Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Қимақ мемлекетінің саяси тарихы, қоныстану аумағы, этникалық құрамы



Pdf көрінісі
бет17/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103
18. Қимақ мемлекетінің саяси тарихы, қоныстану аумағы, этникалық құрамы. 


Қимақ (Кимек) қағанаты - Шығыс және Орталық 
Қазақстанда
 IX ғасырдың ақыры – XI 
ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет.
болған. 
Қимақтар
VII ғасырда 
Алтайдың
солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, 
Батыс 
Түркі қағанатының
 құрамына кірген.VIII ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын 
мекендеді. IX ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл 
аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі 
мен Арал жағалауларына дейін жетті. X ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа 
қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, 
Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. X ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы 
Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. XI 
ғасырда 
Орталық Азия
 тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың 
орналасу картасы өзгерді. 
Махмұт Қашқаридың
 имақтар (қимақтар) туралы деректері (XI 
ғасыр) осы уақытқа саяды
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардың мемлекеттік 
ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің 
орта ағысынан 
Жоңғар қақпасына
дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік 
Орал
 мен 
Сырдария
аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы 
алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық 
шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында 
кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар 
мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен 
түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: 
қарлұқтар
, тоғыз-
ғұздар, қимақтар және 
оғыздар
болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті 
бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы 
қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз-
ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб 
географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз 
мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті 
болған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан 
бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен 
қаған
 (хақан) деп атала бастады. 
«Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың 
шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық 
ғалым 
әл-Хорезми
. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.
Сонымен, қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және 
саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға 
дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің 
шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (үлы шад), кіші қаған, ұлы қаған 
атақтары тән болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының 
арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі 
отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.
Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына 
тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың 
бір ауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде 
қимақ этнонимінің уақыты жағынан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы 
Ибн Хордадбехтің
 (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан маңызды түрік 
халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, 
печенегтермен

қарлұқтармен

қыпшақтармен
, азқишилермен, 
түргештермен
 қатар аталады
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы 
атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. басында Моңғолияның 
солтүстік-батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, 
Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656 ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа 
көзге түсе бастайды.
Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үшін көрші елдерге үнемі 
шапқыншылық жасап отырған. Ондай хабарлар жазба деректерде көптеп кездеседі. 
Мәселен, оларда қимақтардың 11 ғасырда "тоғыз-ғұздар" жерінің бір бөлігін қол астына 
қаратқаны айтылса, ал X ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы-Шығыс 
Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге, қимақтар 
Енисей бойындағы бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы 
оғыздармен бірде тату тұрып, бірде өзара соғысып қалатын кездері де болады. Міне, 


осындай жағдайлардан бұл тайпалардың тілдік қатынас жағынан да, мәдениеті жағынан да 
ұқсас тұстары өте көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет