Тарих жəне құқық факультеті ҚР тарихы кафедрасы


  Негізгі жəне қосымша Əдебиеттертер тізімі, Интернет желісіндегі Web-



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата03.03.2017
өлшемі0,87 Mb.
#6462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 
4.  Негізгі жəне қосымша Əдебиеттертер тізімі, Интернет желісіндегі Web-
сайт адрестері  
Негізгі Əдебиеттертер. 
1.  Берденова  К.А.,  Общая  и  экономическая  история  Казахстана.  - 
А.,”Экономика”, 2000. 
2.  Берденова  А.К.,  Коробков  Б.Т.  и.  др.  Экономическая  история  Каахстана  (с 
тестовыми заданиями). - Алматы: “Экономика”, 2001. 
3.  Виноградов В.А. Экономическая история России ХІХ – ХХ вв.: Современый 
взгляд. - М., РОССПЕН, 2001. 
4.  Экономикалық реформалар. - А., “Экономика”, 1999. 
5.  Сəбден О. ХХІ ғ. қандай экономикамен кіреміз. - А., 1997 
6.  Мамыров  Н.К.  Проблемы  развития  экономики  и  образования  в Казахстане.  - 
А., “Дəуір”, 1998. 
7.Нұрғалиев Н.Қ. Қазақстан экономикасы. – Алматы, 1999.  
8.Назарбаев Н.Ə. Қазақстан Республикалық 2030 жылдарға дейінгі ұзақ мерзімді 
даму стратегиясы. – Алматы, 1997. 
9. Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. - Астана, 2010. 
12.  Қазақстан  тарихы.  (Көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Төрт  томдық,  1-том, 
Алматы, 1996. 
13. Қазақстан тарихы. (Көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, II-том. Алматы, 
1998. 
14.  Қазақстан  тарихы.  (Көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық,  III-том. 
Алматы, 2002. 
 
 
Қосымша Əдебиеттертер: 
1.  Акишев К.А. Курган Исык. Искуство саков Казахстана. - М., 1978. 

2.  Ахинжанов С.М. Макарова О.А. Нурумов М.Н. К истории скотоводства и 
охоты в Казахстане. - А., 1992. 
3.  Кузнецова Э.Ф. Тепловодская Т.М. Древняя металлургия и гончарство 
Центрального Казахстана. - А., 1994. 
4.  Масанов Н.Е. Кочевая цивилизация казахов (основы жизнедеятельности 
номадного общества). – А.,-М., 1995. 
5.  Қозыбаев М.К. Абылхожин Ж.Б. Коллективизация в Казахстане: трагедия 
крестьянсива. - А.,1993. 
6.  Қозыбаев М.К. Ақтандықтар ақиқаты. - А., 1992. 
7.  Омарбеков Т.О. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. - А.,1997. 
8.  Мұхатов О.Х. Қазақстанда ірі байлардың мал-мүлкін тəркілеу 
мəселелері.(1940-1980 жж) // Отан. -  №2/99. - 53-59 б. 
9.  Байтіленов С. Қазақстан ауылшаруашылығындағы тоқырау. - А., 1999. 
10. Қазақ қалай аштыққа ұшырады? (Қасіретті жылдар хаттары). - А., 1991. 
 
Интернет-көзі: 
http://www.shop.nci.kz/index. 
http://studentochka.kz/load/aza_sha_referattar/tarikh/ 
http://1referat.kz/kazakstan-tarixy/qazaqstannyn-ekonomikalyq-damuy.html 
http://www.e.gov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/Library2/1_Kazakhstan/ 
http://alllessons.ru/load/referaty_na_kazakhskom_jazyke/ 
http://proof.ucoz.kz/tests/0-55-0 
http://www.library.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=235&Itemid=38 
5. «Қазақстанның экономикалық тарихы» пəнінен тапсырмаларды орындау жəне 
тапсыру графигі 
 
    
№ 
п/
п 
Жұмыс түрі 
Тапсырманы
ң 
мақсаты 
мен мазмұны  
Ұсынылатын 
Əдебиеттерте
р 
Жұмыстың 
орындалу 
ұзақтығы 
жəне 
жұмысты 
көрсету 
мерзімі 
(аптасы)  
Ұпай 
Бақылау 
формасы 
Семинарға 
жауап беру 
Теориялық 
білімді тексеру 
Тақырыбына 
байланысты 
Апта бойына 
Конспек
т-0,4% 
 
пікір 
талас-
0,6% 
Тапсырмалардың 
орындалуын, 
сұрақтарға 
жауап 
беру 
қабілетін 
тексеру 
ОЖСӨЖ 
тапсырмалары
н орындау  
Талдау 
жəне 
танымдық 
қабілеттерін 
арттыру 
Тақырыбына 
байланысты 
1-6, 8-15 
Конспек
т-0,2% 
Ауызша 
түрде-
0,3% 
Тапсырмалардың 
орындалуын, 
сұрақтарға 
жауап 
беру 
қабілетін 
тексеру 
Баяндама 
Материал 
бойынша  білім 
деңгейін 
тексеру 
Тақырыбына 
байланысты 
7 апта   
5% 
Тапсырмалардың 
орындалуын, 
сұрақтарға 
жауап 
беру 
қабілетін 

тексеру 
Презентация 
Білімді  кешенді 
тексеру 
Тақырыбына 
байланысты 
14 апта 
              
 
4% 
Тапсырмалардың 
орындалуын, 
сұрақтарға 
жауап 
беру 
қабілетін 
тексеру 
Жазба  жұмыс 
түрінде 
аралық 
бақылау 
Ойлау 
қабылетін 
тексеру 
Семинар,  
ОЖСӨЖ 
тақырыбына 
байланысты 
Семинар, 
ОЖСӨЖ 
кестесі 
бойынша 
берілген 
уақыт 
шеңберінде 
Бірінші  -
4 %,   
Екінші-
3% 
Жазба 
жұмысын 
тексеру 

Əр  студентпен 
жеке 
дара 
əңгімелесу 
Білімді  кешенді 
тексеру 
ОЖСӨЖ 
тақырыбына 
байланысты 
ОЖСӨЖ 
кестесі 
бойынша 
берілген 
уақыт 
шеңберінде 
 
пікірлесу 
.  
Емтихан 
Білімді  кешенді 
тексеру 
 
 
 
40% 
Емтихан 
 

 
6.  Мəтіндік оқу құралы, авторлық дəрістер 
 
Қазақстанның 
экономикалық 
тарихы 
пəнінен 
оқу-əдістемелік-құрал, 
Ж.Қ.Мұханғалиева 
ОƏК  Қазақстанның  экономикалық  пəніне  бойынша  авторлық  дəріс  мəтінінен 
тұрады. Ол МЕСТ талабына жəне кафедрада бекітілген жұмыс бағдарламасына сəйкес 
құрастырылған.  
 
Пəн бойынша дəрістер конспектісі  
1 апта   
1 кредит сағат  
№ 1 дəріс 
Тақырып: 
Қазақстанның экономикалық тарихы пəні 
Қарастырылатын сұрақтар: 
Дəрістің  мақсаты:  Қазақстан  экономикалық  тарихының  қамтитын  мəселелері 
пəні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орнымен таныстыру курстық 
пəннцң мақсатымен міндеттерін айқындау. 
Дəріс мазмұны:  
1.  Қазақстан  экономикасының  тарихы  пəні,  оның  басқа  да  қоғамдық 
ғылымдардың  ортасындағы  орны.  Қазақстан  экономикасының  тарихынның  кезеңдері: 
Бірінші кезең - бұдан 1,5 мыңжыл бұрынғы ғұн нəсілдері - түркілер - Ашина руының 
түркілері  -  Ордос  алабынан  ауған  жүнді  (жуан-жуан)  тайпаларының  ежелгі  ақсүйек 
əулетінен тараған ұрпақгар. Осы үрдістер тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты - Мəңгілік 
Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя Байқалдан Каспийге дейінгі аймақты қамтыды. 
Ұлы  жібек  жолы  түркілер  мемлекетінің  экономикасының  дамуына  да  оң  ықпал 
етті. Халықаралық сауда ролін атқарды. 
Екінші  кезең.  Бұдан  1300-1100  жылы  бұрын  түркі  халықтарының  рухани 
орталығы  Шығыста,  Орхон-Енисей  өңірінде  болды.  Ежелгі  қырғыз  мемлекетінің 
ескерткіштері,  Тоны  көктің,  Күлтегіннің  руникалық  жазулары  Орхон-Енисейдің 
құлпытастарында  таңбаланды.  Түркі  ұлттық  рухының  осынау  тегеуріні  X  ғасырда 
"Манас"  эпосында  өзінің  табиғи  жалғасын  тапты.  Үшінші  кезең.  ХІІ-ХІҮ  ғасырлар. 
Қазақтың  ең  алғашқы қасіреті  Шыңғыс  əулетінің  шабуылынан  басталды.  Бұл  жойқын 
күші бар сойқанды шабуыл ел экономикасының дамуын тежеді. Бұл кезенңің басыңда 
атақты  Майқы  би  дүниеге  келді.  Ел  аузындағы  аңызға  қарағаңда  ол  біздің 
тарихымыздағы билер институтының түп атасы. 
Бар  қазақтық  басын  біріктіруге  жұмылған  Майқы  би  əйгілі  қазақ 
шежіренамасының негізін қалаушы болды. 
Ел аузындағы аңыз бойынша халықтың санасына үш жүздің бас таңбаларын тасқа 
қашаған  сол  кісі  екен  дейді.  Үйсіндердің  нысаны  –  Ту,  арғындардың  нысаны  –  Көз, 
алшындардың нысаны – Найза содан қалса керек.Əр рудың таңбасы болды. Малдарына 
өз таңбаларын соғу арқылы танымал етіп отырды. 
Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт мұраты дəл сол тұста тұжырымдалыпты. 
Олардың  үшеуі  үш  жүзден  жауынгерлік  ұраны:  Ұлы  жүздікі  –  Бақтияр  –  бақыт,  Орта 
жүздікі  –  Ақ  жол  –  əділет,  Кіші  жүздікі  –Алшын  –От-ана  болса,  барлық  қазақтардың 
ортақ ұраны – Алаш ұғымына біріккен. 
Дəл  осы  кезенде  халықтың  əзі  –  Шыңғысхан  əулетінің  бұғауына  іліккен  еді. 
Халық  руханияты  сол  заманның  ең  бір  қуатты  империялық  идеологиясы  – 
шыңғысшылдықтың  ықпалына  түседі.  Шыңғысшылдық  ақырына  дейін  түсінілмей 

қалған  бір  дін  болып  енді.  Өйткені  бұл  тежеу  білмес  тегеурінді  қара  күш  пен  тентек 
мінезді  дөрекі  қайсарлық  қана  емес,  Шыңғыс  əулетінің  ұлы  империясының  ұстынына 
тірек, ұстынына көрік болған рухтың революциясы еді. 
Ол  уақытқа  дейін  үстемдік  еткен  далалықтардың  түркішілдігі,  оғызшылдығы, 
ұрандары  (жүздік  жəне  жалпы  алаш),  олардың  бұрынғы  шежіресі  жаңа  шежіренамаға 
тарихи тамырласа кірігіп кетті жəне ішінара халықтың зердесінен өшіп қадды. 
Осы кезден бастап іс жүзінде тегі басқа ақсүйектердің екі тармағы – төрелер мен 
қожалар  –  түркілердің  ру-тайпалық  ақсүйектерінен  биіктеу  мəртебе  алды  да,  оларды 
саяси  жəне  рухани  биліктен  ада  қылды.  Төрелер  Шыңғыс  əулетінің  ұрпақтары,  ал 
қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен тараған рухани биліктің иелері. Уақыт өте 
келе,  бұл  екі  тармақ  екілдерінің  өздері  де  жергілікті  халықпен  кірігіп,  олардың  əдет-
ғүрпын, дəстүрін қабылдап, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті. 
Төртінші  кезең.  XV-XVII  ғасырлар.  Алғаш  қазақ  хандығы  құрылған  кезең. 
Шамамен  1466  жылдардан  бастап,  жалпыхалықтық  руханияттың  табиғи  дамуының 
негізі  қаланды.  Біріншіден,  халық  рухының  ұшқыны  ақындардың,  сазгерлер  мен 
айтқыш  абыздардың  жырларынан  көрінді.  Асан  Қайғы,  Шалкиіз,  Бұқар  жырау 
шығармаларында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды. "Қобыланды батыр", 
"Қамбар батыр" сияқты батырлар жырында, "Қозы-Көрпеш - Баян-сұлу", "Қыз-Жібек" 
жəне басқа дастандарға қазақтың ұлттық рухы тұп тамыр ретінде негізге алынды. 
Екіншіден, нақ осы уақытта, Жəнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп келіп, ел 
басқара бастағаннан кейін, қазақ өзінің тарихи төл атымен атала басталды. 
Үшіншіден, дəл осы тарихи дəуірде халықтың жауынгерлік рухы тағы бір тамаша 
оқиғадан көрініс табады. XVII ғасырдың бірінші жартысында үш жүздің үш ұлы биі –
Төле  би,  Қазыбек  би  жəне  Əйтеке  би  –Тəуке  ханмен  бірге  "Жеті  жарғы"  атты  тарихи 
қүжатты  қабыддайды.  Бұл  киелі  "жеті"  санын  нысан  өткен  киелі  парыздан,  қасиетті 
ережеден тұратын қазақ құқығының алғашқы кодексі еді. 
Ел  экономикасы  осы  кезеңдердің  барлығында  дəстүрлі  көшпенді  шаруашылық 
сипатында қалыптасып дамып отырды. 
2.  Бүгінгі  дүние  əлемге,  өркениетке,  мемлекетке,  ұлтқа,  ұлысқа,  ағайын-туысқа, 
қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның бір неше мың жылдық өсу, 
даму динамикасы бар. 
Тарихтың  негізгі  миссиясы  –  ұлттың  руға,  тайпаға,  арыс  ка  жүзге  белінуі  үшін 
емес, оның тұтастығына, туыстығына ортак тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, 
жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, 
ғибрат  алу,  болашаққа  үмітпен  қарау,  зерделеу  болады.  XXI  ғасырдың  Қазақстан 
азаматы,  өзін  Қазақ  мемлекетінің  өкілімін  деп  санайтын  адам  қазақ  ұлтының 
экономикасының тарихын білуге тиіс. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, 
қай  жылы,  қандай  оқиға  болды?  Оның халқымыз,  үлтымыз  үшін  қандай  мəні  бар-осы 
бізге  аса  қажет.  Бүгінгі  танда  ұлттың  тарихын  білу  керек  дегенде,  ең  алдымен 
мемлекетіміздің,  ұлтымыздың  қалай  қалыптасқандығын  тануымыз  керек.  Сонымен  əр 
Қазақстан  азаматының  ұлттық  сезімін  өзінің  сол  ұлттың  мемлекеттің  өкілі  екендігін 
біддіруге  байланысты  ұлттың  тарихын  білу,  əрине,  үлкен  шаруа.  Егер  XXI  ғасырдың 
азаматы  ұлтының  өткенін  білсе,  ұлттың  қалай  қалыптасып,  қанша  қан  төгіп,  өзінің 
жерін,  елін,  ұлттық  дəстүрін  сақтап  қалғанын  білсе,  ол  адам,  ол  азамат  өзінің  үлтқа 
деген  ішкі  сезімін  одан  əрі  күшейте  түседі.  Ұлттың  экономикасының  тарихын  білу 
керек  деген  сөзді  өзіме  жақындатып  пайдалансам  -  өзімді-өзім  тану  деген  соз.  Кімде-
кім  өзін  сол  ұлттың  өкілімін  деп  таныса,  санаса,  сондай  сезімді  қалыптастырғысы 
келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек. 
Яғни,  тарихтың  ішінде  жүрген  бір  бөлшегі  екенін  сезіну  қажет.  Сонда  ғана  ол 
өзінің  үясын  тапқан  қүс  сияқты,  өзінің  жерінде,  елінде,  өзіне  тəн  үлкен  тарихи, 

қоғамдық  ортада  жүргенін  сезінеді.  Сонда  ғана  адам  өзін  толық  қанды  адаммын  деп 
санай  алады.  Ал  енді  қай  үлттың  окілі  екенін  білмей,  айдалада  лағып  жүрген,  қайда 
барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық əкелмейді. 
Сонымен,  үлтыңның  тарихын  білу  арқылы  өзіңнің  ор-нынды,  ортанды  біліп, 
өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде гана толық қанды XXI ғасырдың азаматы 
бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу барлық азаматтарға шарт. 
Егер ұлттық сезім болмаса онда үлттың халі мүшкіл болады, ұлттың тілі де, діні 
де, дəстүрі де – барлығы құр əншейін жасанды нəрсеге айналып кетуі мүмкін. Ал ондай 
ұлт  кез  келген  басқа  үлттың  жетегінде  кете  беретіндігі  даусыз.  Ұлттың  өзінің нық,  өз 
аяғынан  тұратындай,  өзін-өзі  танып,  өзін-өзі  сыйлайтындай  дəрежеге  келуі  ұлттық 
сезімнің пайда болуына байланысты. 
Ал  ондай  сезімді  тудыратын  нəрселер  –  өзін-өзі  тану,  жақсылап  тану,  жақсы 
жағынан тану. 
3. Тарихи деректанудьщ жалпы тарих ғылымындағы алатын орнын анықтау үшін 
оның қосымша тарихи пəндер мен жəне басқа да тарихи зерттеулердің ара қатынасына 
зер салу керек. 
а) Қосалқы тарихи пəндермен ара қатынасы. 
Тарихи деректерді зерттеумен көптеген қосалқы пəндердің айналысатыны белгілі. 
Олардың жалпы саны 30-дан асады: 
-  эпиграфика – тастағы, металдағы, сүйектердегі, ағаштардағы жазбалар; 
- нумизматика – теңгелердегі жазулар; 
- сфрагистика – мөрлердегі жазулар; 
- геральдика – ел таңбаларындағы жазулар; 
- полиграфия –жазу материалдары мен құралдарын, жазу ерекшеліктерін зерттеу; 
- папирология – папирустардағы жазуларды зерттеу; 
- текстология – əдеби ескерткіштердегі текстер тарихын зерттеу; 
- дипломатика – заң актілерін зерттеу; 
- хронология – тарихи оқиғалардың дəл уақытын анықтау;  
- метрология – өлшем жүйесін тарихи дамуында зерттеу; 
- арихи география – өткеннің географиялық тарихын зерттеу; 
- генеалогия – адамзаттың, жеке адамдардың шығу тегін зерттеу, т.б. 
Бұл пəндердің даму барысында олардың зерттеу шеңбері де кеңіп отырады. 
Дегенмен,  арнаулы  тарихи  пəңдердің  қай-қайсысы  болсын  өзінің  зерттеу 
объектісі жағынан да, тəсілі мен шеңбері жағынан да деректанудан əддеқайда шектеулі. 
Деректану  ғылымы  деректердің  тек  кейбір  түрлерін,  типтерін  немесе  топтарын 
(теңгелер,  актілер,  жылнамалар,  заманхаттар,  т.б.)  ғана  зерттеп  қоймайды,  ол  барлық 
тарихи  деректердегі  салынған  мағлұматтарды  қоғам  дамуының  заңды  жемісі  ретінде 
зерттейді.  Сондықтан  оның  шеңбері  барлық  жағынан  қосымша  пəндерден  əлдеқайда 
кең. 
Қазіргі деректануда екі проблемалар кешені қаралады. 
1. Теориялық-əдіснамалық проблемалар: 
– тарихи шындықтың дерекке енуі жəне бейнеленуі; 
2. тарихи деректің əлеуметтік табиғаты, оңдағы субъек-тивтіліктің ара қатынасы; 
3. тарихи деректерді жіктеу; 
– деректердің ғылыми құндылығын анықтау принциптері мен тəсілдері жəне т.б. 
4. Нақты-қолтаңбалық проблемалар: 
– деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау; 
5. нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау; 
– деректерден  алынған  мəліметтерді  нақты  тарихи  індеттерді  шешуге  пайдалану 
тəсіддері жəне т.б. 

Қазақстан  тарихының  деректану  курсының  проблемалары  мен  құрылымы  оның 
алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар: 
6.  ғылымның  қазіргі  даму  дəрежесіне  сай  деректанудың  теориялық  жəне 
əдіснамалық саласынан білім беру; 
7. пайда болған жəне сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру; 
8.  тарихи  зерттеудің  даму  қажеттілігінен  шыға  отырып,  олармен  жұмыс  істеу 
тəсілдерін жетілдіру. 
Сонымен,  теориялық-əдіснамалық,  ақпараттық  жəне  əдістемелік  мəселелер  бір-
бірімен байланысты қаралады. 
Əдістемелік  мəселелерді  ашу  деректерге  шолу  жасаумен  қатар  жүргізіледі,  бұл 
жағдайда басты назар, негізінен, деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, əр түрлі 
деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді. 
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 
1. Қазақстан экономика тарихы курсының пəндік мақсаты қандай? 
2. Қазақстан экономика қандай кезеңдерге бөлінеді? 
3. Қазақстан экономика тарихы пəні қай кезеңдердің аралығын қарастырады? 
Əдебиеттер:  Берденова  К.А.,  Общая  и  экономическая  история  Казахстана.    - 
А.,”Экономика”  2000.;  Берденова  А.К.,  Коробков  Б.Т.  и.  др.  Экономическая  история 
Каахстана    (с тестовыми заданиями). - Алматы: “Экономика” 2001. 
2 кредит сағат  
№ 2 дəріс 
Тақырып: 
Қазақстанның  экономикалық  тарихының  мəселелері  тарихының 
деректемесі мен тарихнамасы. 
Қарастырылатын 
сұрақтар: 
1)  Қазақстанның  экономика  тарихының 
деректемесі. 2) Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасы. 
Дəрістің  мақсаты: 
Қазақстанның экономика тарихының деректемелерімен оның 
пəнге  байланысты  деректік  маңызын  көрсету.  Қазақстанның  экономика  тарихының 
тарихнамалық негіздеріне мінездеме беру. 
Дəріс мазмұны:  
1. ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін 
орта  ғасырлар  авторларының  нарративтік тарихи  еңбектері  негізінен  Темір  ұрпақтары 
тобының шығармаларынан тұрады. XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырға Моғол 
жэне  Шайбани  ұрпақтары  қалыптастырған  деректемелер  негізгі  дерек  көзі  болып 
табылады. 
Темір  дəуірі  туралы  түпнұсқа  деректемелерді  зерттеушілер  екі  топқа  бөлінеді. 
Бірінші  топқа  Темірдің  немесе  оның  билік  еткен  ұрпақтарының  əмірімен  жазылған 
деректемелер  жатады.Низам  ад  -  дин  Шальидің  Шараф  ад  -  дин  Əли  Иаздидің  оны 
данышпан,  əділетті  мемлекет  қайраткері  етіп  суреттейтін  шығармалары  осындай. 
Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар - бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де 
Клавихо жəне Батыс Европаның басқа да саяхатшылары жатады, сондай - ақ əмір Темір 
бағындырған  елдердің  өз  еңбектерінде  оның  басқыншылық  саясатын  бейнелеген 
авторлар жазған. 
1423 жылы Темірдің немересі Мырза Байсұңқардың тапсырмасы бойынша Хафиз 
- Абру 4-томдық «Маджма*ат таварих» деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады. 
Темір  ұрпақтары  тарихнамасының  маңызды  туындылары  қатарында  XV  ғасырдың 
екінші  жартысындағы  щығармалар  ерекше  орын  алады.  Олардың  ішінде  Абд  ар  - 
Раззақ Самарқандидің «Матла*ас-са дайн ва маджма*əл-бахрайны» бар. Он да Иран 
мен Орта Азиянын Хулагу жэне Темір ұрпақтарының 1304 жылдан 1471 жылға дейінгі 
тарихы  баяндалған.  XIV-XV  ғасырлар  шебіндегі  Ак  Орданың  құлдырауы  кезіндегі 
Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы  оқиғалар  туралы,  Барақ  ханның  мемлекеттің  ыдырауына 

қарсы  əрекеті,  Ұлықбектің  заманындағы  Моғолстан  мен  Мауараннахрдың  өзара 
қатынастары  туралы  мəліметтер  мен  басқа  да  деректемелердің  ынта  -  ықылас 
туғызатыны күмəнсіз. 
XVI ғасырлардағы белгілі тарихшы жəне Əдебиеттерші Мырза Мұхаммед Хайдар 
Дуғлаттың  «Та*рих  -  и  Рашиди»  деген  шығармасы  ХIV-ХIІ  ғасырлардың  басында 
Қазақстан  аумағы  мен  көрші  аумақтарда  өмір  сүрген  ірі  мемлекеттің  бірі  Моғолстан 
тарихына арнайы арналған. Бұл еңбек - Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса 
маңызды бастапқы деректеме. 
Қазақ  жəне  өзбек  билеушілерінің  XVII  ғасырлардағы  Онтүстік  Қазақстан  йен 
Ташкенттің  маңызды  сауда  экономикалық  орталықтары  жөніндегі  тайталастары 
туралы,  Мүхаммед  Юсуф  Муншидің  «Тарих-и  Муким-хани»  деген  шығармасында 
айтылатын  Имамкули  ханның  Ташкенттегі  көтерілісті  аяусыз  басып  -  жаныштауы 
туралы мағлұматтарды атап өткен жөн. 
Түркі  тілді  деректемелер.  Жалпы  дəстүр  мен  мəдениет  негізінде  парсы  тілді 
шығармалармен  біріктірілген  жəне  негізінен  Орта  Азия  мен  Шығыс  Түркістанда 
жазылған  түркі  тілді  Əдебиеттер  ескерткіштері  соңғы  орта  ғасырлар  дəуіріндегі 
Қазақтан  тарихы  жөніндегі  нарративтік  деректемелер  арасында  маңызды  орын  алады. 
Оларда  орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихының  қазақ  халқы  кұрылуымен,  Қазақ 
хандығының пайда болуы жəне дамуымен, сондай - ақ ХУ-ХУШ ғасырдың басындағы 
қазақ  қоғамы  өмірінің  көрінісі  жаңғыртып  көрсетумен  байланысты  кезеңнің  ерекше 
маңыздылығының  баяндайтын  едəуір  мəліметтер  бар.  Тарихшы,  ақын,  билеуші  - 
Үндістанда  Ұлы  Моғолдар  империясының  негізін  салушы  Бабырдың  (1483-1530) 
тарихнамада «Бабыр - наме» (Бабыр жазбалары) деген атпен белгі болған еңбегі орта 
ғасырдың  тамаша  тарихи  -  əдеби  ескерткіштерінің  бірі  болып  табылады.  Жас  кезіңде 
Бабыр Ферғананың мұрагер билеушісі болған 
Сол  дəуірде  жалпы  түрік  ортасында  болған  шаруашылық,  əлеуметтік  этникалық 
жəне  мəдени-тұрмыстық  шыңдықтарды  көрсететін  көптеген  қыпшақ  терминдері  мен 
лексикалық  айналымдар  арабша  түсіндіріле  немесе  тура  аударылып  келтірілетін 
лингвистикалық  еңбектер  басқа  түпнұсқа  деректемелер  болып  табылады.  Адам 
мекендейтін  бүкіл  дерлік  мұсылман  дүниесін  шарлап  шыққан  атақты  саяхатшы  Ибн 
Баттутаның  (1304-1377)  жол  жазбалары  -  Дешті  Қыпшақ  тарихы  жөніндегі  маңызды 
деректемелердің бірі. Ибн Баттутаның саяхаты суреттелген «Тухфат нуззар фи ғараиб 
əл  амсар  ва  аджаиб  əл-афсар»  («Қалалар  ғажайыптары  мен  саяхат  кереметтерін 
аңғартатындарға  сыйлық:  жүзінде  оның  шығармасы  емес,  қайта  оның  əңгімелеріне 
1356 жылы əл-Қалби жасаған əдеби өңдеу болып табылады. 
Қытай деректемелері. Қытайда жергілікті емес əулет  бес жүз жылға жуық билік 
еткеннен  кейін  Мин  əулеті  орнығып  (1368-1644),  ол  да  тақты  «жатжерліктерге»  бұл 
жолы маньчжурларға босатып берді. 
Негізгі  деректемелер  мыналар:  «Мин  əулетінің  тарихы»  («Мин  ши»),  «Мин 
əулеті  билік  етуінің  анық  жазбалары»  («Мин  шилу»),  жəне  «Мин  империясына 
жалпы  шабуыл»  («Мин  хой  яо»).  Қалған  деректемелер:  Монғолия,Моғолстан,  Темір 
мемлекетіне  жəне  Орталық  Азияның  басқа  да  елдеріне  қытай  елшілерінің, 
барлаушылары мен жолшыларының, көпестерінің жазбалары, ортаазиялық елшілер мен 
мұсылман  көпестерінен  алынған  мəліметтер  қосымша  материалдар  болып  табылады. 
Сонымен  бірге  олар  өңделген  түрінде  қытайдын  ең  басты  ресми  еңбектерінің  бəрі  
кірген, олардың ерекшеліктері - Мин империясы күйрегеннен кейін жазылған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет