Түркі тілдерінің тарихи фонетикасын зерттеушілер тарапынан сөз басында ұяң дауыссыздардың қолданылуы түркі негіз тілінің ыдырау дәуірінде орныққан құбылыс ретінде қарастырылады. Сөздің абсолют басындағы қатаңдардың ұяңдауы, сөйтіп бұл позицияда ұяң дыбыстың пайда болуы, қатар айтылған екі сөздің алдыңғысының соңғысына әсері деп қаралады.
Сөздің абсолют басында қатаң дыбыстардың айтылуы түркі тілі тарихында өте ежелгі құбылыс.Бұдан қатаңдардың ұяңдау процесі орта ғасырларда-ақ орныққанына көз жеткізуге болады. М.Қашқари батысқа қарай орналасқан тайпа тілінде ұяң дауыстың қолданысын көрсетеді.
Ал қазақ тілінде оңтүстік-батыс тілдермен салыстырғанда қатаң дауыссыздардың қолданылуы басым. Әрине, қиыр шығыстағы түркі тілдерімен салыстырғанда қатаңдардың ұяңдауы байқалады:хақас, шор тілдерінде палта (балта), пау (бау), палық(балық) т.б.
Дегенмен қазақ тілінде көне түркі сөдерінің қатаңдауы да кездеседі: піс(быч), піл(біл). Сөз соңында ұяң дыбыстардың (айтылуы) қолданылуы да түркі тілдерінде бірдей емес.
Алтай, шор, хақас, якут тілдерінде сөз соңында тек қатаң дыбыстар айтылады. Ал бірсыпыра түркі тілінде, қазақ тілінде де бұл орындарда ұяңнан гөрі қатаңдар қолданылады.
Кей тілдердің де соңында ұяң, не үнділердің қолданылуы сөз мағынасын анықтайды. (түркі тілінде ғаз(қыз), қас, ғыз, қыз т.б.).
Қазіргі қазақ тіліндегі в,ф,ц,х,ч дыбыстары – басқа тілден енген сөздер құрамында ғана айтылып, фонемалығы да өздері айтылатын сөздердің құрамында көрінеді.
Ал з,й,у – дауыссыздары тарихи өзгерістер нәтижесінде пайда болған жаңа дыбыстар. Бір жағынан, осы дыбыстардың қалыптасуы бірсыпыра сөздердің фонетикалық дивергенцияға ұшырауына себеп болған: жаз- жай , бақ-бау, семір – семіз, тіз-тер, сық-сый, з=й, қ=у, р =з, қ=й дыбыс сәйкестіктерінен көруге болады.
Кей варианттар бір-бірінен жіктеліп, алшақтағаны сонша, түбірлес екенін тек салыстыру арқылы анықтауға болады: қат, қатай, қатулан – қатты.
Дивергендік құбылыстар түбірлермен қатар (мен, бұл, мұндай, бұндай есімдіктері) түбір мен қосымша деңгейінде де болған.
Ассимиляция дегеніміз- дивергенция нәтижесі дейтін болсақ,соған сәйкес – лар көптік жалғауы бірнеше варианттарда қалыптасқан.
Түркі тілдерінің оғыз тобын түгелге жақын қамтыған палатилизация процесі қыпшақ тобына тән емес. Қыпшақ тілінің абсолют басында қатаң дауыссыздар ұяңдармен салыстырғанда, көбірек айтылады.
Оғыз тіліндегідей тек қана ұяңдардың айтылуы кездеспейді. Тарихи зерттеулер түркі тілдерінің тек қатаң дыбыстардан ғана басталғандығын дәлелдеп отыр. Оғыз тіліндегі қатаңдардың ұяңдауы созылыңқы дыбыстардың ықпалынан болса керек.
Көне түркі тілінде 16 дауыссыз дыбыс болған.
Қазақ тілінде сөз басында т-д, б-м, б-п ауысулары кездеседі және олар сөз мағынасына бейтарап болады.
Түркі тілдерінің кей топтарымен салыстырғанда, қазақ тілінде сөз басында т,б,қ,к – жиі қолданылады.
Қазақ тілінде сөз басында жиі кездесетін дауыссыз фонемалар төмендегілер: с, ш, т, қ, к, м, ж, н сөз соңында б, д, ғ, г –дыбыстары кездеспейді. Ал сөз басында л, р дыбыстары айтылмайды. Көне түркі тілінің қ дыбысы сөз басында қазақ тілінде де өз сапасын сақтаған. Ал сөз ортасындағы қ кейде элизияға ұшыраған. (тарқау – тарау, уқалау – уалау).
Сөз соңында қ дыбысының түсіп қалуы да кездеседі: өзбек тілінде аччық, қаз – ащы. Екі дауысты аралығындағы қ, к дауыссыздарының ұяңдауы көне түркі тілінде де кездессе, сөз соңындағы қ, к өзгеріссіз сақталған(ақ, көк).
Көне түркі тілінде сөздің абсолют басында жұмсалмаған ғ, г дыбыстары сөз соңында (андағ, тег) жиі айтылса, қазақ тілінде ғ, г – кірме сөздердің басында ғана кездеседі (араб, парсы. гүл, ғашық, ғұрып).
Ал көне түркі тілінде сөз ортасында, сөз соңында айтылған ғ, г дыбыстарының қазақ тіліндегі көрінісі мүлдем басқаша.Мысалы,қағун (қауын), сарығ, қайғуқ (қайық), белгүлүг (белгілі) т.б.
Сөз ортасындағы ғ, г – ықпал заңдылығының нәтижесі десек, қазақ тілінде аталған дыбыс бірде у-ға (ағыр- ауыр,бағыр- бауыр), бірде й-ға айналған: (бағла-байла, йығыл – жыйыл), енді біреуінде түсіп қалған: бұғра (бура), қатығды – қатты.
Қазіргі қазақ тілінің деректерінен кейде бір ғана сөздің екі түрлі сипатта ұшырасатынын (бір варианты ғ дыбысын сақтап қалса, – екіншісі (былға, быламық, былапыт),
екіншіден, бір ғана сөздің бір варианты ғана ғ-мен айтылса, екіншісі «жаңа» у (немесе й) дыбысымен қалыптасқандығын (жағысу – жуысу (көне түркі тілінде), көне түркі.сығ, қаз. сыйымды, сығылысу) анықтауға болады»[6,24].
а) ғ дыбысы буын құрамайтын у-дыбысына (сағ-сау) айналған;
ә) бір сөздерде ғ дыбысы й дыбысына (бағла -байла болған);
б) бір сөздерде қатаң қ дыбысына (сақ, қыстақ т.б.)ауысқан;
в) сөз соңында ғ дыбысының түсіп қалуы да кездеседі: кішіг,суғ.
Көне түркі тіліндегі сөз соңындағы ғ қазақ тілінде әр түрлі көрініс тапқан:
а) сөз ортасында г дыбысы көбінесе й-ге (егін (ійін), өгрен (үйрен))айналған;
б) кейде сол қалпын сақтап қалған (жігіт( йігіт), үгіт (өгүт);
в) кей сөздерде элизияға (керек (кергек))ұшыраған;
г) сөз соңында г көбіне й-ге (би (бег))айналған»[6,24].
Көне түркілік г дыбысы да осындай өзгерістерге ұшыраған: