Алаш автономиясы— 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. Мемлекеттігі.
Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ … осы күнде мемл. Ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін … ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс …” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “… желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қазақ жұрты өз алдына ауыл болды.
Қазақ АССР және Түркістан Республикасы құрылуы тарихи маңызын көрсетіңіз;
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы. Республика орталығы — Орынбор қаласы.
1918 жылғы көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 жылғы сәуірдің 20-нан 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің бесінші съезінде іскс асты. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Орта Азия республикалары мен Қазақстан жерін межелеу жүргізілгенге дейін Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс-сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.
1920 жылы көктемде Қазақстанда азамат соғысы аяқталған соң ақгвардияшылар құлатқан Кеңес үкiметiн қайта құру басталды. 1919 жылы шiлде айында РСФСР-дың Халық комиссарлар кеңесi Қазақ өлкесiн басқаратын революциялық комитет құру туралы шешiм қабылдады. Қазревкомның негiзгi мiндетi Қазақстан кеңестерiнiң құрылтай жиналысын шақыру дайындығын жүргiзiп Қазақстанда Кеңес үкiметiн орнату болды, казревкомның тағы бiр мiндетi қазақ жерлерiн бiрiктiру, оның территориялық тұтастығын қамтамасыз ету болды. Казревком 1919 жылғы шiлдеден 1920 жылғы қазанға дейiн 15 ай өмiр сүрдi. Осы уақыттың iшiнде қазақ автономиялық республикасын жариялауға байланысты қыруар жұмыс атқарды.
Түркістан АКСР-інің құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындай бастады. Бұл облыстардың қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі ұсынып отырды. Орталық Азияда пантүркілік және панисламдық идеяны әлсірету үшін Түркістан Республикасын ыдыратуды орталық өкімет (Мәскеу) ерте жоспарлады. 1924 жылы ол жойылып, Өзбек және Түрікмен Республикаларына бөлінді, біршама уақыт өткеннен кейін Қырғыз және Тәжік Республикалары пайда болды. Сырдария мен Жетісу облыстары Қазақстанға қосылды. Орынбор қаласымен Орынбор губерниясының бір бөлігі Ресейге берілді, осыған байланысты Қазақстанда жаңа астана Қызылордаға ауыстырылды Ұлттық аумақтық межелеу нәтижесінде Қазақстанға: Қазалы, Ақмешіт, Әулиеатаның көп бөлігі және Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездері, Самарқан облысының алты көшпелі болыстары кірді. Жетісу облысының –Алматы, Жаркент, Қапал уездері, Пішкек уезінің Георгиевка, Шу, Қара-Құнық болыстары енді. Межелеу нәтижесінде Қазақстан аумағы 70 мың км-ге кеңейіп, 2,7 млн км құрады, тұрғындардың саны жалпы 5230 мың адамға жетті. Астана Ақмешітке ауыстырылып, оның аты Қызылорда (1925 жылы) деп өзгертілді. Осы жылы елдің дұрыс атауы қайтарылып, Қазақстан республикасы деп аталатын болды. Барлық қазақ жерлерінің бір республикаға бірігуі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең болды және қазақ мемлекеттілігінің қайта қалыптасуына үлкен рөл атқарды.
1925 жылы Қазақстанның екiншi астанасы Ақмешiт қаласында болған Қазақстан кеңестерiнiң ІІІ съезi Қазақстанның жаңа астанасын Қызылорда деп өзгертiп қазақтардың тарихи атын қалпына келтiрдi. Осы кезден Қазақстандағы Кеңес мелекетi Қазақ АССР болып аталды. 1936 жылы Қазақстан Одақтас республика болып құрылып СССР-дың тiкелей құрамына ендi.