Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Жер-су реформасының мақсаты, оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктерді көрсетіңіз



бет12/47
Дата03.04.2023
өлшемі150,75 Kb.
#78842
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

Жер-су реформасының мақсаты, оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктерді көрсетіңіз;

1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер – су реформасы іске асырылса, 1924-1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде – жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Мұндай шараларды іске асыруда тәжірбиенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының аздығы, т.б. себептер негізінде бұл төңкерістік шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын, Кеңес өкіметіне сенімді азайтатын жайлардың болғанын да айту керек.
Бірақ 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар, сонымен бірге, қазақ қоғамында ұлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен өдісіне қатысты жаңа көзқарастың қалыптасып қалғанын да көрсетіп берді. Оны ұстанушы ұлтгық демократиялық интеллигенция қазақ жеріндегі ара салмақтьщ өзгергенін, қарсы тұрған жаудың да күші мен айласы бұрын-ғьщан басқа екеңдігін ескере отырып, күрестің жаңа әдісіне көшу қажеттігін, ал ол әдістің негізгі белгісі ұлтгық саяси тұтастық және негізгі мақсаттар үшін саналы, ұйымдасқан әрекетке өту екендігін халыққа жеткізуге тырысты.
Оқиғалар ағымы екінші көзқарастың сол тарихи кезеңцегі ұлт мүддесіне тура келетіңцігш көрсетіп берді. Демократиялық интеллигенция болса жаңа заман, жаңа өзгерістердің келе жатқавдығын тура түсіне отырып, енді белсенді әрекетке көшті. Оның бұл әрекеті алдымен саяси партия құрудан бастады.



  1. Түркістан республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу-біртұтас Түркістан идеясының біржақты күйреуі мысалында көрсетіңіз;

Қазан төңкерісі жеңіске жеткеннен кейін саяси билік басына келген кеңесе өкіметі қазақ халқына өзін-өзі билеу құқын, ұлттар теңдігін, саяси және әлеуметтік-экономикалық тәуелсіздікті беретінін мәлімдеумен болды. Өлке тұрғындары бұл жағдайға өзінің бостандығы тұрғысынан қарап, автономиялар құра бастайды. Осы уақытта ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселесі көбірек талқыланып, большевиктер партиясы ұлт саясатының негізгі принциптері ретінде Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі мен егемендігін, соымен қатаролардың дербес мемлекет құрып, Ресейден бөлінуге дейінгі құқығын жариялады. Негізінде, бұл тек кеңестік ұлт республикаларын құру үшін сөз жүзінде айтыцлған болатын.
Қазан төңкерісін және Қазақ мемлекттілігін кеңестік негізде құруды қабылдамаған Алаш қайраткерлерінің ұлттық мемлекеттілік туралы идеялары мен саяси қызметі кеңес өкіметі тарапынан қарсылыққа ұшырағаны нақыты дәлел бола алады. Солай болса да саяси жағдайда алдыңғы қатарлы қайраткерлердің ұлттық мүдде жолындағы жүргізген саяси күресін кеңес дәуірінде де жалғастырды. Олар кеңес өкіметіне қызмет ете отырып, ол өкіметті жергілікті халықтың билігіне айалдыруға тырысты.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында аса зор тұлға болған саяси қайраткерлердің бірі Т.Рысқұлов еді. Ол жиырмасыншы жылдары Түркі халықтарының саяси тәуелсіздігі үшін күрес жүргізді. Т.Рысқұловтың Түркістан Республикасындағы қызметі негізінен «Түрік идеясының» өмірге келген және оның өз идеясын жүзеге асыру жолында ымырасыз күрескен кезеңі болып табылады.
Түркістан АКСР-інің құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындай бастады. Бұл облыстардың қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі ұсынып отырды. Орталық Азияда пантүркілік және панисламдық идеяны әлсірету үшін Түркістан Республикасын ыдыратуды орталық өкімет (Мәскеу) ерте жоспарлады. 1924 жылы ол жойылып, Өзбек және Түрікмен Республикаларына бөлінді, біршама уақыт өткеннен кейін Қырғыз және Тәжік Республикалары пайда болды. Сырдария мен Жетісу облыстары Қазақстанға қосылды. Орынбор қаласымен Орынбор губерниясының бір бөлігі Ресейге берілді, осыған байланысты Қазақстанда жаңа астана Қызылордаға ауыстырылды Ұлттық аумақтық межелеу нәтижесінде Қазақстанға: Қазалы, Ақмешіт, Әулиеатаның көп бөлігі және Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездері, Самарқан облысының алты көшпелі болыстары кірді. Жетісу облысының –Алматы, Жаркент, Қапал уездері, Пішкек уезінің Георгиевка, Шу, Қара-Құнық болыстары енді. Межелеу нәтижесінде Қазақстан аумағы 70 мың км-ге кеңейіп, 2,7 млн км құрады, тұрғындардың саны жалпы 5230 мың адамға жетті. Астана Ақмешітке ауыстырылып, оның аты Қызылорда (1925 жылы) деп өзгертілді. Осы жылы елдің дұрыс атауы қайтарылып, Қазақстан республикасы деп аталатын болды. Барлық қазақ жерлерінің бір республикаға бірігуі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең болды және қазақ мемлекеттілігінің қайта қалыптасуына үлкен рөл атқарды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет