Тарихи этнология


Оның ұлттық сипаты туралы оның элитасының идеяларын негізге ала



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата09.02.2023
өлшемі0,95 Mb.
#66458
1   2   3   4   5   6   7
4. Оның ұлттық сипаты туралы оның элитасының идеяларын негізге ала 
отырып, қорытынды жасауға бола ма? 
Зерттеулердегі «ұлттық мінез-құлық» сол не өзге халық мәдениетінің жемісі екендігі жөніндегі 
зерттеулермен жиі байланыстырып келді. Мұндай зерттеулерге Альфред Фульенің жұмыстары жатады, 
ол халықты түсіну үшін олардың көрнекті өкілдерінің дүниетанымын жеткілікті түсіну қажет, өйткені ол 
барлық халықтың дүниетанымымен байланысты және айқын түрде көрініс береді деп санады. Мысалы, 
орыстың ішкі дүниесі Ф.М. Достоевскийдің романдарына негізделді. 


Кітап:
Дәріс:
Тарихи этнология
Этнология нені зерттейді? Этникалық айырмашылықты қалай зерттеу керек?
6
Мұндай тәсілдің негізгі кемшілігі, зерттеуші халықтың элитасының психологиясын ғана біледі де, 
оларды «ұлттық мінез құлықтың» өкілдері деп қарайды. Бірақ, элита өзіне халыққа тән барлық құндылықты 
тұтастай, анық және толығымен (ол өзі міндетті емес) сіңдіргенмен, ол бізге ұлттық мінез құлық жөнінде 
айтуға жеткілікті негіз бола алмайды. Этностың элитасы мен жәй адамдарының арасындағы құндылық 
әртүрлі болуы әбден мүмкін. Немесе Гегелдің логика жөніндегі ілімін ұлттық неміс логикасы деп қабылдау 
алдамшы емес пе, неміс шаруаларына да сәйкес логика деп қарау да күмәнді. 
5. Мәдениет-бірыңғай дүниежүзілік прогресс ретінде. XIX ғасырдың 
ойшылдарының танымал идеясы.
ХІХ ғ. бойы, оның идеологиялық қағидалары және прогрессивті концепциялары мәдениетті бірыңғай 
әлемдік үдеріс ретінде қарады. Бұл ретте бір саты басқа сатыға өтеді деп, мәдениеттегі айырмашылық – бұл 
тек дамудың әртүрлі сатысы ғана, себебі, барлық мәдениет әртүрлі уақытта болса да өзіне сәйкес біртипті 
кезеңдерден міндетті түрде өтеді, деп түсіндіреді. Мұндай жағдайда әрбір мәдениеттің ерекшелігін және 
қайталанбайтындығын көрмеу мүмкін емес. Енді пайда болған мәдени антропология бұл дәстүрді күрт 
бұзып, басқа арнаға түседі. Әрбір халықтың мәдениеті уақыт-кеңістігі түйісінен шығарылған сияқты. Ол 
ұрпақтан ұрпаққа аса өзгеріссіз өзіндік берілетін қасиет ретінде қарастырылады. Мұндай тәсілдің мөрі 
әлі күнге дейін мәдени антропологияда сезіледі: мәдениет ереже бойынша белгілі уақыт кесіндісінде 
зерттеледі. 
Мәдениетке деген мұндай көзқарас көп нәрсені берді, бірақ ол дәстүрдің дихотомиясын – 
модернизацияны туғызды. Дәстүрлі мәдениет қирауда және ол қайтарымсыз өткенге кетуде, деп сенді.
Оның орнына бүгінгі әлемнің ақиқатына жауап бере алатын жаңа, жаңғырған, функциональды мәдениет 
келеді. Бірақ, сыртқы бақылаушыларға маңызды болып саналатын барлық қозғалыстар зерттелетін 
мәдениеттің терең қабатын қозғауы мүмкін бе?
Әртүрлі мәдениеттерді зерттеудегі әлемнің этникалық көрінісіндегі өте үлкен өзгерістер мен ауысулар 
этнос үшін өте ауыртпалықсыз өтеді. Тек уақыт пен кеңістікті басынан өткерген халықтың кейбір 
мәдени трансформациясын қадалағанда этнос әлемі сипатындағы азғантай белгілер аталған мәдениетте 
құрылымды құраушы роль атқаратындығын түсінуге болады. Этникалық ерекшелікті жиі зерттеу халықтың 
құндылығын зерттеуге ауысады. Бұл салыстырмалы түрде алғанда мәдениетті зерттеудің жәй тәсілі және 
этникалық айырмашылықтың мәнді жағын көрсетеді. Бірақ бұл жеткілікті ме? Әдістің кемшілігі сонда, 
зерттеуші неге осындай нәтиже алынды және ол нені білдіретіндігін барлық уақытта түсіндіре алмайды. 
Бірақ, ең бастысы, бұл әдіс мәдениеттің белгілі бір уақытын бейнелейді. Бұл статистикалық әдіс, халық 
тарихындағы айырмашылықтардың сақталуы немесе олар уақытша құбылыс па екендігін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет