ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс
қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші
қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен
жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған
6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне
2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып
тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі
құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова,
Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер
Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жам
был, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде
жалғасты.
109. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация.
Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі
туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда
республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан
басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-
құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР
аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық
Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын
заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің
егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су,
ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени
және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық
және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан
үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры
және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне
сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет
билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі
Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы
билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін
анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды
сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының
құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы
демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары
туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын
жасау басталды.
Достарыңызбен бөлісу: