Тарихи этнология


Этнология және саясаттану



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата09.02.2023
өлшемі0,95 Mb.
#66458
1   2   3   4   5   6   7
Этнология және саясаттану. 
Әртүрлі халықтардың мінез құлқын әдебиетте сипаттау сонау заманнан осы күнге дейін жалғасуда. 
Мәселен, Византияда император Константин Багрянородтың «Империяны басқару жөнінде» (IX ғ) еңбегі 
Византияның сыртқы саясаты ең алдымен шекараластарға арналған саясат ретінде құрылды, қазіргі 
этнологтардың айтуы бойынша Византиялықтар алдымен варварлық тайпалар жөніндегі мәліметтерді 
жинап жазды, тайпалар мен халықтарды өз ырқына көндіру үшін олардың алдымен психологиялық 
ерекшелігімен мінез құлқын білу қажет болды. Осындай жіті жиналған мәліметтер негізінде византия 
дипломатиясы құрылды. Тек Византия ғана осылай жасап қойған жоқ, тарихтың барлық кезекті сатыларында 
этнология осы мақсатта пайдаланылды. ХХ ғ. ортасындағы «ұлттық мінез құлықты» зерттеген ғылыми 
мектептер тікелей саяси мақсаттар үшін пайда болды. 
Этнология және этнография. 
Енді біз этнологияны басқа ғылымдар үшін түрлендіретін түсіндіру үлгісі мен теориясы бола алатын 


Кітап:
Дәріс:
Тарихи этнология
Этнология нені зерттейді? Этникалық айырмашылықты қалай зерттеу керек?
4
ғылым ретінде қарастырамыз. Ең алдымен этнология мен этнография арасындағы өзіндік қатынастарды 
айқындау мысалын келтіреміз. Қазіргі этнология өзінің көп бөлігінде мына сапада: жүйелеу тәсілін 
жасап шығару, этнографиялық материалдарды жинақтау және ұғындыруды көрсетеді. Сонымен, қазіргі 
этнология этнографияға концептуалды аппарат береді. Этнография көбіне сипаттама беретін ғылым 
болса, этнология оның теориясы болып саналады. 
Этнография мен этнология ұғымдарының синонимі бір деген көз қарас кең таралған, ол Кеңес дәуірі 
кезеңінде этнография аталды да ал, Батыста мағынасы аса сәйкес емес мәдени антропология деп аталды. 
Ақиқатында «этнография» термині Батыста да шамамен Ресейде қолданылатын мағынада өмір сүруде.
Өзінің пайда болған кезінен ақ зерттейтін нысаны кең пән ретінде мәдени антропологияны ең алдымен 
халықтық мәдениеттің тұрмыста өмір сүруі мен құрылымын түсіндіретін концепциялар қызықтырды, ал 
сипаттама түріндегі «далалық» материалдар (қаншама көп болса да) концепцияларды тексеретін құрал 
ретінде не болмаса материалдарды дәлелдейтін құрал (екіншісі жиірек, біріншіге қарағанда) болды. 
Этнографиялық материалдар түсіндіру, дәлелдеу (интерпретация) үшін материал ретінде пайдаланылды. 
Соңғы кезеңдердегі этнологияға деген мұндай көзқарастар кеңінен таралуда. Мәселен, этнологиялық 
терминдер жөніндегі соңғы сөздікте, «тар мағынада этнография - сипаттау ерекшелігі, этнология - 
халықтану теориясы» деп, бекітеді, бірақ бұл тек пайда бола бастаған көзқарас. Осы сөздікке сәйкес 
«этнологияның негізгі зерттеу пәні үнемі дамудағы этнос теориясы, халықтарды классификациялау 
принципін анықтау және олардың арақатынасы, сондай ақ эмпирикалық, фактологиялық материалдарды 
өңдеу тәсілдері мен әдістері» болып саналады. 
Енді лекцияларымыздың негізгі мазмұнын құрайтын тарихи этнологияға тоқталайық. Тарихи этнология
тарихта халықтардың қызмет етуін түсіндіретін (тарихи фактілерді дұрыс түсіндіру үшін қажет), сондай ақ 
этникалық мәдениет ғылымы ретінде атап айтқанда: әлемнің этникалық сипаты және онымен байланысты 
этникалық жүйе үшін өзіндік әрекеттер үлгісі мен өзараықпалдастықты зерттейтін этномәдениеттану 
ғылымы ретінде ұғынылады. Бұл ғылымдардың барлығы бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Алғашқы үш кіріспе лекцияларында тарихи этнология айналысатын өзіндік этнологиялық заңдылықты 
көрсетеміз, ол үшін қандай әдіс қажет, сол немесе басқа этносқа тән белгілерді қалай анықтауға 
болады, көптеген қоғам үшін не ортақ соны ашуға тырысамыз. Онан ары қарай әртүрлі этникалық 
мәдениет өкілдері айырмашылығы мәселелерін мұнда тек өзіндік мәдениет қана емес, психологиялық 
айырмашылығын ғалымдар қалай қарастырғанына да тоқталамыз. Бұл жерде бізге мәдениет пен 
мінез құлықтың арақатынасы мәселесі маңыздырақ, себебі, лекция курсында біз негізінен оның 
психологиялық тасымалдаушыларында этникалық мәдениеттің көрініс табуын қарастырамыз. Осы 
мақсатпен біз психологиялық антропологияның пайда болуы мен қалыптасуын, оның басынан өткізген 
жүйелі дағдарысын, (нақтырақ алғанда, американдық антропологтардың мәдениетті түсінгені сияқты) 
психологиямен бірге қарастыру мүмкін емес дейтін, туындаған тақырыптарды қарастырамыз. Біздің 
көзқарасымыз бойынша кейбір маңызды міндеттер аралас психологиялық антропологиялық ғылыммен 
байланыстыра қарауды талап етеді, сондықтан мәдениет пен психологияның өзара байланыстылығы 
жөніндегі дағдарыстан шығу үшін психологиялық антропологтар ұсынған тәсілдерге жүгінеміз. Онан 
кейін біз мәдениет пен психологияны бір-бірінен бөлуге болмайтындығын көрсетеміз және философиялық 
көзқарас тұрғысында, мәдениетке деген интегративті тәсілдер ұстанымымен мәдениет жөніндегі өзіндік 
концепцияны ұсынамыз. Осыдан кейін ғана этникалық мәдениеттің өзіндік негізін баяндауға көшеміз, 
теориялық ұстанымдарындағы маңызды тақырыптарын, әлемнің этникалық сипаты (картинасы) қандай, 
адамзаттың өзараықпалдастығы үлгісі (моделі) тудырған оның тұрақты және ауыспалы құрамдастары, 
мәдени сценарилер, этностың өмір сүруінің негізі және тұғыры болып саналатын ерекше этномәдени 
функционалдық қақтығыстарды қарастырамыз. Сондай ақ, этностың үлгідегі жоспарлы өмірін, оның 
өмір сүру шартына қажетті әртүрлі мәдени және құнды басымдықтарға назар аударамыз. Этникалық 
тарихтағы тұлғалардың ролін, тұрақтылықты ұстап тұруға қабілеттілігін және этникалық жүйенің 
сапалылығын, этникалық сананы өзгертуге қабілеттілігін қарастырамыз. Осыған байланысты этностың 
трансформациялану тетігін және этностың өздігінен өзін-өзі құрылымдау құбылысын баяндаймыз. Онан 
кейін дәстүр қалай қалыптасады: дәстүрлі сана мен дәстүрлі социумға көңіл бөлеміз. Әлеуметтік саладағы 
этникалық мәдениеттің нақты көрініс табуын қарастырып, соңында этникалық дисфункция тақырыбына 
тоқталып кетеміз. 
Біздің міндетіміз этностың төтенше күрделі организм екендігін, оны жәй бір функцияға жатқызуға 
болмайтындығын, бірақ оның өмірін анықтайтын көптеген факторларды міндетті түрде есепке алу 
керектігін көрсету болып табылады.


5
Кітап:
Дәріс:
Тарихи этнология
Этнология нені зерттейді? Этникалық айырмашылықты қалай зерттеу керек?
Енді біз этникалық айырмашылық мәселелерін қай жағынан көру және түсіну және ол мәселеге қалай 
келу керек екендігін, сол не басқа этностың өзіндік белгілері болып табыла ма, жоқ сол не басқа кезеңді 
сипаттайтын басқа топқа не тапқа жатама? міне осы сұрақтар төңірегінде қарастырамыз. Халықтың 
қандай белгілері ғасырлар бойы өзгеріссіз, ал қайсысы өзгеріске ұшырайтындығын қалай түсіндіру керек? 
Ол үшін этностың статистикасын емес динамикасын зерттеу қажет. Сондықтан этносты динамикалық 
зерттеудің жаңа әдісі қажет. Халықтың мінез-құлқы әлеуметтік, саяси, табиғи жағдайлармен өзгеріске 
түсетіндігі дау тудырмайды, оған көптеген мысалдар келтіруге болатындығын біз білеміз. Сонымен қатар 
әлемді түйсіну, өзіңді сол әлемде танумен бірге өзіндік сана да өзгереді. Дегенмен де әрбір халықтың өмірі 
өзгеріске ұшырағанмен өз-өзі болып қалатындығы да даусыз және де бүгін көріп отырған бала әкесінің, 
немере өзінің атасының ұрпағы екендігіне ешкім күмән тудырмайды. Себебі олар бір тілде сөйлегендіктен 
бе? Себебі, сол баяғы дәстүрді жалғастырғандықтан ба? т.с.с. Уақыт өте келе халықтың санасы өзгере ме 
және не өзгеріссіз қалады? Халық 2-3 ұрпақта тез әрі қайта туылған сияқты болған жағдайда не өзгеріссіз 
қалады? Бұл жерде біз қойып отырған мәселе бір қарағанда оңай көрінгенмен өте күрделі сұрақ. Ұлттық 
мінез-құлық, әлемнің этникалық сипаты, этникалық менталитет шын мәнінде бар екендігін және оларды 
ғылыми түрде тіркеу мүмкін екендігін ғылыми түрде дәлелдеу мүмкін емес. Әртүрлі формада көрініс 
табатын этникалық ерекшеліктің болуы – ақиқат, ешқандай дау тудырмайды. Әртүрлі ұлт өкілдерінің 
кейбір мінез-құлқында ортақтық бар екендігі дау тудырмайды, егер ғалымдар арасында «кейбір мінез 
құлық» белгілерінің ұқсастығы жөнінде аз ғана болса да келісім болса, аталған ұғым кеңінен таралар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет