Тарихи этнология


Халықтар бір-бірінен ерекшеленеді, бұл факт, бірақ бұл айырмашылықтар



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата09.02.2023
өлшемі0,95 Mb.
#66458
1   2   3   4   5   6   7
2. Халықтар бір-бірінен ерекшеленеді, бұл факт, бірақ бұл айырмашылықтар 
ұлттық болып табылмайды. 
Халықтардың әртүрлі екендігіне ешкім шүбә туғызбайды. Бірақ сол айырмашылықтар қаншалықты 
ұлттық екендігі, яғни тұтас этностың, ұлттық халықтық сипатын айқындайтындығы әлі күнге дейін анық 
болмай отыр. Және де антропологтар кез-келген этностың ұлттық мінез құлқын бөліп көрсетуге қабілетсіз 
екендігін мойындап отыр. Дегенмен де, сол не басқа құбылысты іріктеп алу мүмкіндігі ғалымның мәселені 
қалай қоюына байланысты. Сондықтан, ең алдымен, ғылыми тұрғыдан бекітілуі мүмкін ұлттық сипаттың 
ерекшеліктерін анықтау міндет. 
Халықтың сол немесе өзге белгілерін жәй сипаттау – көп нәтиже бермейді. Бірақ әртүрлі зерттеушілер 
берген сол не өзге этностың мінездемесі кейде кереғар болып келеді. Зерттеушілердің қателігі ақпарат 
берушілерді өзіндік іріктеумен, сондай ақ зерттелетін мәдениетке субьективті тәсілмен қараумен
түсіндіріледі. Бірақ субьективті қабылдауда барлығы зардап шегеді. Мұнан сипаттау тәсілі құндылығы 
барлық уақытта күмәнді ма деуге бола ма? Алайда олай емес. Халықтың психологиясы мен тұрмысы 
жөніндегі кез келген сипаттауды антропологтар пайдалана алады, мысалы екінші ақпарат дерек ретінде. 
Егер ғалымда белгілі бір уақыт кезеңінде зерттелетін халық жөнінде бірнеше сипаттама болса, онда олар 
көлемді қызықты суреттемені көрсетуге мүмкіндігі болады. 
3.Халықтардың айырмашылығы уақыт өте келе өзгеруі мүмкін.
Бірақ бұл жерде динамика жөнінде еске алу қажет. Бір кездерде сол не өзге халыққа тән белгілер 
уақыт өте келе біршама өзгеруі мүмкін. Егер немістер XVIII ғасырда тек романтик және арманшыл 
халық ретінде қабылданса, ал, XIX -XX ғғ. олар беделі берік, ақыл парасатты, іскер халық деп қарады. 
Ұлтшылдықты зерттеуші белгілі Ганс Конның пікірінше, әңгіме немістердің қандай екендігін қабылдауда 
емес, халықтың берілген мінез-құлқындағы өзгерістерде болып тұр. Сонымен халықтың өзгеріссіз 
екендігін жәй бақылаумен ешқашан да бізге ұқтыра алмайды, тек жағдайға байланысты өзгеретіндігін 
ғана көрсете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет