Тарихи сахналық-бейне қойылым Қатысушылар



бет1/6
Дата20.10.2023
өлшемі20,56 Kb.
#119863
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Көрініс


Тарихи сахналық-бейне қойылым

Қатысушылар:

1. Әлихан Бөкейханов-қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, «Алаш» партиясын құрушы әрі жетекшісі
2. Мұстафа Шоқай-Алащорда үкіметінің мүшесі, қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" партиясының белсенді мүшесі.
3. Міржақып Дулатов-Ақын-ағартушы, үкімет мүшесі.
4. Мұхамеджан Тынышпаев-инженер-құрылысшы, атақты Түрксіб магистрасын салуды ұйымдастырушы. Бірінші болып «қазақ» шежіресін өмірге әкелуші.
5. Ахмет Байтұрсынов-Ақын-ағартушы. Алғашқы қазақ алфавитін жасаушы қоғам қайраткері.
6. Сұлтанмахмұт Торайғыров-жас ақын
Қойылым 4 актілі, бірнеше тарихи кезеңдерден, кішігірім көріністер көрсетіледі.

7. НКВД тергеушісі


8. Айдауылдар (конвой)
9. Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар Қайрат, Ләззатт, Сәбира, т.б.
10. Алаңдағы жастар
11. КГБ тергеушісі
12. Тәуелсіздік мерекесіне қатысушылар(әртүрлі ұлттық киімдермен)

І-көрініс
Сахнада бірнеше орындықтар және президиум столы қойылған. Жоғарыда ұран шүберекке жазылып ілулі тұр: «Жалпы қазақ съезіне қатысушыларға сәлем!»
Экранда 1914-1917 жылдардағы тарихи оқиғалар автордың сөзімен көрсетіле бастайды.
Бәсең дауыспен әсерлі марштар орындалып тұрады.
Автор сөзі: 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғысқа Ресей империясының қатысуы елдің барлық аймақтарына өз ауыртпашылықтарын әкелді. Соғыстың ұзаққа созылуы Ресей империясына қарасты барлық өлкелерде оның ішінде оның ішінде Қазақстан жерінде жалпы халықтың кедейлене түсуіне, жоқшылыққа ұшыратты. Осындай қайшылықтардың соңы Ресейде Ақпан және Қазан төңкерістеріне апарып соқтырды. Патша тақтан тайдырылып, Уақытша және Кеңес өкіметтері құрыла бастады.
Осы оқиғалар сол кездегі қазақтың алдыңғы қатарлы саяси қоғам қайраткерлерінің қазақ елінің болашағына деген алаңдаушылығын оятты.

1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері. Орынбор қаласында 2-ші жалпықазақ съезі өткізілді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет