Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары



Pdf көрінісі
бет25/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
Байланысты:
Тарих 125 с ра Эф-22-5к1

29. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары. 
Əмір Темір 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370-1405 жылдары 
Мəуереннахрда билік еткен. Əмір Темір Алтын Орданы басып алудан бұрын Ақ Орданы 
əлсіретуді көздеді. Тоқтамысты пайдаланып, оған əскер беріп, Ақ Ордадағы билікті алуға 
аттандырады. Ақ Орда хандары жеңіліс тапқан соң, Əмір Темір Тоқтамысты Сауранда таққа 
отырғызды. 1380 жылдан бастап Тоқтамыс Алтын Орданың көптеген жерлерін – Сарайды, 
Қажы-Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыс енді Алтын Орда мен 
Ақ Орданың бұрынғы қуатын қайта қалпына келтіруді ойлап, Əмір Темірге тəуелділіктен бас 
тартады.
Алтын Орда Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс алаңына айналды. 1391 жылы Əмір 
Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс əскерін қирата жеңеді. 1395 жылғы шайқас Кавказ 
тауының солтүстігіндегі Терек өзенінің жағасында өтеді. Бұл жолы Тоқтамыс күйрей 
жеңіледі. Тоқтамысты жеңгеннен кейін Əмір Темір əскері Еділ бойына, Сарай-Беркеге дейін 
жетіп, шабуылдады.
Əмір Темірдің шабуылдары Алтын Орда экономикасына ұзақ жылдар бойы оңалмастай 
нұсқан келтірді. Əмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет 
жорық жасаған. Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері Əмір Темірге жеке-дара қарсы тұра 
алмайтындарын байқады. Олар 1380 жылдың аяғында одақ құруға əрекет жасады. 
Одақтың құрылып жатқанын білген Əмір Темір 1384-1391 жылдары Алтын Орда мен Моғол 
жеріне бірнеше рет жорық жасаған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан 
Темірге толық тəуелділікке түсті. Оның шапқыншылық жорықтарының ауыр зардаптары 
болған. Қазақ жерінің экономикасының, мəдениетінің дамуына көп зардабын тигізді. 
Шапқыншылықтың салдарынан бір жұрттың халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды.
30. Ақ Орданың құрылуы, аумағы және этникалық құрамы. 
Ақ Орда — Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тəуелсіз 
мемлекет. XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы 
зардабынан арыла бастады. Əлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. 
Көптеген ұлыстар мен елдер тəуелсіз бола бастады. Осындай тəуелсіздікке ие болған 
мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір 
ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың астанасы - Сырдария 
өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы.
Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, 
керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда-Ежен, Сартақ, Баян, Сасы Бұқа 
хан, Ерзен, Мүбəрəк Қожа хан, Шымтай хан, Ұрыс хан, Құйыршық хан, Барақ, Керей, 
Жəнібек жəне т.б.
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың 
билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда 
ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мəуераннахр билеушісі əмір Темір мен 
оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы – Сасы Бұға 
(1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ 
ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбəракқожа тұсында басталды. Мүбəракқожа хан (1320-1344 
жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет