3. АҒЫМДЫҚ БАҒАЛАУ Білім алушы «Univer» жүйесі арқылы модуль бойынша әр аптаға жүктелген тақырыптармен жұмыс жасайды. Білім алушының оқу жетістіктері силлабустағы әр модуль бойынша көрсетілген балл шегінде 2-қосымшадағы бағалау критерийлері негізінде жалпы бағаланады. Бақылау модульдер аяқталған апталарда жүргізіліп, сол аптада оқытушылар «Univer» жүйесіндегі «семинар/практикалық» журналына тиісті балдарын енгізеді.
Оқытушы БӨЖ тапсырмалары бойынша білім алушының жұмысын тақырыбына сәйкес сол модульге белгіленген балл мөлшерінің белгілі-бір үлесі деңгейінде бағалайды. БӨЖ бойынша балдың үлесін тапсырмалардың күрделілігіне қарай оқытушы өзі дербес белгілейді. (мысалы: модульге 30 балл болса, 10 балы БӨЖ тапсырмасын орындаудан құралады, сондай-ақ әр модульде әр түрлі болуы мүмкін және курс саясатында әр модуль бойынша нақты көрсетіледі) Тапсырманы орындағаннан кейін модульге берілген апта ішінде оқытушы білім алушының тиісті балын «Univer» жүйесіндегі «ОСӨЖ» журналына енгізеді.
Ескерту! Оқытушы білім алушы үшін апта сайын «Univer» жүйесіне «Пәннің оқу-әдістемелік кешені» ұяшығы арқылы сабақ түрлері бойынша материалдарды жүктейді.
4. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ 1.Қазақстан тарихы пәні бойынша мемлекеттік емтихан компьютерлік тест түрінде алынады.
2.Курс бойынша 50 тест сұрағы беріледі, әрбір дұрыс жауап 2 балмен есептеледі, максималды жауап 100 балды құрайды.
5. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (емтихан) http://zhubanov.edu.kz/ru/pages/bilim/universitettin-akademiyalyk-sayasaty/akademiyalyk-adaldyk-erezhesi.php 6. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ (оқытушының талабы мен университеттің академиялық адалдық кодексі принциптері сақталуы тиіс).
оқытушының силлабуста көрсетілген талаптарын орындау;
тапсырманың барлық түрлерін (ОСӨЖ, диплом жобасы және т.б.) өз бетінше орындау және көрсетілген мерзімде оқытушыға ұсыну;
ағымдық, аралық, қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау кезінде ұялы телефондарды қолданбау;
оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде автордың атын көрсетіп түрлі деректерді пайдалану, пайдаланылған деректер тізімін жұмыс соңында көрсету;