Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет2/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

С.Т. Нҧрманова 
 
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЕЛІМНІҢ – ТҦҒЫРЫ» 
 
ӘОЖ  371:78.01:943.42 
 
Тҽуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар 
рухының  жемісі.  Сондықтан  да  біз  үшін  Тҽуелсіздік  күні  –  ең  қастерлі  күн.  Еліміз  тҽуелсіздігін 
жариялап,  дербес  мемлекет  ретінде  ҽлемге  танылды.  Елбасының  «Қазақстанның  тҽуелсіздігі 
қазақтарға  тартқан  тағдырдың  сыйы  емес,  ҿзінің  ежелгі  жерінде  қилы  кезеңді  бастап  кешу  арқылы 
қол жеткен ҿз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз жҽне саяси фактіге ешкім күмҽн 
келтірмеуі  тиіс»,  -  деп  атап  кҿрсетуінде  үлкен  мағына  жатыр.  Осы  жылдар  ішінде  елімізде  қыруар 
істер  атқарылды.  Атап  айтсақ  тарихи  жеріміздің  шекарасы  халықаралық  шарттарға  сай  бекітілді. 
Мемлекеттік рҽміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз жҽне Сарыарқаның кең жазық даласында 
барша  елдің  ҿзінің  тез  кҿркейіп  ҿсуімен  таң  қалдырып,  жаңа  Астанамыз  дүниеге  келді.  Ҽлемдік 
қауымдастық  алдында  «Қазақстан  Республикасы»  деген  асқақ  рухты  ел  екенін  мойындаттық.  Ел 
экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мҽдени, рухани даму деңгейі белеске кҿтерілуде. Ҿзіне тҽң 
барлық  институттары  бар,  ҽлемдік  қауымдастықтың  ықпалды  мүшесі  болып  табылатын  Тҽуелсіз 
мемлекет құрылды.  Жыл сайынғы ел Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған 
мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын 
жақсартып,  тҽуелсіздігімізді  нығайтуға  бағытталды.  Елбасы  ҿз  Жолдауында  ішкі  саяси  мен  ұлттық 
қауіпсіздіктің  2020  жылға  дейінгі  негізгі  мақсаттары  қоғамда  келісім  мен  тұрақтылықты  сақтау,  ел 
қауіпсіздігін нығайту екенін атап ҿтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рҿл 
атқарылатынын,  құқық  қорғау  жүйесін  реформалау  бойынша  құқық  қорғау  органдары 
функцияларындағы  орын  алған  жағымсыз  факт  орлардан,  сондай-ақ  құқық  қорғау  жүйесі 
қызметіндегі  мҿлдірлік  пен  бақылаудың  жоқтығынан  туындаған  проблемалардан  арылудың 
қажеттігін атап кҿрсетті. 
Елбасы ҿз Жолдауында құқық қорғау жүйесін реформалаудың бағыттарын кҿрсетіп берді, олар 
-  құқық  қорғау  жүйесін  оңтайландыру,  ҽрбір  мемлекеттік  органның  нақты  құзыретін  белгілеу, 
заңдарды  ізгілендіре  отырып,  сапасын  арттыру,  құқық  қорғау  жүйесінің  қызметінде  ішкі 
ведомстволық  мүддеден  азаматтардың  құқық  пен  мемлекеттің  мүддесін  қорғауға  ауыстыру. 
Парламенттік жҽне қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету, құқық қорғау органының қызметінде 
есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру. Сондай-ақ, қазіргі күнде жүзеге асырылып отырған қамауға 
алу,  үйде  қамауда  ұстау  түріндегі  бұлтартпау  шараларын  қолданудың  сотқа  берілуі  азаматтардың 
конституциялық  құқықтарының  сақталуының  кепілі  болып,  сот  жүйесінде  қолдануда  жақсы 
қорытындыларын кҿрсетуде. 
Жолдауда  айтылған  бағыттарды  жүзеге  асыру  сот  жүйесіне  деген  халықтың  сенімін  арттыру 
біздің  міндетіміз.  Қазақ  елі  бір  тудың  астына жиылып,  біртұтас  ел болуды армандаған казақ  елінің 
ұлы ұлдары - Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедов, Ҽлейхан Бҿкейханов жҽне 
тағы басқалар бар еді. Олар қазақ елінің тҽуелсіздігі үшін ҿмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман 
тілегі  аспай  қалғанымен,  ұлттық  сананы  оятуда  қазақ  тарихында  рухани  түрткі  болды.  Олар  қазақ 
елінің болуы мен ҿркениеті ел қатарына қосылуын қалады. 
Қазақ халқы не кҿрмеді? Ҿткен ғасырдың басында саны 1,5 млн-дай Қытай, Ауғанстан, Түркия 
шекара  асты.  1928-1955  жылдары  зиялылар  репрессияға  ұшырады.  Қазақстың  саны  үш  есеге  дейін 
кеміп,  1  млн-ға  дейін  азайды.  Одал  қалды  Ұлы  Отан  Соғысы  жылдары  700  мыңдайы  ҿз  еліне 
оралмады. 
Адамзаттың жылдар бойы даму тарихында жер үшін, тҽуелсіздік  болған қантҿгіс соғыстар кҿп 
болды. Соның нҽтижесінде талай мемлекекеттің аумағында ҽлем картасына түзетулер енгені белгілі. 
XX ғасырдың соңында ҽлем картасы тағы да ҿзгеріске түсті. Оған алып империя КСРО-ның күйреуі 
себеп  болы,  осы  қираған  жұртта  тҽуелсіз  жаңа  15  мемлекет  орнады.  Солардың  бірі  Еуразия 
құрлығының орталығында орналасқан Қазақстан Республикасы Қазақстан компартиясының орталық 
комитетінің V пленумында соншама қысқа, бар болғаны 18 минуттың ішінде Д.А. Қонаевты орнынан 
алу  мҽселесі  шешіліп,  оның  орнына  бұрын-сонды  Қазақстанда  қызмет  атқармаған  жҽне  республика 
тұрғындарының кҿпшілігіне беймҽлім Г.В. Колбин сайланды. Орталықтың бұндай басшылығын қазақ 
халқы  1927-1937  жылдары  елбасына  бұратана  елдің  адамын  басшылыққа  алып  келсе  қалай 
болатынын  жҽне  қандай  күйді  басымыздан  ҿткізіп,  барымыздан  айырылғанымыз  ұмытылмаған  еді. 
1986 жылы 16 желтоқсан күні Алматы да жаппай толқу басталып, кейінірек республиканың басқа да 

 
10 
қалаларын қамтыды. 1986 жылы 16 желтоқсандағы тҽуелсіздік үшін ҿздерінің жас ҿмірлерін «Еркек 
тоқты  құрбандық»  деп  қиған  Қайрат  ұлдарын,  Лҽззат  сынды  қыздарын,  қаншама  жазықсыз  жапа 
шегіп, ҿмірлерін қиған ұл-қыздарын сот жылдарды құрбан болған жастарды жиі еске алып, арамызда 
жүргендерге,  рахмет  десек  артық  болмас  еді.  Бұрынғы  ҿткен  заманда  бабамыз  Абылай  армандаған 
қазақтың  сарыарқадай  сайын  даласының  Есіл  жағасына  ел  қондырсам  деп  еді,  елімді  -  жерімді 
біртұтас  жүз-жүзге  бҿлінбейтін  мемлекетке  айналдырсам  деген  арманай,  еліміздің  Президенті 
Нұрсұлтан Ҽбішұлы Назарбаев жүз-жүзге бҿліндірмек тұрмақ, 130-дан астам ұлтты ұйыған айрандай 
бірлікпен жүзеге асырып, мемлекетімізді бейбітшілікте  басқарып отры.  
Біз  білсек  қазір  қой  үстінде  бозторғай  жұмыртқалаған  заманда  ҿмір  сүріп  жатырмыз.  Бұл  кез 
келген мемлекеттің жете бермейтін жетістігі.  
Бұл «Мың ҿліп, мың тірілген» қазақ халқының сан ғасырлық аңсаулы асыл арманы еді. 
Тҽуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тҽуелсіздікке қантҿгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен 
кейін ғана елімізді ҽлемнің ҿркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тҽуелсіз 
Қазақ  елін  қалыптастырып,  нарыктың  қиын  ҿткелдерінен  аман  ҿткізіп  келеміз.  Осы  кезенде 
Қазақстанды  дүние  дидарындағы  ең  мықты  мемлекеттер  танитындай,  сыйлайтындай  деңгейге 
жеткізген  тұңғыш  Нұрсұлтан  Назарбаевтай  кҿрген  саясаткердің  ерен  еңбегін  дҽл  бүгін  жҽне 
ҽрқашанда  айтып  ҿтеміз.  Тҽуелсіздік  күні  еліміздінң  барлық  азаматтары  үшін  орны  ерекше  мереке 
деп  білеміз,  себебі,  осынау  жүрекжарды  қуанышқа  толы  күнді  ата-бабаларымыз  ғасырлар  бойы 
армандады,  күтумен  ҿтті.  Еліміздің  дербес  мемлекет  ретінде  даму  азаматтарымыздың  саяси, 
ҽлументтік  құқығын  жан  -  жақты  қамтамасыз  еткенін  ерекше  атап  ҿтуге  тиіспіз.  Тоталитарлық 
жүйедегідей бүгінде ешкімде кҿзқарасы  немесе позициясы үшін қуғын-сүргінге ұшырату жоқ.  
Қазіргі таңда еліміздің кез келген  азаматы заңның аясында еркін қызмет ете алады. Сонымен 
қатар,  ҿз  ой-пікірін,  ұсыныстарын  білдіруге  құқылы.  Себебі,  еліміздін  конституциясы  бойынша 
цензураға  тыйым  салынған,  сҿз  бостандығына  кепілдік  берілген.  Тҽуелсіздігіміздің  ең  бір  маңызды 
бҿлігінің  ҿзі  осы  деп  білемін.  Сҿз  бостандығы  азаматтарға  ерекше  міндет  пен  жауапкершілік 
жүктеумен  қатар  заңмен  үйлестірілген  белгілі    шектеулерді  де  алға  тартады.  Мұнын  мҽні  ҿзгенің 
құқығын, атақ - абройын, бет - беделін құрметтеу, елдің қауіпсіздігін, қоғамдық тҽртіпті қамтамасыз 
ету,  халықтың    денсаулығы      мен  имандылық  үрдістерін  қорғауда  жатыр.  Сонымен  қатар,  оның 
жауапкершілік,  ақиқат  кҽсіби  этика,  моральдық  құндылықтар  сынды  ұғымдар  аясында 
қарастырылатындығы  белгілі.  Азаматтардың  ҽлеуметтік  тегіне,  ұлтына,  діни  сеніміне  қарай 
кемсітуге,  ҿзара  жауластыруға  немесе  қайсы  бірінің  артықшылығын  насихаттауға,  үгіттеуге  сҿз 
бостандығы жол бермейді. Біздін баспасҿзде ондай заңсыздықтар жоқ. 
Міне,  елімізде  жыл  сайын  16  желтоқсанда    1986  жылғы  желтоқсан  оқиғасына  қатысқан, 
тоталитарлық  режимге  қарсы  тұрған  демократия  орнатушы  күштердін  күні  ретінде  аталып  ҿтуде. 
Желтоқсан оқиғасы Кеңес  одағының іргетасын шайқалтып, ерекше бір ҿзгеріске серпіндік жасады. 
Яғни  қалғып  қалың  ұйқыға  кетіп  бара  жатқан  халықты  оятқандай  болды.  Сол  күндерде  еліміздің 
бірқатар  жоғарыоқу  орындарының  басшылар,  оқытушылары,  мен  студенттер,  жұмысшылар 
құрлысшылар  ҽртүрлі  қудалауға  ұшырап,  жазықсыз  жала  жабылды.  Желтоқсандағы  жастардың 
наразылығы  -  саяси  кҿзқарас  деп  айтуға  келмейді.  Бірақ,  Орталықтың  басшыларына  білдірген 
қарсылық жҽне де тоталитаризімге қарсы үн қату болып табылады. Осы бір желтоқсанның ызғарлы 
желі  талай  халықтың  санасы  мен  намысын  оятты,  қазақ  халқы  ғасырлар  бойы  күресіп  келе  жатқан 
тҽуелсіздікке жол ашты деп айтуға болады. Уақыт деген зымырап ҿтіп барады. Желтоқсан оқиғасына 
қатысқандар үшін бұл күн ҽлі олардың есінде, үні кеше ғана болған оқиға. Осы қуанышты күнге жету 
үшін  талай  қиындықтарды  бастан  кешірдік.  Ата-бабамыз  армандап  кеткен  тҽуелсіздігіміздің  құнын 
ұмытпайық. Тҽуелсіздік жолында құрбан болған бабалары мен қыршын жастар рухы ҽрдайым қолдап 
жүрсін демекпін. Тҽуелсіздік - ҽрбір мемлекеттің атрибуты десек, ал бостандық, азаттық пен еркіндік 
сол мемлекеттің ҽрбір мүшесінің асқақ арманы мен ҿмір сүру тҽсілі екені аян. Қазақ мемлекеттілігі 
бүгінгі Тҽуелсіздікке кейбіреулер ойлағандай КСРО  - ның күйреуінің нҽтижесінде ғана жеткен жоқ. 
Оның  тамыры  тереңде  жатыр.  Себебі,  тҽуелсіздік  үшін  күрес  кеше  ғана  басталып,  бүгін  аяқталған 
жоқ.  Бүгінгі  Қазақстан  аумағын  ежелгі  замандардан  бері  мекендеген  тайпалар  мен  ұлыстардың 
кезінен бастап - ақ ұлан дала үшін, оның кеңістігі мен ҽрбір сүйем жері үшін қан тҿгіп, жан алысқан 
күрестер болды. Біздің бүгінге дейінгі тарихымыз Еуразия  тҿрінен ойып тұрып орын алған жеріміз 
үшін,  еліміз  үшін,  келешек  ұрпақ  үшін  ұлт  -  азаттық  күрестерге  толы  болатын.  Тҽуелсіздікке  қол 
жеткізер  алдында  Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде  даму  мүмкіндігі  күмҽн  келтіргендей 
болжамдар  негіз  болғаны  белгілі.  Қоғамдағы  тұрақтылық  пен  келісімге,  халықтың жоғары  сеніміне 
сүйене  отырып,  Елбасының  батыл,  жедел  экономикалық  реформаларға  саналы  түрде  бел  буғаны 
Қазақстанның  жоспарлы  басқарудан  нарықтық  экономикаға  кҿшудің  күрделі  ҿтпелі  сатысынан 

 
11 
кҿршілерінен  ҽлдеқайда  ерте  жҽне  табысты  ҿтуіне  мүмкіндік  берді.  Президент  осы  жылдар  ішінде 
тҽуелсіз  Қазақстанның  сатылы  дамуының  «Жол  картасы»  болып  табылатын  нақты  жҽне  тиімді 
«Қазақстан – 2030» стратегиясын ұсынды. Содан бері, ҿткен жылдар ішінде елімізде жасалып жатқан 
кҿптеген істер ақиқаттың айғағы деп айтуға болады. 
1991  жылғы  16  желтоқсаннан  бері  Қазақстанның  жаңа  тарихы  басталып,  оның  20  жылдығын 
биыл тойлағалы отырмыз. Бұдан былайғы тағдырымызды шешкен осы күні қабылданған «Қазақстан 
Республикасының  Тҽуелсіздігі»  туралы  Конституциялық  заңда  республиканың  Жоғарғы  Кеңесі, 
халықтың  еркін  білдіре  отырып,  салтанатты  түрде  еліміздің  мемлекеттік  тҽуелсіздігін  жариялады.   
Мемлекетті  құру  үдерісі  ешқашан  тоқтамақ  емес.  Қазіргі  ҿмір  бізден  кейбір,  соның  ішінде 
конституциялық  ҿзгерістерді  талап  етуі  мүмкін.  Тҽуелсіз  қазақ  елі  халқымыздың  игілігіне,  тҽуелсіз 
еліміздің  бейбітшілік  пен  келісіміне  береке  жҽне  ҿркендеу  жолымен  одан  ҽрі  дамуына  қызмет  ете 
береді. 
Осы үстіміздегі жыл - Қазақстан Тҽуелсіздігінің 20 жылдығын атап ҿтетін болады. Осы тарихи 
күннің  маңызын  сезіне  отырып,  біз  қазақстандықтарды  барлық  күш  -  жігерін  мемлекеттілікті, 
қоғамдағы  бірлік  пен  келісімді  нығайту  үшін  жұмсауға,  елді  жаңғыртуға  аса  белсенділікпен 
қатысуымыз  қажет.  Қазақстан  Республикасының  ҿсіп  -  ҿркендей  беруіне  ат  салысу  ҽр  Қазақстан 
азаматының Отандық борышы ! 
Ата  -  бабаларымыз  сан  ғасырлар  бойы  аңсаған  тҽуелсіздікке  қол  жеткізіп,  егеменді  ел 
болғанымызға, етек - жеңімізді жинап, ҽлемнің азулы елдерімен терезесі тең мемлекет құрғанымызға, 
еліміздің  дербес  мемлекет  ретінде  тұғырын  тіктегеніне  міне,  биыл  20  жыл  толды.  Осы  бір  тарихи 
кезеңнің қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екендігі айтпаса да түсінікті. Тҽуелсіздік туын 
тігуге  қаншалықты  күш-жігер  керек  болса,  оны  құлатпай  сақтап  қалуға  соншалықты  қажыр-қайрат 
қажет болғаны белгілі. Ҿзінің бостандығы мен тҽуелсіздігі жолында ұлт-азаттық кҿтеріліске шығып, 
тоталитарлық  жүйенің  темір  құрсауын  сетінеткен  қазақ  жастарының  желтоқсан  қозғалысы  ел 
тарихының  ең  қастерлі  парақтары  ретінде  ҽрқашан  жадымыздан  ҿшпек  емес.  Бұл  сҿз  жоқ, 
тҽуелсіздікке қарай батыл қадам бастап берген оқиға болды. 
Ел  тҽуелсіздігін  нығайтып,  баянды  етуде  прокуратура  органдарының  да  қосып  отырған  үлесі 
ересен. Осы тұста сҽл шегініс жасап, ҿткенге кҿз жіберсек, жалпы Қазақстан аумағында прокуратура 
құрылымы  1922  жылдан  қалыптасқан.  Кеңес  Одағының  құрамындағы  Қазақстан  прокуратурасы, 
оның ішінде Атырау облысының прокуратурасы ұзақ та, қиын жолдан ҿтті. Ҽр заманның саясатына 
сай заңгерлер де еліне адал қызмет етті. 
Белгілі  мҽліметтерге  қарағанда,  Қазақ  КСР  -  нің  алғашқы  прокуроры  жерлесіміз  Шафхат 
Бекмұхамедов болған. Сондай - ақ, отызыншы жылдардың басында жерлесіміз Боран Айтмағанбетов 
те  қазақ  елі  прокуратурасын  басқарған.  Осылайша,  атыраулық  заңгерлер  еліміздің  бас  қадағалау  
органының  ҿркен  жаюына  сүбелі  үлестерін  қосқан  еді.  Қазақстанды  жоғары  дамыған  мемлекеттер 
деңгейіне  жеткізу  үшін  прокуратура  қызметкерлері  тҽуелсіздіктің  алғашқы  қиын  жылдарында  да 
аянбай  еңбек  етті.  Соның  ішінде,  прокурорлық  қадағалаудың  барлық  бағыттары  бойынша  Атырау 
облыстық прокуратурасы да қызметін абыройлы атқарды жҽне атқарып келеді.  
Тҽуелсіздік жылдарында облыс прокуратурасының басқару тізгінін ұстаған Қабдығали Ахметов 
(1991-1994  жылдар),  Мағдан  Есімов  (1994-1996  жылдар),  Бақытбек  Ерғалиев  (1994-1999  жылдар), 
Мұқтар Жҿргенбаев (1999-2003 жылдар) жергілікті прокуратура қызметкерлерінің қызмет жасауына 
қолайлы  жағдай  жасап,  прокуратура  кеңсесін  салып,  кеңейтуге,  заманауи  құрал-жабдықтармен 
жабдықтауға,  жас  кадрлармен  нығайтуға  айтарлықтай  үлестерін  қосты.  Осы  тұста  облыстық 
прокуратура  органдарында  ұзақ  жылдар  бойы  ҿзінің  қызметтік  борыштарын  адал  атқарған,  қазір 
ортамызда  жоқ  Қазақстан  Республикасына  еңбегі  сіңген  заңгерлер  Бисенбі  Бисенқұлов,  Сатан 
Шҿреевтің де есімдерін атап ҿту лҽзім. 
1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ―Қазақ КСР прокуратура органдарының тҽуелсіздігін 
қамтамасыз ету, олардың біркелкі жүйесін құру туралы‖ қаулысымен Қазақстанның Бас прокурорына 
бағынатын  прокуратура  органдарының  біртұтас  жүйесі  ҿмірге  келді.  Сол  жылдан  бері  прокуратура 
қызметінде  талай  ҿзгерістер  болды.  Елдегі  ҽлеуметтік  жағдай,  заңдағы  ҿзгерістерді  жүзеге  асыру, 
қоғамның  жоғары  құндылығы  ретінде  ҽр  адамның  құқын  қорғау  прокуратура  органы  қызметінің 
басты  бағытына  айналды.  Жылдар  ҿткен  сайын  прокурорлық  қадағалау  одан  ҽрі  дамыды  жҽне 
прокуратура органдары жүйесі реформаланды. Елімізде құқықтық мемлекет құру жолындағы бағыт 
ҿз  нҽтижелерін  бере  бастады.  Осы  жылдар  ішінде  Қазақстан  еңселі  мемлекет  болып  қалыптасты. 
Еліміз  ҽлемнің  алдыңғы  қатарлы  елдерімен  иық  теңестіретін  дҽрежеге  жетті.  Еліміздің  осындай 
дҽрежеге жетуіне прокуратура органдарының қосқан үлесі ҿлшеусіз зор.  

 
12 
Мемлекетіміздің  құқықтық  жүйесінің  қалыптасуына,  Ата  Заңымыздың,  ҿзге  де  заңдардың, 
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының орындалуын қамтамасыз етуде, азаматтардың 
құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғап,  халықтың  арыз  -  шағымдарын  қарауда  еңселі  белестерден 
кҿрініп  келе  жатқан  прокурорлардың  иықтарына  түсіп  отырған  жауапкершілік  жүгі  ҿте  ауыр. 
Азаматтар  құқықтарын  жемқорлардың  аяққа  таптауына  жол  бермеу,  заңдардың  қолданысын  үзбей 
қадағалап  отыру,  бір  сҿзбен  айтқанда,  қоғамда  қылмыскерлердің  емес,  заңның  үстемдігін  орнату 
біздің алдымызда тұрған ұлы мақсат болып табылады. 
Бүгінде  Егемен  Қазақ  елінің  кҿп  ұлтты,  тату  -  тҽтті,  ынтымақ  сүйгіш  халқы  бар.  Қуатты 
экономикасы, сенімді саяси жүйесі, ең бастысы - бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол 
күнге деген берік сенім, жарқын үміті бар деп толық айта аламыз. 
_________________________________ 
1.Назарбаев  Н.Ҽ.  Қазақстан  Республикасының  Президентінің  Қазақстан  халқына    жолдауы.    – 
Астана.-  2006 ж. 
2.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – Астана 2006 
3.«Егемен Қазақстан» 21маусым   11 6. 2011 ж 
4.Алтын орда газеті №20 19б. 19 мамыр 2011ж 
5.«Ақ жол» №189-190 (17.480-481) 2011ж. 
6.«Тҽуелсіздіктің шежіресі» І-том 2008ж. 
7.«Қазақстандағы президенттік билік»., Астана 2010 
.8.«Тҽуелсіз мемлеметтің негізін қалауы» ., Алматы 2010ж 
9.«Тҽуелсіз Қазақстан»., Алматы 2010ж. 
10.«Қазақтың желтоқсаны», 2006ж. 
 
 
Г.А. Шоненова, Ж.А. Байжанова 
 
ТӘУЕЛСІЗДІК - ҚАСИЕТ ТҦНҒАН ҦЛЫ ҦҒЫМ 
 
ӘОЖ 574.94 
      Ш 75 
                                                 Отан – анам. Отаным,                                                                                          
сенен аяр жаным жоқ,  
                                                                                            сенен іскер күшім жоқ 
                                                                                                                   М.Әуезов 
 
Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған Тҽуелсіздік күні Отанымыздың ҽрбір азаматы үшін 
қастерлі мереке, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы 
армандады,  күтумен  ҿтті.  Тҽуелсіздік  -  ең  алдымен  қазақ  халқының  бостандыққа  ұмтылған  асқақ 
армандары мен қайсар рухының жемісі. Тҽуелсіздік – ту, тҽуелсіздік – ауа, жер, су, тҽуелсіздік – ел 
дҽулеті.  
Тҽуелсіздік  –  1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасында  алаңға  шыққан  жастардың  ерік-жігері,  ең 
алдымен  барша  қазақстандықтардың  арман-мұратының  салтанат  құруы.  Желтоқсан  оқиғасы  Кеңес  
одағының іргетасын шайқалтып, ерекше бір ҿзгеріске серпіндік жасады. Қалғып қалың ұйқыға кетіп 
бара жатқан халықты оятқандай болды. Осы бір желтоқсанның ызғарлы желі талай халықтың санасы 
мен  намысын  оятты,  қазақ  халқы  ғасырлар  бойы  күресіп  келе  жатқан  тҽуелсіздікке  жол  ашты  деп 
айтуға болады.  
Тҽуелсіздік алу бар да, мемлекет болу бар. Мемлекеттілік дегеніміз басымызға қонған сый деп 
қана емес, сын деп те қарау. Бүгінде дүние жүзінде мыңдаған халық бар болса, солардың екі жүздейі 
ғана  ҿз  алдына  мемлекет  болып  отыр.  Ҿз  алдына  отау  тіге  алмай  арманда  жүргендердің  ішінде 
халқының саны 30 млн. адамнан асатын ұлттар да бар. Сондықтан осыдан 20 жыл бұрын алған тҽуел-
сіздігіміздің қазақтың басына қонған бақ екенін түсінуіміз керек.  
Міне,  биыл  тҽуелсіз  ел  атанып,  кҿк  туымызды  кҿкке  желбіреткенімізге  жиырма  жыл  болды. 
Жиырма  жыл,  тарихпен  есептегенде  теңізге  тамған  тамшыдай  ғана.  Бірақ  осы  жиырма  жыл  ішінде 
қазақ  халқының  ұлттық  санасы  жаңғырып,  ҿзін  -  ҿзі  тану,  ҿзінің  бай  ежелден  қалыптасқан  тарихы 
мен  ұлттық  дҽстүрлерін  құрметтеу,  ұлы  тұлғаларын  бүкіл  дүниеге  таныту,  бай  рухани  қазынасын 
ҽлемдік ҿркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды. 

 
13 
«Тҽуелсіздік  бізге  не  берді?»  деген  сұраққа  қайтарар  жауабымыз  баршылық.  Тҽуелсіздік  бізге 
шексіз мүмкіндіктер берді, біз тҽуелсіздіктің арқасында ҽлемнің құрамдас бір бҿлігіне айналдық. Ел 
экономикасында батыл да жүйелі, жігерлі де жедел ҿзгерістер жүргізуді ҿмірдің ҿзі талап етті. Бұл 
ретте экономикамыз бен адамдарымыздың ҿмірінде тоталитарлық жүйенің сарқыншақтарынан батыл 
арылу, дамуымыздың жолын айқындау жүзеге асырылды. Тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық 
шарттарға  сай  бекітілді.  Мемлекеттік  рҽміздеріміз,  Ата  заңымыз,  ұлттық  валютамыз  жҽне 
Сарыарқаның  кең  жазық  даласында  барша  елдің  ҿзінің  тез  кҿркейіп  ҿсуімен  таң  қалдырып,  жаңа 
Астанамыз  дүниеге  келді.  Ҽлемдік  қауымдастық  алдында  «Қазақстан  Республикасы»  деген  асқақ 
рухты  елдің  бар  екенін  мойындаттық.  Ең  бастысы,  қазақ  халқымен  бірге  ҽр  түрлі  этностардың  да 
отаны  болып  табылатын  біздің  еліміз  бүкіл  ҽлемге  қоғамдағы  татулық  пен  ынтымақтастықты 
сақтаудың,  ҽр  түрлі  ұлттық  мҽдениеттер  мен  діндердің  үйлесімді  дамуына  қамқорлық  жасаудың 
жарқын үлгісін кҿрсетіп берді.  
Географиялық,  аумақтық  жағынан  алғанда  жер  кҿлемі  жҿнінен  Қазақстан  дүние  жүзінде 
тоғызыншы орын алатындығы талай адамды тамсандырмай қоймайтын еді. Қос құрлықты  – Еуропа 
мен Азияны алып жатқан біздің Отанымыз ҿзінің табиғи байлығымен ғана емес, сондай-ақ байырғы 
қазақ  жерінде  алуан  түрлі  ұлттар  мен  ұлыстар,  тілдер  мен  діндер  ҿкілдері  ешқандай  қақтығыссыз, 
қағажу кҿрмей, тату-тҽтті, достастық, туыстық жағдайында ҿмір сүріп жатқандығы ҿзге елдердің қай-
қайсына да ҿнеге боларлық қоғамдық негізде топтасудың толыққанды үлгісі. 
Еліміздің  ұлы  тарихына,  ата-баба  рухына,  аға  ұрпақтардың  қаһармандық  ҿмір  жолына 
құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрмет сезімін ҽкелетін бүгінгідей мереке 
күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш ҿмірінің негізін қалау үшін қазір де 
бұл  бағыттағы  іс-ҽрекетті  жалғастыру  керек.  Уақыт  деген  зымырап  ҿтіп  жатыр.  Қоғамдық  ҿмір 
сабақтары  мен  Отанымыздың  мүддесі  қазіргі  таңда  патриоттық  дҽстүрге  сай  келе  жатқан  жаңа 
талаптарды қойып отыр.  
Осыған байланысты ҽрбір қазақстандық ҿзіне-ҿзі тҽуелсіздік маған не берді деп қана емес, мен 
тҽуелсіз  Қазақстанға  не  бердім  деген  де  сауалды  қоюы  керек.  Ҿйткені,  ел  ортақ  болған  соң,  елдің 
тағдыры  ортақ.  Мемлекет  тек  ҿзінің  азаматтарының  арқасында  ғана  ҿркендей  алады.  Баршамыз 
еліміздің кҿркейіп-ҿсуіне ҿз үлесімізді қосуға талпынуымыз тиіс: адал еңбекпен, тҽуір оқумен, берік 
иманмен,  ізгі  жетістіктермен.  Тҽуелсіздік  тұғырының  биіктей  түсуіне  қолдан  келген  бар 
жақсылығымызды жасай білуіміз тиіс. 
Тҽуелсіздік  сияқты  ұлттық  мерекені  бүгінгі  жастарымыз  жанындай  сезінуі  керек.  Ҿйткені, 
жастар  жасампаздықты  жалғастырушылар.  Олардың  алдында  осыдан  бұрын  басталған  Жаңа 
Қазақстанның  болашақ  шежіресін  жазу  міндеті  тұр.  Жастар  –  экономиканы,  ғылымды,  мҽдениетті, 
кҿтеріп,  дамытуы  тиіс.  Қазір  біздің  мемлекетіміз  не  істесе  де,  не  атқарса  да  –  бҽрін  ел  болашағы 
жастарға  арнап  жатыр.  Демек,  бүгінгі  жас  ұрпақ  туған  Отаны  Қазақстан  оттан  да  ыстық  екендігін 
білулері тиіс. Тҽуелсіздік – біздің бақыт. Мұны бүгінгі ұрпақ түсінбеу мүмкін емес. Еліміздің рухани 
мҽселесіне  келер болсақ,  ол  бір  сҽтте  бола  қоймайды.  Рухани  дүниенің  байыбына жету  үшін  үлкен 
парасаттылық, зор еңбек, терең түсінік керек. 
1986-жылдың  Желтоқсаны  қазақ  халқының  ұлттық  сезімінің  ҿсуіне  айрықша  ықпал  етті, 
қазақтың ҿзін-ҿзі тануын, ұлттық мақтаныш пен тҽуелсіздік туралы ұғымын түбірімен ҿзгертті. Бұл 
күн  -  жалынды  жастарымыздың  тҽуелсіздік  кҿксеген  рухы  алаулаған  күн!  Бұл  күн  -  азаттық  үшін 
алысып,  намыс  үшін  шабысып,  басты  бҽйгеге  тіккен  күн!  Сондықтан  да,  бұл  күн  ешқашанда 
ұмытылмақ емес, қандай жағдайда да болсын, атаусыз қалмақ емес. Олай болса, жарқын болашақтың 
беташары болған Желтоқсан еліміз бен жеріміз үшін, халқымыз үшін маңызы зор тарихи белес.  
Ата-бабаларымыздың алдында тҽуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда 
оны  нығайта  түсу  міндеті  тұр.  Тҽуелсіздікке  жету  жолы  қаншалықты  ауыр  болса,  тҽуелсіздікпен 
тыныстаудың баяндылығы  да  соншалықты жауапты  екені анық.  Сол себепті  де  қолдағы  алтынның, 
жақсылықтың қадірін түсініп, қадірлей білейік! 
_________________________ 
1.Ҽ.Кекілбайұлы «Азаттықтың ақ таңы»//Алматы «Қазақстан». - 1998.  
2.Тҽуелсiздiк бiзге не бердi?//Егемен Қазақстан. - 2006. 
3.С.Абдрахманов «Ежелден ер деген даңқымыз шықты ғой, Намысын бермеген қазағым мықты ғой!» 
// Егемен Қазақстан. – 2006 
4.Т.Молдағалиев «Мен – қазақпын, ҿз халқымды мақтан етемін!» «Егемен Қазақстан». - 2006 жыл.  
 
 
 

 
14 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет