Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


 Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы: көтерілістің



Pdf көрінісі
бет60/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103
72. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы: көтерілістің 
қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы. 
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық
көтеріліс 1783-1797 жж
Көтерілістің алғышарттары:
1.1742 жылғы 19 қазандағы патша өкіметінің қазақтарға Жайық өзені маңында көшіп-
қонуға тыйым салуы.
2. Жайықтың арғы бетіне көшкен үшін қазақтарға салық төлеткізді, төлемесе оларды 
тұтқынға алған. 3.Қазақтардың бір бөлігі Ресейде болып жатқан Емельян Пугачев бастаған 
шаруалар көтерілісіне қосылуы.
Көтерілістің себептері:
1.Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы.
2.Патша өкіметі қазақ ру старшындарының құқықтарын шектеді.
3.Қазақ сұлтандары мен хандары патша жағына шығуы.
4.1782-1783 жж Орал казак әскерлері Жайық өзенінің ішкі жағына көшіп барған Кіші жүз 
шаруалараның 4000-нан астам жылқысын тартып алып, айдап кету.
5.Қысқы жұттын басталуы, қазақтардың малдарын тартып алуы.
Көтерілістің барысы
Көтеріліске шыққан қазақтар Орск қамалына бағытталды.
1784 ж қарашада Сырым батыр Сағыз өзені бойында 1000 адамдық жасақ жинады.
Бірақ патша өкіметі бұл әрекетті тоқтату үшін 1785 ж өзінің жазалаушы отрядын Елек 
өзеніне аттандырды.
Жазалаушы отряд қазақ ауылдарын тонап, көп адамды тұтқынға алды, жылқыларын айдап 
әкетті.
Осы себептен Кіші жүз қазақтары толығымен көтеріліске шықты.
Қазақтар жауап ретінде 500 адамнан тұратын жасақ жинап, Сахарная қамалына шабуыл 
жасады. Бұл қақтығыста қазақтың ықпалды сұлтаны Айшуақ орыстарға тұтқынға түседі.
Сырм Датұлы бұған жауап ретінде 1785 жылы наурызда Антонов форпостына, Сахарная 
қамалына шабуыл жасады.
73. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі 
(1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы. 
Қазақстандағы 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтеріліс - 
Исатай Тайманұлы
 
мен 
Махамбет Өтемісұлы
 бастаған шаруалар көтерілісі (1836-1838)
1836—1838 жылдары 
Бөкей хандығында
аса ірі халық-азаттық 
көтерілістерінің
бірі болып 
өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, 
Ішкі Ордадағы
20 
мыңға жуық 
отбасы
шаруашылығы 
жер
тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы 
жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. 
Қатардағы қарапайым 
қазақтар
 жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ 
ақсүйектері
 орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша 
қазақ 
ауылдарына
 көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп 
қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.
Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың 
Каспий теңізі
жағасында көлемі орасан 
зор жер телімдері болды. 
Жайық
әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және 
Қамыс-Самара
көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық 
бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, 
жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң 
тыйым
 салынды. Далалық қазақтар ішкі 
жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің 


жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді 
Астрахан губерниясының
шаруаларынан, Жайық 
қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға 
алып пайдалануға мәжбүр болды. 
Жәңгір хан
тарапынан салынатын алым-салық түрлері де 
еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай 
салық
 түрін 
енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.
1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы 
қазақтар
 
болды. Көтеріліс туының астына бірқатар 
старшындар
 да жиналды. 
Сұлтандар
мұның 
ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге 
қарсы шықты.
Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен 
Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан 
болатын.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи 
маңызы болды.
Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың 
отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс 
аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы 
Аббас 
Кошайұлы
 мен 
Лаубай Мантайұлы
 бастаған баскөтерулер болып өтті.
Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, 
халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық 
білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет