Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Алтын Орданың Мамлюк сұлтанатымен дипломатиялық байланыстары



Pdf көрінісі
бет24/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103
28. Алтын Орданың Мамлюк сұлтанатымен дипломатиялық байланыстары. 
13 ғасырдың ортасы мен 14 ғасырдың соңында Алтын Орда мен Египет мемлекеті 
арасындағы өзара достық қатынас күшейе түсті. 13 ғасырдың 50-ж. Алтын Орда 
билеушілері мен Ирандағы моңғолдық Хулагу (Ильхан) мемлекеті (1256-1353) арасында 
Кавказ бен Иранның солтүстік-шығыс аудандары үшін күрес жүрді. Таяу Шығыста Мысыр 
мемлекетінің билеушісі Бейбарыс сұлтан (1260-77) Ирактан соң Сирияны бағындырмақ 
болған моңғол əскерлерін талқандады (1260). Христиан дініндегі ильхандықтарға қарсы 
ортақ ниет Алтын Орда мен Мысыр мемлекетін сауда қатынасы, əскери жəне мəдени 
жағынан жақындастырды. Бейбарыс пен ислам дінін қабылдаған Алтын Орда ханы Берке 
(1256-66) тұсында орнаған, тіпті туыстық байланыстарға дейін ұласқан, арадағы қатынас 14 
ғасырдың ортасында Ирандағы Хулагу мемлекеті ыдырағаннан кейін де жалғасын тапты. 
Мемлекеттер арасындағы дипломат, жолдаулар қыпшақ тілінде жазылды. 1357 ж. Жəнібек 
хан өзінің Əзірбайжандағы жеңісі жөнінде Мысырдағы қыпшақ сұлтанын хабардар етеді. 
Алтын Орда мен Мысыр мемлекеті арасындағы тығыз байланысқа Темірдің Қыпшақ 
даласына жасаған бірқатар əскери жорықтары да кедергі бола алмады. 1395 ж. Алтын 


Ордаға соңғы Мысыр елшілігі келді. Бұл сапар Алтын Орданың талқандалуына əкеліп 
соқтырған Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқаспен тұспа-тұс келді.
Саяси тұрғыдан Мысыр мəмлүк мемлекеті мен Алтын Орда арасындағы байланысты екі 
кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең – 1261-1262 жылдардан басталып, XIV ғасырдың екінші жартысына дейін 
созылды. Бұл одақтастық Иран жеріндегі моңғол династиялық билігінің негізін қалаған 
Хулагу əулетіне қарсы бағытталды. Сондай-ақ, бұл жауластық жоғарыда айтып 
өткеніміздей, Хулагу əулетінің билігінің орнауы мен құлауына дейін жалғасты, тіпті Хулагу 
əулетінің билігі құлағанына қарамастан, Жəнібек ханның Əзірбайжан жерін жаулап 
алуымен аяқталды. Екінші кезең – Алтын Орда ішіндегі саяси дүрбелең аяқталған соң, күллі 
Жошы ұлысының басын біріктірген Тоқтамыстың билікке келуінен басталып, оның билігінің 
аяқталуына дейін жалғасты. Бұл жолы екі мемлекет арасындағы саяси байланыстар ортақ 
жауы Темір агрессиясына қарсы бағытталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет