Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан



бет15/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Байланысты:
тарих гос 40

3. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды.
4. Бұл жаңа заңға сай Қазақстанды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.
5. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарқан және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана 5 уезден, Самарқан 4 уезден тұрды.
6. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының қарауына берілді.
7. Ақмола, Семей және Жетісу облыстары Дала генерал-губернаторлығы құрамына кірді. Үш облыстың негізгі әкімшілік орталығы (облыстардың жеке орталықтарын есептемегенде) Омбы қаласы болды.
8. Бұл өзгерістер патша үкіметінің отаршылдық басқармасының рөлін мейлінше күшейтті, генерал-губернаторларға шексіз билік берілді.
9. Өлке шеңберінде генерал-губернаторға шексіз билік берілді.
10. 1891 жылғы «Ереже» бойынша ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей)
полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды.
11. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери губернатор құзырында болды.
12. Қазақ жері патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жарияланды.
13. Түркістан және Далалық өлкелерде жалпы империялық соттар жүйесі – әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты.
14. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқық берілген орыс шенеунігінің қатысумен өткізілді.
15. Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын, тәуелді буын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет