1991 – 1993 жылдар
аралығы
136.Ұлттық валюта – теңге қашан қабылданды?
1993 ж. 15 қарашада
137.Республикада жинақтаушы зейнетақы қорлары қашан құрылды?
1998 ж.
138.1995 жылдың ортасынан бастап Қазақстанның ақша-несие саясатының құралдары
дамыған елдер үшін дәстүрге айналған тағы бір шарамен –
ашық нарықтағы
операциялармен толықты, бұл мақсаттар үшін арнаулы бағалы қағаздар шығарыла
бастады. Ол қалай аталды?
Ұлттық Банктің ноталары
139.Ұлттық валютаны нығайту қандай саясат арқылы орайластырылды?
Қатал ақша-
несие саясатын жүргізу
140.Республика экономикасы жекеменшікке өтуді неден бастады?
Шағын
жекешелендіруден
141.Елімізде қазіргі таңда шамамен қанша конфессия өмір сүруде?
46
142.Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
бастамасы бойынша шақырылған І съезі 2003 жылы қай қалада өтті?
Астанада
143.1996 жылы жасақталып, Ұлытаудан Үстіртке дейін жүріп өткен экспедицияның сипаты:
Тарихи-этнографиялық
144.Қазақ тарихы мен мемлекеттілігінің бастау көздері туралы
баға жетпес ақпараттан
тұратын Орхон-Енисей жазуларының көшірмесі Астанаға қашан әкелінді?
2001 жылғы
маусымда
145.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жұмысы қай жылы басталды?
2004 ж.
146.Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген Қазақстан тарихы мен мәдениетінің
бірегей жәдігері:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
147.Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1999
жылы шыққан ....... атты кітабында баяндап берді.
«Тарих толқынында»
148.2015 жылы 11-12 қыркүйек аралығында Астана қаласында қандай тарихи шара атап
өтілді?
Қазақ хандығының 550 жылдығы
149.Қазақстанның ЕҚҰЫ-дағы төрағалығымен Астанадағы Саммитінің өткізілуі қай жылы
болды?
2010 жылы
150.«Мәңгілік Ел» идеясының тарихи астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе:
Ұлттық тәрбие