - мақтанышым 
-    ҚР мемлекеттік рҽміздері қай жылы бекітілді? 
1992  жылдың  4  маусымы  -  тарихи  күн.  Сол  кездегі  Республика  жоғарғы  Кеңесі  тҽуелсіз 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 
2006 жылдың 6 қаңтарында  «Менің Қазақстаным»  ҽні ҚР-ның Мемлекеттік Ҽнұраны болып 
бекітілді. 
5 - оқушы: Ҽнұраным тік кҿтер, 
Ұлтымның рухын кҿгіме.  
Жырласын елім ҿзіңді,  
Нҿсер жаңбырдай тҿгіле 
1 - оқушы: Желбіресін байрағым, 
Алтын күннің астында.  
Елтаңбам да жайнаған,  
Жарқырап қатар қасыңда 
Ән:    «Жас дәуірдің тҥлегіміз» (хор) 
- Балалар ҚР-ның рҽміздері жайлы білімдерімізді ортаға салайық. 
Топтық тапсырма № 1 

 
276 
I топ            ҚР-сы туын элементтерден құрастыр; 
II топ          ҚР-сы туын сипатта; 
III топ         ҚР-сы елтаңбасын элементтерден құрастыр; 
IV топ         ҚР-сы елтаңбасын сипатта. 
Ҽр топтан 1 оқушы сҿйлейді: 
-    ҚР-ның рҽміздеріндегі элементтер жайында не білеміз? 
-  Ҽр рҽміздің ҿзінде қаншама суреттер бейнеленген, ал сол суреттерде қаншама терең мағына 
жатыр. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 
5 - оқушы:  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - кҿгілдір түсті 
матаның ортасында алтын күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт жҽне ұлттық 
ою-ҿрнек нақышталған тік жолақтан тұрады. 
6- оқушы:  Кҿк түс- бұлтсыз ашық аспан күмбезі еске түсіреді. Зеңгір кҿк 
ашық аспан барлық халық үшін ҽрқашан бейбітшіліктің, аманшылық пен тыныштықтың белгісі 
болған. 
7  -  оқушы:    Ҿрнек  -  белгілі  бір  дҽуірдің  ҿзіне  тэн  қолтаңбасы,  ол  халықтың  кҿркемдік 
талғамының кҿрсеткіші. Ғасырдан - ғасырға жалғасып, бізге жеткен қазақтың ұлттық ою-ҿрнегінің ең 
кҿп  таралған  түрі  -«қошқармүйіз»  ҿрнегі.  Ерте  кезде  халық  ою-ҿрнектің  бойынан  адамды 
зұлымдықтан желеп-жебеп, қорғайтын керемет күш кҿрген. 
8  -  оқушы:  Бүркіт:  ежелгі  кҿк  тҽңірі  Аспан  мен  Күнге  жақындап,  шарықтай  ұшатын  құс 
патшасы, қыран бүркіт аса қасиетті де құдіретті. Нышандар тілінде қыран бейнесі мемлекет билігін, 
кеңдігі  мен  кҿрегендігін,  білдіреді.  Мемлекеттік  тудағы  дала  қыраны  қазақстандықтардың 
жомарттығы  мен  ой  ниетінің  биіктігін,  айқын  мақсатқа,  биікке  ұмтылудың,  болашаққа  самғаудың 
белгісін білдіреді. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы: 
9 - оқушы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы -кҿгілдір түс кезінде шаңырақ 
бейнесі,  одан  жан-жаққа  күн  сҽулесі  ретінде  уықтар  тарайды,  бұлар  мифологиялық  аттардың 
қанаттарының құшағында Елтаңбаның тҿменгі бҿлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. 
Елтаңбамыздың реңдік бейнесі алтын және кӛгілдір тҥсті. 
Алтын түс халықтарымыздың жарқында, айқын болашағына сай келеді. Ал кҿгілдір түс аспан 
ҽлемінің барша халықтарына ортақтығын білдіреді. 
10-оқушы:    Шаңырақ  -  ҽлемнің  біртұтастығын,  мемелкеттің  бастауы  -отбасы  ошағын 
бейнелейді.  Шаңырақтың  биіктігі  мен  мықтылығын  құрайтын  уықтар  бақыт  пен  молшылықты 
белгілейді. Шаңырақтың үш қатардан айқасып тұратын күлдіреуіштері - үшжүздің мызғымас бірлігін 
білдіреді. 
11  -  оқушы:    Қанатты  тұлпар  -  мҽңгілік  ҿмір,  шексіз  даму  жҽне  рухани  байлығының  белгісі. 
Қанатты  тұлпар-болашаққа  үміт  артар  жас  ұрпақтың,  кҿп  ұлтты  халықтың  мықты  жҽне  дамыған 
мемлекет тұрғызу туралы арманының символы. 
4 - оқушы:   Ҽсем де мықты мүйіздері жеті буыннан немесе жеті бҿліктен 
тұрады.  Бұл  жеті  буынның  байланысы,  олардың  мызғымас  бірлігі,  жеті  атасын  білмеудің 
тексіздік  екенін  есімізге  салады.  Тұлпардың  алтын  қанаттары  бидайдың  алтын  масақтары  түрінде 
бейнеленген, яғни ол - еңбектің, молшылықтың, байлықтың белгісі. 
12 оқушы: Елтаңбаның маңдайшасындағы алтын жұлдыз - ой ҿріс пен шақыратын арманның 
биіктігін білдіреді. Бұл біздің ақ жүрегіміз бен кең құшағымыздың барлық бес континеттің ҿкілдеріне 
де  айқара,  ашық  екенін  білдіреді.  Ҽр  адамның  ҿмірінде  жол  кҿрсетер  жұлдызы  болады. 
Мемлекетіміздің осындай жұлдызы болуы керек. 
Қазақстан жалауы: 
13 оқушы: Аспан түстес кҿгілдір 
Тік бұрышты матаның  
Ортасында тҿгіп нұр,  
Күн жаяды шапағын 
14 оқушы: Астында оның қалқыған, 
Қыран құстың бейнесін.  
Азат елдің шалқыған  
Кҿңілі деп білерсің. 
15 оқушы: Ескі белгі - ұрандар 
Сары алтындай сақталған,  

 
277 
Күн, шұғыла, қыран да  
Алтын түспен апталған. 
16 оқушы: Сол жағында матаның 
Қызыл түсті жолақ тік:  
Мұратындай атаның  
Ҽсем ҿрнек ол ұлттық. 
Кҿк байрағы бабаның  
Бүгінгі ұрпақ алауы,  
Мияты ҽке, баланың – 
Қазақстан жалауы.                  
Біздің Елтаңба
17-оқушы: Алтын қанат кҿмкерген 
Шаңырақ бар уық бар – 
Ҽсем бейне сен кҿрген.  
Жай бейне емес, ұғып ал! 
18 оқушы: Кҿгілдір түс аясы - 
Бейбіт дала елесі.  
Шаңырақ - жұрт панасы,                                   
Уықтар - күн сҽулесі. 
19-оқушы: Сүйсіндірген ҿзіңді                                                                
Түсіне біл таңбаны:  
Аңызда ұшқыр, тҿзімді  
Пырақ халық арманы. 
20-оқушы:  Жоғарыда түсер кҿз 
Бес тармақты жұлдызға.     
Ал «Қазақстан» деген сҿз  
Таныс барлық ұл-қызға. 
Мағыналы, сымбатты. 
Бар осындай белгіміз - 
Маған, саған қымбатты                   
Елтаңбамыз ол біздің. 
Ән: «Балдырғандар жыры» 
Рәміздер  біз  ҥшін  биік,  біз  ҥшін  қастерлі.  Бұл  рҽміздерде  талай  жылғы  тарихтар  жатыр. 
Авторлар бұл тарихтың бҽрін кҿрсете, жаза, енгізе білген. 
- Балалар күнделікті ҿмірде қандай жерлерде мемлекеттік рҽміздерді кездестірдіңдер? 
Елтаңбаны  азаматтардың  тҿл  құжаттарында,  туу  туралы  куҽлікте,  орта  мектепті  бітіру  туралы 
аттестатта,  жоғарғы  білім  дипломында,  мемлекеттік  наградаларда,  тҿл  теңгелерімізде  жҽне  пошта 
маркаларында, мемлекеттік мекемелерде мемелекеттіліктің белгісі ретінде бейнеленеді. 
- Ҽнұран қай уақытта орындалады? 
Салтанатта  жиындарда,  мҽжілістерде,  еліміздің  ҿмірінде  маңызда  орын  алған  оқиғаларға 
арналаған ескерткіш орнатылғанда, шет елдердің басшыларын қарсы алып, шығарып салғанда ҽнұран 
ҽуенімен құрмет кҿрсетіледі. Біз рҽміздерімізді ҽрқашанда биікте ұстаймыз. Рҽміздер  - бүлар біздің 
еліміздің, Қазақстанымыздың, яғни Республикамыздың бет айнасы. 
Қазақстан жалауы: 
21 - оқушы: Жалауымда кҿгілдір:  
Күн күледі тҿгіп нұр...  
Қырын - бейне-     
Қанатты, 
Кҿкке самғар –  
Елім бұл!  
Еліміз байтақ, іргелі,  
Қуатты да жүлделі...  
Аспандаса жалауым,  
Аласартар кім мені?! 
Мемлекеттік елтаңба 
22 оқушы: Мойытпады сан сынақ,  
Нұрын шашты таң шуақ:  

 
278 
Біз аңыздан,  
Шындық боп,  
Жаралғанбыз жарқырап!...  
Тарихым - жыр...  
Тілім де,  
Ұмтыл танып, білуге: 
Әнҧран 
9-оқушы:  Ҽні- 
Сҿзбен толығып, 
Маздар бойда мол үміт: 
Намыс жігер жүптасқан, 
Ол - ҽнұран, 
Зор рух! 
Отай жанып жанарым, 
Одан қуат адамын.... 
Ҽнұран- 
Ол тынысы, 
Кең жазира даламның. 
Қастерлемас- 
салтын кім?! 
Ҽнұраны елімнің: 
Үні, 
Тілі - халқымның!  
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  нышандары  туралы  «Қазақстан  Республикасының 
Конституциялық Заңы» бар (1996 ж. 24 қаңтарда қабылданған).                                                                 
;
 
10 оқушы: Елтаңба, ту, Ҽнұран - 
Жұртты оятар қалғыған.... 
Буырқанған қайрат - күш, 
Намыс, жігер - тҽн буған! 
Сҽлем хаттай - 
Ол маған, 
Болашаққа жолдаған...   
Рҽміздері елімнің 
Ата заңмен қорғалған....  
(«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нышандары туралы» Заң баптарына тоқталу) 
Мҧғалім:      Астана,  Ақорда  2006  жылғы  қаңтардың  7-  сінде  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  1996  жылғы  24  қаңтардағы  «Қазақстан  Республикасының  мемелекеттік  нышандары 
туралы» конституциялық заң күші бар жарлығына ҿзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 
Тҽуелсіздік кҿркі ол 
Ҿркениет ҿрінде. 
Нұр тҿгеді рҽміздер 
Ақ Орданың тҿрінде  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет