Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан


БИЛЕТ. Ежелгі Қазақстан аумағында жылқы шаруашылығы мен атқа мінуді дамыту туралы Ботайдағы археологиялық жаңалықтар



бет11/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
тарих гос 40

10 БИЛЕТ. Ежелгі Қазақстан аумағында жылқы шаруашылығы мен атқа мінуді дамыту туралы Ботайдағы археологиялық жаңалықтар.
Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе дала өркениетіндегі дамудың елеулі көр­сеткіштерінің бірі екені анық. Жылқыны қолға үйрету көшпелі шаруа­шылық пен дала өркениетінің негізін қала­ды. Қолға үйретілген жылқының тұрмыста маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арба-шанаға жегу, жауынгерлік және са­йыс өнеріне бағытталып өсірілген.
Еуропалық ғалымдардың зерттеуіне қара­ғанда, адам баласы жылқыны қолға үйрет­кеніне 5500 жылдан асыпты. Өр­кениет тарихында жылқылар ал­ғаш рет қазіргі Украина топырағында қолға үй­­ре­тілді деген тұжырым болған еді. Алай­­да соңғы зерттеулердің қорытын­ды­­сы өркениеттің Азиядан басталғанын дәлелдеді.
Ағылшын зерттеушісі Кимберлей Броун «Лос Анжелес Таймс» газетіне сілтеме жасай отырып, Horse атты жур­налға жазған еңбегінде, жылқы түлігі еуропалықтар ойлағаннан көп бұрын Азияда қолға үйретілгенін меңзеген.
Ағылшын зерттеушісінің пікірі Ботай қонысы маңына жүргізілген қазба жұмыстары барысында дәлелін тапты. Аталған археологиялық жаңалықтың құндылығы жайлы еуро­палық National Geographic News атты ғылыми басылым: «Қазіргі күні Қазақ­стан деп аталатын елдің жерін мекендеген далалық өлке тұр­ғындары алғашқы болып жылқыға мініп, оның сүтін ішкен...» деген байлам жасады.
Басылымның бұлай түйін жаса­уына себеп болған дүние: Ботайдағы қазбадан табылған жылқылардың тістері мүжілген әрі оған сызат түскен. Осыған қарап ғалымдар, жылқының мініске пайдаланылғанын, ауыздықталғанын анықтап отыр. Сонымен қатар жер астынан табылған ыдыстардың түбінде кепкен қымыз қалдықтарының ізі қалған Осы дәлел-деректерді негізге алған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Хартуик университетінің зерттеушісі Давид Антони: «Егер ботайлықтар биені сауып, сүтін пайдаланған болса, бұл жылқылар жабайы емес, яғни қол­ға үйретілген жануарлар» деп түйін сөзін айтқан.
11 БИЛЕТ. Ресей империясының қазақтардың барлық билік институттарын реформалауы және Кіші және Орта жүздер аумағында аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізуі. Хан билігін жою.

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық басқару жүйесін патша өкіметінін жойып, жаңа билік жүйесін еңгізуі ХVIII ғасырдың өзінде-ақ Орта жүз бен Кіші жүз хандарын патша өкіметі тағайындай бастаған. Олардың ел басқару қызметін жергілікті патша әкімдері бақылап отырды.
XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей үкіметі қазақ арасында хандық өкіметті біржола жойып, ел басқарудың жалпы ресейлік тәртібіне жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Уәли хан өлгеннен кейін (1819), «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» сәйкес (1822) Орта жүзде хандық билік жойылды. Жүз территориясы сыртқы сегіз округке бөлініп оларды аға сұлтандар басқаратын болды.
Жарғы бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ. Ауылды үш жылға сайланатын старшын, ал болысты болыс басқаруға тиіс болды патша үкіметі XVIII ғасырдың аяқ шеніне қарай Кіші жүзде хандық өкіметті жоюға кірісті . Игельстром реформасы Кіші жүзді басқарудың 1786 жылғы Екатирина ІІ қуаттаған жобасы. 1775 жылғы реформаға сәйкес О.А.Игельстром далалық жерлерді жалпы империялық негізде басқару мақсатында Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Орынбор губернатор басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей үкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болатын. Расправаларының басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды. Ресей өзінің саясатын ел басқару саласын өзгету арқылы жүзеге асырумен болды және де ол өте сәтті жүргізіліп жатты. Қазақтар арасындағы ауыз бірліктің жоқтығы қолындағы бостандықты жоғалтудың басты себебі болды. Ресей отарлау саясатын одан әрі күшету масатында Кіші жүзді басқарудың дистанциялық (бекінісаралық) жүйесі енгізілді.
Бұл шекара маңындағы қазақтарды басқаруға бағытталған шара. Жайық қазақтарын басқару ісіндегі дистанциялық жүйе тәжірибесіне (1824-31) сүйенген патша үкіметі бұл шараны Кіші жүзге 1831 жылы енгізді. Негізгі мақсаты қазақ даласындағы казак-орыстардың қолына көшіру, қазақтар арасында тәртіпсіздікті болдырмау, ауылдардағы жағдайды шекара комиссиясына жедел жеткізу болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет