Тарих – история – history әож 378: 001



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#6097
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31

 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.  «Қазақстан  Республикасының  Әскери  доктринасын  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Президентінің Жарлығы. 1993, 11 ақпан. – №1094.  
2. ҚР ҚМ ресми сайты. Баспасөз қызметі. – http: // www. mod. gov. kz. 
3.  Әскери  доктрина.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығы.  2000,  1 
ақпан. – №334.  
4. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Өнер, 1996.  
5. Тасболатов А. Елбасы – Қарулы Күштердің негізін салушы // Егемен Қазақстан. 
2013, 29 қараша. 
6. Мансұров Т. Қазақстан-Ресей қатынастары. 1991-2001 ж.  
7. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – Алматы, 2002 ж.  
8.  Тасболатов  А.  Жоғарғы  Бас  қолбасшы  –  әскери  қауіпсіздіктің  кепілі.  –  Астана, 
2011 ж.  
РЕЗЮМЕ 
 
Сайлан
 
Б.,
 
д.и.н.,профессор 
 
(г. Алматы, КазНУ им.аль-Фараби) 
 
Становление и развитие вооруженных сил Казахстана 
 
 Статья 
посвещена  формированию  Вооруженных  сил  РК.  В  отрасли 
Государственной  политики  обеспечение  армейской  безопасности  впервые  вышел  указ 
Президента  РК  1991  года  25  октября    «Об  образовании  Государственного  комитета 
обороны  Казахской  ССР».  16  декабря  был  принят  Закон  «О  государственной 
независимости  Республики  Казахстан»,  после  этого  Президент  РК  1992  году  7  мая 
осуществил  Указ об «Создание и развитие Вооруженных Сил Республики Казахстана». 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
80 
Ключевые слова: Вооруженные силы Казахстана, СНГ, военная доктрина,  НАТО, 
Совет безопасности. 
SUMMARY 
 
B. Sailan,
 
Doctor of Historical Sciences,
 
professor 
(
Kazakh National Universety named after al-Farabi) 
A.
 
Tekeev, student(
Kazakh National Universety  al Farabi) 
 
Formation and development of the armed forces of Kazakhstan 
 
Which  established  the  rule  of  70  years  disintegration  of  the  Soviet  Union  in  the  years 
when  Kazakhstan  took  Independence  Army  went  through  difficult  times.  At  today's  20  th 
anniversary in modern demand. We can say that we are fully formed our army. In the field of 
State policy to ensure the safety of the army for the first time issued a decree of the President of 
the  Republic  of  Kazakhstan  25  October  1991  «On  the  Establishment  of  the  State  Defense 
Committee  of  the  Kazakh  SSR».  December  16  was  adopted  the  Law    «On  the  State 
Independence  of  the  Republic  of  Kazakhstan»,  he  was  discovered  as    «The  Republic  of 
Kazakhstan is obliged to build their independence and territorial integrity of the purpose of the 
Armed Forces». Thus in his personal army the right to create a Kazakh President 1992 May 7 
implemented  Decree  on  «Creation  and  development  of  the  Armed  Forces  of  the  Republic  of 
Kazakhstan». 
Keywords:  Armed  Forces  of  Kazakhstan,  CIS,  military  doctrine,  NATO,  Security 
Council. 
 
 
 
ӘОЖ 9(с)77 С 52 
 
БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЧЕХОСЛОВАКИЯ 
ҮКІМЕТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ 
 
А.М. Сманова, т. ғ. к., доцент   
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті ) 
 
Аңдатпа:  Мақалада  шетелдік,  кеңестік  және  отандық  әдебиеттерді  пайдалана 
отырып,  бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  Чехословакия  Республикасының 
құрылуы мен үкіметтің сыртқы саясаттағы жаңа қадамдары туралы баяндалады. 
Түйін  сөздер:  Австрия-Венгрия  империясы,  Жоғарғы  ұлттық  мүдде,  «чех  пен 
словак  одағы»,  кеңестік  Ресей,  кіші  Антанта,  Жоғарғы  кеңес,  социал-демократтар, 
революция. 
ХІХ  ғасырдың  20-шы  жылдарынан  бастап  бірінші  дүниежүзілік  соғыстың  соңына 
дейін чех және словак жерлері Австрия-Венгрия империясының құрамында болып, осы 
елге тәуелді болды.  
Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  Австрия-Венгрия  империясы  жеңіліске 
ұшырағаннан  кейін,  яғни  чех  пен  словак  жерлерінде  ұлт-азаттық  қозғалыстың  терең 
белең  алып  кетуінен  қорыққан  чех  буржуазиясының  біраз  белсенді  тобын  шетелде 
«қарсыласу  қозғалысы»  деген  топқа  біріктіреді.  Бұл  қозғалыстың  басында  Прага 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
81 
 
университетінің профессоры Т.Г. Масарик тұрған еді. Т.Г. Масарик АҚШ және Англия 
мемлекеттерімен  тығыз  байланыс  жасап  отырды,  яғни  олардың  негізгі  мақсаттары 
Австрия-Венгрияға  соққы  беру  болды.  Соғыс  қарсаңында  шетелге  эмиграцияға  кеткен 
Масарикке  кейінгі  жылдары  оның  шәкірттері  доктор  Э.Бенеш  пен  словак 
буржуазиясының өкілі Милан Растислав Штефаник қосылды.  
1918  жылы  1  мамыр  шеруінде  Литовск-Микулаш  қаласында  словак  халқы  өз 
ұлттық мүддесін талап етті. 1918 жылы тамыз айының 9 күні ағылшын үкіметі де осыған 
қосымша хабарламаны мәлімдей отыра, «чех пен словак халықтары одақтас» екенін, ал 
чехословак легионы «одақтық армия» екенін жариялап өтті [4, 45 б]. 
Сонымен 1918 жылы 23-26 қазанда Филадельфиядағы конгресте құрылған Орталық 
Еуропаның  демократиялық  ұйымын  құруға  Америкада  жүрген  Масарик  белсене 
атсалысты.  1918  жылы  14  қазанда  Одақтас  державалардың  үкіметіне  чехословак 
үкіметінің  құрылғандығын  Бенеш  жария  етті.  Сөйтіп  бұл  үкіметтің  Премьер-министрі 
және  қаржы  министрі  Масарик,  ал  Сыртқы  істер  министрі  Бенеш,  Қорғаныс  министрі 
Штефанник  болып  тағайындалды.  Бастапқы  кезде  олар  үлкен  күш-жігермен  бұрынғы 
Австрия-Венгрия  үкіметінен  билікті  өз  қолдарына  алуға  тырысты  [13,154].  Австрия 
үкіметі  1918  жылы  25  қазанда  Швейцарияға  К.Крамарждың  басқаруына  көшуге 
қарсылықсыз  келісімдерін  берген  болатын.  Онда  олар  чех  буржуазиясының  7  адамнан 
тұратын  Масарик,  Бенештің  өкілеттілігіндегі  делегациямен  кездесті.  1918  жылдың 
31қазанына  дейін  созылған  келіссөздер  нәтижесінде  делегаттар,  ерікті  чех  мемлекеті 
Австрия  мемлекеттік  федерациясының  ең  маңызды  және  негізгі  бөлімі  болады  деген 
шешімге тоқталды.  
1918 жылы 28 қазан күні Ұлттық Комитет өзінің 1-ші заңын жариялаған болатын, 
онда  «барлық  өмір  сүрген  жер  және  империя  заңдары  мен  басқаруды  реттеу  уақытша 
күшінде  қалды  делінген  еді.  Бұл  халыққа  өзінің  еркін  білдіретін  кейбір  әлеуметтік 
талаптарын  ұсынуға  біраз  кедергілер  әкелгені  де  рас.  Ал  1918  жылы  қазан  айының  30 
күні  Турчанск  қаласында  словак  Ұлттық  Кеңесі  жиналып,  чехтар  мен  словактардың 
біріккенін, тұтас Чехословакия мемлекеті болғандығын жариялады.  
1918  жылы  29  және  30  қазанда  Чехия,  Моравияның  және  Силезияның  неміс 
депутаттары  Дейчбемен  және  Судетенланд  провинцияларының  құрылғандығын  жария 
етті  және бұл  елді мекендерде немістердің көп тұруына байланысты оларды Австрияға 
біріктіру  қажет  деп  тапқан  болатын.  Бұл  шекаралық  облыстар  үлкен  маңызды  еді, 
өйткені өнеркәсіп күштерінің үлкен бөлігі осында орналасқан еді [21,57]. 
Бәсекелестік  мәселесінде,  дамудың  алғашқы  шарттары  қалыптасқан  капиталистік 
елдер арасында, осы кезеңдегі революциялық толқындар кедергілер туғыза бастады. Бұл 
жағдайда  Чехословакия  буржуазиясы  күшті,  жеңген  Антанта  мемлекеттерінен  қолдау 
іздеді.  Оған  қайырым  ретінде  олар  соғыс  аяғында  ұстанған  революцияшыл  жұмысшы 
қозғалысына қарсы күрес саясатын жалғастыру керек болды. Сондай-ақ бұл  жоспар ірі 
державалық  күштер  тарапынан  қандай  әрекетті  көздесе  де  соған  қолдау  етуі  чех 
буржуазиясына тапсырылды. 
Э.Бенеш  1918  жылы  3  қараша  күні  француз  үкіметімен  басқа  одақтастардың 
үкіметіне жариялаған меморандумында Чехословакияның Орталық Еуропада басшылық 
етудің  бірден-бір  мүмкіншілігі бар  аймақ  екендігіне назар  аудару  қажет  деді  немесе  өз 
аймағында «Австрия, Венгрия, Италия және Польшаға, содан кейін Ресей мен Украинаға 
тікелей  ықпал  ету»  жағдайы  бар  екендігін  ескертеді,  сондай-ақ,  Чехословакия 
Республикасы Берлиннен де қашық емес ел [1,35б.]. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
82 
Сонымен 
бірге 
Чехословакияның 
тыныштық 
жайлаған 
ел 
екендігіне 
маңыздылығын, сол уақытта «қазіргі жағдайда большевизм қаупі әсіресе, Венада, белгілі 
бір  себептермен  Будапештте  мүлде  сезілмейтіндігі  білінді.  Тек  чехтар  ғана  бұл 
қозғалысты  баса  алатындығын  ескертеді  [2,59].  Жоғарыда  көрсетілген  меморандумда, 
сонымен қатар Чехословакияға Антанта қарулы күштерін енгізу мәселесі қаралды. 1918 
жылы  қараша  айының  24  күні  Крамарж  елде  төңкеріс  қаупін  болдырмау  жөніндегі 
мәлімдемесінде  Бенешке  былай  деп хабарлама  береді:  «…төңкеріс  қаупін  болдырмауға 
да болады, бірақ ол үшін сенімді армия қажет, қазіргі қалыптасқан жағдайда үгіт-насихат 
әсер етпейтін шетел армиясы ғана қолайлы» [8,119]. 
1918  жылы  желтоқсан  айында  Бенеш  Франциядан  «тағы  бір  таза  француз 
дивизиясын  [1,63-67]  сұрайды,  бірақ  та  Францияның  өзінде  әскери  қарсыластық 
қозғалыс күшейіп кеткендіктен, бұл сұраныс қанағаттандырылмады. Сол уақытта Бенеш 
Чехословакия  армиясын  француз  әскери  қолбасшылығының  маршалы  Фоштың  тікелей 
қол астында болуы қажет деген болатын  және  «чех әскери күштерін көрші елдерде де 
большевизм қаупін басу үшін қолдануға болады деп ескертті [17,67]. 
Соғыстан  кейін  Франция  Еуропа  құрлығындағы  мықты  үстемдікке  таласқан  және 
күшті  держава  болып  саналған  болатын.  Орталық  және  Оңтүстік-Шығыс  Еуропадағы 
кіші  мемлекеттерге  өз  ықпалын  жүргізе  отырып,  Франция  капиталистік  бәсекеден, 
төңкерістік  жағдайда  озып  шығудың  жағдайын  ойластырды.  Осындай  мемлекеттердің 
қатарында Чехословакия да бар еді. Сол үшін француз үкіметі Чехословакия армиясын 
жоғарғы  француз  қолбасшылығы  қарамағына  енгізу  жөніндегі  ұсынысын  толығымен 
қолдады.  Чехословакияға  тез  арада  француз  армиясы,  жоғарғы  шендегі  офицерлері 
жөнелтілді,  армия  құрылысы  мен  жетекшілік  ету  мәселелері  реттеле  бастады,  француз 
әскери миссиясының Чехословакия жерінде күшеюі біраз кейінірек жүргізілді. 
Француз  әскери  миссиясы  өзінің  әскери  істер  аумағында  ғана  шектеліп  қалмады, 
Ұлттық  қауіпсіздік  министрлігінің  бас  штабы  хабарламасында  бұл  жайт  ескертіліп 
отырды,  онда  былай  делінген  болатын:  «бұл  миссия  Францияға  алғашқы  қолдан-ақ 
біздің  саяси  өміріміз  жөнінде  ақпараттар  береді.  Сондай-ақ  Франция  біздің  әскери 
саясатымызға  толығымен  әсер  етеді.  Француз  әскери  миссиясының  300  әскери  адамы 
осы  жерде  саяси  және  мәдени,  басты  сауда  жөнінде  үгіт-насихат  жүргізумен 
айналысады». Ары қарай мәлімдемеде, әскери миссияның көптеген көлеңкелік жақтары 
айтылады,  француз  офицерлері  чехословак  азаматтарына  жасаған  қарым-қатынасы 
орынсыз  іс-әрекеттермен  сипатталынған,  нәтижесінде  жылына  әскери  миссияны  қамту 
үшін 20 миллион крон қаржы жұмсалынатыны баса айтылды [11,67]. 
Францияның  қолдауымен  қысқа  мерзімде  чехословакия  буржуазиясының 
мүддесіндегі  Германия  мен  Австрия  шекаралары  жөніндегі  мәселе  шешілді  және  1918 
жылы  желтоқсан  айында  шекаралық  мәселе  жөніндегі  проблемалар  шешілді.  Сонымен 
шекаралық  облыстарды  тартып  алу  қаупі  басылып  қалған  болатын.  Бірақ,  басқа 
Чехословакия  шекараларында  жағдай  жақсы  бола  қойған  жоқ.  1918  жылы  қараша 
айында  асығыс  құрылған  чех  әскери  бөлімі,  венгр  үкіметінің  әскери  күштеріне  қарсы 
Словакияға  жөнелтілген  болатын,  бірақ  жерде  чехтар  жеңіліс  тапты.  Шекара  мәселесі 
және  тағы  басқа  осы  елдің  арасындағы  түсініспеушілік  мәселелері  Париждегі  бейбіт 
конференцияда қаралуы қажет болды [11,29]. 
Париж бейбіт конференциясы (1919 ж. 18 қаңтар  –1920 ж. 21 қаңтар аралығында) 
бірінші  дүниежүзілік  соғыста  жеңіске  жеткен  ұлы  державалық  мемлекеттердің 
пайдасына  әлемдік  жаңа  жаңартулар  енгізуге  бағытталды.  Париж  конференциясында 
барлық  державалардың  мүддесіне  сәйкес  көтерілген  мәселелердің  бірі  «Кеңестік 
Ресейге» қарсы топтасып күресу шаралары тұрды [9,86]. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
83 
 
Кеңестерге  қарсы  және  жасырын  төңкерістік  жоспарларды  жасауда  белсене 
атсалысқан  топ  Чехословакия  делегациясы  болды,  оның  арнайы  жетекшісі  Премьер-
министр Карел Крамарж болды да, іс жүзінде барлық әрекетті жандандыру Сыртқы істер 
министрі  Эдуард  Бенештің  қолында  болды.  Париж  бейбіт  конференциясының  бірінші 
қарастырған  мәселесі  және  Чехословакияға  қатысты,  Тешин  облысына  байланысты 
болған Чехословакия мен Польша арасындағы талас мәселесі болды. 
Чехтар  да,  поляк  буржуазиясы  мәлімдегендей  Тениш  облысына  байланысты  өз 
келіспеушіліктерін  соғыстың  аяғында  да  жариялай  бастаған.  Ол  уақытта  чех 
буржуазиясы  бұл  аймақтың  тарихи  заңдылығы  негізіне  сүйеніп,  бұл  аймақ  өздеріне 
тиесілі  екендігін  көздесе,  ал  поляктар  жағы  мұнда  поляк  ұлт  өкілдерінің  көп 
тұратындығына  сүйене  отырып,  ұлттық  құқық  мәселесін  айтады.  Бұл  келіспеушіліктің 
бірден-бір нақты себебі көмірге бай Тешин бассейні көзі мен Тешин өнеркәсібіне талас 
еді.  1918  жылы  қараша  айының  5  күні  екі  жақ  өкілдерінің  келісімімен  уақытша  бұл 
облысты  бөлу  келісімі  жасалғаны  да  рас  еді.  1918  жылдың  аяғы  мен  1919  жылдың 
басында  Чехословакияға  Франциядан  чехословак  әскери  легионының  алғашқы  әскери 
бөлімдері  орналаса  бастады  да,  әскери  күштің  көмегімен  Тениш  облысын  жаулап  алу 
үшін  чехословак  буржуазиясы  дайындала  бастады.  1919  жылы  қаңтардың  10  күні 
француз  үкіметіне  Бенеш  былай  деп  ескертті:  «егер  біз  бұл  облыстың  қожайыны 
болмасақ,  онда  большивизм  қаупін  бұл  жерлерде  болдырмауды  бірден-бір  қамтамасыз 
ететін  біздер  боламыз»  [12,53-57].  Одақтастар  осындай  жағдайларды  ескерте  отырып, 
1919  жылы  ақпан  айының  3  күні  екі  ел  арасында  демаркациялық  сызықпен  бөліп,  бұл 
мәселені  шешті,  сонымен  бірге  бұл  жаңа  уақытша  келісімде  Чехословакияның  мүддесі 
көп ескертілген болатын [10,16]. 
Чехословакия  басқыншылығының  көтеріп  отырған  тағы  бір  мәселесі  ұлы 
державалардың  қызығушылығын  туғызды,  ол  осыған  дейін  Венгрияның  қол  астында 
болған  аймақтың көлемі  12600  кв.  км.,  726  мың  адамы  бар  Закарпат  Украинасын  өзіне 
қосып алу мәселесі болған еді. Бұл агрессиялық әрекетті Масарик 1918 жылдың күзінде 
АҚШ-қа барған ресми  сапарында ойластырған және Америкадағы Закарпат  Украинасы 
буржуазиясының  өкілі  Григорий  Шатковичпен  бұл  жөнінде  ақылдасқан  болатын. 
Американың  ірі  концерні  «Дженерал  моторстың»  адвокаты,  президент  В.Вильсоннан 
қолдау  тапқан  Жаткович,  Закарпат  Украинасымен  Чехословакияны  біріктіру  жөнінде 
компанияны дамытуды көздеген еді. 
«Американ ұлттық кеңесі русиндерінің» 1918 жылғы 12 қарашадағы Скрантондағы 
шақырылған конгресінде, Закарпат Украинасы  «кең мүмкіншіліктің құқықтық негізінде 
«Чехословакияға  біріктірілді»  деген  шешім  қабылданды.  Закарпат  Украинасында  өте 
нашар жағдай қалыптасты. Сол кезге дейін өз құрамында болған  Закарпат  Украинасын 
бірінші болып Венгрия сақтап қалғысы келді. Сол үшін 1918 жылы желтоқсан айының 
25  күні  Венгрияда  Закарпат  Украинасына  автономия  беру  жөнінде  заң  шұғыл 
қабылданды.  Жеңген  ұлы  держава  мемлекеттері  революциялық  қозғалыстың  қаупінен 
Закарпат  Украинасынан Кеңестік Украина қосып алу  мүмкіндігін тудырмау үшін, 1919 
жылдың  3  наурызында-ақ  Закарпат  Украинасын  Чехословакияға  қосу  жөнінде  заң 
қабылдады. 
Чехословакия  үкіметі  Париж  бейбіт  конференциясында  чехословак-венгр 
шекарасын  оңтүстікке  қарай  кеңейту  жөнінде  ұсыныс  айтқан  болатын  және 
Чехословакияға  ірі  венгр  көмір  бассейні  Шальготарьянды қосып  алу  тиімді  жол  болып 
саналады.  Сол  үшін  1919  жылы  наурыз  айының  25-і  күні  Париж  бейбіт 
конференциясының  төрағасы  Францияның  Премьер-министрі  Клемансоға  Бенеш 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
84 
Чехословакияның  талабын  орындау  жөніндегі  мәселені  тез  шешсе,  Венгриядағы 
революцияның  қаупі  басыларын  ескерткен  еді.  Бенеш  француз  Сыртқы  істер  министрі 
Пишонға тағы да былай деп жазды: «Интервенциялық әрекеттерге одақтастармен немесе 
Франциямен  бірге  қатысуға  рұқсат  етуіңізді  өтінеміз»  [21],  өйткені  Чехословакия 
Венгриядағы  өз  үлесі  үшін  жоспардың  орындалуының  Орталық  және  Оңтүстік-Шығыс 
Еуропадағы қолдаушысы болуды мақсат етті.  
Чехословакиялық  интервенция  терең  жасырындылықпен  ұйымдастырылған 
болатын. Әскери әрекеттерді қамтуды да тез арада жүргізді, 1919 жылы сәуір айының 7 
күні  Ұлттық  Қорғаныс  министрі  чехословак  армиясының  словакиядағы  әскери 
бөлімдеріне  тақап  қалған  жаулап  алу  әрекеттері  жөніндегі  оперативті  бұйрығын  берді. 
Бұл бұйрық чехословак әскерлерімен Венгер кеңестік республикасын жаулап алуға және 
жаппай  мобилизациялау  жөнінде  шаралар  кешендерімен  қатар  румын  мен  сербтерді, 
бәрінен бұрын Закарпат Украинасын оккупациялау жөнін реттеуге арналған болатын [2, 
35]. 
Сөйтіп,  1919  жылы  сәуір  айының  16  күні  румын  үкіметі  Венгр  Республикасына 
қарсы  интервенциялық  әрекет  бастады,  осыдан  кейін  Чехословакия  үкіметі  де 
бәсеңдемеу  қажет  деп  жанталасты.  Ұлттық  Қорғаныс  Министрі  Клофан  чехословак 
әскери  күштеріне  сәуірдің  26  күні  демаркациялық  сызықтан  өтіп,  венгр  аймағымен 
Закарпат  Украинасын  оккупациялау  жөнінде  бұйрық  берді  [2,  19].  Масарик 
одақтастардың  көмегімен  Будапешті  алып,  Венгрия  арқылы  Югославиямен 
байланысатын коридор жасау мүмкін деген ой қалыптастырды. 
Париж  бейбіт  конференциясында  Франция  өкілдері  Чехословакияның  барлық 
талаптарын  қолдады,  оның  нәтижесінде  Чехословакияның  аймағын  кеңейтумен  бірге 
Францияның  Орталық  Еуропадағы  позициясын  тереңдету  мақсатында  оларға  американ 
және ағылшын державалық мемлекеттері де қолдау бермек болды. Олардың ықпалымен 
Чехословакия мен Румыния өкілдері 10 маусым күні «Төртеудің кеңесіне» немесе АҚШ-
тың,  Ұлыбританияның,  Франция  және  Италияның  жоғарғы  өкілдерінің  алдына  әскери 
сәтсіздіктер жөніндегі мәселелерді талқылаулары қажет болған болатын. Сонымен бірге 
Венгриядағы  кеңес  үкіметіне  қарсы  шараларды  ұйымдастыруды  басқаша  қарастыруды 
ойластырды [3,75]. 
Сонымен  сол  кезде  «Төртеудің  кеңесі»  Венгр  Кеңес  Республикасының  үкіметін 
демаркациялық  сызыққа  қарай  әкетуге  шақырған  болатын,  сонымен  қатар  олар  венгер 
аумағын жаулап алған румын әскерлерінен азат етеміз деп уәде берді. Венгр үкіметі бұл 
ұсынысты  қабыл  алды.  Ұлы  державалар  Венгер  Кеңестік  Республикасымен 
дипломатиялық  жолмен  келіссөз  жүргізу  арқылы  Чехословакияға  мүмкіншілік 
әрекеттерін  қамтамасыз  еткен  болатын.  Оппортунистік  социал-демократтардың  оңшыл 
лидерлерінің  көмегімен  және  әскери  жағдай  қалыптастыру  арқылы  чех  жерінде 
революциялық қозғалысты  басудың  мүмкіндігі  туды.  Венгрлер  одақтастардың  жоғарғы 
кеңесінің  шешімімен  Словакия  аумағын  демаркациялау  сызыққа  дейін  тастап  кеткен 
кезде,  чех  әскерлері  Словак  Кеңес  Республикасын  басып  тастады.  Румын  әскерлерімен 
бірге олар тағы да Закарпат Украинасын және революциялық қозғалысты басып тастады. 
Венгр үкіметі келісімге келгенімен де, державалар Венгриядағы революцияның іс-
әрекетін  тоқтату  жоспарын  одан  әрі  терең  ойластырып  ұйымдастыруды  қарастырды. 
Венгриямен  Чехословакияның  және  Румынияның  да  арасында  бейбіт  келісім 
жасалынғанмен де француздар интервенцияны дайындауды жалғастыра берді,  сонымен 
бірге  онда  Чехословакияда  Румыниямен  бірдей  бір  уақытта  қатысады  деп  шешті. 
Сондықтан  1919  жылы  12  шілде  күні  Бенеш  Масарикке  жолдаған  жеделхатында 
қалыптасқан  жағдаймен  таныстыра  отырып  және  былай  деп  кеңес  сұрады:  «Антанта 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
85 
 
Будапештке  қарсы  әрекет  етпек,  большевиктік  армиямен  біржолата  істі  бітірмекші 
сербтер,  румындар  да  бізбен  бірге  және  бір  уақытта  әрекет  жасамақшы.  Мен  қандай 
жағдайлар қамтамасыз ете аларымды тез арада хабарлаңыз. Фош жылдам жауап күтеді. 
Операцияны өзім басқарсам ба деймін» [4,77]. 
Масарик  тез  арада  Бенешке  жауап  қайтарды: «Біз  венгерлерге  қарсы  әрекет  етуге 
дайынбыз»[4,128-132]  және  Бенеш,  одан  кейін  Масарик  Фош  пен  Клемансоны  бұл 
жөнінде  хабардар  еткен  болатын.  Бенеш  Масарикке:  «Венгрлерді  қарусыздандыру 
ұсынылады  және  қаруларын  өткізулері  қажет  –  оны  істемеген  жағдайда,  әрекет 
басталынады»,–  деп  жазды  [4,133].  Чехословак  үкіметі,  Крамарж  отставкаға  кеткеннен 
кейін  оңшыл  социал-демократ  Тусар  үкімет  басына  келгеннен  бастап  Венгрияға  қарсы 
ашық  интервенциялық  әрекет  етуге  ниет  білдірген  жоқ.  Венгр  үкіметіне  олар 
ультимативті  талаптар  қою  арқылы  өздеріне  ашу  тудырып  алмақ  үшін  жоспар  құрды, 
осының  негізінде  барып  қана  соғыс  қимылын  жасауға  мәжбүр  болған  сияқты  қимылға 
көшті. 
1919 жылы 1 тамызда Венгр Кеңестік Республикасы өзінің өмір сүруін тоқтатты да, 
Будапештті  басып  алуға  румын  армиясы  өз  жеңісін  чехословактармен  бөлісуге  қарсы 
болды.  Чехословакияға  тек  Закарпат  Украинасы  ғана  біріктірілді.  Сыртқы  саясатта 
Чехословакияға  Кеңестік  Ресейге  қатынасында  реакциялық  саясат  ұстанғаны  айқын 
көрінді.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  Чехословакия  тәуелсіз  республикасы 
құрылған  кезде  бұл  анық  білінді.  Кеңес  үкіметіне  қарсы  жасалған  әрекеттердің  бірі  –
эмиграциядағы  эсер  Савинковтың  басшылығындағы  Германия  мен  Чехословакиядағы 
100  мың  орыс  тұтқындарынан  Чехословакияда  әскери  корпус  ұйымдастыру  еді.  Және 
оның  одақтастарын  қамтамасыз  етті.  150  мың  еріктілерден  құрылған  армия  Сібірдегі 
чехословак легиондарын азат ету мақсатымен Ресейге әскери саясат ұйымдастырды және 
Мәскеуді жаулап алған [5, 132]. Одан кейін Бенеш Савинковпен келіссөз жүргізіп, оның 
қолдауымен француз үкіметіне тағы да өз ұсыныстарын белгілете бастады. 
Чехословакияға  расында  да  орыс  ақ  гвардия  отрядтары  келе  бастады,  олар  орыс 
әскери  тұтқындарын  жаңа  соғыс  қимылдарына  үйретті.  Осындай  ұйымдасқан  отряд 
Терезинде  Хацне  әскери  тұтқындар  ротасын  үйретуге  құрылды.  Париж  бейбіт 
конференциясында  да  Чехословак  үкіметі  өзінің  сыртқы  саясатындағы  бұл 
ұйымдастырылып  отырған  әрекеттеріне  қолдау  көрсетуді  сұрады.  1919  жылдың 
наурызында  Париж  конференциясында  осы  Сібір  аймағына  байланысты  қабылданған 
меморандумда ашық айтылды: «Біз өз  Отанымыздан алыс жерде де соғыс қимылдарын 
жалғастырамыз. Бұл соғыс біздің аймағымызда да емес және біздің аймағымыз үшін де 
емес. Ол тіптен бізбен көрші ел үшін де, үзіліссіз жалғасуға да қарсылық соғысы да емес. 
Біз большевизммен барлығы да күресіп жатқандығын, кімде-кім өз елін сақтап қалу үшін 
күресетіндігін  жақсы  білеміз.  Бірақ  біздің  жағдайымыз  ерекше,  оны  барлық  қоғамдық 
пікірлер сезініп-түсініп отыр» [6,30]. 
Сол  кездегі  ағылшын  Әскери  министрі  У.Черчилль  мен  Премьер-министр  Ллойд 
Джордждың  келісімімен  Э.Бенеш  аймақкерлердің  әрекетімен  Сібірде  кеңестерге  қарсы 
әрекеттердің жаңа жоспарын жасады. Бұл жоспар жөнінде Бенеш Масарикке [26,67] сол 
күні-ақ хабар берді және бірден аймақта қолбасшылыққа жоспарды іске асыруға бұйрық 
берді. Алайда Ресейде жаппай революциялық қозғалыс бет алып кеткендіктен бұл әрекет 
нәтижесіз  болды.  Екі  жылға  созылған  Чехословакияның  кеңес  үкіметіне  қарсы  күресі 
1920 жылдың 7 ақпанында өзара аймақтық өкілдердің келісімімен бейбіт шешілді. 1919 
жылы  28  маусымда  Версаль  бейбіт  келісімінің  нәтижесінде  Германиямен  қатар 
Чехословакияда  біраз  маңызды  шешім  қабылдады,  ол  аз  ғана  Глучин  және  Глубчин 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
86 
аудандарында  шекаралық  өзгерістер  енгізгенімен  де,  бұрынғы  чехословак-герман 
шекарасын  өзгерткен  жоқ.  1919  жылдың  10  қыркүйегінде  Екінші  Австриямен 
жүргізілген бейбіт келісімде Австрия мен чех жерлерінің бұрынғы шекараларын сақтап 
қалды.  Бұл  Сен-Жермендегі  келісімнің  Чехословакияға  өте  маңызды  болған  жері, 
Австрия мен Германияның бірігуіне тыйым салынуы еді. 
Халықаралық  сахнада  екі  қоғамдық  жүйенің  қалыптасуы  1920  жылы 
Чехословакияда да мемлекеттің әлеуметтік құрылымы жөнінде біраз талас тудырды. Бұл 
күрестің  жүргізілуі  және  шешімі  Чехословакия  Республикасының  сыртқы  саясатының 
бағытына  да  біраз  ықпалын  тигізді.  Богумир  Миераль,  Антонин  Запотоцкий  бастаған 
солшыл  маркистер  Кеңестік  Ресейдің  бағытын  ұстанды.  Олар  сыртқы  саясаттағы 
жүргізіліп  отырған  шаралардың  бәрі  тек  капиталистік  ірі  мемлекеттердің  ықпалының 
аумағында ғана жасалынды деген пікірлер айтты. Сөйтіп мемлекеттің ішкі саяси өміріне 
қоғамдық  дамудың  қандай  жолының  тиімді  екендігі  үлкен  тартыспен  шешіле  бастады. 
1920  жылы  ақпанда  Чехословакия  парламентіне  социал-демократтар  фракциясының 
басшылары, «Кеңестік Ресеймен сауда, экономикалық және саяси қарым-қатынас жасау 
қажет деген кепілдеме сұрай бастады. Ол ұсыныстың орындалмайтыны жөнінде Бенеш 
ашық айтты, мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын қолдаушылар негізгі министрліктер 
ондай  пікірлерге  қарсы  еді.  1920  ж.  10  сәуірде  Ресеймен  чехословак  үкіметі  жекелеген 
немесе  екінші  кезектегі  келісімшарттар  жасайды.  Ол  шарттар  Ресейдегі  чехословак 
азаматтарына,  болашақтағы  экономикалық  қарым-қатынастарға  ғана  қатысты  болды 
[28,113 б.]. 
Революциялық  толқынның  әсері  бұл  елдің  ішкі  өмірінен  де  тыс  қалмады. 
Революциялық 
ұрандармен 
халық 
арасында 
бас 
көтерулер, 
митингілер 
ұйымдастырылды.  Онда  халықтың  әлеуметтік  талаптары  көтерілді.  Ресеймен 
дипломатиялық  қарым-қатынасты  реттеу  талап  етілді.  Сыртқы  саясатта  кеңес-
чехословак  қарым-қатынасының  алғашқы  алға  жасаған  қадамы  1920  жылы  маусымда 
Қызыл  Крест  миссиясымен  айырбас  жасау,  өз  азаматтарын  отандарында  қамқорлыққа 
алу  мақсатындағы  тапсырманың  жүзеге  асырылуы  екі  мемлекеттің  де  мүддесі  үшін 
жасалынды.  Сыртқы  саясатта  чехословак  үкіметінің  кеңестік  үкіметке  қарсы  саясат 
ұстанып отырғаны тек келісімшарттар жасаспай отырғанынан ғана емес, сонымен қатар 
ол  – кеңес-поляк соғысының басталуымен де  сипатталды, ол Чехословакияның сыртқы 
саясатындағы  чех-поляк  қарым-қатынасына  байланысты  және  Тешин  мәселесіне  де 
байланысты болды. 
Поляк  капиталистері  мен  помещиктері  Батыс  мемлекеттердің  көмегімен  Украина 
мен  Белоруссияның  үлкен  облыстарын  қарулы  күшпен  жаулап  алмақшы  болды.  Чех 
буржуазиясы  кеңес-поляк  соғысына  нақты  көзқараспен  бақылау  жасап  отырды. 
Польшаға  Чехословакия  арқылы  қару-жарақ  тасу  енді  ғана  Чехословакиямен  қарым 
қатынас  жасай  бастаған  Ресейдің  қарсылығын  туғызды.  Халықаралық  қалыптасқан 
жағдайға байланысты Бенеш Лондонға аттанды. Польша мен Чехословакия арасындағы 
түсініспеушілік  пен  Тешин  облысындағы  революциялық  қозғалысты  тоқтату  үшін 
одақтастар жаңа шаралар жасау қажет еді. 
1920  жылы  10  шілдеде  соғыстың  шиеленіскен  тұсында  поляк  Премьер-министрі 
Грабский  мен  Бенеш  одақтастардың  Жоғарғы  Кеңесінің  шешімімен  Спада  кездесті, 
ондағы мақсат – елшілер кеңесі тез Тешин мәселесін шешіп, Польша мен Чехословакия 
арасында шекараны реттеу қажет  болды. Бенеш елшілердің бұл  конференциясы Тешин 
жанжалының  көптеген  шешілер  мәселесі  Чехословакия  мүддесіне  шешілеріне  сенімді 
еді. Өзінің жазбаларында да Тешин мәселесі шешілді, әйтпесе Фош пен Элойд Джордж 
поляк Премьер-министрі Грабскийді мәжбүр етеді деп жазды. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
87 
 
1920  жылы  28  шілдеде  АҚШ  өкілдерінің  қатысуынсыз  елшілер  конференциясы 
Тешин мәселесін шешті. Тешин облысы былай бөлінді, Чехословакия Карвин бассейнін 
және  Тешин-Яблунков  жолына  дейін  Тешин  вокзалына  дейінгі  аймақты,  сол  уақытта 
қала ретінде болған  өзі және облыс аймағы,  шығыс теміржолы Польшаға қарады. 1920 
жылы  7  тамызда  Чехословакия  кеңес-поляк  соғысына  бейтарап  саясат  ұстанғанын 
хабарлады.  Өйткені  соғыс  қимылдарының  жүргізілуі  тым  шиеленісіп  кеткендіктен 
осындай саясат ұстанды. Заңды түрде жария етілген бейтарап саясаты ұсталынғанменде 
Чехословакия  арқылы  одақтастардың  нұсқаумен  Польшаға  қару-жарақ  тасымалдау 
жүргізіліп  жатты.  Дәл  осы  кезде  Чехословакия  Румыниямен,  Югославиямен  одақтасу 
жөнінде  келіссөз  жүргізіп  жатты,  бұл  кеңестерге  қарсы  мақсатта  құрыла  бастаған  Кіші 
Антантаның  негізі  болатын.  1920  жылы  12  қазанда  Ригада  кеңес-поляк  соғысы  бейбіт 
келіссөзбен шешілді. Рига келіссөзінің нәтижесінде поляк үкіметінің қарамағына Батыс 
Украина мен Батыс Белоруссия аймақтары қарады. 
Кеңес-поляк соғысының нәтижесі Чехословакияның ішкі және сыртқы саясатында 
да  маңызды  болды.  Польшада  буржуазиялық  үкіметтің  сақталуы  Чехословакияда  да 
буржуазияның 
позициясын 
нығайтты. 
Сонымен 
қатар 
Кеңестік 
Ресейдің 
Чехословакиямен  ортақ  болар  шекаралары,  ұлттық  тұрғылықты  халықтың  шығу  тегін 
ескере  отыра  қараған  жағдайда,  Рига  бейбіт  келіссөзі  нәтижесінде  шығысқа  қарай 
ұзартылды,  ендігі  жерде  Чехословакияны  Ресейден  Польша  мен  Румынияның  қолында 
қалған  аймақтар  бөліп  тұратын  болды.  Кеңес-поляк  соғысы  Чехословакия  үкіметіне 
әлеуметтік құрылымды өзгерткісі келген жұмысшы қозғалысы мен олардың талаптарын 
басу мүмкіншілігі туды. Ол оңшыл социал-демократтар өкілдерінің қолымен жүргізілді, 
олар  социал-демократиялық  партияларды  күйретуге  әрекеттенді.  Осы  мақсатта  істеген 
шаралардың алғашқы қадамы – Премьер-министр Тусар бастаған социал-демократиялық 
бағыттағы  министрлердің  отставкаға  кетуі  еді.  Сонымен  1920  жылы  14  қыркүйекте 
австриялық  Черныйдың  басшылығында  жаңа  үкімет  құрамы  өзгертілді.  Өз  орнында 
қалған  Сыртқы  істер  министрі  Бенеш  былай  деді:  «Сыртқы  саясаттағы  көзқарас 
мәселесінде  республика  соңғы  келіссөздер  нәтижесінде  біршама  нығайды.  Сыртқы 
саясаттағы осы кездегі негізгі мәселелер шешімін тапты. Ендігі жерде мемлекеттің ішкі 
жағдайындағы  мәселелерді  шешіп,  реттеу  қажет.  Жаңа  үкімет  мемлекеттің  беделді 
болуы мақсатында бағыт ұстайды». 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет