Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы



Pdf көрінісі
бет59/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103
71. Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы. 


1773-1775 жылдары болған шаруалар көтерілісінің басшысы - Емельян Пугачёв. Ол «Жеті 
жылдық» (1756-63) және орыс-түрік (1768-74) соғыстарына қатысқан, әскерден қашып, 
түрмеге түскен.
Түрмеден қашып шыққаннан кейін Жайық казактарымен байланыс жасап, өзін сарай 
төңірегінде өлтірілген Петр III деп жариялап, астыртын қол жинады.
Оның қатарында казак-орыстармен бірге башқұрт, татар, қазақ, қалмақтар да болды
Е.Пугачевтың қазақтармен байланыс жасауға әрекеттері
1773 жыл Е.Пугачев Кіші жүз аумағында құпия болып қайтады.
Ел ішіндегі ықпалы күшті старшындармен кездеседі.
Жайық казактары көмегіне ие боламын деп үміттенді.
Жыл аяғында Кіші жүз жеріне 400 адам жасағымен тағы
да келді.
Жасақ құрамында татар, орыс, чуваш, башқұрт, черемистер
болды.
Көтеріліс жетекшісі жасағының құрамы көп ұлтты
екендігіне кәміл сендіргісі келді.
Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуының негізгі себебі
•Біріншіден:Патша үкіметі Еділ мен Жайық өзені арасындағы жайылымдық жерді 
қазақтарға пайдалануға тыйым салып, ол шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп 
беруі;
•Екіншіден: Петербург билеушілерінің осы аймақты жазалаушы топтармен ойрандатуы;
•Үшіншіден: Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы.
• Төртіншіден: Патша үкіметі 1752-1755 жылдары Орта жүз қазақтары емін-еркін көшіп-
қонып жүрген Жаңаесіл аймағын басып алды .
•Бесіншіден: Патша үкіметі барымташыларды ұстау үшін «әскери іздестіру» деген 
сылтаумен қазақ даласына әскери топтарды жіберуді әдейі жиілете түсті.
Алтыншыдан, шекараға таяу орналасқан қазақтар зардап шекті. Патша үкіметі Орынбор 
губернаторы И.Неплюевтің ұсынысымен 1747 жылы 15 мамырда қазақтарды жуасыту 
(қорқыту) үшін Жайық және Орынбор казактары күшімен «Әскери тіміскілеу» жарлығы 
ешбір себепсіз қазақ ауылдарын бас салып, қырып -жоюларына бастама
болды.
1747 жылдың 31 желтоқсанында екінші құпия қаулысында
«Қазақтарды қорқытып ұстау мақсатында Орынбор губернаторы қазақтардың бір немесе 
екі ауылын шауып, тірі жан қалдырмай қырып тастасын (әйелдер,қарттар, балалармен 
қосып)» делінген.
А.Медрасов басқарған отряд жазықсыз байбақты руының бес ауылын тонап,үйір-үйір 
жылқыны айдап әкетті.
Тобыл бекінісінде 1759 жылы «шабындықты бүлдірдің»- деп қызылқұрт старшыны Жәмбет 
батыр ауылын 40 казак қоршап, халықты қайқы темірмен, найзамен шаншып, оқ жаудырып, 
ойрандап кеткен.
Патша үкіметінің, казак әскерлерінің осылай басынуы Қазақстандағы толқудың басталуына 
және қазақтардың Е.Пугачев көтерілісіне қатысуына итермеледі.
1773 жылғы 20 қыркүйекте Е. Пугачев Нұралыға арнайы үндеу жолдады. Жер мен суды 
қазақтарға қайтаруға уәде беріп, қазақтарды өзіне тарту мақсатын ұстанды.
Кіші жүздің ірі ақсүйектері - Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар, Нұралы хан көтерілісті 
қолдады.
1773 жылы қарашаның 17-нен 18-не қараған түнінде Нұралының өкілі Зәбір молда Усиха 
өзені маңында Пугачевке жолықты. Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің 
сәтсіздігі Нұралы ханның көмек беруге асықпауына себеп болды.
II Екатерина Нұралы ханға арнайы грамота жіберіп, Пугачевті өзіне жақындатпауын талап 
етті.
Пугачев күштерінің Орынбор әскери шебіне жақындауы, осы өңірде көшіп-қонып жүрген 
қазақтарды рухтандырды. Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалы басқарған топты көмекке 
жіберді.
Қазақ жігіттері Жайық бекінісін қоршауға табан тіресе қатысты. Кулагин бекінісін алуда 
басты күш қазақтардан құралған топ болды. Орынборды қоршауға 200-ге жуық қазақ 
қатысты.


 1773 жылғы қазанда қазақтар Пресногорьковск бекінісіне, Троицк, Гагарьевск 
редуттарына шабуылдады.
1774 жылы жазда қазақтар арасында Звериноголовск бекінісі төңірегінде Пугачев тығылып 
жүр деген лақап тарады.
Торғай өзенінің бойында старшындар Құдайменді мен Тайыр басқарған шаруалар ашық 
қақтығыспай, қыр көрсетумен шектелді.
Орынборды қоршаудағы сәтсіздік Пугачев күштерінің Троицк бекінісіне шегінуіне себеп 
болды.
Орта жүзден Дәуітбай би Пугачевтің үндеуіне қолдау білдіріп, старшындармен бірігіп, 
соғысты қолдайтын шешімге келді.
1774 жылғы күзде Сібір шептеріне шабуылдаған қазақтар патша әскерінің қысымымен 
Сырдария бойына ығысты. Бұхар хандығына дейін барған Орта жүз қазақтары Тобыл мен 
Есіл өзендері бойына қайтып оралды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет