Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер ұлт азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті. 1929 жылы күзде Қостанай округінде көтеріліс бұрқ ете түсті. Қазан айының өзінде қазақ және орыс шаруаларының бес ауданнан жиналған өкілдері өкіметке қарсы қарулы бой көрсету жөнінде келіссөздер жүргізді. Көтеріліс Батпаққара ауданында 1 қарашада басталып, көтерілісшілер аудан орталығын басып алды. Кеңес және партия, милиция мекемелерін талқандады, түрмедегілерді босатты. Көтерілісшілерді А. Бекежанов, С. Қадиев, А. Смағұлов т.б. басқарды. Аудан өкілдері Кеңес өкіметін құлату жөнінде шешім қабылдады. Ауылдарда кеңестер сайланып, ол әрбір ауыл көтерілісшілер армиясына 50 жігіттен беру керектігі жөнінде шешім қабылдады, көршілес аудандарға үгітшілер жіберілді. Қысқа мерзім ішінде жалпы саны 500 - ге жуық отряд жиналғанымен, он көтерілісшінің біреуінде ғана ату құралы болды. Далаға ОГПУ - дің қарулы отрядтары аттандырылып, көтерілісшілер талқандалып, көтеріліс басып - жанышталды 200 - дей адам тұтқындалып, Қостанайға аттандырылды.
Ашаршылықтың демографиялық салдары, халықтың қиын тағдыры
Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Кейінгі кезге дейін прблеманы талдау үшін бірінші және екінші бүкілодақтық хлық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтардажүргізілді деректері бірден-бір құжат көзі болып табылады. Олардың арасында қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды.халықтың кемуі нақ осы санақтараралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық екемуінің шыңы 1932-1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінщі санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ осындай жылында болған. Басқаша айтқанда,қайғылы оқиғаның шыңы екі санақтың дәл ортасына келеді,бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді. 1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, ҚазақАКСР-і аумағында 3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді. Бірақ 12 жыл өткеннен кейін 1939 жылғы халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген. Деректер тұрғысынан есептесек, сол зұлмат жылдары Қазақстан - өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллионға жуық адамынан айырылған. Қазақ халқы шаруашылығы есеп (Қазнархозучет) басқармасы М.Соматовтың жұртқа мәлім мәлімдеме хатында (1937 жылдың 14 қаңтары) Қазақстанның ауыл тұрғындары 1930 жылдың 1 шілдесінен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 3,4 млн адамға кеміп,алд қала тұрғындары 766,8 мың адамға өскен. Мәлімдеме хатта осы екі аралықтағы қайтыс болғандар айырмашылығы (263,3 мың адам) аштық, індет,жер аудару құрбандары көрсетілмейді. Осыдан келіп тархшы-демографтар мынадай қооытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысты аурулардың салдарынан атлған жылдарда республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыңы немесе 42 % -ы құрбан болды.