Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.)



Pdf көрінісі
бет52/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103
62. Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.). 
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» қабылданды.
1886 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы ресми Түркістан өлкесі деп аталды. 1886 
жылғы «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі ереже бойынша» Түркістан генерал-
губернаторлығы Сырдария, Жетісу, Самарқанд облыстарына бөлінді.
Түркістанның алғашқы генерал-губернаторлығына орыс инженер – генералы, Петербор 
Ғылым академиясының құрметті мүшесі, Константин Петрович Кауфман (1818-1885ж) 
жіберілді. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғаннан кейін оны жергілікті кадрлардың 
күшімен егжей-тегжейлі зерттеу туралы мәселе қойылды. Патшалық Ресей жаулап алған 
жерлерге отарлық саясат ұстанғаны белгілі. Жаңа жерлерді игеру үшін, пайдалы 
қазбаларын өз мүддесіне пайдалану үшін өлкені зерттеу мақсатында ғылыми қоғамдар 
құрылып, экспедициялар ұйымдастырылды. Түркістан әскери округі әскерлері 
қолбасшысының көмекшісі генерал-лейтенант Мациевский Шығыстану қоғамының 
Түркістан бөлімшесіне былай деп жауап қайтарды: «Жоғарғы мәртебелі мырза барлық 
мәселелер бойынша сіздермен келіседі, бірақ негізгі мәселе назардан тыс қалған. Қоғам 
Шығысты ғылыми зерттеу үшін емес, оның халықтарының Ресейге сіңіп, орыстануы үшін 
жұмыс істеуі қажет». Бұл патша үкіметінің жергілікті өкілдерінің Түркістанда ұстанған 
саясатының нақты көрінісі еді. Алғашқылардың бірі жергілікті өлкетанушылардың едәуір 
көп бөлігін біріктірген Орта Азиялық ғылыми қоғам болды. Қоғамды ұйымдастыруда 
Түркістан генерал-губернаторы К.П.Кауфман белсенді роль атқарды, сондықтан да 
қоғамның бағыты Жарғының жобасында: «Қоғам Орта Азияның тарихы, географиясы, 
статистикасы, этнографиясы, табиғи байлықтары, саудасы мен өнеркәсібі бөлігіндегі 
мәліметтерді жинайды, өңдейді және таратады», — деп көрсетілген 
63. Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.). 
1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының 
орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал-губернаторлығы құрылды. 
Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу 
облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының қарауына берілді.
1891 жылғы 25 наурызда қабылданған «Ережеге» сай Ақмола облысы, Торғай облыстары 
төрт уезден құралды. Ақмола, Семей және Жетісу облыстары Дала генерал- 
губернаторлығы құрамына кірді. Үш облыстың негізгі әкімшілік орталығы (облыстардың 
жеке орталықтарын есептемегенде) Омбы қаласы болды. Бұл өзгерістер патша үкіметінің 
отаршылдық басқармасының рөлін мейлінше күшейтті, генерал-губернаторларға шексіз 
билік берілді. Қазақстандағы облыстық басқару сатылары Ресейдің орталығындағы 
губерниялық басқармаларға теңестірілді. Өлке шеңберінде генерал-губернаторға шексіз 
билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты 
Облыстық басқармаларымен қоса генерал-губернаторға бағынды, ал Облыстық 
басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша ірі 
облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, 
ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл 
старшындарын бекіту әскери губернатордың құзырында болды.
Сонымен қатар Қазақстандағы отырықшы қалалық тұрғындар мен қоныс аударушылар 
құқығы жағынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл, әрине, 
қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттыра түсті.
Жалпы XІX ғасырдың екінші жартысындағы Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік 
реформалары қазақтардың саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя 
құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет