өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Қастилия елшісі Р.Г.
Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол
Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір”
атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке
иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Ноғай ордасының даралануы 13 ғ. 2-жартысында
басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өзенінің төменгі
саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар
сияқты Ноғай ордасында этникалық құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас
билікті “бектер бегі” әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, кінәз,
т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да,
Ноғай ордасының саяси үстемдігі, экономикалық тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге
ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды.
Достарыңызбен бөлісу: