Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 жылғы тамыз төңкерісі. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер



Pdf көрінісі
бет93/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

110.1991 жылғы тамыз төңкерісі. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достастығының (ТМД) құрылуы. 
Достастығының (ТМД) құрылуы.
Тамыз бүлігі (орыс. Августовский путч), кейде Тамыз төңкерісі — Кеңес Одағы Коммунистік 
партиясының жақтастары ұйымдастырған, КСРО президенті Михаил Горбачёвті биліктен 
құлату және КСРО мемлекетін сақтап қалу мақсатымен ұйымдастырылған сәтсіз төңкеріс.
КСРО-ның ыдырауы орталық одақтық өкiмет және одақтас республикалардың жоғарғы 
кеңестері, президенттері орындарына жаңа сайланған өкiмет өкiлдерінiң арасындағы өткiр 
қарсы тұрумен бейнелендi. Республикалық жоғарғы кеңестер 1989—1990 жылдары 
барлығы бірдей мемлекеттiк егемендiк туралы декларацияларын қабылдап, кейбiреулері - 
тәуелсiздiк декларациясын жариялады.
КСРО-ның 15 республикасының 9-ында 1991 жылдың 17 наурызында азаматтардың үштен 
екiсi жаңартылған одақтың сақталуын шешу мақсатында Бүкiлодақтық референдум 
жүргiзiлдi. Бірақ орталық өкiметке ахуалды тұрақтандырудың сәтi түспедi.
Сәтi түспеген мемлекеттiк төңкерістің нәтижесінде Балтық жағалауы республикаларының 
тәуелсiздiгiнiң ресми мойындауы болды. Украина тәуелсiздiгi жарияланған Бүкiл 
Украиналық референдумнан кейiн КСРО-ны сақтау мүмкiн емес болды. Беларусь, Украина 


және Ресей Федерациясы 1991 жылдың 8 желтоқсан күні қол қойған Тәуелсiз 
мемлекеттердiң достастығын құру туралы келiсiмде мәлiмдеген.
111.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық 
Заңы.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан 
Тәуелсіздігінің маңызды кезеңі болды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан 
Республикасының Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын 
анықтаушы құжат болды. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 
Заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды.
Оның мазмұнында ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен 
бостандығына басымдық беру, саяси тұрақтылық, билікті бөлісу, ұлтаралық келісім т.б. 
іргелі демократиялық қағидалар көрініс тапты.
Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. 
Мемлекеттік егемендік туралы декларация мен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
тәуелсіздігі туралы» Конституцилық заң мемлекет Конституциясының негізі болды. Олар 
саяси және әлеуметтік-экономикалық салада тиісті реформалар жүргізу үшін құқықтық 
база болды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы 
Конституциялық заңы дәуір құжаты болып табылады. Аталған заң 1991 жылдың
16 желтоқсанында Алматы қаласында қабылданды.
«Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет» деп аталатын оның бірінші тарауында 
былай жазылған: «1-бап. Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, демократиялық және 
құқылық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және 
сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді. 2-бап. Қазақстан Республикасы барлық 
мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады. 3-
бап. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттер тануы үшін Қазақстан 
Республикасы ашық. 4-бап. Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында Қазақстан 
Республикасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық 
нормалары қолданылады. 5-бап. Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі 
шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория болып 
табылады».
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы 
Конституциялық заңы 7 тараудан тұрады.
Міне, осылай 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы 
Кеңесi Қазақстан халқының еркiн бiлдiре отырып, Адам құқыларының жалпыға бiрдей 
Декларациясында, халықаралық құқтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында 
баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдігін мойындай 
отырып, қазақ ұлтының өзiн-өзi билеу құқын растай отырып, азаматтық қоғам және 
құқылық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, бейбітшiлiк сүйгiш 
сыртқы саясат жүргiзе отырып, ядролық қаруды таратпау принципi мен қарусыздану 
процесіне адалдығын мәлiмдей отырып, Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет