Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар



Pdf көрінісі
бет51/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103
61. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар 
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа патшалық Ресейдің отаршылдық 
саясатының маңызды бөлігінің бірі. Себебі, ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот 
құрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының 
бәрін қамтыған күрделі реформа болған еді.
Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізуді көздеген Патша үкіметінің алдына қойған 
басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болған еді. Осыған орай, 1867 
жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-
губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-
губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты және негізгі міндеті – "қазақ даласын 
Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу" еді. Сөйтіп, жергілікті бай-
мапатарды биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды 
оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру еді. Жалпы алғанда, реформалар 
Патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық табиғат 
байлықтарын еркін пайдалану үшін жасалған еді.
1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысып 
бақты. Сондықтан да Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар әкімшілік 
орталықтарына, қазақ даласымен байланыссыз жататын әр түрлі генерал-
губернаторлықтарға бөлшектенеді.


Мысалы, Торғай мен Орал облыстары – Орынбор; Ақмола және Семей облыстары – Батыс 
Сібір; Жетісу мен Сырдария – Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. 
Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына 
бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань 
губерниясының құрамына кірді. Ал Маңғыстау аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне 
байланысты Кавказ әскери округының билігіне өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет