Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі, партияның бағдарламасы туралы жазыңыз



бет9/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

Шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі, партияның бағдарламасы туралы жазыңыз

Дәл осы уақытта қазақ депутаттары 1905—1906 жылдары Бүкілресейлік мұсылман съездері жұмысына қатысты. Қазақ депутаттарының бірі Шахмардан Қожағұлұлы “Иттифак-эль-муслими” (“Мұсылмандар Одағы”) партиясының Президиум мүшесі болып сайланды. 1905 жылдан бастап мұсылман баспасөздерінде және орыс оппозициялық баспаларында қазақ авторларының саяси мақалалары шыға бастайды.
1905 жылдың соңында Орал қаласында Бірінші Жалпықазақ съезі болып өтті, мұнда қазақтың ұлттық саяси партиясын құру мақсаты алға қойылды. Қазақ партиясы кадет партиясының филиалы ретінде, бірақ өлкенің тұрғылықты халқының мүддесін қорғау негізінде болуы керек делінде. Ұлт-азаттың күрес басында қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері тұрды. Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Бақытжан Қаратай, Мұхаметжан Тынышпаев, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсын және т.б.
Қазақ оппозициясының бірігуінен қорыққан патша өкіметі, олардың жетекшілеріне қарсы жазалау, құдалауды күшейтті. 1906ж. қаңтарында Семей қаласында ІІ-жалпы қазақ съезін ұйымдастыруға аттанған Әлихан Бөкейхан тұтқындалды. Осыған қарамастан съезд өзі жұмысын ақпан айында өткізіп, мұның жұмысына 150 делегат қатысты. Съезде ресей кадеттерінің жоспары мақұлданып, мұндағы Қазақстан жерінің қазақ халқының меншігі деп қарастыру, мектептер медреселер ашу данын қабылдау және шаруаларда жет жерге қоныстандыруды тоқтату талаптары қойылды.
Бірақ, бұл талаптар, Әлихан Бөкейхановтың кадет партиясының орталық комитетінің құрамында болуына қарамастан, кадет партиясының басшылығынан қолдау таппады. Құғындау мен тұтқындаулар қазақ патриоттарына өздерінің саяси партиясын құруға мүмкіншілік бермеді, бірақ саяси күрес екі бағытта жалғаса берді. Қазақ депутаттары Мемлекеттік Дума мінбесін белсенді түрде қолдана бастады, қазақтың саяси баспасөзі пайда болды.



  1. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өміріндегі өзгерістерді көрсетіңіз

Қазан төңкерісі (орыс. Октябрьская революция) — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Санкт-Петербургта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс Владимир Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
1917 жылы қазан айында Петроградта Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында Кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.
Төңкеріс бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әртүрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп әбден қажыған жағдайын түзеуге айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық – әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік – бүкіл халыққа берілсін – деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, олардың төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.
Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қазақстанда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатыны – болмайтыны жөніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, “Оңтүстік шығыс одағы” деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды Оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, т.б. басқарды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет