Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі



Pdf көрінісі
бет95/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103
113. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі. 
1993 ж. Қазақстан Конституциясы бойынша "республика азаматы мемлекеттік рәміздерді – 
Елтаңба, Ту, Әнұранды құрметтеуге міндетті" (31-бап). 1995 жылы жаңа Конституция 
қабылданғаннан кейін, 1996 жылдың 24 қаңтарында президентті Жарлық ретінде 
республиканың рәміздері туралы бірыңғай Конституциялық заң шығарылды, ол 2007 
жылдың 4 маусымында жаңа "мемлекеттік рәміздер туралы"Конституциялық заңға 
ауыстырылды.
Қылмыстық кодексте мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жауапкершілік белгіленген:
317-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қорлау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қорлау – бір мыңнан екі мың айлық 
есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге 
бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
— Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі
114. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, Ұлттық армияның құрылуы.
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери 
басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу 
орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Қазақстан қарулы күштері Құрылғаны 7 мамыр 1992 Күштер тараулары: Құрлық күштері
Әуе қорғанысы күштері Әскери-теңіз күштері
Әуеұтқыр әскерлері
Ракета әскерлері мен артиллериясы Арнайы әскерлер
Басшылық
Жоғарғы Бас Қолбасшысы: Қасым-Жомарт Тоқаев
Қорғаныс министрі: Руслан Жақсылықов
Штаб бастықтары комитетінің төрағасы: Марат Құсайынов
Әскери қызмет жасы: 18
Әскери қызметке шақыруы: 12 ай (ең кемінде)
115. ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері және 
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту. 
ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері.
Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау Қазақстан Республикасының 
шектес елдермен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу
Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясында Қазақстан Республикасының ұлттық 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саяси міндеті қойылған болатын. Бұл міндеттің орындалуы 


мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын 
қамтамасыз етудің кепілі ретінде түсінідіріледі.
КСРО-ның тарауы бұрынғы одақтас республикалардың аумақтық мәселені шешуі қажеттігін 
туғызғанын ескере отырып, Қазақстан шекараны ресімдеу бойынша келіссөздер процесіне 
белсене кірісті.
Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеу
Делимитация
1991 жылға дейін Қытаймен келіссөздерді ҚХР-мен шекаралас одақтас республикалар 
өкілдерінің қатысуымен құрылған кеңестік үкіметтік делегация жүргізді. Қазақстан 
Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан 
Республикасының үкіметтері арасындағы Қытай Халық Республикасымен шекаралық 
мәселелер бойынша келіссөздер туралы 1992 жылғы 8 қыркүйектегі келісімге сәйкес, 1992 
жылы КСРО Үкіметтік делегациясының орнына ҚХР-мен келіссөздер жүргізу үшін 
Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан 
Республикасы үкіметтерінің Бірлескен делегациясы құрылды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қытай Халық Республикасымен қазақ-
қытай шекарасы маңында әскери саладағы сенімді нығайту әрі қарулы күштерді өзара 
қысқарту жөніндегі келіссөздер туралы және шекара мәселелері жөніндегі келіссөздер 
туралы» 1992 жылғы 17 шілдедегі No 607 қаулысының негізінде Қазақстан өз делегациясын 
жасақтап, Қытаймен келіссөздерге кірісті.
Делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998 жылдары өтіп, демаркация толығымен 2002 
жылы аяқталды.
Келіссөздер процесінің негізіне Ресей Империясы мен Қытай арасында ХІХ ғасырда 
жасалған сегіз шарттар мен хаттамалар алынды.
ҚР мен ҚХР арасындағы келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Қытай мемлекеттік 
шекарасының өту сызығын және оның жергілікті жерде шекаралық белгілермен белгіленуін 
нақты анықтап әрі егжей-тегжейлі сипаттап берген халықаралық шарттар жасалды. Олар:
1. Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасы мен Қытай 
Халық Республикасы арасындағы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай 
мемлекеттік шекарасы туралы 1997 жылғы 24 қыркүйектегі қосымша келісім;
3. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай 
мемлекеттік шекарасы туралы 1998 жылғы 4 шілдедегі қосымша келісім;
Демаркация
Қытаймен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін Қазақстан Республикасы мен 
Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 
1994 жылғы 26 сәуірдегі келісімнің 4-бабына сәйкес екі елдің Үкіметтерімен құрылған 
Қазақстан-Қытай бірлескен демаркациялық комиссиясы жүргізді.
Демаркациялық жұмыстары алты жұмыс топтарымен 1996 жылғы шілдесінен бастап 2001 
жылғы желтоқсанына дейін жүргізілді және 2002 жылғы 10 мамырда Бейжің қаласында 
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы істер 
министрі Тан Цзясюаньнің Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық 
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының 
сызығын демаркациялау туралы Хаттамаға қол қоюымен аяқталды.
Қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасының жалпы шегенделген ұзақтығы 1783 км, оның 
ішінде құрлық щекарасы 1 215,86 км, су шекарасы 566,89 км.
Шекара сызығы 688 шекаралық белгілермен белгіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет