Тарихи фонетика



бет3/3
Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40753
1   2   3
Байланысты:
Дәріс 3

Л,р дыбыстарының сөз ортасы, сөз соңында түсіп қалу элизиясы кездеседі:
    • апар, әкел, боса (болса),

р дыбысының түсірілуі сирек:
    • беркіт – бекіт, ала-туру>ала–дур>ала-ды.

Тарихи тұрғыдан орны тұрақсыз н дыбысы деп айтылады. Мыс: көмектес септік жалғауы екі вариантта айтылған:а) бірлен-білен, ілен, б)бірле-біле-іле.
А.М.Щербак н дыбысының сөз басында айтылуын айрықша комбинаторлық өзгерістің нәтижесі, айт, йіт сөздерінің құрамындағы й дыбысымен негіздес дейді[7, 83].
Сөз ортасында қазақ тілінде н-й сәйкестігі кездеседі: андай – қайда, қанша, қазақ тілінің батыс говорында: қайда-қанда. М.Рясянен «нану» сөзінің басындағы н дыбысын элизияның нәтижесі (қазақтың батыс говорларында «шану»)деп көрсетеді[8,176].
Салыстыр:нану//илану/шану(қырғ. ынану – ш-н//л сәйкестігі, қаз. жаңа- йаңа– наңы(тува), қаз. жаңбыр – йаңбыр – намыр (шор) –н//л – ш –й, қаз. ж-н сәйкестігі (жайқалу, найқалу).
Ң – көбіне сөз ортасында, сөз соңында айтылады.
Зерттеушілер сөз ортасында айтылатын ң дыбысын нг(нғ) дыбыс тіркесінің жаңа көрінісі деп қарайды.
М.Рясянен монғол және түркі тілдерінің арасында нғ (монғ) – ң (түркі) сәйкестігін көрсетеді:монғ. қоңғур – қаз. қоңыр [8, 176].
Қазіргі қазақ тілі құрамында мынадай құбылыс байқалады:
а) сөз ортасында қ, к, ғ, г дыбыстарының алдында ң дыбысы айтылады: жаңғыз, жоңқа// жаңқа, мәңгі;
ә) түбір мен қосымша аралығында сөйлеу процесінде байқалады: келің-ге, (келін-ге), қыраңға (қыран-ға).
Мұнда алдыңғы сөздер (жаңғыз, жоңқа// жаңқа, мәңгі) тарихи тұрғыдан түбір мен қосымшадан құрылған.
И.А.Батманов Енисей жазбалары тілінде ң (нг, нғ) дыбыстарының жіктеле бастауы болған дейді. Кей сөздерде ң-й ауысуы да байқалады: сүгүк – сүнгүк –сөнгүк– сүйек (қаз).
Көне түркі тілінде т дыбысы сөз басында, ортасында, аяғында жұмсалып, кейіннен оңтүстік тілдерде (түрікмен, түрік, әзірбайжан) т-д-ға ауысқан (дөрт).
Қазақ тілінде т қай позицияда да ұяңдамайды, ал кей тілдерде созылыңқы дауыстылардан соң ұяңдап кеткен. Алтай, шор – едүк (етік).
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерінде т, д –ң дыбыстарының д мен ауысуы кездеседі: тұз-дұз, тілмар-ділмәр т.б.
Көне түркі тілінде сөз басында б дыбысы айтылған, п дыбысы айтылмаған. Бұрын, қазіргі тілдерде де сөз басында п дыбысы келетін орындарда да тек б дыбысы айтылған. Сотүстік шығыс тілдерінде сөз басында б дыбысының орнына п дыбысы орныққан: алт. телеут. шор – пер, қаз. – бер.
Кей оңтүстік батыс тілінде (түрік, әзірбайжан) бол- ол болып айтылады.Орхон-Енисей жазбалары тілінде сөз басындағы б дыбысы м –ға ауысқан: бен – мен, бұнда – мұнда, сол сәйкестік жалғасы, мәңгі (бенгу), мана – бана, мұң-бун (көне түркі тілінде).Ескірткіштер тілінде б дыбысы сөздің абсолют соңында да сақталған: суб, саб, себ.
Бұндай орындағы б қазақ тілінде бірде түсіп қалған (суб – су), бірде п-ға айналған (саб-сап), бірде басқа дыбысқа айналған: себ-сүй, аб-ау, еб-үй. Сөз басында б>п ауысуы қазақ тілінде кездеседі: болат-полат, бал-пал (диал.).V-VIII ғ. ескерткіштер тілін ескерсек, қазақ тілі сөз басында б дыбысын сақтаған тілдер тобына енеді.
С дыбысы барлық позицияда сақталған. Кейде сөз басында с дыбысы ш дыбысына (саш-шаш), кейде с дыбысы т дыбысына ауысқан: тат.сычқан, әзірб.сычан, қаз.тышқан.
Ш дыбысы сөз ортасында, кейде сөз соңында да сақталған (аш, ашық). Бірақ негізінен көне түркілік ш дыбысы қазақ тілінде с дыбысына (аллофон ретінде) айналған Көне түркілік ч дыбысы әр түрлі орныққан: қаз. шын, тат.чын, хақ.сын(ч-ш-с сәйкестігі).
Қазақ тілінің өзіне тән екі аффрикат дыбыс(дж, ч)көне түркі жазбалары тілінде жиі қолданылған. Қазір тек говорлар құрамында ғана (ч – жетісу қазақтарының тілінде)сақталып қалған. Оның жалғасы – ш.
Қазақ тіліндегі ж дыбысы –сөз басындағы көне түркілік й дыбысының көрінісі. Кей зерттеушілер ескі дәуірде түркі тілінде ж болмаған, ол й/дж/ж дыбыстарының өзгерісі деп те көрсетеді.
Түркі негіз тілінде болған дауыссыз бір буынды сөздің басында, қазақ тілінде ж-ға (жаз), тува, хақ, шор тілінде ч-ға (час), чуваш (сур), якутта (сас) с-ға, басқа тілдерде й-ге (йаз) ауысқан»[6,32].
Жалпы алтайлық фонема р қазақ тілінде з-ға сәйкес(р-з).
Чуваш тілінде р қолданылатын жерлерде өзге тілдерде з қолданылады. Бұл ерекшелік монғол мен түркі тілі арасында да бар. Түркі тілдерін жіктеуде бұл сәйкестік – басты критерийлердің бірі.
Қазақ тілінде кей сөздерде р-з сәйкесімі бір ғана фонеманың екі түрлі көрінісі ретінде айтылады: көз-көр, сез-сергек, жар-жаз, түзу-тура, теру – тізу тіреу – тайау, қырқу-қыйу, :р>з>й.
Олай болса, түр-түс (з) – з дыбысының қатаңдауы негізінде қалыптасса, залым, заман, зәулім (з) – экстралингвистикалық факторлардың нәтижесінде, көз, түзу – түркі тіліндегі дыбыстық өзгерістердің нәтижесінде қалыптасқан»[6,33].

Бақылау сұрақтары:

  • 1. Дауысты дыбыстар жүйесінің дамуына сипаттама беріңіз.
  • 2. Жеке дауыстылардың қалыптасуындағы ерекшеліктерді анықтаңыз.
  • 3. Дауыссыздар жүйесі дамуының негізгі ерекшеліктерін анықтаңыз.
  • 4. Жеке дауыссыз дыбыстардың тарихи қалыптасуына сипаттама беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет