Тарих кафедрасы


Тақырып №5 Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығы



бет8/28
Дата11.11.2022
өлшемі482 Kb.
#49541
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
obj tarih

Тақырып №5 Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығы
(XV ғ. - XVIІІ ғ. басы)


1-тапсырма. Алаша хан туралы аңыздардағы этно- саяси тарихқа байланысты деректер.
Алапес баланың өмірге келуіне байланысты:
Қ. Халид шежіресінде бұл әңгіме: «бір ханның ұлы алапес деген түстен ақтаңдақ болғаны үшін қасына жүз кісі қосып, қаладан шығарып жіберген» - деп басталады.

Құрбанғали Халид // Тауарих Хамса.


А., 1992 ж. 56-57 б.


Хан болуы:
М.Ж.Көпеев шежіресінде: Алапес бала: «Тобылғыдан жақ қылып, жүзгеннен оқ қылып, көзіне көрінгенді қорек қылып, ішіп-жеп құралайды көзінен өткізген мерген болыпты» - дей келе, дәл он екі жасында аң аулап жүрген Майқы бидің баласы Үйсінге жолығады. Ол әкесіне келіп айтады. Майқы би оны сәтті күні туған бала екенсің, жеріне жетпей жүр екенсің деп үйіне келіп, елді жинап, ала бие сойдырып батасын береді. Мына баланы жебе қылып бастарына шаншыңдар шылып қылып беттеріңе ұстаңдар, ту қылып төбелеріңе көтеріңдер. Қаратаудан әрман асыңдар, Шу мен Сарысуды көктей өтіңдер. Ұлытау, Кішітау деген таулар бар............. күндердің күнінде осы бала хан болады. ...Енді біз ел болғанымызды, жұрт болғанымызды көзіне түсірейік деп, баяғы алал баланы алашаға салып, Ұлытаудың басына алашымен көтеріліп шығып, хан көтереді- деп жазады.
Оған Алаша хан деп ат қояды. «Алаш алаш болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік» - деп айтылған сөз содан қалады.
М.Ж.Көпеев. //Қазақ шежіресі
А., 1993 ж. 60 б.

Алаш хан туралы, аңыздар неге ұзақ сақталады, неге қазақ өзін алаш еліміз деп айтады? Алаш хан күнбезі туралы не білесіз? Оның салыну уақыты?


Алаш хан мырзаның археологиялық зерттеулер негізінде табылған таңбалар, соның ішінде төре тұқымының таңбасымен бірге, арғын тайпасының да таңбасы кездесуі нені дәлелдейді?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет