33.Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары. «Қазақ», «Өзбек» этнонимі. Қазақ халқының құрылуына моңғол шапқыншылығынан кейін қайта өрлей бастаған
дәстүрлі шаруашылық, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының, отырықшы
егіншіліктің үйлесуі ықпал етті.
Қазақ даласында ертеден өмір сүріп келе жатқан және түрлі саяси жағдайларға
байланысты көшіп қону процесінің күшеюі нәтижесінде қоныс тепкен тайпалар болып
топтастырды, кейін келешекте «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды.
«Қазақ» этнонимі, қазақ жүздері.
«Қазақ» этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы ғылыми тартысқа түсіп келе жатыр.
Дегенменде, айта кететін жағдай, ең алғаш рет «қазақ» термині 1245жылы Мамлюктік
Египет елінде қыпшақтар мекендеген жерде араб-қыпшақ сөздігінде кездеседі. Бұл сөздік
«қазақ» терминінің жазбаша дерекке түскеннің дәлелі. «Қазақ» термині «еркін,кезбе» деген
мағынада аударылған. Бұл аударма терминнің әлеуметтік мәнін көрсетеді.Демек, XIV-XV
ғасырларға дейін қазақ даласында орын тепкен мемлекеттердің де «қазақ» халқының
қалыптасуына қоқан үлесі мол. Қазақ халқының толық қалыптасып аяқталуы XIV-ғасырдың
екінші жартысы XV-ғасырдың бірінші жартысы.
Осы саланың зерттеп жүріп ғалымдар сонау орта ғасырлық кезенде жазылған
болжамдарды негізге алады.Оның ішінде,әсіресе,Византия императоры Константин
Богрянародныйдың «мемлекетті билеу»атты еңбегінде(X ғасырдың орта шені) Кавказдың
солтүстік батысында жатқан «Қазахия елі»туралы айтқан мәліметтер. Бұл жөнінде ғалым
Минорский «Казахияның» «Касахия» деп түсіну қажеттігін айтқан. Ғалымдар «Касахия»
ұғымының «қазақ» емес «косок» тайпасы туралы, ал олар Кавказдағы автохтонды тайпа
дейді. Демек, қазаққа қатысы жоқ екендігін дәлелдейді. «Қазақ» термині туралы ғылыми
пікірлердің мұсылмандық қоғамда да орын алғандығы туралы және оларды
жинақтап,Қазақстан тарихын II томына түсірген ғалым Б.Е.Көмеков. Ғалым «Китап ат-
танбих ва – ль-ишраф» , «Худуд әл алам», «Китаб әл футух», «Қасиетті жылнаманың»,
«Қазақ» деген терминге қатысты жерлеріне талдау жасайды.
«Қазақ» термині қыпшақтар қоғамында қалыптасты деп айтылған ой әбден дұрыс, себебі
кең қазақ өлкесі сол қыпшақтар мекенінде орналасқан. Сонымен қазақ ұғымының пайда
болуы қыпшақ кезеңімен тікелей байланысты. Бұл орайда «қазақ» терминінің алуан түрлі
еріктілерді айту үшін қолданылуы оның әлеуметтің мағынасына сәйкес екендігін көрсетеді.
IX-X ғасырларда әр түрлі аймақтарда «қазақ» деген атау кездесіп отырған, бұл еркін өмір
сүргендерді жалпы осылай аталғандығын көрсетеді.