Тарихи сахналық-бейне қойылым Қатысушылар



бет3/6
Дата20.10.2023
өлшемі20,56 Kb.
#119863
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Көрініс

Келесі көрініс: НКВД түрмесі. Тергеуші столы, алдында басы таңылып, қанға боялған Әлихан отыр.
Тергеуші: Қалайсың! (мысқылмен) Есімің-Әлихан, тегің-Бөкейхан, неғылған қаптаған хандар. Хандықты көкседің бе, сұмырай! Болшевиктер билігін құлатқың келеді ме? Қане айт қандай ұйымдар құрдың? Жақтастарыңның есімін ата!
Әлихан: Қарсы ұйым құрған ешкім жоқ, тек біз өз жерімізде, өз елімізде ұлтымыздың жерін, суын,дінін, тілін сақтап қалуды армандадық.
Тергеуші: Жап аузыңды! Шеттеріңнен елім, жерім, тілім деп сайрауға мықтысыңдар. Болшевиктер билігі деген орыстың билігі екендігін неге түсінбейсің, ей сорлы? Ей, конвой, Ахмет Байтұрсыновты алып кел, екеуін қосып сайратайық. Қазақ алфавитін жасаған дейді, көрейік мықтыны. Есіктен Ахмет кіреді, оның да азапталғаны көрініп тұр.
Әлихан: Ахмет! Бауырым!
Ахмет : Әлеке (құшақтап өлеңдете бастайды)
Қырағы, қия жазбас сұңқарым-ай!
Қажымас қашық жолға, тұлпарым-ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына іңкәрім-ай.
Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бұлт арылмай.
Тергеуші: Тоқтат, ей екі мұңлық! Қылмыстарың дәлелденді. Кеңес өкіметіне қарсы шығып, хандық құрмақ болдыңдар. Енді сендердің істегендеріңді КСРО Жоғары соты қарайтын болды. Так что, көрлерің қазулы тұр, ұлтшылдар! Конвой алып кет мыналарды.
Конвой ақырып жекіріп, түйгіштеп алып кетеді. Сахна жабылып, мұңды мелодия ойналады. Экранда репрессия құрбандарының есімдері көрсетіліп, бейнелері беріліп жатады.
Автор: Алашорда қозғалысына қатысушылар түгелдей Сталиннің әміршіл-әкімшіл жүйесінің құрбаны болды. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғары соты әскери алқасы «Кеңеске қарсы күресті, террористік орталықпен байланысы болды» деген негізсіз себептермен үкім шығарып, қазақтың аяулы ұлы Әлихан Бөкейханов ату жазасына кесілді. Музыка тынып қалып, қайта өршелене ойнайды, бірте-бірте бәсеңдеп, экранда мынадай мазмұнда: 30 жылдардағы ашаршылық, қуғын-сүргін, Ұлы отан соғысы, тың игеру, Семей полигоны, Арал апаты, Горбачев заманы, бос қалған магазин сөрелері, кезекке тұрған адамдар, т.б. бейне кадрлар көрсетіліп тұрады.
Автор: Ұлт азаттығын аңсаған Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафалар атылып, қуғын сүргінге ұшырағанымен, олардың асыл армандары мен мұралары ондаған жылдар бойына кейінгі ұрпақтардың бойына тәуелсіздікке деген бас тігу дәнін сеуіп кетті. Араға
көптеген жылдар салып, 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік дәні қайта көктеді.
Сахнада алаңда тұрған бір топ жастар, қолдарында плакаттар (Д.Қонаев суреттері) және ұрандар (Әр ұлтқа өз көсемі) шулап, қол сермеп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет