Тарих пәні мұғалімі : Бөлебаева Бақытгүл Бекқожақызы



Дата10.12.2023
өлшемі62,98 Kb.
#136297
түріБағдарламасы

Авторлық бағдарлама дайындау ережелері

Тарих пәні мұғалімі : Бөлебаева Бақытгүл Бекқожақызы


Оқушылардың білімге деген түрлі сұраныстарына байланысты мұғалімдер оқу бағдарламаларын құрастыруға немесе типтік оқу бағдарламаларын өзгертуге ниет білдіреді. Оқу бағдарламасы – нормативтік құжат,сондықтан автордың жоғар білікті маман болуын талап етеді.
Педагогикалық бағдарламалардың негізгі екі бағыты болады. Олар білімдік және сауықтыру.
Білімділік –негізгі қызмет түрі танымдық.
Сауықтыру – негізгі қызмет түрі ойын, спорт.
Білімділік бағдарламаларының негізгі типтері:
-- типтік (үлгілі) бағдарлама;
-- тәжірибе-сынақ (эксперименттік) бағдарламасы;
---авторлық бағдарлама.
Авторлық бағдарлама педагог немесе педагогтер ұжымы толығымен дайындайды және оған (олараға) зияткерлік құқығы беріледі. Бұл – не алғаш рет еңгізілетін курсты, не автордың дәстүрлі тақырыпты өзіндік тәсілмен оқыту бағдарламасы. Мұндай бағдарлама мазмұны – жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленетін білім беру проблемаларын шешуге ұсынылған құралдар жиынтығы. Авторлық бағдарлама эксперименттік те болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде жаңалығы мен авторлығы құжат бойынша дәлелді болуы қажет.
Инновациялық потенциалы бойынша авторлық бағдарламалардың келесі үлгілері анықталады:
-- өнертапқыштық – қолданыстағы бағдарламаларды ішінара жетілдіру жолымен алынған бағдарлама;
---- комбинаторлық – бірнеше бағдарламаны біріктіру жолымен алынған бағдарлама;
--- толықтырылған – мазмұны бойынша мүлдем жаңа, қолданыстағы оқу бағдарламаларын толықтыратын бағдарлама;
----жаңашыл – парадигмалық негізі, ойы, ұсынылған оқыту технологиясының жаңашылдығымен ерекшеленетін бағдарлама.
Авторлық бағдарламаны мектептің білім беру үрдісіне енгізу келесі іс - әрекеттерді қамтиды:
---Рецензия алу. Ішкі,сыртқы рецензия. Ішкі рецензия - әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестікте талқылау. Сыртқы рецензия – ғылыми - әдістемелік ұйымдар, мамандардан алу.
--- Апробация – эксперимент түрінде танысу. Апробация нәтижесінде бағдарламаны жетілдіру үшін ұсыныс жасауға болады. Апробация қыркүйектен наурызға дейін өткені дұрыс. Мұғалім түзету енгізуге мүмкіндік алады.
-----Рецензия беріліп, апробация жақсы нәтиже бергенде іске асады.Авторлық деп танылған бағдарламаны қолдануға әдістемелік кеңес ұсынып, білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Авторлық деген мәртебені, ереже бойынша, білім беруді басқарудың жоғары органы тағайындайды.
ТИТУЛ ПАРАҒЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Мұқаба және басқада бағдарламаның парақтарында шет жол сақталуы (поля) тиіс.
Бағдарлама компьютерде Times New Roman шрифтісімен 1,5 интервал аралығында 14 кегельмен жазылғаны дұрыс.
Бағдарламаға мөр басылып, мекеме басшысының қолымен бекітілгеннен кейін бағдарлама бойынша жұмыс жасауға рұқсат етіледі.
Бағдарлама мәтінін нөмірлеу екінші (немесе 3-4), бетінен бастауға болады. Тек мәтіні сол бетінен басталуы тиіс. Парақ беттерінің номірі жоғары жақтың ортасына қойылады.
Титул парағында:
--Білім беру мекемесінің толық атауы;
-- Бағдарламаны бекітуге жауапты қызметкердің аты-жөні, қызметі;
--Бағдарламаны бекіту мерзімі;
-- Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі;
-- Бағдарламаның қай жас ерекшелігіне есептелінген;
--Бағдарлама авторының аты-жөні, қызметі;
--Қала, аудан атауы, жасақталған жылы.

ТҮСІНІК ХАТ

Пәннің мәні, ерекшелігі; осы сатыдағы оқушыларды оқытудың білімділік мақсат, міндеттерін орындауға үлесі. Мақсатқа жетудің әдістемелік жүйесі, құралы. Әр сатыға байланысты мақсаты. Бағдарламаның өзектілігі, курстың негізгі идеялары, концепциясы. Оқыту реті қандай логикаға негізделген. Оқу жоспарының тағы қай пәндерімен логикалық байланысы бар. Шартты белгілерді түсіндіру
Мақсаты:
Білім, әрекет әдісі,тәжірибе. Осы бағдарламаны меңгергенде қандай жеке адам қабілеттері қалыптасады. Пән мақсаты дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, тәжірибелік/ практикалық/ болып берілуі де мүмкін

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет