Тарих факультеті


Құжат деректемелерінің құрамы



бет23/86
Дата29.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#88482
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86
Байланысты:
силлабус қосалқы тарих

Құжат деректемелерінің құрамы
Құжат – ақпарат құралы. Оны сипаттайтын ақпараттық элементтер оның уақыт пен кеңістіктегі координаторлары болмақ. Құжат элементі – деректемелердің жиынтығы оның формулярын құрайды. Әр құжаттың қолданылуына байланысты деректемелер құрамы түрлі болады. ГОСТ 6.10.5-87 “Құжаттардың бір ізге түсірілген жүйелері. Формуляр-үлгі” мемлекеттік стандарты бойынша құжаттар жүйесі құрамына кірген құжаттардың және жиектерінің
өлшемі, деректемелерінің орналасуы бекітілген. Құжатты дұрыс құрастыруға арналған оның сұлбасы формуляр-үлгі деп аталады. Ол нақты құжат түрінің барлық деректемелерін қамтиды және олардың жеке орнын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының 1042-2001 “Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар” мемлекеттік стандарты 27 деректеменің құрамын және олардың ресімделуіне қойылатын талаптарын бекітті. Онда көрсетілген талаптар ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар жүйесімен қатар басқа да жүйелердегі құжаттарды ресімдеуде қолданыла алады. Мысалы, жолдау тәртібінде, қол қоюда, келісуде және индекстеуде.
Республикалық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер ресми құжаттарын ресімдеуде 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген осы мемлекеттік стандарттың бірыңғай ережелерін қолданады.
Ресми құжаттардың барлығы мекеменің арнайы бланкілерінде ресімделеді. Бланк дегеніміз құжаттың тұрақты ақпараты көрсетілген және өзгермелі ақпаратты тіркеуге арналған стандартты парақ қағазы. Әр мекемеде ең кемі екі бланктің түрі қолданылады. Оның жалпы, хатқа арналған, типтік және арнайы (лауазымды тұлғаларға арналған) түрлері бар.
Бланкті баспалық әдіспен әзірлеуде алғаш оның арнайы сұлбасы жасалады. Бланктің әр түрі деректемелердің бұрыштай немесе ұзына бойы орналасуы негізінде жобаланады (1,2-қосымшалар). Республика көлемінде құжаттардың тақырыпша бөлігі мемлекеттік стандартқа сәйкес қазақ және орыс тілдерінде ресімделеді. Мысалы:
Бланкілер бір-бірінен деректемелер құрамы бойынша ерекшеленеді. Деректемелер өзара алмасып отырғанмен бланкінің барлық түрлерінде бәрі бір орында көрсетіледі. Олар хат бланкісінде 05-деректеме (мекеменің мекен жайы, яғни индекс, байланыс бөлімінің мекен-жайы, телефон мен факс нөмірлері, банктегі есеп-айырысу шотының нөмірі) мен жалпы бланкідегі 06-деректеме (құжат түрі) - бірінші жұп болса, екінші жұптағы хат бланкісіндегі 09-деректеме (құжаттың индексі мен күніне сілтеме) мен жалпы бланкідегі 10-деректеме (құжаттың жасалған немесе басылып шыққан орны). Ұйымның хат және өзге де құжат түрлерін ресімдеуде арнайы берілген бланк үлгілері пайдалануға болады (3,4-қосымшалар).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет