Тарихи сахналық-бейне қойылым Қатысушылар



бет4/6
Дата20.10.2023
өлшемі20,56 Kb.
#119863
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Көрініс

Дауыстар: -Қашанғы өз елімізде өз көсемімізді сайлай алмаймыз?
-Тіліміз жойылып, мәңгүрт болуға айналдық!
-Алматыда қазақтарға пәтер бермейтін болды!
-Бізді қашанғы басына береді?
Солдаттар келеді, қолдарында резина таяқ, спер күрегі.
Командирі (айқайлап) : -Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз.
Жастар(шулап): -Тарамаймыз, бізге жауап берсін!
«Менің Қазақстаным» әнін шырқайды.
Солдаттар тап беріп, ұрып-соғып, қуып таратады. Осы кезде экранда желтоқсан оқиғасы туралы кинокадрлар көрсетіліп тұрады. Сахна қайта ашылып, мұңды мелодия ойналады.
КГБ тергеушісі алдында Қайрат Рысқұлбеков отыр. Басы таңылған, азапталған.
Тергеуші: Слушай, сен ақымақ қазақ, сені алаңға кім шығарған? Жастарды қоздырып жүрген кімдер? Кәне сөйле!
Қайрат: Азамат тергеуші, мені алаңға шығарған өз жүрегімнің қалауы, қорланған тілімді, дінімді көріп оянған намысым!
Тергеуші: Қалай түсінбейсіңдер, жарты әлемге әмірін жүргізіп отырған Мәскеу билігіне қарсы шығатын сендер кімсіңдер? Сорлылар тұқымдарыңмен тоз-тоз болсыңдар!
Қайрат: Қайрат деген атым бар!
Қазақ деген затым бар!
Еркек тоқты құрбандық!
Атам десең атыңдар!
Тергеуші: Мә, саған еркіндік, мә саған тәуелсіздік (ұрып, тебе бастайды)
Конвой, мынаны карцерге тастаңдар, құрт-құмырсқа жесін!
Ес-түссіз Қайратты сүйретіп алып кетеді. Тағы да мұңды мелодия ойналып, кадрлар көрсетіле бастайды. (Желтоқсан желі, Қара бауыр қасқалдақ ойналады)
Автор: 1986 жылдың 17-19 желтоқсан күндерінде Алматыда болған көтеріліске қатысушы қазақ жастары қуғын-сүргінге ұшырады. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қайсар ұл-қыздары құрбан болды.
Әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы Қазақстанда болған желтоқсан көтерілісі іле-шала 1988-1991 жылдары Бакуде, Вильнюсте, Москвада болған көтерілістерге түрткі болып, Кеңестер Одағының таратылу кезеңін жақындата түсті.
Сахнада үй ішінде қарт атасы мен әжей отырады. Қолдарында кішкентай немересі. Немерелерін қызықтап, айналып толғанып отырады. Кенеттен есік ашылып, мектеп жасындағы немересі «Сүйіншілеп» айұайлап кіреді.
Немересі: Сүйінші ата! Сүйінші әже!
Ата, әжей: Не болды қарағым? Я, АЛЛА қолдай көр!
Немересі: Сүйінші ата! Тәуелсіздік! Біздің ел тәуелсіздік жариялады!
Атасы: Не дейді қарағым? (Қолын жайып жоғары қарап)көз жасымызды Алла көрген екен ғой, әй бәйбіше ақ түйенің қарны жарылды, көшеге шығайық. Шашуыңды ал, шашуыңды!
Сахнаға барлық қатысушылар шыға бастайды, «Елім менің Аңсаған!» әні орындалады. Шулаған дауыстар:
-Тәуелсіздік жасасын!
-Қазақ елі мәңгілік болсын!
-Шашу, шашу!
Экранда қазіргі Қазақстан.
Автор: 1986 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік таңы арайлап атты!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет