Тарих пәнінен кіріс бақылау сараптамасы 2023-2024 оқу жылы Пән мұғалімі:Әділбай Д.М Мектеп: «Ә. Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мақсаты: Өткен оқу жылындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін
анықтау.
Кіріс бақылау жұмысында қамтылған бөлімдер: 10.1.1. 1-«Орталық Азия» түсінігін аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін пайдалану;
10.1.2.2-тарихи дерек көздерді талдау негізінде «Ұлы Дала» ұғымының мәнін түсіндіру 10.1.2.4- Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау;
10.1.2.5-Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау
10.1.2.6-«Өркениет» ұғымын айқындау критерийлерін пайдалана отырып, Ұлы Дала көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін сипаттау;
10.2.1.1 -Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдалану
10.2.1.2 -этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау
10.2.2.3 -қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндіру (шежіре, генеалогиялық аңыздар);
10.3.4.1 -Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуының себеп-салдарын анықтау;
10.3.4.2 -қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеу;
Жіберілген қателер: -Ұлы дала ұғымының мәнін түсіндіруде;
-«антропогенез», «этнос», «этногенез» ұғымын пайдалануда;
-Қазақстан мемлкеттік егемендігін айырылу себеп-салдарын анықтауда;
-Ұлы дала көшпелі өркениеттерінің ерекшеліктерін сипаттауда;
Жақсы меңгерген тақырыптар: -қазақ халқының мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген күресін зерттеп,баға берді;
- қазақтардың ру-тайпалық құрылымының ерекшеліктерін ауызша тарихнама негізінде түсіндірді (шежіре, генеалогиялық аңыздар);
-этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындады.
- Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттады.
Олқылықтарды жою жолдары: 1.Тапсырмалар бойынша кіріктірілген сабақтар мен жекелей тапсырмалар беру және картамен жұмыс жүргізіп, оқи білуді меңгерту.
2. Жіберілген кемшіліктер негізінде қосымша сабақтар өту.