Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Орынбор генерал-губернаторы О. Игельстромның реформасы: Кіші жүзде хандық



Pdf көрінісі
бет49/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103
58. Орынбор генерал-губернаторы О. Игельстромның реформасы: Кіші жүзде хандық 
билікті жою жобасы. 
Игельстром реформасы (1786) – 
Кіші жүзді
басқарудың 1786 жылы 
Екатерина II
қуаттаған 
жобасы.
1775 жылғы реформаға сәйкес 
О.А. Игельстром
далалық жерлерді жалпыимпериялық 
негізде басқару мақсатында, Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба 
ұсынып, патшайымның мақұлдауынан соң ол “Игельстром Реформасы” деп аталды. Бұл 
жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа 
берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым 
өкілдері кірді. 
Орынбор
губерниясы басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа 
әкімшілік органдар – расправалар құрудағы 
Ресей
өкіметінің мақсаты ең алдымен 
сұлтандарды басқару ісінен шеттету болды. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген 
беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді 
бас старшын” деген атақ енгізді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне 
араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру 
жолымен хандық билікті жою жөніндегі шаралары нәтижелі болмады. Игельстром 
реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – дәстүрлі басқару түрін жоюдың 
алғышарты қалыптасуында болатын. Расправалардың басқару ісіне араласуына Кіші және 
Орта жүздердегі
 ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті 
қалпына келтіруге ұмтылды. 1789 жылғы 
Француз революциясынан
шошынған патша 
үкіметі Игельстром реформасын туғызған наразылықтардың монархиялық басқару негізін 
шайқалтуы ықтималдығын ойлап, Игельстром реформасын аяғына жеткізуден бас тартты
59. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 
Орта жүзде 
1817
 жылы Бөкей хан, 
1819
жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша 
үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс 
Сібір
 
генерал-губернаторы
М.М. Сперанский
жасаған және Ресей императоры 
I Александрдің
жарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді. 
Қазақстандағы
 жаңа 
реформаның
ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін 
біржолата жою болатын. «
Жарғы»
 өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның 
солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға 
бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі 
түбірімен өзгертілді
.
«Жарғы» қазақ даласына бірте-бірте енгізіле бастады. Басқарудың жаңа тәртібі ең әуелі 
шекара шебі маңындағы және «өздеріне қамқорлық жасауды өтінген, бодандыққа адал 
болуға ант еткен» руларға енгізілді. 
1822
жылғы «Жарғы» аздаған өзгерістер енгізілген 
түрінде 60-жылдардың ортасына дейін қолданылып келді. Жаңадан округтар ашудың 
алдын ала белгіленген нақты жоспары болған жоқ еді. Шекаралық әкімшіліктен 
шенеуніктер бастаған қарулы шағын жасақтар қазақ ауылдарына бірінен соң бірі жиі 
шығып тұрды. Олар басқарудың жаңа жүйесін қабылдаудың көшпелі халыққа пайдалы да 
тиімді болатынын егжей-тегжейлі түсіндіруге күш салып бақты. Сөйтіп халықтың көшпелі 
тобының келісіміне қарай жаңа округтар құрыла бастады. Мәселен,
• 
1824
 жылы Қарқаралы және Көкшетау округтары,


• 
1831
 жылы 
Аягөз
,
• 
1832
 жылы 
Ақмола
,
• 
1833
 жылы 
Баянауыл
 және 
Үшбұлақ
,
• 
1834
 жылы 
Аманқарағай
(кейінірек Құсмұрын атанды),
• 
1844
 жылы 
Көкпекті
 округтары құрылды.
1854
 жылы 
Ертістің
оң жағалауындағы қазақтар үшін 
Семей
 ішкі округы ашылды. 
1856
 
жылы 
Жетісу
жерінде 
Алатау
 ерекше округы ашылды. Бұл екі округты орыс офицерлерінің 
арасынан тағайындалған бастықтар басқарды. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы мен 
Омбы
облыстық басқармасының бастығы 
Орта жүзді
 басқаруды қолға алды. Бұдан кейін 
енді солтүстік-шығыс аймақтардағы қазақтарды басқару жөніндегі орган қүру көзделінді. 
Сөйтіп 
1838
жылы патша үкіметі Сібір қырғыздарын (қазақтарын) шекаралық басқару 
басқармасы құрылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет